- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
Ерте коррекция принципі.
Естуінде бұзылулары бар балаларды тәрбиелеу және оқытуда іс-әрекет бағытын жүзеге асыру принципі.
Коммуникативті бағыттылық принципі.
Мәдени-гигиеналық және еңбек дағдыларын дамыту қажеттілігі.
Естіп қабылдауды дамыту және дыбыстарды айтуға оқыту.
Қоршаған дүние туралы біліммен қамтамасыз ету мақсатында балардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
Тілді дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Емдік-сауықтыру іс-шараларын қолдану.
Осы категория балаларына деген қатынаста ерекше педагогикалық такт көрсету.
Есту қабілетінде кемшіліктері бар балаларда белсенді түрде заттармен еліктеу бойынша әрекет жасау жақсы дамиды, олар түсіне, көлеміне, пішіні бойынша бағдарлайды, заттар арасындағы кейбір кеңістіктік қатынастырды қабылдай алады. Заттардың қасиеттеріне бағдарлану негізінен үш жас шамасында пайда бола бастайды. Дегенмен оларда әрекеттердің бір реттілігі, олардың мағынасыздығы, толық еместігі байқалады. Қоршағандарға еліктеу бойынша олар өз тәжірибелеріне ересектердің әрекетін көшіреді, дегенмен оларды толық емес, тек үзінділерін қабылдамайды, олардың бағыттылығын және маңызын толық түсінбейді.
Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
Отбасында мейірімді қарым-қатынас орнату, жылулық және мейірімділікпен қоршау, баланың сергектік күйін және қарым-қатынас орнатуды дұрыс ұйымдастыру қажет. Нақты күн кестесін орындау, отбасында арнайы жағдайлар жасау. Сабақтарды аптасына 2 рет 45-60 минуттан өткізу керек, ым-ишара арқылы, мейірімділікпен қарым-қатынас орнату, баланың көзіне тура қарау.
Тұрмыста және сабақта бірыңғай талаптарды сақтау керек. Ересек адамды тыңдау, өзіне қызмет көрсету дағдыларымен байланысты әрекеттерді орындау: дәретханаға сұрану, қолды тамақтану алдында және дәретханадан кейін жуу, ойыншықтарын, киімдерін жинау, ас ішу кезінде майлық пайдалану, оң қолында қасық ұстау, сол қолында нан ұстау, сабақ кезінде байсалды отыру және ересек адамды тыңдау. Көзіне қарау, «сау бол!» қимылымен қоштасу. Ересектер баламен жағдайды ауыстыру туралы әңгімелесу жүргізу керек. Мысалы, кешке ұйықтау қажет, таңертең ұйқыдан тұру керек, мұның барлығын суретте ым-ишарамен, міндетті түрде сөз арқылы суреттерде көрсету. Күн кестесін орындау барысында ересек адам 5-7 минуттан 2-3 рет баланың қолы және саусақтарына массаж жасайды.
Массаж ересектің баламен эмоционалды және вербалды емес қарым-қатынас көрсетуімен жасалады.
Жаттығу түрлері:
ересек адам қол үстілерін (ішкі және сыртқы) «шетінен» «ортасына қарай» бағыты бойынша шынтағына дейін, әрбір қолын 6-8 рет;
ересек адам бала қолының саусақтарын бір мезгілде бүгу және жазу (үлкен саусағына жасалмайды), әрбір қолында 4-8 ретке дейін;
ересек адам саусағымен баланың ашық алақанында спираль тәріздес қозғалыстарды әр бір алақанында 2-4 рет жасайды («сурет саламыз, түйіншек жасаймыз»);
ересек адам үлкен және сілтеуіш саусақтарымен бала саусақтарының бас сүйегін – барлық саусақтарға кезекпен 1-2 рет массаж жасалады (біз былай аттап жүреміз, топ-топ, топ-топ біз аттап жүреміз);
ересек адам баланың үлкен саусағын үш бағытта апарып және әкеледі: алдыға-артқа, жанына-бір жағына, шеңбер бойынша;
ересек баланың қолын мейірімділікпен 5-6 рет «шетінен» «ортасына» қарай сипалайды.
