Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

6. Тілдің дамуы.

1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:

- еріндерін күлімсіреп созу, оларды созу, ауызын кеңінен ашу және тістерін көрсету және т.б.;

- аузында тілін белгілі қалыпты қимылсыз ұстап тұру (5 дейін санау), «кесе» жасау, тілмен ернін сағат тілі және оған қарсы жалау және т.б.;

- ауа жолын дамыту: жеңіл заттарға үрлеу-мата, шариктер, көбелектер және т.с.с.

2) Айтылған сөздің мағынасын түсінуді дамыту

- Сөздік нұсқау бойынша әрекеттерді орындауды үйрету: « Тәтең қайда, көрсет? Ол міне! Тәтеңнің көздері қайда? Міне олар!, Тәтеңнің қолдары қайда? Міне олар!».

- 1-2-3 әрекеттен тұратын сөздік нұсқау бойынша тапсырмаларды орындау: Машинаны ал. Машинаны алып, Ваняға бер.

- Заттар арасындағы кеңістіктік қатынастардан тұрады тапсырмаларды сөздік нұсқау бойынша орындау: үстінде, астында, үшін. Мысалы: Машинаны столдың үстіне қой. Қуыршақты тауып ал, ол шкафта және т.с.с.

- Ересектің артынан қарапайым дыбыстарды, буындарды және сөздерді қайталау.

- Әртүрлі сөздердің буындық құрамын дарадан күрделіге қарай нақтылау, жаттығуды ойын әрекеттерімен орындау, шапалақтау, балғамен тықылдату.

- Буындар және сөздерді айтылуы бойынша жекелендіру, тірі және жансыз табиғат дыбыстарын тыңдау, дыбысқа еліктеу арқылы өлең айту, көңілді, тыныштандыратын өлеңдер; балаға және ойыншықтарға қарап тақпақ айту, тақпақ және өлеңдерде жетпей тұрған буындар және сөздерді айтуға ынталандыру (мысалы, қуыршақты еденге түсіріп алды).

3) Белсенді сөздік қордың қалыптасуы

- Бетке артикуляциялық массаж жасау (саусақтармен, ысқышпен).

- Ерін қимылдарына еліктеуді үйрету «по-пу-пы», «мо-мы», «то-ты-ту», «до-ды».

- Күлімсіреу- трубка жасау (еліктей отырып қайталау), тілін тығып қою - ол міне, тіл жоқ, тілмен тықылдату.

- Дыбысқа еліктеуге және сөзді айтуға үйрету (балада сурет, немесе ойыншық болады).

- Айтылған бір буындарды бекіту: «Да-да-да! Ба-ба-ба! Ма-ма-ма! Па-па-па-па!».

- Айтылған дыбысқа еліктеулерді бекіту «гав-гав, му-му, мяу-мяу, пи-пи» және т.с.с.

- Дара сөздерді айтуға үйрету: Маша, Даша, Петя, Аня, тұр, қағып ал, әне, міне, өлең айт.

- Өз қажеттіліктерін нақты жағдайда бір сөзбен айтуға үйрету «Апай, бер!», «Ана, серуендеуге барайық», «Жүр, ұйықтайық».

- Тілге зат есімдер, етістік, сын есімдерді қосу арқылы сөздік қорын байыту.

- Заттар мен суреттерді көрсету кезінде ересектердің қарапайым сұрақтарына жауап беруге үйрету: «Бұл не? - бұл үй, Мынау не? - бұл стол және т.б.

- Иллюстрацияға сүйене отырып, таныс ертегілерді ересек адаммен бірлесе отырып айтуға үйрету: «Кім мяу деді?», «Бауырсақ», «Үш аю» және т.б.

- Баланы өз бетінше сұрақ қоюға итермелеу: Апай, бұл не ? Сенің сөмкеңде не бар ?

7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы

- Бірқатар ойын әрекеттерін орындауды үйрету (3-4 әрекет): тамақ беру, қуыршақты ұйықтауға жатқызу, серуендеуге бару.

- Таныс ойын әрекеттеріне күрделендіре отырып, сюжетке қосу (ойындар: дүкен, аурухана, шаштараз және т.б.)

- Сюжеттік-рөлдік ойын барысында аспазшы, дәрігер және т.б. рөлдерді орындауды үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]