Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 курс 135 тестов ИГА с отв. терапевты_НЕФРОЛОГИЯ_КАЗ_.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
378 Кб
Скачать
☆

Тема 5. Хбп

#111

*!Аталғандардың қайсысы ересектерде БСА дамуына әкелетін ЕҢ жиі себептері:

*+Артериальды гипертензия, қант диабеті

*НТА, калькулезді пиелонефрит

*Созылмалы гломерулонефриттер

*Поликистозды ауру, ересек және балалар типтері

*Созылмалы тубуло-интерстициалды нефриттер

#112

*!Науқас 40 жаста созылмалы бүйрек ауруының терминальды сатысы. Терминалды бүйрек жетіпеушілігі дамығанда негізгі емдеу тактикасы қандай?

*Ақуызсыз емдәм

*Медикаменттерді тоқтату

*Диуретиктердің мөлшерін жоғарлату

*Жалғыз өмірді сақтап қалатын әдіс – бүйрек трансплантациясы

*+Бүйрек қызметін алмастыру терапиясының кез-келген әдісін бастау қажет

#113

*!Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы НШЖИ-ден зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: белок - 0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45 мл/мин. Бұл науқаста қандай қауіп факторы терминалды бүйрек жетіспеушілігінің дамуына және үдеуіне ықпал етеді?

*Зәрде инфекцияның ұзақ болуы

*Туа пайда болған аномалияның сипаты

*+Протеинурия

*Жасы

*Жынысы

#114

*!Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы НШЖИ-ден зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: белок - 0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45 мл/мин. Егер қосымша зерттеу жүргізсе ШСЖ-ң осы деңгейінде БСА-ға тән қандай бұзылыстарды анықтауға болады?

*+Анемияны

*Олигурияны

*Гиперкалиемияны

*Иммунологиялық

*Гемокоагуляциялық

#115

*!Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-ден зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта зәрде: белок - 0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45 мл/мин. Нв-90 г/л.БСА-ң осы сатысында қандай бұзылыстарды коррекциялау керек?

*Гормоналды

*Метаболиттік

*Иммунологиялық

*Гемокоагуляциялық

*+Анемияны және протеинурияны

#116

*!Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-ден зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта сүйектеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. Зәрде: белок - 0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Қанда ПТГ жоғарылаған (200 пг/л), ал кальций мен фосфордың деңгейі қалыпты. Осы науқасқа төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған жөн?

*Фосфор препараттары

*Кальций препараттары

*Поливитаминдер

*+Кальцитриол

*Бифосфонаттар

#117

*!Емделуші әйел 21 жаста. 7 жасынан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Қандағы қантты бақылай отырып инсулин препараттарын алады. Соңғы жылдары зәрде альбуминурия 100-150 мг/тәу дейін анықталды. Бұл жағдайда қандай мақсатпен қандай дәрілік зат тағайындау қажет?

*+МАУ төмендету немесе/және жою үшін ААФ тежегіштерін

*Қатаң гликемиялық профиль жеткілікті

*1 типті ҚД-ң диеталық коррекциясы

*Диуретикалық мақсатпен фитотерапия

*МАУ төмендету үшін сулодексид

#118

*!Емделуші әйел 21 жаста. 7 жасынан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Қандағы қантты бақылай отырып инсулин препараттарын алады. Соңғы жылдары зәрде альбуминурия 100-150 мг/тәу дейін анықталды. Науқасқа лизиноприл мен лозартан қосып тағайындалған, осы препараттарды қабылдау фонында АҚҚ қалыпты. Диабеттік нефропатияның протеинуриялық сатысында ААФ тежегіштері мен АТ2 рецепторларының блокаторларын қосып тағайындағандағы оң нәтижесі негізделген:

*Липидтік алмасуды жақсартуға

*Гипотензивті тиімділігі жоғары

*Гликемиялық профилді жақсартуға

*+Антипротеинуриялық тиімділігі жоғары

*Гемокоагуляциялық бұзылыстарды реттейді

#119

*!30 жастағы науқаста БСА-ң терминалды сатысы ануриямен. 6 айдан бері бағдарламалық гемодиализде. Диализ аралық кезеңде АҚ біріктірілген антигипертензивті ем фонында 160/105 мм с.б. Аяқтарында ісінулер бар. Артериалды гипертониямен күресу үшін қандай тактика мейлінше оптимальды болып табылады?

