Тақырып 4. Бжз
#84
*!18 жастағы науқаста 4 күн ішінде диарея, құсудан кейін олигурия пайда болды. Қанда азотемия, ацидоз анықталды. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы болуы мүмкін?
*Шок
*Жедел пиелонефрит
*+Бүйректің жедел зақымдануы
*Жедел нефротический синдром
*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
#85
*!18 жастағы науқаста 4 күн ішінде диарея, құсудан кейін олигурия пайда болды. Қанда азотемия, ацидоз анықталды. Қандай себеп бұл жағдайдың дамуына әкелді?
*Туа пайда болған тубулопатия
*Бүйрек шумақшаларының иммунды патологиясы
*Жедел несеп жолдарының инфекциясы
*Жедел респираторлы жолының инфекциясы
*+Диарея синдромынан дамыған дегидратация
#86
*!18 жасар науқаста диарея мен құсу дамығаннан 4 күннен кейін олигурия дамыды. Қанда азотемия, ацидоз анықталды. Осы жағдай дамуының ерте кезеңінде қанай емдеу тактикасы біріншілік орында болып табылады?
*Сұйықтықты шектеу
*Парентеральды тамақтандыру
*Бикарбонаттарды тез еңгізу
*+Су және регидрон ішкізу
*12 сағат бойы аш қарында диета
#87
*!Науқаста 2 күн бойы диарея болып, олигурия байқалды. Несепте – эритроциттер, қанда Нв 45 г/л-ге дейін төмендеді, тромбоциттер 100х109, қанда бұзылған эритроциттер анықталды, креатинин – 180 мкмоль/л. Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы мүмкін болады?
*IgА – нефропатия
*Аутоиммунды анемия
*Жедел инвазивті диарея
*Жедел гломерулонефрит
*+Гемолитико-уремиялық синдром
#88
*!30 жастағы науқас, дене қыуының жоғарлауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. Тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Ле 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, цилиндрлер гиалинді бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л. Аталғандардан ең мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?
*Сепсис
*Жедел пиелонефрит
*Жедел нефриттік синдром
*Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі
*+Жедел тубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ
#89
*!Еркек 50 жаста. Анамнезінде қуықтың ісігі. Несепті тексеру кезінде лейкоцитурия, микрогематурия анықталды. Қан талдауында: Na 145 ммоль/л, калий 3,8 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, ШСЖ-46 мл/мин. Диагнозды нақтылауда компьютерлі томография жоспарлануда. Қандай шара контраст-индуцирленген нефропатия даму қаупін азайтуға көмектеседі?
*Оралді регидратация
*Оральді регидратация және С витамині
*+0,9% NaCl ерітіндісі к/т және N-ацетилцистеин p/os
*5% декстроза ерітіндісі және натрий бикарбонаты к/т
*Аминофиллин және 0,45% натрий хлорид ерітіндісі к/т
#90
*!53 жастағы әйел. Бөлімшеге жеткізілді, шағымдары: жөтел, қызба және сары түстес қақырық. Бұл шағымдары 1 апта бойы мазалаған. Қарап тексеру кезінде: ісінулер жоқ, аускультативті - өкпенің ортаңғы және төменгі бөлімдерінде сырылдар, дем шығару кезінде ауру сезімі байқалады, АҚ 110/70 мм с.б. Зертханалық: Na 128 ммоль/л, К 2,8 ммоль/л, мочевина 8,92 ммоль/л, креатинин 97 мкмоль/л. Кеуде қуысының жалпы шолу R-граммасында – сол жақтан төменгі бөлігінің пневмониясы анықталды. Науқасқа цефтриаксон к/т еңгізу тағайындалған, келесі күні АҚ 80/55 мм с.б.б. Физиологиялық ерітіндіні еңгізгеннен кейін АҚҚ 105/70 мм с.б. Кеуде қуысының жалпы шолу R-граммасында – Сол жақ төменгі бөлімінің пневмониясы және оң жақ ортаңғы бөліміне таралу көрінісі байқалады. Температура 39,5 дейін. Еміне гентамицин қосылды. 6 сағаттан кейін креатинин деңгейі 285,6 мкмоль/л жоғарылаған, мочевина 24 ммоль/л. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы креатинин жоғарлауына әкелді?
