Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету

Соңғы он жылдықта Қазақстан дамуында проблемалары бар немесе бұзылулары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыздандырудың әртүрлі технологиялары белсенді түрде ендірілуде. Мұндай көмекті ұйымдастырудың және мектепке дейінгі білім берудің формаларының бірі – Лекотека.

Лекотека – дамуында қиындықтары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру жүйесі. Лекотека жұмысының негізгі әдісі – ойын.

Лекотеканың мақсаттары:

  • Балалардың тұлғалық дамуы үшін, қоршаған ортаға сәтті бейімделуі үшін жағымды жағдай жасау және оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастыру.

  • Мектепке дейінгі жастағы ерекше қажеттілігі бар балалар отбасыларына психологиялық қолдау көрсету.

  • Балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қабылдануына кедергі келтіретін психологиялық қиындықтарды шешуге ықпал ету, отбасында және басқада әлеуметтік топтарда бейімделуге көмектесу.

Лекотеканың міндеттері:

  • психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға лекотекада мақсатты бағытталған медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;

  • ата-аналармен балаларды тәрбиелеу және дамытудың біртұтас жүйелі бағыттарын қамтамасыз ету мақсатымен серіктестік қатынас орнату;

  • баланың ерекшеліктеріне байланысты жекелей сабақтардың бағдарламасын құруға мүмкіндік беретін ойын және ойыншықтарды қолдануға байланысты ата-аналар және педагогтарға әдістемелік нұсқауларды өңдеу үшін лекотека қорын пайдалану;

  • баланың оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру үшін жекелей техникаларды іріктеу;

  • дамуында бұзылулары бар балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу;

- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу үшін адекватты құралдарды таңдау дағдысына үйрету.

Лекотека жағдайында балалар дамуындағы бұзылуларды ерте анықтау және түзету мүмкіндігі ауытқудың орнын толтыруға және бала дамуы үшін жағымды жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Лекотека» сөзі (Lekotek) швед сөздері «leko», яғни «ойыншық» және «tek» - «жиналыс», «жинақ» - сөздерінен шыққан. Алғашқы лекотека 1963 жылы Стокгольмде университет клиникасында ата-аналар мен педагогтардың бастамаларымен ашылды. Лекотеканың негізін қалаушылардың мақсаты ойын арқылы госпитализациялаудың психологиялық жарақаттау ықпалын жеңілдету.

Алғашқы америкалық лекотека 1980 жылы Иллинойс штатында мемлекет тарапынан қолдауға ие болған қоғамдық бастама ретінде ашылды. Алғашқы америкалық лекотеканың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына мамандармен кездесу үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда америкалық лекотекалар мүгедектігі бар балалар отбасылық және қоғамдық өмірге тез бейімделуге мүмкіндік алатын білім беруші және белгілі қоры бар орталықтар болып табылады.

Лекотека – бұл құрылымдық қызмет атқарушы жүйе, лекотека қызметі автономды түрде, сонымен қатар білім беру мекемелерінің құрамында жүзеге асырылады; мектепке дейінгі мекеме; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған мекемелер; арнайы білім беру мекемелері.

Лекотека клиенттері - дамуында бұзылулары бар немесе айқын көрініс беретін психогенді бұзылулары бар балалар және отбасы мүшелері. Бала үшін білім алудың аз мөлшерде болса да мүмкіндігі маңызды фактор болып табылады. Лекотека мамандары жекелей бағдарланған коррекциялық дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып, отбасыларын әртүрлі ойын үрдісіне психологиялық қамтамасыздандыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда туғаннан бес жасқа дейін және одан үлкен, дамуында мәселелері бар балаларға көмек мектепке дейінгі мекемеден тыс көрсетіледі. Бұл баланың әлеуметке қосылу мүмкіндігін төмендетіп, мектепте оқуы үшін қосымша қиындықтар туғызады. Мұндай балалардың ата-аналары баламен үй жағдайында қандай қарым-қатынаста болу керегін білмейді, бір нәрсені дұрыс істемей қаламыз деп қорқады, ең алдымен барлығын бірден өзгертіп, баланың денсаулығын түзеуге болатын жаңа емдеу тәсілі жөнінде ойлайды. Ата-аналар «баласын барлық мәселелерден, соның ішінде эмоционалды және әлеуметтік қиындықтардан құтқаруы қажет» мамандардың ойларына бағдарланады. Сөйтіп, біртіндеп ата-аналардың көмек көрсете алмауы, ата-ана және бала арасында кедергі туындайды. Балалар депривация күйінде болады (сенсорлық, педагогикалық). Мұндай балалармен өзара әрекеттесу өте күрделі. Осы үшін ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларға мамандар коррекциялық көмек көрсететін лекотекалар құрылды.

