- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету
- •Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру. Лекотеканы құру және жабдықтау
- •Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
- •Балаларды лекотекаға іріктеуде диагностикалық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар
- •Психологиялық-педагогикалық зерттеу картасы
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған коррекциялық жұмыс жоспары
- •Лекотекада оқытуға іріктелген, дамуында ауытқулары бар балалардың клиникалық сипаттамасы Оларға көмек көрсету алгоритмі Даун синдромы (ауруы) бар балалардың сипаттамасы
- •Даун синдромы бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Даун синдромы бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •Танымдық іс-әрекет алғышартының дамуы
- •Сөз және қарым-қатынас дағдыларын дамыту:
- •Есту қабілеті бұзылған балалардың сипаттамасы
- •Естуінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Естуінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2.Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму
- •4. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Көзінің көруінде бұзылулары бар балалардың сипаттамасы
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Көздің көруінде бұзылулары бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі.
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы.
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалардың сипаттамасы
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Психикалық дамуында кешеуілдеуі бар балаларды дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •2. Дене шынықтыру тәрбиесі
- •3. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •4. Әлеуметтік даму
- •5. Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы.
- •7. Ойын іс-әрекетінің қалыптасуы
- •8. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
- •Балалардың церебральды параличі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптері және ережелері
- •Балалардың церебральды параличі диагнозды балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жекелей бағдарламасы
- •1.Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары
- •1. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Физикалық даму
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6.Тілдің дамуы
- •Ойын іс-әрекетінің дамуы
- •5. Нәтижелі іс-әрекет түрлерін қалыптастыру
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларға сипаттама
- •Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •Денсаулық және тәрбие шарттары
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •Әлеуметтік даму
- •Дене тәрбиесі
- •Танымдық іс-әрекеттің, бейнелік қабылдаумен зейіннің дамуы
- •7. Қоршаған ортамен таныстыру
- •Тілдің дамуы
- •Заттық және ойын іс-әрекетінің дамуы
- •Нәтижелі іс-әрекет түрлерінің қалыптасуы
- •Сөйлеуі бұзылған балаларға сипаттама
- •Сөйлеуі бұзылған балаларды дамыту мен оқытудың жекелей бағдарламасы
- •1. Денсаулық және тәрбие шарттары.
- •Тыныс алудың дамуы Ойын және ойын ережелері
- •2. Өзіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар
- •3. Әлеуметтік даму.
- •4. Дене тәрбиесі.
- •Танымдық іс-әрекеттің дамуы
- •6. Тілдің дамуы
- •7. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру.
- •Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған тренингтер жүргізу
- •3 Жастағы балаларға сабақта 5 түрлі ойыншықтар ұсынуға болады.
- •Балалармен сабақ өткізуге арналған практикалық материалдар
- •Моторлы іс-әрекеттің дамуына арналған тапсырмалар (психикалық дамуы жалпы артта қалған және Дауна синдромы бар балалармен)
- •Сенсорлы тәрбиелеуге арналған тапсырмалар
- •Артикуляциялық гимнастика кешені
- •«Менің қолдарымда»
- •Орамжапырақ дайындаймыз
- •Түбірлер
- •Балаларға жүргізілетін сабақ конспектілер үлгісі Сөйлеуінде бұзылуы бар балалармен жекелей сабақтың конспектісі
- •Церебральды паралич науқас балаларға арналған қолдардың ұсақ моторикасын дамуына арналған жекелей сабақтардың конспектілері
- •Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған кіші топтардағы сабақ конспектілері
- •Естуінде бұзылуы бар балаларға арналған жеке сабақ конспектілері
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ЮНИСЕФ
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету алгоритмі
С
ӘӨК: 373
ББК 74.202.4
А 45
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Едігенова А.Ж. – Семей мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты;
Аубакирова Р.Ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:
Полупанова Н.В., Лель Г.В., Жумагулова С.С., Нурсеитова С.Г., Аскатова С.К., Тирская И.А.
ISBN 978 – 601 – 7044 - 98 – 5
Бұл құралда ЮНИСЕФ-тің қаржы және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуімен «Ерте көмек қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру» жобасы аясында құрылған Семей қаласының №5, 9 балабақшалары лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған. Мамандар ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдісіндегі медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің және психофизикалық кемшіліктер коррекциясының алгоритмін сипаттайды.
Авторлар лекотека жағдайында ата-аналар және педагогтар үшін ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды дамытуға арналған жекелей бағдарламалар, бірқатар кеңес беру және нұсқаулар, сабақ конспектілерін ұсынады.
