Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар

  • Балаға төкпей сапты аяқтан іштіріп үйрету, шыны аяқты тұтқасынан ұстап және қасықпен жеуді үйрету.

  • Қасықты қысып ұстауды және қою тамақты өз бетімен қасықпен жеуді үйрету.

  • Тамақты қасыққа аздап жинауды үйрету.

  • Тамақты жақсылап шайнауды үйрету.

  • Ас қабылдау кезінде үлкендердің көмегінен бас тартуға итермелеу.

  • Дыбыссыз және тиянақты жеуді үйрету.

  • Ас ішкеннен кейін өз үстелін жинауды үйрету.

  • Үстелде өз орнын таба алуды үйрету.

  • Ас ішкен уақытта және одан кейін де майлықты пайдалануды үйрету.

  • Өз бетімен басынан бас киімін шешуді және шұлығын түюді үйрету.

  • Аяқ киімін шешуді үйрету. Көйлегін, шұлық дамбалын, шолақ дамбалын шеше алуды үйрету.

  • Серуендеп келгеннен кейін үлкендердің көмегімен және өз бетімен киімін шешуді оны ілуді, аяқ киімін өз орнына қоюды үйрету.

  • Киіндірген кезде аяғын және қолын созуды үйрету.

  • Өз киімдерін тани алуды үйрету.

Тазалық дағдыларының қалыптасуы

  • Шүмекке отырғызу процесін жайлап қабылдауға үйрету.

  • Дәретханаға сұрану, өз тілегін сөзбен жеткізу, дәретхана суын өз бетімен ағызу, үлкендердің басшылығымен дәретханаға бару, дымқыл шалбарға жаман қатынас туғызу ишараттарын үйрету.

  • Өз бетімен жуыну дағдысын қалыптастыру: үлкендерге еліктету арқылы қолына сабын жағу, оны ысу және су ағысына тосуды, сабынды пайдалануды, бетін жууды үйрету.

  • Сумен ойнаудан жағымды эмоция туғызу. Су ағысына қолын тосуға түрткі болу, «суды ұстау».

  • Сүлгіні қолдануды үйрету, қолын және бетін сүрту.

  • Үлкендердің көмегімен одан кейін өз бетімен тісін тазалауды үйрету.

  • Қол тазалығын сақтауға, қажет кезінде және дәретханадан кейін қолды жууға үйрету.

  • Үлкендердің көмегімен аяғын жууға үйрету.

  • Аяғын өз бетімен жууға үйрету.

  • Киімінің таза емес екенін байқай алуға үйрету.

  • Заттарға ұқыпты қарауға үйрету.

  1. Әлеуметтік даму

  • Қай жынысқа жататын, өз есімін атай алуға үйрету: «Мен қызбын».

  • Айнаға қарауға және өзін қолмен көрсетіп «Мен» деп өз есімін атауға үйрету.

  • Өз дене бітімі мен бет пішінінің бөліктері және олардың маңыздылығы жөнінде түсінік беру.

  • Үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалды тәсілдерді қалыптастыру (көзге тура қарау, үлкендерге «Мама, берші» деп қатынасу).

  • Айналадағыларды жынысы, жасы бойынша ажырата алуға үйрету.

  • Адамның кейбір эмоционалды және физикалық жағдайын ажырата алуға үйрету: шаршады, ауырып қалды, жылады, күлді және т.б.

  1. Физикалық даму

  • Мұрынмен дем алу, ауызбен дұрыс дем шығаруды үйрету.

  • Қол қозғалысын дамыту, қол және ұсақ моторикаларды жетілдіру.

  • Көлемі және салмағы әртүрлі доптарды ұстай алуға үйрету.

  • Үлкен үрлемелі допты екі қолмен лақтыруға үйрету.

  1. Танымдық іс-әрекеттің дамуы

  1. Көріп қабылдаумен зейіннің дамуы

  • Жарқын айқын заттарды көзбен көріп бекіте алуға үйрету.

  • Үлкендермен көзбен байланысты ұстауға жағдай жасау (көзге және ауызға қарауға үйрету).

  • Үлкендердің бетіне ұзақ уақыт қарауға үйрету.

  • Қозғалыстағы заттарды немесе адамдарды бақылауды үйрету.

  • Айналадағы заттарға зейінін біріншісінен екіншісіне ауыстырып қарауға үйрету.

  • «Қайда ...?» деген сұраққа жауап таба алуға, суреттен өзін, таныс балаларды және үлкендерді табуға үйрету.

  • Таныс заттарды, ойыншықтарды таныс еместердің арасынан таба алуға үйрету (Доп қайда? Кубик қайда?).

  • Көлемді формаларды ажырата алуға үйрету (шар, куб, кесек); қораптың сәйкес ойықтарын жасау.

  • Бөлменің әр бұрышынан үстелде заттардың жұбын таңдауға үйрету.

  • Жазық геометриялық фигураларды ажырата алуға үйрету (дөңгелек, төртбұрыш).