Лекотека жағдайында баланы ойынға тартып, оны ары қарай дамытудың басты принципі баланың өз еріктілігі, сондықтан ересектер тарапынан баланы ойын іс-әрекетіне күштеуден бас тартқан жөн.

Лекотека жағдайында ересек адам ойын ортасын ұйымдастырушы, бақылаушы рөлін атқарады. Бала ересек тарапынан «ақымақ», «дөрекі» ойынды таңдауы мүмкін. Бірақ бұл баланың таңдауы, бұған ол құқылы. Бала өзі үшін еш мағынасы жоқ ойынды ойнамайды. Ересек балалармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан соң ойынды қолдап, оның қатысушысы болу керек, егер ойын бір сарынды және мағынасыз болса оны өзгерту мүмкіндігін көрсету керек. Баланың ойынға және ойыншықтарға қатынасын көрсететін белгілерді қабылдай алу өте маңызды. Әсіресе баланың әрекеттеріне сын айтуға, бала ойынын негізсіз үзуге жол беруге болмайды. Баланың дамуы үшін оның ойнына немқұрайлы болуда қауіпті.

Баланың жекелей даму бағыты аурудың генетикалық себептері және ортасымен анықталады. Темперамент ерекшеліктері, бала психикасының күшті және әлсіз жақтары қоршаған ортасымен қарым-қатынасы барысында көрініс береді. Балаға тән мінез бітістерді байқай алу, түсіне алу іскерлігі ересектерге ырықсыз және ресми түрде қызықсыз ойынға итермелемеуге көмектеседі. Баланың функционалды құзыреттілігін бағалаудың бірінші кезеңінде қажетті ойыншықтарды іріктей алу маңызды болып келеді. Алынған мәлімет негізінде пара-пар ойын іс-әрекетін жобалау және ойыншықтарды дұрыс іріктей алуға болады.

Ойын ойнайтын кеңістіктің жабдықталуы дамудың қиындықтарына және бұзылулар сипатына байланысты жоспарланады. Ойын ортасы ұйымдастырылған болу керек, бұл баланың бейімделуін жеңілдетеді, тәртіпке үйретеді. Лекотека мамандары осындай сұрақтарды шешуде ата-аналарға көмек көрсетуге даяр.

Баланы дамыту және тәрбиелеу бойынша жұмыс мазмұны, оның психологиялық күйін және әрекет-қылығының коррекциясы баланың мүмкіндіктеріне байланысты мамандармен келісіліп, ұсынылған жекелей бағдарламалар және жекелей сабақтар негізінде жүргізіледі.

Лекотека жұмысын ұйымдастыруда баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын және ойын материалдары қолданылады. Лекотекада баланың психофизиологиялық дамуы үшін ойыншықтар болу керек. Бұл зейін, ойлау, ес, қабылдау, қиял, шығармашылықты, қозғалыс белсенділігін дамыту үшін, эмоционалды күштенуді, қол білегінің моторикасын дамытуға арналған әртүрлі ойындар.

Жұмыстың негізгі түрлері жекелей және топтық ойын сабақтары, кеңес беру, тренингтер, сайыстар, ата-аналар тәрбиесімен алмасуға арналған дөңгелек үстелдер және т.б.

Лекотеканың кейбір жабдықтары ата-аналар және балаларына уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналарға ойыншықтарды 10-14 күнге алуға мүмкіндік беріледі. Педагог ата-аналарға ойыншықты дұрыс таңдап алуға нұсқау бере алады.

Зерттеу және мәселені анықтау негізінде отбасын психологиялық қамсыздандыру жөнінде шешім қабылданады. Лекотеканың клиенті ретінде тек балалар емес, олардың ата-аналары болып табылады. Отбасымен жұмыс үйлесімділік және сыйластық атмосферасын құруға бағытталған, осының арқасында бала дамудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Осындай мақсатпен ата-аналарға кеңестер және топтық тренингтер жүргізіледі.

Балалармен жұмыстың барлық формаларында ата-аналар белсенді қатысуы шарт.

