Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау

Ерекше білімге қажеттіліктері, ментальды және басқа да бұзылулары бар балаларды қолдаудағы басты міндет қазіргі таңда психофизикалық кемшіліктер коррекциясына, оларды тәрбиелеу және оқыту барысында медициналық-педагогикалық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан облысында «Ерте көмек қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру» жобасы аясында ЮНИСЕФ-тың қаржы жағынан және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі ұйымдар негізінде үш лекотека құрылды.

Бұл құралда Семей қаласының №5, 9 ясли бақшалары лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған. Біздің лекотекаларда әртүрлі дамыту ойындары және ойыншықтары, балалар кітаптары, бейнелеу іскерліктері, шығармашылығын дамыту, эмоционалды күштенуден арылу және релакция үшін қажет жабдықтар жинақталған. Лекотекада жинақталға үстел-үстілік-баспа ойындар балалардың қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейтеді, қабілеттерін дамытады. Ойында балалар үйренеді:

  • бейнені шынайы объектімен біріктіруге, оны басқа объектілер тобынан бөліп алуға;

  • адамдар қызығуларымен таныса отырып, суретте бейнеленген жағдайды сөзбен сипаттауға;

  • заттар арасындағы логикалық байланысты орнатуға, заттарды ортақ белгісі бойынша біріктіруге: түсі, формасы, көлемі және т.б;

  • уақыт бойынша бағдарлануға.

Еркін ортада ойын формасында балалар материалдар және олардан жасалған бұйымдармен танысады, заттарды жеке функциялардың жиынтығы ретінде, бір бүтіннің бөлшектері ретінде қабылдауға үйретеді, заттарды контуры бойынша анықтап, оларды атауға үйретеді.

Қиюға арналған арнайы ойыншықтар балаларға тұтас және жартысын анықтауға көмектеседі. Лимон тұтас, лимонның жартысы, саңырауқұлақ тұтас – қиылған соң – аяғы, басы және тағы сол сияқты.

Ойын барысында балалар көзбен қабылдап, заттарды контуры бойынша анықтап, орнына қоюды үйретеді. «Домино», «Лото» үстел-үстілік-баспа ойындары зейін, қабылдау, есте сақтауды дамытады, өз бетімен шешім қабылдауды және басқа балалармен ойнауды үйренеді.

Әртүрлі құрастырушы ойындар және мозаикалар модельдеу және шығармашылық нәтижелер – сурет және құрылыстарды жасауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі көлемдегі ағаш паззлы қабылданады, қиял, ойлау және қол білегінің ұсақ моторикасын дамытады. Танымдық даму үшін әріптері, суреттері бар кубиктар, балалардың сенсорлық іскерліктерін қалыптастыруға арналған әртүрлі ойыншықтар: тесігі бар үйлер, логикалық куб, пирамидалар, және басқалары. Лекотекада балаға санауды үйрететін ойындар бар. «Балық аулау», «Бақалар» магниттік ойындар қозғалыс координациясын, көріп өлшеуді дамытады. Егер екі бала ойнаса, әртүрлі түсті балықтарды саны бойынша жинауға болады, кім тез деп жинайды және тағы басқа. Құрастыру іс-әрекетін, шығармашылығын дамыту үшін әртүрлі құрылыс материалы бар, олар жекелей және кіші топтар сабағында қолданылады.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту үшін жүруге, жүгіруге, секіру, шығуға арналған жұмсақ корпустық материал іріктелген.

Сонымен қатар бейнелеу қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі материал бар: түрлі-түсті ермексаз, түрлі-түсті саз, альбомдар, акварель бояулары, шыны бояулары, түрлі-түсті қағаз, қайшы және басқада жабдықтар.

Лекотекадағы корректорлық дамыту жұмысы мульти-дисципметорлы мамандар тобымен жүзеге асырылды (педагог – дефектолог, психолог, сурдолог, психиатор – дәрігер), олар бала дамуының негізгі бағыттарына бағдар алады:

  • әлеуметтік;

  • физикалық;

  • танымдық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]