  • Түстерді ажырата алуға, заттарды берілген түстері (қызыл, жасыл) бойынша біріктіруге үйрету.

  1. Естіп қабылдаудың дамуы

  • Үлкендердің дауысын, музыкалық құралдармен ойыншықтардың дыбысын тыңдауды үйрету.

  • Дыбыстары бойынша олардың орналасауын таба алуға үйрету.

  • Музыкалық сигналдың басқы және соңғы дыбыстарын қабылдауды үйрету.

  • Үлкендердің дауыс интонациясын ажырата алуды үйрету (жылы, қатал, сұраулы).

  • Ақырын айтылған сөздерді тыңдатып үйрету.

  1. Түсті қабылдаудың дамуы

  • Негізгі түстерді ажырата алуды үйрету (қызыл, сары, көк, ақ, жасыл).

  • Жинастыру кезінде түстерді алмастыруды үйрету.

  • Айналадағы заттардың арасынан таныс түстерді таба алуға үйрету.

  • Өнімдік және ойындық іс-әрекеттерде түстерді қолдануға үйрету.

  • Өзінің эмоционалдық күйін түстермен жеткізе алу.

  1. Кеңістікте бағдарлаудың дамуы

  • Өз дене бітімін бағдарлай алуды үйрету.

  • Қуыршақтың дене бітімімен бет бөліктерін бағдарлай алуды үйрету.

  • Оң және сол қолын ажырата алуды үйрету.

  • Бір бағыттағы заттарды орналастырып үйрету.

  • Қағаз бетін бағдарлай алуды үйрету (оң, сол, жоғары, төмен).

  1. Көлемді қабылдаудың дамуы

  • Үлкен заттарды екі қолмен ұстауды үйрету (шарлар, кубтар, доптар), кішкентайларын - бір қолмен.

  • Үлкендіктің екі, үш, төрт градациясын ажырата алуды үйрету: ең үлкен, үлкен, кішкентай, ең кішкентай.

  • Үлкендігі бойынша заттарды бір топқа біріктіруді үйрету.

  1. Тактилді –қозғалысты қабылдаудың дамуы

  • Шар, кубты шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Үлкендігі бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Формасы бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.

  • Таныс заттарды және ойыншықтарды шамалап таба алуды үйрету («Таңғажайып қап» ойыны).

  1. Көрнекі-әрекетті ойлаудың дамуы

  • Практикалық және ойын сабақтарында құралдарды пайдалануды үйрету.

  • Көмекші заттарды пайдалануды үйрету.

  • Заттарды түсі, формасы, үлкендігі, салмағы бойынша салыстыра алуды үйрету.

  • Белгіленген белгілерін негізге алып заттарды жинақтауды үйрету.

  • Тапсырылған критерилер бойынша (қасиеті, сапасы, қызметі) заттық классификацияны орындауды үйрету.

  • Оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алуды үйрету.

  • Оқиғаның жүйелілігін анықтай алуды үйрету.

  • Бір топ заттан біреуін ерекшелеп алуды үйрету.

  • Жеке заттардан топ құруды үйрету.

  • Заттардың «аз» және «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.

  • «Толық», «бос» ұғымдарын қалыптастыру. Топтан екі, үш затты бөліп алуды үйрету.

  • Заттардың санын саусақтар санымен салыстыруды үйрету.

  • Заттардан тапсырған заттар санын таба алуды үйрету.

  • «Сонша ... неше» ұғымдарын түсінуді үйрету.

  • Бір топтағы заттарды екіншісімен салыстыра алуды үйрету.

  • Қандай заттар көп, аз немесе бірдей екенін белгілей алуды үйрету.

  • Үшке дейінгі заттарды санай алуға, бір заттан жылжытып, әр затқа саусағының ұшын тигізіп, көз мөлшерімен заттар санын анықтай алуға және қортынды санын атауға үйрету.

  • Заттарды шамалап және дауыстап санай алуға үйрету.

7) Қоршаған ортамен таныстыру

  • Жақын адамдар туралы түсінікті қалыптастыру: мама, папа, апа, ата, аға, әпке. Олардың бала өмірінде алатын орыны.

  • Ойыншықтар туралы түсінікті қалыптастыру.

  • Үй туралы түсінікті қалыптастыру (ас үй, жатын бөлме, дәретхана).

  • Өзінің және өзгенің заттарын ажырата алуды үйрету.

  • Құстар, жануарлар және олардың төлдері туралы түсінікті қалыптастыру: қоян, аю, қасқыр, тиін, кірпі. Үй жануарлары – сиыр, мысық, ит, жылқы, қой.

  • Жеміс және көкөністермен таныстыру: сәбіз, пияз, қызанақ, картоп, алма, алмұрт, апельсин, лимон, банан.

  • Өз есімін атағанда жауап қайтаруды үйрету.

  • Айналады заттармен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, жиһаз және т.б).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]