Лекотекада жекелей ойын сабақтары аптасына екі рет өткізіледі. Ойын сабақтарының уақыттың шектеулері бар, бірақ олардың құрылымы және мазмұны әр баланың қажеттіліктеріне және ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық берілулерді жалпылаудан кейін әрбір баламен коррекциялық жұмыстың бағыттары анықталады.

Жекелей сабақтар кезіндегі коррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Қозғалыстарды жетілдіру және сенсомоторлық даму:

  • қол білегі және саусақтардың ұсақ моторикасының дамуы;

  • артикуляциялық моториканың дамуы;

  • қозғалыстардың жалпы дамуы.

  1. Психикалық қызметтің жеке жақтарының коррекциясы.

  • көріп қабылдау және тануды дамыту;

  • көріп есте сақтау және зейінді дамыту;

  • заттың қасиеттері туралы жалпыланған түсініктерді қалыптастыру (түс, форма көлемі);

  • кеңістік ұғымдарын дамыту;

  • уақыт туралы ұғымдарын дамыту;

  • ес зейіні және есте сақтауды дамыту.

  1. Ойлау түрлерін дамыту.

  • көрнекі-әрекеттік ойлауды дамыту;

  • көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту.

  1. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және сөздік қорын байыту.

  • заттарды жекелей мүмкіндіктеріне байланысты топтастыра алу іскерлігі;

  • сөздің нұсқау бойынша жұмыс істей алу іскерлігі, айтылған сөзді түсіну.

5. Эмоционалды-тұлғалық сала дамуындағы бұзылулар коррекциясы.

Жекелей ойын сабақтарына қосымша ретінде лекотека мамандары аптасына 1 – рет 2 – жастан кіші емес балалармен топтық сабақтар өткізеді. Ата-аналардың топтық сабақтарға белсенді қатысуы – міндетті шарт. Мұндай сабақтардың негізгі мақсаттары бала және ата-ана, балалар арасында, әртүрлі балалардың туыстары арасында, балалар және лекотека қызметкерлері арасында қарым-қатынастың және өзара әрекеттесудің туындауына ықпал ету. Топтық сабақтарда жаңа эмоционалды күйлер, еліктейтін қабілеттер дамуы үшін, құрбыларына мейірімді қатынас орнату, бірлескен ойын және өзара әрекеттесуді дамыту үшін, эмоционалды және әлеуметтік саланы, когнетивті дағдылар және өзіне қызмет көрсету дағдылары, белсенділігі және ынтасын жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасалады. Әдетте топтар пара-пар мәселелері және балалардың даму деңгейі бойынша қалыптастырылады - мұндай жағдайда бағдарламаларға осы топтың ерекшеліктерін және олардың дамуына қолайлы болып келетін жаттығу және ойындар енгізілуі мүмкін. Әртүрлі мәселелері бар балалардың, бір жасты балалардан тұратын топтар қалыптастырылуы мүмкін. Барлық осы жағдайларда топтарға дамуы қалыпты аға және апайларын енгізуге болады.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кейбір шарттары

  • Сабақ аптасына бір рет 1,5 сағат көлемінде өткізіледі.

  • Топтағы қолайлы болатын балалар саны 3 – 6 адам.

  • Сабақ өткізілетін бөлмеде тұрақты аймақтар болады, бұл балаларға кеңістікте бағдарлануды жеңілдетеді.

  • Сабақты өткізу кезінде отбасымен жұмыс істейтін екі маманның қатысуы тиімді (мысалы, психолог және педагог немесе дефектолог).

Топтық сабақтың құрылуының үлгісі:

Баланың келуі, бала және ата-аналардың еркін қарым-қатынасы. Құрылымдық сабақтың алдында балаға бөлмеге және басқа балалар қоғамына, ересектер ортасына бейімделуге уақыт беру өте маңызды.

Маман баланы ата-анасымен қарсы алады, сәлемдесу жүреді, мұнда баланы тек маманның өзімен ғана емес, лекотекадағы барлық ересектермен сәлемдесуге итермелейді. Сонымен қатар баланың есімі бірнеше рет аталуы қажет. Лекотека мамандары келесі жұмыстарды жүргізеді:

  • қозғалыс координациясының дамуы бойынша;

  • зейіннің дамуы және суретте қарастыра алу іскерлігін дамыту бойынша;

  • сөздік қорын және тілдік қатынастың дамуы бойынша.