*IgA нефропатия
*Гентамициннің нефротоксикалық әсері
*Жедел тубулоинтерстициальды нефрит
*+Жедел тубулярлы некроз, гипотония әсерінен
*Пневмониямен байланысты, антидиуретикалық гормон бұзылыс синдромы
#91
*!Кардиохирургиялық ота жасалған егде науқаста бүйректің жедел зақымдалуы дамыды. Мыналардың қайсысы БЖЗ дамуының ең ерте маркеры болып табылады?
*IL-1
*+NGAL
*Мочевина
*Адипокиндер
*Қандағы креатинин
#92
*!Нефрологқа ісінулері бар 31 жастағы ер адам қаралды. АҚ-180/100 мм с.б., сарысу креатинині – 300 мкмоль/л. Бұрын әлсіздікке шағымданған. Артериалдық қан қысымын өлшемеген, зәр анализдері бірінші рет зерттелді. Протеинурия анықталды 0,9 г/тәу, эритроциттер, лейкоциттер – бірен-саран. Тұқым қуалаушылық – әкесінде АГ. Диурез – 600 мл/тәу. БСА-ны БЖЗ-нан ажырату диагностикасын жасау үшін қандай тексеру жүргізу керек?
*Диурезді өлшеу
*Ісіктерді анықтау
*Толық биохимиялық зерттеу
*Иммунологиялық зерттеулер
*+Бүйрек қантамырларының доплерографиясымен бүйрек УДЗ
#93
*!55 жастағы науқас БЖЗ және жедел нефритикалық синдромның белгілерімен түсті. Анамнезінде ұзақ уақыттан бері бронх демікпесі бар. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*Вегенер гранулематозы
*Түйінді полиартериит
*+Чардж-Стросс синдромы
*Жүйелі қызыл жегі
*Микроскопиялық полиангиит
#94
*!18 жастағы бойжеткенде сапасыз тағам қабылдағаннан кейін 2 күн бойы айқын диареялық синдром бар. Тексергенде: ентігу бар, ТЖ мин. 30 рет. Зертханалық мәліметтер: натрий 140 ммоль/л, калий 4,7 ммоль/л, хлор 122 ммоль/л, креатинин 160 мкмоль/л, мочевина 12,6 ммоль/л; рН-7,20, рСО2-19 мм с.б., НСО3-7 ммоль/л. ҚСЖ реттеудің негізгі қандай әдісі мейілінше дұрыс болып табылады?
*+Бикарбонаттармен емдеу
*Оксигенотерапия
*Гемодиализ
*Диуретикалық ем
*Тұз қышқылымен емдеу
#95
*!Реанимация бөліміндегі 29 жасар науқаста 4 күннен бері олигоурия, азотемия, ацидоз байқалуда. Пререналді, реналді БЖЗ-ны ажырату үшін қандай тексеру әдісі мейілінше ақпаратты болады?
*Несептің осмолярлығы
*Несептегі натрий
*Несеп коэффициенті/плазма креатинині
* Несеп коэффициенті/плазма осмолярлығы
*+Экскрецияланатын натрий фракциясы
#96
*!Вирусты гепатитпен науқас түсті. Анамнезінде 2 жыл бұрын бауыр биопсиясында бауыр циррозы анықталған. Тексергенде анықталды: асцит, гипотонияға бейім; биохимиялық қан талдауында – гипопротеинемия, креатинин 300 мкмоль/л. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?
*Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит, вирусты гепатитпен ассоциирленген
*жүрек жеткіліксіздігімен байланысты нефропатия
*IgA-нефрит, гепатитпен байланысты
*+Гепато-реналды синдром
*Нефротикалық синдром
#97
*!Ұзақ жылдар АГ-дан зардап шегетін 60 жастағы науқаста АҚ 220/140 мм с.б. дейін көтеріліп кезекті гипертониялық криз дамыды. Үй жағдайында өз бетімен 2 сағат ішінде антигипертензивті препараттың екі есе мөлшерін және каптоприл қабылдап АҚ-ын 120/80 мм с.б. дейін төмендетті, кенеттен айқын әлсіздік сезінді, басы айналып, жүрегі айныды, құсты, зәр көлемі азайды. Госпитализация кезінде креатинин деңгейі 900 мкмоль/л екені анықталды. УДЗ кезінде екі бүйректің өлшемдері 11,0х4,5см, несеп іркілісі жоқ. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*БСА, 5 сатысы
*+Пререналды БЖЗ
*Постреналды БЖЗ
*Гипертониялық криз
*Жедел гастроэнтероколит
#98
*!Бүйрек трансплантациясынан кейін науқасқа антигипертензивті мақсатта ААФи тағайындалды. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайды. Трансплантатта БЖЗ дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?