*Өзгеріссіз қалдыру

*+Құрғақ салмақты азайту

*Құрғақ салмағын жоғарылату

*Ілмектік диуретиктер қосу

*Тиазидтік диуретиктер қосу

#120

*!40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ 180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан талдауында: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na деңгейлері қалыпты. ЖНТ: белок-1,5 г/тәу. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б.-на дейін төмендеді. Аз белокты емдәм. Бүйрек алмастыру терапиясына дайындық кезеңінде бұл науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

*Гемодиализ

*Диуретикалық ем

*Тек аз белокты емдәм

*Коллоидты ерітінділермен инфузия

*+Эритропоэтин және АҚҚ мен креатининді бақылай отырып, ААФт

#121

*!Науқас 30 жаста, БСА 5 сатысы. Аз белокты емдәмде. ААФт-фозикард 10мг қабылдау фонында АҚҚ 160/105мм с.б. Көзге көрінетін ісінулер жоқ. Артериалды гипертониямен күресу үшін қандай тактика мейлінше оптимальды болып табылады?

*+АҚҚ мен креатининді бақылай отырып, амлодипин қосу

*Коллоидты ерітінділермен инфузия

*Перитонеалды диализ

*Гипотиазид қосу

*Гемодиализ

#122

*!Науқас әйел 60 жаста, БСА 4 сатысы. Диурез сақталған, никтурия, Көзге көрінетін ісінулер жоқ. Кешенді антигипертензивті емдеу фонында АҚҚ 130/80 мм. с.б. Биохимиялық қан талдауында: креатинин 350 мкмоль,л, К, Na – қалыпты, жалпы Са 1,9 мкмоль/л., ПТГ -180, Р – 1,54 ммоль/л. Бұл науқаста кальций деңгейін коррекциялау үшін қандай тактика ең оптимальды болып табылады?

*Кальций Д3

*Кальций карбонаты

*Кальций глюконаты

*Са препараттарын тағайындауды қажет етпейді В

*+ Са,Р, ПТГ бақылай отырып, альфа-кальцидол

#123

*!45 жастағы науқаста БСА-ң терминалды сатысы, аптасына 4 сағаттан 3 рет бағдарламалық гемодиализ қабылдауда. Гемодиализдегі науқастардағы артериалдық гипертониямен күресудің негізгі тактикасы:

*Гемодиализ жиілігін азайту

*Гемодиализ уақытын қысқарту

*Анурия болса диуретиктер қосу

*+Оптимальді құрғақ салмаққа жету

*Антигипертензивті емді күшейту

#124

*!Науқас созылмалы бүйрек ауруының 5 сатысымен бағдарламалы гемодиализде. 6 ай бойы анемияны коррекциялау мақсатымен темір сульфатын 200мг-нан күніне 3 рет ауыз арқылы қабылдап келеді. Тексергенде: гемоглобин деңгейі 76 г/л. Алдыңғы нәтиже - 6 ай бұрын – Нв 106 г/л. Бұл кезде анемияға ЕҢ тиімді ем болып табылатын қандай әдіс?

*Қан құю

*В/і темір препараттарын енгізу

*Т/а эритропоэтин енгізу

*+В/і темір препараттарын және т/а эритропоэтин

*Темір сульфатының пероральды дозасын жоғарылату

#125

*!16 жастағы жасөспірім рефлюкс-нефропатия салдарынан дамыған БСА терминалды сатысы. Қазіргі уақытта АҚҚ 160/100 мм с.б. Зертханалық: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ, креатинин 400 мкмоль/л, Са 1,9 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон 500 нг/мл. бСА-мен науқастарда фосфор-кальций бұзылыстарын коррекциялау қай кезде көрсетілген?

*Тек гемодиализде

*Гипопаратиреоз анықталғанда

*Тек перитонеалды диализде

*+Гиперпаратиреоз анықталғанда

*Гиперпаратиреоз емдәммен реттелмегенде

#126

*!Тек 1г/тәу аз протеинурия және гематуриямен жүретін созылмалы гломерулалық аурулардың үдеуін баяулататын препараттар қандай?

* Циклофосфан және солимедролмен пульстік ем

*Комбинирленген антибактериалды ем

*Дезинтоксикациялық ем

*Циклоспоринмен емдеу

*+ААФт және АРБ

#127

*!45 жастағы әйел стационарға түскенде: АҚҚ 170/100 мм. с.б. ЖҚТ-да: гемоглобин 115 г/л, ЭТЖ 26мм/сағ. Биохимия: креатинин 0,2 ммоль/л, ШСЖ 50мл/мин. ЖНТ: белок 0,33 г/л, лейкоциттер 10-15 к/а, эритроциттер 10-20 к/а. УДЗ-де: АТЖ деформациясы. Аталған болжам диагноздарының қайсысы емдеу тактикасыүшін маңызды болып табылады?

*Бүйректің созылмалы ауруы, 2 сатысы

*Бүйректің созылмалы ауруы, 1 сатысы

*Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы

*+ Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

*Созылмалы гломерулонефрит, бүйрек қызметі сақталған

#128

*!Науқас 35 жаста. Бала кезінде бүйректің туа біткен даму ақауы фонында НЖИ-мен жиі ауырған. 6 жасында ота жасалды. Қазіргі уақытта АҚҚ 160/100мм с.б. Несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. БСА үдеуін баяулату үшін науқаста АҚҚ қандай деңгейде сақталуы керек?

