Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру

Сабақта ең бастысы – баланы нәтижелі әрекеттерге қызығушылығын қалыптастыру.

  • Суреттен (жабыстырмадан, суреттен, бастырмадан) айналадағы шынайы заттарды тануды үйрету.

  • Сазды, ермексазды, қамырды қолдану дағдыларын қалыптастыру, жұлуды, кесектеуді, шымшып алуды, уқалауды, сындарып алуды, жағуды және т.б. үйрету.

  • Үстелде, алақан арасында ермексазды жаюды үйрету (шұжық).

  • Үстелде ермексазды дөңгелек қозғалысымен жаюды үйрету (шарик).

  • Шарикті саусақтармен жаюды үйрету (шелпек).

  • 2 – 3 элементті біріктіруді үйрету.

  1. Қағазбен жұмыс істеу дағдысының қалыптасуы

  • Қағаз бетін екіге және төртке бүктеп үйрету.

  • Қағазбен және желіммен жұмыс істеуді үйрету.

  • Қағаз бетінің 2–3 бөлігінен бастырмаларға дайындамаларды орналастыруды үйрету.

  • Бастырманың бөлігіне желім жағуды және оны жабыстыруды үйрету.

  • Өзінің жұмысын сөзбен жеткізуді үйрету.

  1. Құрастыру дағдыларының қалыптасуы

  • Материалдармен (кубиктер, кірпіш), олардың формасымен, көлемімен таныстыру.

  • Бірдей кубиктерді бір-біріне қою арқылы мұнара құрастыруды үйрету.

  • Кішкентай кірпіштерді горизонталь бойынша (жалғыз аяқ жол, поезд, қоршау) орналастыруды үйрету.

  • Кубиктен, кірпіштен орындық және үстел құрастыруды үйрету.

  • Кубиктен немесе кірпіштен баспалдақ жасауды үйрету.

  • Үш қырлы призмадан және төрт кірпіштен терезесі және есігі бар үй жасауды үйрету.

  1. Сурет салу дағдысының қалыптасуы

  • Баланы қағазбен және басқа да әртүрлі сурет салу құралдарымен таныстыру: түсті дақтарды саусақтармен, алақанмен, бояу жаққышпен және т.б. жағу.

  • Қарындашты дұрыс ұстауды үйрету.

  • Қарындашпен қолдың қозғалысын көзбен бақылап отыруды үйрету.

  • Қағаздың барлық бетін нүктелермен, бояулармен, жіңішке сызықтармен толтыру дағдысын үйрету, әртүрлі сызықтарды салуды жаттықтыру: түзу – көлденең және тігінен, әртүрлі бағытта (сопақ, дөңгелек).

  • Дөңгелек форманы салуда жаттықтыру (шар, доңғалақ, доп).

  • Квадрат және төртбұрышты формаларды салғызып үйрету.

  • Қарапайым формаларды бояп үйрету.

  • Ережелерді орындауға әдеттендіру: түзу отыру, суретті қағазға салу, қағазды мыжымау, қарындашты сындырмау.

  1. Ұсақ моторикалардың дамуы

    • Заттармен күштік қозғалыстарды үйрету: сырғанату, итеру, қысу, тарту, басу.

    • Қол бұлғауды үйрету «Сау бол».

    • Қолды көтеріп және түсіруді үйрету.

    • Қолын артқа, алдыға қозғап үйрету.

    • Бір қолмен шеңберлі қозғалыстарды орындауға үйрету.

    • Заттарды итертіп, лақтыртып, тербетіп үйрету.

    • Ойыншықтарды қолдан қолға беріп үйрету.

    • Ермексазды езуді, қағазды мыжуды үйрету.

    • Тесіктері бар тақтайшаға 2–3 диаметрлі қазықты қаққызып және алғызып үйрету.

    • Карандашпен нүктелер салып тоқылдатуды үйрету.

    • Қағазды шымшып жұлуды, бөлуді үйрету.

    • Екі әрекетті бір уақытта орындауға үйрету: бір қолымен ұстап, екінші қолымен басқа затты алуды.

    • Сусымалы заттарды саусақпен алып үйрету.

    • Кәмпиттің қағазын аштырып үйрету.

    • Алақанына салған ойыншықты ұстауға үйрету.

    • Бір және екі қолымен заттарды жинауды үйрету.

    • Сабын көпіршігін бір және екі қолымен ұстауды үйрету.

    • Доп тебуді үйрету.

    • Арқанға заттарды тізбектеуді үйрету: «Моншақ».

    • Қорапқа ұсақ заттарды салуды үйрету.

    • Үйіндіге ұсақ заттарды (тиын, түйме, моншақтар, фишка) «жинауды» үйрету.

Еңбек тәрбиесі

Егер бала өз еркімен жүре алмаса қайшымен жұмыс істеуді үйрету (жолақтарды қию).

Ата-аналар үшін нұсқау

Ата-аналарға баланың, жақын туысқандардың суреттерін жабыстыратын фотоальбом бастауға кеңес беріледі.

Оқыту сабақтары барысында мыналар есіңізде болсын:

Балаға тапсырма бергенде тапсырманы түсінетіндей, қарапайымнан күрделіге дейін қалыптасуы үшін нұсқауы түсінікті және қысқа болу керек.

Сабақта ойын формасын немесе жаттығуларды қолдану қажет, сабақ барысында іс-әрекеттің әртүріне ауысып отыру керек: еденде, үстелде оқыту ойыны, зейінді бір тапсырмадан екіншісіне ауыстыру, мысалы, кубикті түстері бойынша бөл немесе ал, одан кейін формасы бойынша, міне осылай «Мен сияқты».

Балада ойыншықтар мен құралдардың екі тобы болуы керек: біріншісі, күнделікті ойынға (қуыршақтар, кубиктер, ыдыс аяқ жинағы, жұмсақ ойыншықтар және т.б.); екінші тобы оқытуға арналған, бұл үлкендермен бірге болатын сабақтарда беріледі. Танымдық қызметті дамытатын ойыншықтар: 4–5 орынды матрешка, 4–5 дөңгелекті пирамида, Сеген Тақтасы, «Пошталы жәшік», түстері және фактурасы әртүрлі маталар: фланель, байқы, капрон, жүн (қарапайым). Сюжеттік ойындар үшін: балалар ыдыс аяғы, жеміс және көкөністер тобы, таразы, әртүрлі көлемдегі машиналар (3 - 4 шт). Ойын іс-әрекетінің және іс-әрекеттің продуктивті түрі қалыптасуы үшін: киімімен қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар – аю, қоян, тиін және т.б.

Сурет салу үшін: борлар жиыны, түсті қарындаштар, бояулар, қағаздар жиыны, қылқалам (орташа және жуан).

Құрау үшін: ермексаз, саз, қамыр, жұмыс істеуге тақтайша, ұзын бас жағы күрекке ұқсайтын ағаш немесе темір таяқша.

Аппликация үшін қайшы, түсті қағаздар, желімді карандаш.

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар үшін: моншақтар, борпылдақ заттары бар банкі (ас бұршақ, жасымық, үрме бұршақ).

Тілді дамыту үшін: заттық суреттер жиыны (көкөністер, жемістер, киімдер, жиһаздар, жабайы және үй жануарлары, құстар және т.б.).

Өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту үшін: орамал, біреуі қуыршаққа, екіншісі балаға, тарақ, щетка, тіс щеткасы, айна, ас үй тұрмысына арналған заттар – қасық, шыны-аяқ, қуыршаққа арналған тәрелке, әртүрлі ілгектерімен балалар киімдерінің түрлері: жапсырма, түйме, жабысқыш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]