Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Balany_1187_densauly_1171_y_2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері

1. Ерте коррекция принципі.

2. Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды тәрбиелеу және оқытуда іс-әрекет бағытын жүзеге асыру принципі.

3. Коммуникативті бағыттылық принципі.

4. Тәрбиелеу және оқыту жекелей-дифференциацияланған бағыт тұрғысынан жүзеге асырылады.

5.Шаршаудың алдын-алу, бұл үшін әртүрлі тәсілдер қолдану (практикалық және ақыл-ой іс-әрекетін кезектеу, дидактикалық материалды және көрнекілік құралдарын пайдалану және т.б.

6.Балалардың танымдық іс-әрекетін белсендендіретін әдістерді пайдалану.

7.Тілді дамыту, оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру.

8.Емдік-сауықтыру іс-шараларын, логопедиялық сабақтарды қолдану, қоршаған дүние туралы білімдерін молайту.

9. Осы категория балаларына деген қатынаста ерекше педагогикалық такт көрсету.

Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы

1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары

Нақты күн кестесін сақтау: баламен сабақты үнемі аптасына 2 рет, 45-60 минуттан өткізу қажет, 2 ойыншықтар жинағы және құралдар болуы керек, олардың біріншісі күнделікті ойынға (машиналар, кубиктер, «Конструктор», «Лего» жинақтары және т.б.), екінші жинақ балаға ересектермен сабақ барысында ғана беріледі.

Барлық ересек адамдар баланы оқытуға бірыңғай талаптарды ұстану керек.

Тұрмыста және сабақта белсенді болуды талап ету. Ересек адамды тыңдау, өзіне қызмет көрсету дағдыларымен байланысты әрекеттерді орындау: қолды тамақтану алдында және дәретханадан кейін жуу, ойыншықтарын, киімдерін жинау, сау бол айту. Ас ішу кезінде майлық пайдалану, қасық, шанышқыны дұрыс ұстау.

Сабақ және ойын кезінде байсалды отыру және ересек адамды тыңдау, рұқсатсыз ойыншықтарды алмау. Өзін бірінші жақпен айтуға үйрету: «Мен қалаймын», «Мен серуендеуге барамын», «Менің су ішкім келеді», «Менің ас ішкім келеді», анасына «Сен» деп сөйлеу, «Екеуіміз серуендеуге барамыз».

Күн режимі сәттерін орындау барысында ересектер баланың қолының саусақтарына массаж жасайды: 5-7 минуттан күніне 2-3 рет.

Массаж ересектің баламен эмоционалды және вербалды қарым-қатынас көрсетуімен жасалады.

Жаттығу түрлері:

  • ересек адам қол үстілерін (ішкі және сыртқы) «шетінен» «ортасына қарай» бағыты бойынша шынтағына дейін, әрбір қолын 6-8 рет;

  • ересек адам бала қолының саусақтарын бір мезгілде бүгу және жазу, әрбір қолында 4-10 ретке дейін;

  • ересек адам саусағымен баланың ашық алақанында спираль тәріздес қозғалыстарды әр бір алақанында 2-4 рет жасайды («сурет саламыз, түйіншек жасаймыз»);

  • ересек адам баланың үлкен саусағын үш бағытта апарып және әкеледі: алдыға-артқа, жанына-бір жағына, шеңбер бойынша;

  • ересек баланың қолын мейірімділікпен 5-6 рет «шетінен» «ортасына» қарай сипалайды.

2. Дене шынықтыру тәрбиесі

- Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру маңызды (мыс, мұрынмен тыныс аламыз, қолымызды жоғары көтереміз, ауыз арқылы дем шығару-қолымызды төмен түсіреміз).

Жалпы қозғалыстардың дамуы

  • Жіп, табалдырық, шығыршық арқылы аттап өтуге үйрету, орындық астынан, шығыршық арқылы еңбектеп өтуді, аяғымен допты тебуге, бір аяқпен секіруді үйрету.

  • Бір аяқта, екі аяқта секіруді үйрету.

  • Доппен алдыға қарай жүру, екі қолмен ұстап алып лақтыру, төменнен алып кеудеден, лента арқылы, екі қолымен ересек адамға беріп, ересек адамның лақтырған добын қағып алуға тырысу, оң және сол қолымен алысқа ұсақ заттарды (кішкентай доптар, құмы бар дорба, шишкалар) лақтыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]