*+ 120/80мм с.б.-нан аспайтын АҚҚ

*110-140 /70-90мм с.б.-да болатын АҚҚ

*АҚҚ 140/90 мм с.б. деңгейінде ұсталып тұруы қажет

*Тек күндізгі АҚҚ бақылау - 120/80 мм с.б. деңгейінде

*«Рабочее давление», өзін-өзі сезінуі бұзылмаған

#129

*!Науқас 35 жаста. Бала кезінде бүйректің туа біткен даму ақауы фонында НЖИ-мен жиі ауырған. 6 жасында ота жасалды. Қазіргі уақытта АҚҚ 160/100мм с.б. Несепте: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ-45мл/мин. Төменде аталған препараттардың қайсысын бұл науқасқа мейлінше тағайындау көрсетілген?

*В-блокаторлар

*+ААФ тежегіштері

*Са каналдарының блокаторлары

*Өзекшелік диуретиктер

*К-сақтаушы диуретиктер

#130

*!17 жастағы жасөспірім. Диагнозы: созылмалы гломерулонефрит. Бүйрек қызметінің төмендеуі бар: ШСЖ – 78 мл/мин, несепте белок – 1,32 г/л. Бұл науқасқа нефропротективті емнің алтын стандарты қандай?

*Диуретиктер

*Β-блокаторлар

*+ААФ тежегіші

*Иммуносупрессорлар

*Кальций каналдарының блокаторлары

#131

*!Терминалды БСА-мен 30 жастағы науқас. 1 жылдан бері бағдарламалы гемодиализде: аптасына 3 рет 4 сағаттан. Зертханалық: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ, креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, жүргізген дұрыс?

*Уремияға

*Ацидозға

*Гипергидратацияға

*Реналды анемияға

*+Гиперпаратиреозға

#132

*!34 жастағы әйелде диабеттік нефроангиосклероз салдарынан дамыған БСА 4 сатысы. Зертханалық: Нв 90 г/л, креатинин 380 мкмоль/л, калий 5,9 ммоль/л, Са 1,8 ммоль/л, Р1,5 ммоль/л. БСА 4 сатысында гиперкалиемия дамуының ең ықтимал себебі қандай?

*АРБ қабылдау

*ААФи қабылдау

*+Метаболикалық ацидоз

*Құрғақ жемістер қолдану

*Альдостерон антгонистерін қабылдау

#133

*!Науқас әйел 26 жаста, клиникаға айқын әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуымен түсті. Анамнезінен: 19 жасында ісінулер болып, кейіннен шамалы протеинурия анықталған. Түскен кезде: терісі құрғақ, бозғылт сарғыш реңмен, ісінулер жоқ. Жүрек шекаралары солға ығысқан. АҚҚ 150/90 – 160/100мм. с.б. Қанда: Нв 50 г/л, креатинин екі ретте де – 440-500 мкмоль/л. Несептің тәуліктік мөлшері 2200мл. Несепте белок 0,9г/л, салыстырмалы тығыздығы 1006-1010, тұнбада: эритроциттер – бірен-саран. ШСЖ=14 мл/мин. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз және жасалуға тиіс емдеу тактикасы қандай?

*Бүйрек поликистозы, нефропротекция

*Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы, Са-Р алмасуын реттеу

*Созылмалы гломерулонефрит, өршуі, стероидтар, цитостатиктер

*Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы, Са-Р алмасуын, ацидозды реттеу

*+Бүйректің созылмалы ауруы, 5 сатысы, бүйрек алмастыру терапиясы

#134

*!Қабылдау бөліміне 56 жастағы әйел олигуриямен және аяқтарының ісінулерімен жеткізілді. Анамнезінен белгілі болғандай, ұзақ уақыт бойы АГ-мен зардап шегеді. Зертханалық мәліметтері бойынша: креатинин 900 мкмоль/л, мочевина 20 ммоль/л, калий 6,9 ммоль/л. Ең оңтайлы науқасты жүргізу тактикасы қандай?

*Диуретиктер

*+Гемодиализ

*Плазмаферез

*Нефропротекция

*Гипотензивті ем

#135

*!Емханада 18 жастағы жасөспірімде гиперкреатининемия, метаболикалық ацидоз, калий 5,0 ммоль/л, ШСЖ 58мл\мин анықталды. Бұрындарда бас ауруына, сол қабырға астындағы ауру-сезіміне, әлсіздікке шағымданған. Тексерілмеген. АҚҚ 165/100 мм. с.б. Бүйрек және қуық УДЗ: оң бүйрек өзгермеген. Сол бүйректе жұқа эхогенді капсуласы бар қуысты түзілістер анықталды. УДДГ-да қантамыр аяқшалары бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген мейлінше дұрыс?

*+КТ

*МРТ

*Цистография

*Бүйрек қан тамырларының УЗД

*Экскреторлы урография