- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
Бірқатар ойын-әрекеттерін орындауды үйрету (3-4 әрекет): тамақ беру, қуыршақты ұйықтауға жатқызу, серуендеуге бару.
Таныс ойын әрекеттеріне күрделендіре отырып, сюжетке қосу (ойындар: дүкен, аурухана, шаштараз және т.б.)
Сюжеттік-рольдік ойын барысында аспазшы, дәрігер және т.б.рөлдерді орындауды үйрету.
8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
Балада нәтижелі іс-әрекет түрлеріне қызығушылық қалыптастыру.
Құрау.
Ермексазды 2-3 бөлікке бөлуді, ермексазды саусақтарымен түзеуді үйрету.
Үлгі бойынша құрауды үйрену: сәбіз, қияр, доп және т.б.
Сурет салу
Әртүрлі бейнелеу құралдарымен сурет салуды үйрету (бояулар, фломастер, түрлі-түсті қарындаш, мелки), түзу және шеңбер сызықтар салу, мысалы: түйіншек, «Қар жауып тұр», жолдар.
Суретті аяқтап салуды үйрету: машинаға жіпті, шарға лентаны және т.с.с
Құрастыру
Көрсету және үлгі бойынша құрастыруды үйрету: саты, стол, төсек қуыршаққа арналған, үлкен және кішкентай үй.
Аппликация
Үлгі бойынша қарапайым заттарды жапсыруды үйрету «Жіптегі шарлар», «Аквариумдегі балықтар».
Баланы қағазда заттарды орналастыруды үйрету, желім, майлық, қылқаламды пайдалануды үйрету.
Қағазға қарапайым заттарды орналастыру, желім, қылқалам, шүберекті пайдалану, қарапайым заттарды жапсыру: алма, алмұрт, саңырауқұлақ, доп, үй, шарлар және т.с.с.
Еңбек тәрбиесі
Қарапайым тұрмыстық әрекеттерді нұсқау бойынша орындау: үстелде сүрт, гүлдерді суғару, ыдыс-аяқты жуу және т.с.с
Ата-аналар үшін нұсқаулар
Сіз баланың, оның жақын туыстарының фотосуреттерін жинайтын фотоальбом жүргізуіңізге болады (баламен апасы, анасымен серуендеуде және т.с.с.), баланың мектепке дейінгі дамуы барысында толтырылып, баланың қолымен жасалған заттармен толтырылады.
Сабақтарды өткізу барысында есіңізде болсын:
Балаға берілетін нұсқаулар қысқа және түсінікті болуы керек, барлық әрекет үлгі арқылы көрсетілуі керек;
Сабақтың ойын формаларын және жаттығуларды пайдалану маңызды, баланың зейінін басқа іс-әрекет түрлеріне ауыстыру маңызды.
Сюжеттік ойындар үшін «Құрылысшы» жинағы болу керек, балалар ыдыс-аяғының, көкөністер және жемістер, балалар жиһазының жинақтары.
Танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған ойындар үшін: пирамида, Сеген Тақтасы, «Пошта жәшігі», «Матрешкалар», Коос кубиктері;
Ойын іс-әрекетін және нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру үшін: киімдері бар ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар-қоян, қонжық және т.б.
Сурет салу үшін – борлар жинағы, түрлі-түсті қарындаштар, жінішке бояулар.
Аппликация үшін: түрлі түсті қағаздар жинағы, қарындаш желімі, қайшылар.
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар үшін: борпылдақ материалдары бар банкілер (асбұршақ, бұршақ, қарамық, ұсақ моншақтар).
Тіл дамыту үшін: заттық суреттер жинағы (көкеністер, жемістер, киім, жануарлар: үй және дала).
Өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту үшін: орамал, тарақ, щетка, айна, ас ішу заттары (қасық, тәрелке, майлықтар).
Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
«Психикалық дамудағы кешеуілдеу» ұғымы орталық жүйке жүйесінің органикалық жеткіліксіздігі әлсіз көрінетін балаларға қатысты қолданылады. Бұл балалардың есту, көру, тірек-қимыл аппаратының, тілдің күрделі бұзылулары жоқ, олардың ақыл-ойының дамуы қалыпты. Сонымен қатар олардың көпшілігінде полиморфты клиникалық симптоматика байқалады: күрделі әрекет-қылық формаларының жетілмеуі, тез болдыру негізінде мақсатты бағытталған іс-әрекеттің жетілмеуі, жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы, энцефалопатиялық бұзылулар. Дамудағы кешеуілдеулер әртүрлі себептермен шарттас болуы мүмкін: ОЖЖ құрсақ ішіндегі зақымданулар, босану кезіндегі жеңіл жарақаттар, ерте босану, бала өмірінің алғашқы кезеңдеріндегі жұқпалы аурулар, басқада бірқатар зияндардың әсері. Психикалық дамудағы кешеуілдеудің бірнеше топтастырылуы бар, неғұрлым кеңінен тараған К.С.Лебединскаяның топтастыруы, этиопатогенетикалық бағыт негізінде жасалған. Осы топтастыруға сәйкес ПДК негізгі төрт нұсқасы ажыратылады:
конституционалды сипатта пайда болған психикалық дамудың кешеуілдеуі-үйлесімді психикалық және психофизикалық инфантилизм. Мұндай балалар шығармашылығын ойын барысында көрсетеді (оқу іс-әрекетіне қарағанда, бұл іс-әрекет неғұрлым қызықты);
самотогенді генездің психикалық дамудағы кешеуілдеуі жүрек, бүйрек, эндокринді жүйе және т.б. созылмалы соматикалық сырқаттары бар балаларда пайда болады. Мұндай балалар қорқақ, жасқаншақ және жұмысқа қабілеті төмен;
психогенді генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу, психикаға жарақат түсіретін факторлар ерте пайда болған кезде және ол ұзақ уақыт әсер еткенде баланың нервтік-психикалық саласында тұрақты ауытқуларды туындатуы мүмкін. Бір балаларда жағымсыз әрекетпен агрессивтілік, екінші балаларда жасқаншақтық, қорқақтық, үрей, мутизм (сөйлеуден бас тарту) байқалады;
церебральді (ми қызметімен байланысты) органикалық генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу, мұндай жағдайда жетілмегендіктің белгілері және бірқатар психикалық бұзылыстардың әртүрлі деңгейлері үйлеседі. Церебральды органикалық генездегі психикалық дамудағы кешеуілдеу танымдық іс-әрекеттің бұзылуының алғашқы белгілерімен сипатталып, неғұрлым тұрақты түрі болып келеді және психикалық дамудығы кешеуілдеудің неғұрлым күрделі формасы болып табылады.
ПДК-і бар балаларда:
зейіннің тұрақсыздығы, жұмысқа қабілеттіліктің біркелкі болмауы;
іс-әрекеттің мақсатқа бағытталуының жеткіліксіздігі,
эмоция және еріктің дамымауы;
жалпы ақпарат және көзқарастар санының шектеулі болуы;
сөздік қорының аз болуы;
ақыл-ой іс-әрекеті дағдыларының қалыптаспауы;
қабылдаудың баяулығы;
сөздік-логикалық операциялардың қиындығы;
барлық ес түрлерінің бұзылуы байқалады.
5. Шаршаудың алдын-алу, бұл үшін әртүрлі әдістерді пайдалану (практикалық және ақыл-ой іс-әрекеттерін бір-бірімен алмастырып отыру, дидактикалық материалдармен көрнекілік құралдарды және т.б. қолдану).