*Инфекция
*Жедел ажырау кризі
*Жедел интерстициалды нефрит
*Емделуге құлшыныстың болмауы
*+Трансплантаттағы бүйрек артериясының стенозы
#99
*!Гемодиализ бөлімшесіне 18 жасар науқас дене қызуының көтерілуіне, катаралді белгілерге шағымданып түсті. БЖЗ, қанында фрагменттелген эритроциттары бар гемолитикалық анемия, тромбоцитопения анықталды. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*АФС-синдром
*ВерльГофф ауруы
*Аутоиммунды анемия
*Жедел ГН
*+Гемолитико-уремиялық синдром
#100
*!20 жасар науқас қыз дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 500 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін артқан, натрий-147 ммоль/л, калий-6,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,20, рСО2-19 мм с.б., НСО3-12 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Төменде көрсетілген тактикалардың қайсысын қолдануға болмайды?
*Дегидратациямен күрес
*Қан ағуды тоқтату
*+Массивті диурездік ем
*Қанның тамыр ішілік көлемін бағалау
*Несеппен бөлінетін натрийді бағалау
#101
*! «Дәрілік нефрэктомияның» механизмі негізінде не жатыр?
*Бүйрек қантамырларының эмболизациясы
*Контрастты заттарды қолдану
*Нефротоксикалық препараттарды тағайындау
*+Әкелуші артериолалардың тарылуы, шығарушы артериолалардың кеңеюі
*Әкелуші артериолалардың кеңеюі, шығарушы артериолалардың тарылуы
#102
*!56 жастағы науқас кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-13 ммоль/л. RIFLE жіктелуіне сәйкес осы көрсеткіштер БЖЗ-ң қай сатысына сәйкес келеді?
*R
*I
*+F
*L
*E
#103
*! Айқын асциті бар науқаста лапароцентез жасаған кезде бір мезгілде 6 литр асцит сұйықтығы алынды. Лапароцентез өткізу кезінде оған әрбір алынған 1 литр сұйықтыққа альбумин ерітіндісі енгізілді. Тәуліктік диурез 300 мл-ге дейін азайды., бұл лапароцентездің нәтижесі. ЖНТ: салыст.тығ 1006, белок – авс, эпителий 1-2 к/а; қан биохимиясы – натрий деңгейі 112 ммоль\л, креатинин 405мкмоль/л.Бұл науқаста қандай асқыну дамыды?
*Реналды БЖЗ
*+Пререналды БЖЗ
*Постреналды БЖЗ
*Гепатореналды синдром
*Жедел токсикалық нефрит
#104
*!Жедел бүйрек зақымдалуының сатыларын диагностикалау қандай критерийлерге негізделген?
*Ацидоз, несептің рН-ына
*Мочевина және диурезге
*Несептің тығыздығы және АҚҚ-на
*+Креатинин деңгейі мен диурезге
*ҚСТ жағдайы мен электролиттерге
#105
*!Науқаста пререналды БЖЗ болжануда. Қандай көрсеткіш пререналды БЖЗ-на сәйкес келеді?