Стол басында ойын формасында бірқатар жаттығулар орындалады, олар бағытталған:

  • естіп және естіп-көріп қабылданған, дауыстың шығуына байланысты шартты қозғалыс реакциясын қалыптастыруға;

  • «көз-қол» координациясының, өзара әрекеттесудегі кезекті, бірдей заттарды түсі, формасы, саны бойынша сәйкестендіре алу іскерлігін дамытуға;

  • еліктеу қабілеттерін дамытуға, айтылған сөзді түсіне алуын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, балалармен қозғалыс ойындары, хоровод өткізіледі. Хоровод ойындары «Каравай», «Көпіршік үрлен», «Өрмекші» тіл және қарым-қатынастардың дамуына ықпал етеді, тілді сезіне алуды, кезекті сақтай алу іскерлігін қалыптастырады, көп қуаныш әкеледі.

Алдына-ала жоспарланған немесе жоспарсыз пайда болған үлкен доп, модулдерді қолданылатын ойындар енгізіледі.

Балалардың шығармашылақ қабілеттері драмматизация және ертегілерді қою көмегімен дамытылады. Балалар және ата-аналармен шағын таныс ертегілер ойнатылады.

Сонымен қатар, лекотекада сурет салу, ермексазбен жасау, аппликация үшін жабдықтар қажет. Балалар тобының құрамына, бағдарына және көңіл күйлеріне байланысты белгілі бір іс-әрекет түріне аз немесе көп уақыт бөлуге болады. Мұндай шығармашылық балалар тарапынан көп күш жұмсауды, ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруды талап етеді.

Еркін ойында қажет. Балалар өз бетімен немесе ересектер, мамандардың қатысуымен ойнайды. Ересектер міндетті балалардың бір-бірімен ойынын және өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, заттарды, ойыншықтарды қолдануды ынталандыру, ойын әрекеттерін мадақтау.

Топтық сабақ қоштасу сөздерімен немесе қимыл қозғалыспен аяқталады.

Топтық сабақтар мазмұны, мақсаты, ұйымдастырылуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар:

  • бала дамуы және тәрбие мәселелеріне байланысты ата – аналар құзыреттілігін қалыптастыруға;

  • балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік бейімделуіне;

  • өзара интеграция үрдістерін дамытуға бағытталу керек.

Мысалы: сабақ барысында:

1. Балаларда өзі туралы көзқарас қалыптасады, дене бөлшектерімен танысады, басқа балалармен әлеуметтік байланыс орнатылады.

2. Ана және баланың өзара әрекеттесуі ұйымдастырылады (бірлескен ойында ананың баланың ырқына көнуі эмоционалды қарым-қатынас, басқа балалармен бірлескен және өзбетімен ойынды дамыту жалпы және ұсақ моториканы, қабылдау, зейін, ойлау, тіл, әрекетті үлгі бойынша меңгеруді дамыту.

3. Ата-ана және балалардың өз беттілігі, ынтасы, ата-аналардың бір-бірімен және мамандармен қарым-қатынасы дамиды.

Лекотеканы ұйымдастыруда бірқатар принціптерді сақтау қажет:

  • ата-ананың жекелей және топтық сабақтарға өз еркімен қатысуы.

  • сабақтардың арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы іріктелген әртүрлі жабдықтармен, ойыншықтармен өткізіледі.

  • сабақтың үнемі және жүйелі болуы.

Баланың сабақтың аяқталуы туралы шешім бірқатар жағдайлар бойынша қабылдануы мүмкін:

  1. Ата-аналар сұранысының қанағаттандырылуы және балалардың белгілі бір даму деңгейіне жетудің негізінде.

  2. Баланың мектепке дейінгі мекемеге ауысуы.

Ата-аналармен баланың болашағы туралы әңгіме жүргізіледі, мектепке дейінгі мекемеде немесе ата-ананың өзімен баланы қамсыздандыру туралы нұсқаулар беріледі. Лекотека мамандары әрбір баланың психофизиологиялық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасап, ерекше бала тәрбиесіне және оқытуда көмек көрсету қажет. Лекотека жағдайындағы коррекциялық көмек дамудағы ауытқушылықтарды жеңуді және мінездегі бұзылулардың, оқытудағы қиындықтарды алдын-алуды көздейді.

Бөлім 2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]