Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать
  1. Дене тәрбиесі

  1. Қарапайым физикалық қозғалыстарды дамыту

  • Баладағы дұрыс демалуды қалыптастыру маңызды (мұрынмен демді ішке тарту – қолды жоғары, ауызбен демді шығарып – қолды төмен).

  • Жұдырықты қысып, жазып үйрету.

  • Саусақпен асты ұстауды үйрету.

  • Кубиктерді сүйеп үйрету.

  • Қолын көтеріп және түсіріп үйрету.

  • Қолын затқа дейін созып үйрету.

  • Қол бұлғауды «Сау бол», қол буындарын сілкіп үйрету.

  • Қолын артқа – алдыға жылжытуды үйрету.

  • Қолын жан-жақа айналдырып үйрету.

  • Бір қолмен шеңбер жасауды үйрету.

  1. Күш жұмсауды қажет ететін қозғалыстардың дамуы

  • Заттарды көтеруді, ұсап тұруды, алуды үйрету.

  • Дене бітімінің орналасуын өзгертіп, қолын затқа создырып үйрету.

  • Дене бітімінің орналасуын өзгертіп, затты бір орыннан екінші орынға қойып үйрету.

  • Отыру үшін тартылуды үйрету.

  • Заттармен күшті қажет ететін қозғалыстарды үйрету: сырғанату, итеру, қысу, ашу, ұру, тарту, басу.

  • Ермексазды езуді, қағазды мыжуды үйрету.

  • Алмалы – салмалы ойыншықтарды талдауды және жинауды үйрету.

    • Қарындашпен нүктелер салып тоқылдатуды үйрету.

    • Қағазды шымшып жұлуды, бөлуді үйрету.

    • Екі әрекетті бір уақытта орындауға үйрету: бір қолымен ұстап, екінші қолымен басқа затты алуды.

    • Дымқыл алақанға ойыншықты ұстатып үйрету.

    • Жұдырығын қысуды және үлкен немесе сұқ саусақпен оңға, солға сілкуді үйрету.

    • Саусақтарын бүгуді, жазуды үйрету.

    • Саусақтарын біріктіруді үйрету.

    • Саусақпен телефонның дискісін айналдыруды үйрету.

    • Саусақтармен шеңберлі қозғалыстарды орындауды үйрету.

    • Алақанды дыбыс шығарып шапалақтауды үйрету.

    • Шеңберлі қозғалыстарды пайдаланып шарды үстінен сырғантуды үйрету.

    • Бір және екі қолмен сусымалы заттарды алғызып үйрету.

3) Қол координациясының дамуы

  • Саңылауы бар тақтайшадан қазықты жұлуды және қағуды үйрету.

  • Дене бөлімдерімен ойнатып үйрету «Сенің мұрының қайда?», «Сенің аузың қайда?».

  • Ұсақ заттарды құмыраға салғызып үйрету.

    • Кәмпиттің қағазын ашқызып үйрету.

  • Пирамиданың сақинасын алуды және кигізуді үйрету.

  • Жұмулы көзімен заттарды сезіне отырып, тануды үйрету.

  • Кубиктардан мұнара тұрғызып үйрету.

  • Тар тесікке тиынды, жетонды және басқа да жайдақ заттарды салғызып үйрету.

  • Қақпақты ашып, жапқызып үйрету.

  • Сәйкес саңылауға фигураларды орналастыруды үйрету: «Пошталы жәшік».

  1. Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы

  1. Қабылдаудың дамуы

  • Жарық көзіне басын бұруды үйрету.

  • Жарқын айқын заттарды көзбен көріп бекіте алуға үйрету.

  • Үлкендермен көзбен байланысты ұстауға жағдай жасау (көзге және ауызға қарауға үйрету).

  • Үлкендердің бетіне немесе зейіні ауған затқа ұзақ уақыт қарауға үйрету.

  • Айналадағы заттарға зейінін біріншісінен екіншісіне ауыстрып қарауға үйрету.

  • Суреттегі адам бейнесіне көзқарасын жинақтауды үйрету.

  • Қозғалыстағы затпен көзін сүңгуші қозғалыспен тігінен, көлденеңнен және шеңбер бағытымен қадағалауды үйрету.

  • Айнадағы өз бейнесін қабылдауды дамыту.

  • Баланың көз алдында тығып қойған ойыншықты таба алу дағдысын дамыту.

