Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама

Ақыл-ойы кемістігі деп арнайы құрлымдық сапаның тұрақты түрде психикалық бұзылуы түсіндіріледі. Ақыл-ойы кемістігі болған жағдайда танымдық процесінде ең алдымен абстрактілі ойлаудың, екінші кезекте қарым-қатынас процесінің дамымай қалуы ерекше орын алады.

Ақыл-ой кемістігінің екі формасын көрсетеді: олигофрения және деменция.

Олигофрениялық жағдайда ерте кездегі, әдетте құрсақ ішінде бас миының дамымай қалуы, тұқым қуалаушылық әсерлерге себепші болу немесе құрсақ ішіндегі ұрықтың дамуы кезеңінде, туған кезде және өмірінің алғашқы жылдарына дейін әсер еткен айналадағы ортаның әртүрлі зиянды факторлары ерекше орын алады. Олигофрениямен ауратындарға барлық психикалық қызметтің толық дамымай қалуы тән, әсіресе ойлаудың абстрактілі формасының жетіспеушілігі.

Олигофрениялық жағдайда танымдық іс-әрекеттің дамымай қалуы ең алдымен логикалық ойлаудың жетіспеушілігінен байқалады. Логикалық ойлаудың әлсіздігі қарым-қатынастың төмен деңгейде дамуынан, заттарды және айналадағы шынайы құбылыстарды маңыздылығы бойынша салыстырудан, айтылған сөздің мағынасын түсінбеуден көрінеді. Мидың анализді – синтездік қызметімен байланысты психикалық белсенділіктің компоненті бұзылады, ойлаудың дамымай қалуы барлық психикалық процесстің кезеңдерінде айтылады.

Олигофрениялық жағдайда ақыл-ойдың дамымай қалуының үш деңгейін бөліп көрсетеді: дебилдік, имбецилді және нақұрыстық.

Дебилділік – деңгейі бойынша төмен және олигофренияның кең тараған формасы.

Деменция интеллектуалды және басқа психикалық функцияның әжептәуір қалыптасқаны ретінде түсіндіріледі. Деменцияға ақыл-ой жұмыс қабілетінің бұзылысы және есте сақтаудың, зейіннің, мінез-құлықты реттеудің, мотивацияның бұзылуы тән болып келеді. Сонымен қатар тұлғалық және эмоционалды бұзылыстар тән: балалар көп жағдайда сын көтермейді, қыңыр, олардың эмоциясы примитивті (жабайы). Олигофрениямен салыстырғанда деменция жағдайында жай-күйі төмендегені байқалады.

Ақыл-ойы кемістігі жағдайында коррекциялық жұмыс нақты жағдайларға сүйене отырып, танымдық іс-әрекетті стимулдеуге бағытталған.

Тәрбиелеудің алғашқы кезеңінің міндеті балаларға қарапайым өзін-өзі күту, гигиеналық дағдыларды үйрету, әлеуметтік-тұрмыстық бағытты дамыту болып табылады.

Мектепке дейінгі ақыл-ойы кемістіктері бар балалар үшін материалды меңгеру қиын деп көрсетілген. Коррекциялық жұмысты кезеңмен жүргізу қажет.

Бірінші кезеңде балаға айналадағы біраз заттармен таныстырамыз:

Зат және оның атымен таныстырамыз, олармен әрекет етуді үйретеміз;

  • Біркелкі заттар тобымен таныстырамыз;

  • Шынайы заттардың ара қатынасын және оның бейнеленуін үйретеміз;

  • Зат туралы алған мәліметтерді бекітеміз, заттарды ауызша нұсқаумен алуды үйретеміз;

Екінші кезеңде:

  • Балаға заттардың қасиетін таныстырамыз;

  • Айналадағы әлемді бағдарлау тәсілдерін қалыптастырамыз;

  • Талдап қорыту, жеке элементтерді және маңызды белгілерді бөліп алу және т.б. дағдыларды оқытамыз;

Үшінші кезеңде:

  • Баланың сенсорлы және практикалық тәжірибесін кеңейтуді жалғастырамыз;

  • Заттарды тұтастай тексеру процесін дамыту үшін негіз қалаймыз.

Бұл этаптағы басты мақсат – балаға заттардың маңызды және маңызды емес белгілерін бөліп алуды оқыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]