Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы

  1. Денсаулық және тәрбие шарттары

Баланың денсаулығы оның физикалық, ақыл-ой және функционалды дамуына, дамудың әр кезеңіндегі қоғамға қосылуына байланысты. Денсаулықтағы негізгі фактор режимдік сәттерді дұрыс сақтау болып табылады. Сабақты аптасына екі рет 45 минуттан өткізу. Ойыншықтармен құралдардың екі тобы болу керек: біріншісі күнделікті ойынға, екінші тобы үлкендермен бірге оқыту және сабақтарға арналған.

Үлкендердің барлығы өзіне қызмет көрсету дағдыларымен байланысты балаларды оқытуда біркелкі талаптарды сақтауы тиіс: тамақ алдында және дәретханадан келгенде қолды жуу, тамақ ішкенде майлықты қолдану, қасықты дұрыс ұстау, үлкенді тыңдау және т.б..

Күн режимі сәттерін орындау процесінде үлкендер баланың қолымен саусақтарына күніне екі-үш рет 5-7 минуттан массаж жасайды.

Массаж үлкендердің баламен эмоциональды қарым-қатынас кезінде өткізіледі.

Жаттығу түрлері:

  • қол массаж (сипалау): иықтан иыққа бағыты бойынша ішкі жоғарғы иықалды және иық бойынша алақанмен сипалау. 4 – 6 рет қайталау;

  • аяққа массаж: бір қолыңызбен оның аяғын табанынан жайлап ұстаңыз, екіншісімен тізе және санның артқы және ішкі жақтарын табаннан шап бағыты бойынша жайлап сипалаңыз. 4 – 6 рет қайталау;

  • белге массаж: баланы ішпен жатқызыңыз. Бөкседен мойынға екі қолдың сыртқы үстінгі жақтарына дейінгі, мойыннан бөксеге дейінгі бағыт бойынша алақанмен белін сипалау. 4 – 6 рет қайталау;

  • Үлкендердің баланың қол саусақтарын бір уақытта (үлкен саусақтан бастап) әр қолын жеке 4 – 10 реттен бүгу және жазу;

  • Үлкендердің баланың үлкен саусағын үш бағытта бұруы: алдыға – артқа, бүйірден жан-жақа және айналдыра;

  • Үлкендердің баланың әр қолын ақырындап «шеттен орталыққа» бағытымен 5 – 6 рет сипалауы.

2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар

  • Балаға төкпей сапты аяқтан іштіріп үйрету.

  • Өз бетімен қою тамақты қасықпен жеуді үйрету.

  • Жуынуды үйрету (қолын және бетін жуу), қолдың сыртқы және ішкі жағын сабындау, сабынды сумен жуу, жуынып болғаннан кейін сүлгімен сүрту, тісін тазалау.

  • Тамақ ішкенде сорпаны төкпей қасықты ұстау, тамақ ішкен кезде және болғаннан кейін майлықты пайдалану дағдысын бекіту.

  • Ас ішкеннен кейін өз үстелін жинауды, шұлығын, бас киімін, жейдесін шешуді, шешінген кезде көмектесуді үйрету: қолын жидеге салуды, шамалы үлкендердің көмегімен бас киімін киюді, үлкендердің көмегімен шолақ дамбалын, шұлығын, іш көйлегін киюді үйрету.

Тазалық дағдыларының қалыптасуы

  • Күні бойы бала құрғақ болып жүруіне себепші болу: дымқыл дамбалға жағымсыз қатынас туғызу;

  • Шүмекке отырғызу процесін жайлап қабылдауға үйрету: дәретханаға барғысы келетінін ишаратпен білдіру, дәретханада өз бетінше дамбалын шешу.

  • Дәретхана қағазын қолдануды үйрету; дәретханаға су жіберуді, өз бетінше дәретханаға барып қажет нәрселерді жасау.

  1. Әлеуметтік даму

  • Өзі туралы түсінікті бекіту: қай жынысқа жататынын «Мен ұлмын», өз атын ататып үйрету, есімдіктермен таныстыру (мен, сен, біз, ол, олар, менікі).

  • Өз дене бітімі және бет бөліктері туралы түсінікті қалыптастыру. Ойын өткізу: «Ауыз қайда, мұрын қайда», «Көз қайда, құлақ қайда» және т.б.

  • Үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалды тәсілдерді қалыптастыру (көзге тура қарау).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]