Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері

  • Жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату, баланы еркелету және жылылықпен қоршау;

  • Емдеу және коррекцияны бала өмірінің алғашқы айларынан потологиялық белсенділікті жою мақсатында бастау қажет (басын, денесін түзеу, қолдардың тірек реакциясы, жұмсақ ткандердің бұзылуын алдын алу);

  • Емдік түзету гимнастикасын, емдік массажды ерте қолдану;

  • Дәрігердің нұсқауы бойынша физиотерапиялық және дәрі-дәрмек арқылы емдеу;

  • Ашық тон, сары және қызыл ойыншықтарды пайдалану арқылы көріп бағдарлау реакцияларының дамуы;

  • Баланың ересектермен қарым-қатынасының дамуы;

  • Жалпы қозғалыстардың дамуы;

  • Қол және көздердің координатасына арналған сабақтар;

  • Қарапайымнан күрделіге қарай принципі бойынша даму: өзі туралы (есімі, жынысы), қоршаған дүние туралы көзқарастарын кеңейту;

  • Ата-ананың ЕФК элементтеріне оқыту курсына және логопедиялық коррекцияны үйрету, сонымен қатар логопед, психологпен бірлескен сабақтар;

Тек дәрігерлердің, ата-аналардың және педагогтардың бірігіп күш жұмсауы арқылы ғана ауруды жеңуге болады, ал онымен зақымданған балалардың еңбек дағдыларын, білім және өмірдегі өз орындарын алуына мүмкіндік бар.

БЦП кезінде коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаттары мыналар болып келеді: балаға медициналық, психологиялық, педагогикалық және логопедиялық, әлеуметтік көмек көрсету, толық және ерте әлеуметтік бейімделуді жалпы және кәсіби оқытуды қажет етеді.

Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы

1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары

Күн тәртібінің орындалуы: сабақты 45 – 60 минуттан аптасына екі рет өткізу. Құралдар мен ойыншықтардың екі тобы болуы керек: біріншісі күнделікті ойындарға (кубиктар, қуыршақтар, ыдыстар жинағы, жұмсақ ойыншықтар және т.б.), екінші тобы оқытуға арналған, бұл топтағы ойыншықтар балаға үлкендермен бірге өткізілетін сабақтарда беріледі. Үлкендердің барлығы балаларды оқытуда біркелкі талаптарды сақтауы тиіс. Тұрмыста және сабақта әлеуметтік қабылданған нормаларды сақтауын талап ету (үлкенді тыңдау, өзін-өзі күту дағдыларымен байланысты әрекеттерді орындау: дәретханаға сұрану, тамақ алдында қолды жуу, артынан киімдері мен ойыншықтарын жинау, көзіне қарау, «Сау бол» ишаратымен қоштасу; тамақ ішкенде майлықты қолдану, қасықты дұрыс ұстау және т.б.; сабақ уақытында, ойын кезінде – үлкенді тыңдау, орындықта айналмау, ойыншықтар немесе құралдарды рұқсатсыз ұстамау және т.б. Өзін бірінші жақпен айтуға үйрету. Күн режимі сәттерін орындау барысында үлкендер баланың қолымен саусақтарына күніне екі – үш рет 5-7 минуттан массаж жасайды.

Массаж үлкендердің баламен вербальды және эмоциональды қарым-қатынас кезінде өткізіледі.

Жаттығу түрлері:

  • Ересектердің «шетінен орталыққа» бағыты бойынша қолдың үстінен (ішкі және сыртқы) шынтаққа дейін, әр қолын жеке 6-8 реттен сипалауы;

  • Ересектердің баланың қол саусақтарын бірмезгілде (үлкен саусақтан бастап) әр қолын жеке 4 – 10 реттен жазу және бүгу;

  • Ересектердің баланың үлкен саусағын үш бағытта бұруы: алдыға – артқа, бүйірден жан-жаққа және айналдыра;

  • Ересектердің баланың әр қолын ақырындап «шетінен орталыққа» бағытымен сипалауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]