Құрал ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға арналған. Құрал ЮНИСЕФ Халықаралық ұйымның қолдауымен баспадан шығарылды.
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кәсіби көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесіне қызығушылық арта түсті. Бұл міндетті сәтті шешуге ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымы (ДДҰ), ақыл-ойдың артта қалуын ғылыми тұрғыда зерттейтін халықаралық ассоциациясы, ақыл-ойының дамуы артта қалғандарға қызмет көрсететін қоғамдардың халықаралық лигасы сияқты және т.б. халықаралық ұйымдардың қызметі ықпалын тигізуде.
Мәселенің көлемі және оны тиімді шешу қажеттілігін әлемдік, сонымен қатар республикалық статистика дәлелдеп отыр. БҰҰ эксперттерінің бағасы бойынша мүгедектер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулілер орта есеппен жердің тұрғындарының 10%, және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан.
Зерттеушілердің бағасы бойынша таяудағы 10 жыл ішінде дамуында қиындықтары бар балалар санының көбеюін күту керек және бұл мәселенің Қазақстанға да қатысы бар. Әсіресе бұл мәселе экологиялық болып табылатын Шығыс Қазақстанда өте айқын көрінеді. Семей ядролық полигонындағы көп жылғы зерттеулер, Өскемен металлургиялық зауытындағы 1990 жылы болған соңғы апат аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіре түсті.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары батыс елдер дамуында бұзылулары бар адамдарды қоғамға интеграциялауға толық бағыт алынғанын хабарлап, дәстүрлі терминологиялардан бас тартты («есі ауысқан», «даун – баласы», «ақыл есі дұрыс емес» және т.б.). Кейбір елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Скандинавия елдері және кейіннен Ресейде) баланың дүниеге келген сәтінен бастап балаға және оның ата-анасына көмек көрсетуге бағытталған «ерте араласу» мемлекеттік бағдарламалары өңделген.
Қазіргі таңда демографиялық мәселе көптеген дамыған елдердің, соның ішінде Қазақстанның да әлеуметтік саясатында бірінші қатарда тұр. Бұл мәселе көптеген мамандар және шенеуніктер тарапынан басты болып есептеледі. Көп жағдайда бұл адамдардың дамуындағы өзгерістерімен, жаңа моральдық және әлеуметтік императивтердің пайда болуымен және күшеюімен шарттас. Сонымен қатар, өркениеттің жедел дамуы жағдайында адамға, оның ақыл-ой, адамгершілік, физиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылайды, бұл өз тарапынан балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі Қазақстандық қоғамдағы жеке тұлғаға деген қызығушылықтың жоғарлауы бала құқығы туралы мәселелерді қарастыруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік психикалық және медициналық-педагогикалық көмек көрсетумен және оны зерттеу мәселесіне байланысты жаңа мәселелерді белсенді қарауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің белгілі тәжірбиесі жинақталған. Оқыту бағыттары және жекелей дамыту бағдарламалары өңделуде, әртүрлі патологиялары бар - неврологиялық симптоматика, ерте жастағы аутизм, церебральды паралич, ақыл-ойдың артта қалуы, тіл мүкістіктері және басқа психофизиологиялық бұзылулары бар балаларға арналған реабилитациялық бағдарламалары жасалуда.
Біздің еліміз 1994 жылы БҰҰ бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, мұнымен мемлекет барлық қажеттіліктері бар балаларға деген қатынасын саналы түрде сезінетінін декларациялады, баланың өмірге келген кезінен бастап және ата-анаға оқыту формасын таңдау құқығын беру жағдайында.
2002 жылдың 11-ші шілдеде №343 – ІІ «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануымен байланысты әкімдік, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаменттерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталықтары ашылды. Қалаларда және аудан орталықтарында, ауылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет, әлеуметтік психологиялық көмек көрсетудің бірқатар жүйесі қалыптасуда.
Өзгерістер кезеңінде Қазақстанда дамуында қиындықтары бар балаларға нәтижелі көмек көрсету формалары өзекті болып отыр. Мұндай балалармен жұмыс бірнеше бағытта жүзеге асырылады; медициналық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық. Олардың арасындағы байланыс ынтымақтастыққа негізделген, тығыз болуы керек, сол кезде ғана ол дамуында қиындықтары бар балаларға және олардың отбасына кепілді көмек көрсете алады.
Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық дамуын бақылаудың белгілі тәртібі бар.
