- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
6. Тілдің дамуы.
1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:
еріндерін күлімсіреп созу, оларды созу, ауызын кеңінен ашу және тістерін көрсету;
ауызында тілін белгілі қалыпта қимылсыз ұстап тұру (5-ке дейін санағанша), «кесе» жасау, тілмен ерінін сағат тілі және оған қарсы жалау және т.б;
ауа жолын дамыту: жеңіл заттарға үрлеу-мата, шариктер, көбелектер және т.с.с.
2) Айтылған сөздің мағынасын түсінуді дамыту
Ересек адам баламен қарым-қатынас орнату кезінде оның бетіне қарап сөйлеуі қажет, бала оның еріндерін көріп тұруы қажет, сөздерді созбай, түсінікті сөйлеуі қажет.
Әрекеттерді ым-ишара арқылы орындауды үйрету, «аға, тәте қай жерде, көрсет?».
Балаға дыбыстарды, буындарды, дара сөздерді өзінің мүмкіндіктерінің деңгейінде қайталауды үйрету.
3) Белсенді сөздік қордың қалыптасуы
Бетке артикуляциялық массаж жасау (саусақтармен, ысқышпен).
Ерін қимылдарына еліктеуді үйрету «по-пу-пы», «мо-мы» және т.с.с.
Дыбысқа еліктеуге және сөзді айтуға үйрету (балада сурет, немесе ойыншық болады).
Айтылған бір буындарды бекіту: «Да-да-да! Ма-ма-ма! Па-па-па-па!».
Айтылған дыбысқа еліктеулерді бекіту «гав-гав, му-му, мяу-мяу, пи-пи».
Ерін бойынша оқып ауызша тілдесу.
Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
Бірқатар ойын-әрекеттерін орындауды үйрету (3-4 әрекет): тамақ беру, қуыршақты ұйықтауға жатқызу, құрылыс ойындары-кубиктерді саламыз, үй салуға, дүкен салуға апарамыз.
Сюжеттік-рөлдік ойын барысында аспазшы, дәрігер және т.б. рөлдерді орындауды үйрету.
8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
Сабақ барысында ең бастысы – балада нәтижелі іс-әрекет түрлеріне қызығушылық қалыптастыру.
Құрау:
әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы құрастырмалар жасауды үйрету (қызанақ, қияр, банан, апельсин және т.б.);
ермексазбен түзу және айнала қимылдармен жасауды үйрету;
ермексазды 2-3 бөлікке бөлуді, ермексазды саусақтарымен түзеуді үйрету.
Сурет салу:
әртүрлі бейнелеу құралдарымен сурет салуды үйрету (бояулар, фломастер, түрлі-түсті қарындаш, борлар), түзу және шеңбер сызықтар салу, мысалы: түйіншек, «Қар жауып тұр», жолдар;
суретті аяқтап салуды үйрету: машинаға жіпті, шарға лентаны және т.с.с.;
белгілі жағдайда таныс заттардың суретін салуды үйрету «Жаңбыр жауып тұр», «Қар жауып тұр», «Ағаштардан сары жапырақтар ұшып жатыр»;
таныс заттарды үлгі бойынша салуды үйрету.
Құрастыру:
көрсету және үлгі бойынша «Сатылар», «Гараждар», «Үлкен және кішкентай үй», «Биік және аласа шыршаны» және т.с.с. құрастыруды үйрету.
Аппликация:
үлгі бойынша қарапайым заттарды жапсыруды үйрету «Жіптегі шарлар», «Бұтадағы жапырақтар»;
баланы қағазда заттарды орналастыруды үйрету;
желім, майлық, қылқаламды пайдалануды үйрету;
қағазға қарапайым заттарды желімдеу: алма, алмұрт, саңырауқұлақ, доп, үй, шарлар және т.с.с.
Еңбек тәрбиесі
Баланы ойыншықтарын және жеке заттарын жинастыруды үйрету.
Анасына пәтердің тазалығына көмектесу (шаң сүрту, гүлдерді суғару, ыдыс-аяқты жуу және т.с.с), өз аяқ-киімін және киімдерін тазалықта ұстау.
Қайшымен жұмыс істеуді үйрету (қағаздан әртүрлі жидектер қию).
Барлық жасалған заттар, суреттер, құрастырулар әрекет және сөздің көмегімен ойнатылады, баланы мадақтайды.
Ата-аналар үшін нұсқаулар
Сіз баланың, оның жақын туыстарының фотосуреттерін жинайтын фотоальбом жүргізуіңізге болады (баламен апасы, анасымен серуендеуде және т.с.с.).