  • «Қайда ...?» деген сұраққа жауап таба алуға, суреттен өзін, таныс балаларды және үлкендерді табуға үйрету.

  • Таныс заттарды, ойыншықтарды таныс еместердің арасынан таба алуға үйрету (Доп қайда?).

  • Заттарды таңдауды үйрету (бөлменің әр бұрышынан, үстелден).

  • Суреттерді таңдауды үйрету.

  • Екі бөлікке бөлінген суреттен зат құрастыруды үйрету.

  • Бөліктерден тұтасты жинауды үйрету.

  1. Форманы қабылдаудың дамуы

  • Көлемді формаларды ажырата алуды үйрету (шар, куб, кесек, үшбұрышты призма).

  • Қорапшаның қиықтарына сәйкес келетін көлемді фигураларды ажырата алуға үйрету.

  • Геометриялық формаларды ажырата алуды үйрету (дөңгелек, сопақ, төртбұрыш, үшбұрыш).

  • Түсімен үлкендігіне қарамай заттың формасын ерекшелеп алуды үйрету.

  1. Көлемді қабылдаудың дамуы

  • Үлкен заттарды екі қолмен ұстауды үйрету (шарлар, кубтар, доптар), кішкентайын - бір қолмен.

  • Үлкендіктің екі, үш, төрт көлемін ажырата алуды үйрету: ең үлкен, үлкен, кішкентай, ең кішкентай.

  • Олардың түсімен формасына қарамай заттың көлемін ажырата алуды үйрету.

  1. Түсті қабылдаудың дамуы

  • Негізгі түстерді ажырата алуды үйрету: қызыл, сары, көк, ақ, қара, жасыл).

  • Үлгі бойынша негізгі түстерді бөліп алуды үйрету.

  • Жинастыру кезінде түстерді алмастырып үйрету.

  • Айналадағы заттардың арасынан таныс түстерді таба алуға үйрету.

  1. Кеңістікте бағдарлаудың дамуы

  • Өз дене бітімін бағдарлай алуды үйрету.

  • Қуыршақтың дене бітімімен бет бөліктерін бағдарлай алуды үйрету.

  • Оң және сол қолын ажырата алуды үйрету.

  • Кеңістіктің орналасуын анықтай алу дағдысын қалыптастыру: жанында, осында, анда және т.б.

  • Бір бағыттағы заттарды орналастырып үйрету.

  1. Дыбысты қабылдаудың және зейіннің дамуы

  • Дыбысқа және дауысқа реакция туғызу.

  • Үлкендердің дауысын, музыкалық құралдармен ойыншықтардың дыбысын тыңдауды үйрету.

  • Дыбысты ойыншықты көзқарасымен таба алуға үйрету.

  • Әртүрлі дыбыстарды қабылдауды үйрету.

  • Жақын адамдардың дауысын тануды үйрету.

  • Музыкалық ойыншықтардың дыбысын ажырата алуды үйрету.

  1. Тактилді-қозғалыс қабылдауының дамуы

  • Шар, куб, үшбұрышты шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Үлкендігі бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Формасы бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Үлгі бойынша таныс заттарды және ойыншықтарды шамалап таба алуды үйрету.

  • Ауызша нұсқаумен таныс заттарды және ойыншықтарды шамалап таба алуды үйрету.

  1. Дәмді қабылдаудың дамуы

  • Ащы, жылы, суық тамақты ажырата алуды дамыту.

  • Жеуге жарамды және жарамды еместі ажырата алуды дамыту.

  • Затты иісі бойынша ажырата алды үйрету.

  1. Көрнекі-әрекетті ойлаудың дамуы

  • Практикалық және ойын сабақтарында құралдарды пайдалануды үйрету, мысалы, қолмен затты немесе ойыншықты алуға мүмкін болмаған жағдайда таяқша, күрек, торлы дорба пайдалану керек екендігін.

  • Заттарды формасы, түсі, көлемі, салмағы бойынша салыстыруды үйрету.

  • Оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алуды үйрету.

  • Бір топ заттан біреуін ерекшелеп алуды үйрету.

  • Заттардың «аз» және «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.

  • Топтан екі, үш затты бөліп алуды үйрету.

  • Үшке дейінгі заттарды санай алуды үйрету.

  • Заттарды дыбыстап санауға үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]