Жанұялық дәрігерлік амбулаториялар (ЖДА) адамның, жанұяның денсаулық сақтау жүйесімен байланыс жасаудың бірінші деңгейі, ол адамдардың тұрғылықты жерлеріне және жұмыс орнына медициналық қызметті жақындата түседі. Алғашқы көмек барлық адамдарға арналған, және оның қызметкерлері әлемдік қорғанысы жоқ, бірқатар бағдарламалар бойынша әлемдік және медициналық қызмет көрсетілетін тұрғындармен жұмыс жүргізіледі.
Ерте көмек көрсетудің отандық жүйесін құруда Батыстық тәжірибені зерттеу өте маңызды, бірақ Қазақстан жағдайына сүйенетін отандық жұмыстарды назардан тыс қалдырмауы керек. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде сәбилердің жаңа туған кезінен бастап дамуында ауытқушылықты анықтауға мүмкіндік беретін және әрбір баланы оған қажетті медициналық-психологиялық-педагогикалық коррекциялық жұмыспен қамтамасыз ететін жүйені құру өте маңызды.
Балалар дамуындағы ерте коррекция бүкіл әлемде арнайы педагогика және психологиялық басты бағыттардың бірі болып табылады.
Л. Выготскийдің дамудағы оқытудың рөлі туралы ілімі қалыпты және аномальді балаларды оқытудың педагогикалық тәжірбиесі үшін үлкен маңызы бар. Аномальды балалардың дамуында оқытудың маңызы өте зор, себебі балалардың психикасының дамуы оқыту және үйретудің белгілі жүйесінде ғана жүзеге асады. Аномальды балаға қарағанда, қалыпты бала қоршағандармен әлеуметтік қарым-қатынас барысында көп тәжірибе жинайды. Сондықтан психикалық іс-әрекеттің күрделі түрлері аномальды балада педагогикалық ықпал етудің нәтижесінде қалыптасуы мүмкін, ол дамудағы ауытқушылықтарды жеңуге бағытталған.
Дамудағы дефектіні ерте анықтау және ауытқудың ерте коррекциясының маңыздылығы дәлелденді. Аномальды даму кезінде қозғалыс саласында әртүрлі деңгейдегі бұзылулардың болуы байқалады, бұл баланың тәжірибелік іс-әрекетін тарылтып, баланың өмірлік тәжірибесін таяздатады. Бала тілінің, қабылдауы, есте сақтауы, эмоционалды-еріктік саласының дамуына, тұлғалық дамуына нұқсан келеді. Сөздік қордың дамымауы тек қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар белгілі бір деңгейде қабылдаудың және мақсатты бағытталған бақылаудың дамуын кешеуілдетіп, сөздік-логикалық есте сақтаумен ойлаудың дамуына кедергі келтіреді. Ойын іс-әрекеті және онда тәрбиеленетін баланы мектепте оқуға даярлап, оның тұлғасын қалыптастыратын ұжымдағы қарым -қатынас дағдылары дамымайды. Әрине, мұның барлығы әртүрлі дефектіде түрліше көрініс береді, бірақ барлық жағдайда белгілі бір дәрежеде осы кемшіліктерді әлсірететін, дамудағы екінші қайтара және одан кейінгі де ауытқулардың алдын – алуға мүмкіндік беретін ерте коррекциялық оқыту және тәрбиелеу қажет.
Бірқатар жағдайларда арнайы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу дамудағы бұзылулардың көрініс беруін алып және балалардың көпшілік мектепте оқытудағы қиындықтардың алдын - алуға мүмкіндік береді, мысалы бұл фонематикалық қабылдауы дұрыс дамымаған балаларға қатысты екендігі дәлелденді. Айқын көрініс беретін бұзылулар кезіндегі балалармен жүргізілетін ерте коррекциялық-тәрбиелік жұмыс олардың жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Осыдан ерте сәбилік және мектеп жасына дейінгі жастағы аномальды балаларды оқытумен тәрбиелеудің қажеттілігі туындап тұр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік интеграцияға құқығы халықаралық заңдармен расталған. Дегенмен, табиғат бойынша инертті қоғам мұндай балалардың әлеуметтік интеграциясына кедергі келтіруі мүмкін. Балаларды толық құнды дамыған және толық құнды дамымаған деп бөлу тек обьективті факторларға ғана емес, қоғамда ежелден қалыптасқан жағымсыз стереотиптерге негізделеді. Балалардың ұстанатын белгілі позициясына баланың қол жететін даму деңгейі тәуелді. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың мазмұнды және әржақты өмір сүру мүмкіндігі болуы қажет.
Бөлім 1