Баламен жүргізілетін сабақтарға арналған орын жарық болуы қажет, себебі бала сіздің қолдарыңызды, бетіңізді, ерідеріңізді көріп отыру қажет.
Баламен әңгімелесу кезінде, оған алдыңызбен қарап және сізді бақылап отырғанына көз жеткізіңіз. Бала сізді түсінбесе де, онымен көбірек сөйлесіңіз. Қолдарыңыз, бетіңіз, еріңдеріңізбен сөйлеңіз, баланың оларды бақылауына назар алыңыз. Қатты дауыспен және нақты сөйлеңіз, бірақ айқайламаңыз және ауыз, еріндердің қимылын асыра көбейтпеңіз. Бұл балаға қалыпты сөйлеуді қабылдауға көмектеседі. Шыдамды болыңыз және бір нәрсені жиі қайталаңыз. Бала не нәрсені жақсы орындаған кезде оған риза болғаныңызды көрсетуді ұмытпаңыз. Бала айта алатын кез-келген дыбыстарды айтуға мадақтаңыз, бұл дауыс байланыстарын шынықтырады, оларды мүмкін болатын сөйлеуге даярлайды. Балаңыз өтініштерін сәйкес келетін белгі немесе сөздермен жеткізуіне қол жеткізіңіз. Оқытуды қызықты етіп өткізіңіз. Көздері, құлақтары, денесі және бір-біріне еліктеуге көмектесетін ойындарға басқа балаларды қатыстырыңыз. Ойындарды ерін, тілге арналған жаттығулармен үйлестіріңіз. Бұл бұлшық еттер әлсіреп қалуы мүмкін және бұл сөйлеуді қиындатып қана қоймай, баланың бет-әлпетінің солғын және мәнерлі болмауына әкеледі. Балаңыздың құрбылары қолданатын сөздердің және оған бірінші кезекте үйреткіңіз келетін сөздердің тізімін жасаңыз. Бұл тізімге келесі сөздерді енгізіңіз: иә, жоқ, рахмет, сәлем, сау бол, не, жаса, жасама. Қолданыстағы және қызықты заттар: дене бөлшектері, жануарлар, киім, тамақ.
Әрекеттер: ішу, жеу, ұйықтау, көру, ойнау, жүру, жүгіру, сурет салу, құрау.
Адамдар: сен, мен, ол, олар, әке, ана, Саша, Маша, басқа отбасы мүшелерінің есімдері.
Сипаттамалар: кішкентай, үлкен, толық, арық, жақсы, жаман, күн, түн.
Шағын тізімнен бастап, оны біртіндеп толықтырыңыз. Отбасының басқа мүшелері осы тізімдегі сөздерді жаттап алып, оларды белгілермен бейнелеуді үйренсін. Осылайша бала тілді ойын, бақылау, тыңдау (шамасы келгенше), тіпті еліктеу барысында меңгеретін болады. Баланың жасы есейген кезде баланы әріптермен және сөздердің жазба бейнелерімен таныстырыңыз. Үйдегі әртүрлі заттардың алғашқы әріптерін немесе атауларын жазып қоюға болады, заттардың бейнелері және атаулары бар суреттер жасап, олардың атауларын ірі, түсінікті әріптермен жазу керек, бір жағында зат, ал екінші жағында бала ол суреттерді сөзбен сәйкестендіре алуы үшін оның атауы жазылған карточкалар жасауға болады. Баланың екі ойыншықтар жинағы және құралдар болуы керек: біріншісі күнделікті ойынға (кубиктер, машиналар, ыдыс-аяқ жинағы, жиһаздар жинағы және т.с.с), екіншісі - оқыту үшін: бұл жинақ балаға ересектермен сабақ үшін ғана беріледі.
Танымдық іс-әрекетті дамытатын ойындар үшін: 6-7 сақина пирамидасы, «Сеген Тақтасы», «Пошта жәшігі».
Нәтижелі іс-әрекет қалыптастыру үшін:
Құрастыру – ермексаз, қамыр, балшық, стека, жұмысқа арналған тақтайша.
Сурет салу – борлар жинағы, түрлі-түсті қарындаштар, жінішке бояулар, мольберт.
Аппликация: түрлі түсті қағаздар жинағы, қарындаш желімі, қайшылар.
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар үшін: борпылдақ материалдары бар банкілер (асбұршақ, бұршақ, қарамық, ұсақ моншақтар).
Тіл дамыту үшін: заттық суреттер жинағы (көкеністер, жемістер, киім, жануарлар: үй және дала).
Өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту үшін: орамал, бір жинақ қуыршақ үшін, екіншісі бала үшін-тарақ, щетка, айна, ас ішу заттары: қасық, тәрелке, балалар киімінің түрлері.