*Несептегі креатининнің қандағы креатининге қатынасы <20
*Несептегі натрий концентрациясы >40 ммоль/л
*+Натрийдің экскрецияланатын фракциясы <1%
*Несептің салыстырмалы тығыздығы <1010
*Несептің осмолярлығы<350 мосмоль/л
#106
*!Ұзақ уақыт АГ-мен зардап шегетін 60 жастағы науқаста АҚҚ-ң 220/140 мм.с.б. дейін жоғарылауымен кезекті гипертониялық криз. Үй жағдайында өздері 2 сағат ішінде антигипертензивті препараттың есе дозасын және каптоприл қабылдап, АҚҚ-н 120/80мм.с.б.-на дейін түсірді және бірден әлсіздікті сезініп, басы айналып, жүрегі айнып, құсқысы келді, зәр көлемі азайды. Ауруханаға жатқызылғанда креатинин 900мкмоль/л болғаны анықталды. Бүйрек УДЗ-де бүйрек өлшемдері 11,0х4,5см, зәр іркілісі жоқ. Қандай емдеу тактикасы мейлінше бірінші кезекте жасалады?
*+АҚҚ-н бақылай отырып, гипотензивті емді азайту
*Айналымдағы қан көлемін толықтыру
*Кардиотрофиктери
*Жедел гемодиализ
*Диуретиктер
#107
*!30 жастағы құрылысшы құлаған қабырға астында қалып қойды. Үйінділер астынан 8 сағаттан соң шығарылды. Сол аяғы қабырғаның сынығымен қысылған, ауруына шағымданады. Аяғы сынбаған, бірақ пальпацияда аяғының ауыруы күшейеді. Аускультацияда ЖЖЖ 48 рет мин, АҚҚ 120/85 мм с.б.б. ауруханаға түскенде диурез тек уретралды катетермен, 20 мл, зәрі күңгірт қызыл түсті. ЖҚА: ерекшеліксіз, анемия белгілері жоқ. Б/х қан талдауында: креатинин 490 мкмоль/л, мочевина 32 ммоль/л, калий 7,4 ммоль/л. ЖЗА: гематурияға тест-жолақша +++. Құрсақ қуысының УДЗ: ішке қан кетулердің белгілері жоқ. Нефролог кеңесі: креатинфосфокиназа деңгейі: 12 000 МЕ (қалыптыда 200 дейін). БЖЗ-ң мейілінше ықтимал себебі қандай?
*Ауру синдромынан дамыған шок
*Жедел нефрит
*+Рабдомиолиз
*Гемолиз
*Тез үдемелі гломерулонефрит
#108
*!21 жасар студент клиникаға үлкен дәретінің қан аралас болуына шағымданумен келді. Диарея 2 апта бұрын басталған, жүрегі айнып, әлсіздік болып, аяқтары ісінді. Несеп шығаруы қиындаған. Диарея басталғаннан бір күн бұрын ол шашлық жегенін айтты. Қарағанда: тері қабаттарының айқын бозғылттығы, аяқтарында петехиялар бар, бетінің ісінуі, АҚҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 114 рет мин. Өкпеде екі жақта да сырылдар естіледі. Зертханалық: Нв 85 г/л, Тр 35мың, Ле 13,2мың, с 78%, ЭТЖ 40 мм/сағ. Фибриноген 4,0 г/л, ПТВ 12, АЧТВ 34 сек. Биохимия: альбумин 27 г/л, Na 139, К 6,1, мочевина 40 ммоль/л, креатинин 411 мкмоль/л. ЖНТ: эритроциттер ++, белок+. Ең мүмкін болатын диагноз қандай?
*+БЖЗ, ГУС
*БЖЗ, сепсис
*Сепсис ТШҚҰС-мен
*Гемолитикалық анемия
*Тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура
#109
*!21 жасар студент клиникаға үлкен дәретінің қан аралас болуына шағымданумен келді. Диарея 2 апта бұрын басталған, жүрегі айнып, әлсіздік болып, аяқтары ісінді. Несеп шығаруы қиындаған. Диарея басталғаннан бір күн бұрын ол шашлық жегенін айтты. Қарағанда: тері қабаттарының айқын бозғылттығы, аяқтарында петехиялар бар, бетінің ісінуі, АҚҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 114 рет мин. Өкпеде екі жақта да сырылдар естіледі. Зертханалық: Нв 85 г/л, Тр 35мың, Ле 13,2мың, с 78%, ЭТЖ 40 мм/сағ. Фибриноген 4,0 г/л, ПТВ 12, АЧТВ 34 сек. Биохимия: альбумин 27 г/л, Na 139, К 6,1, мочевина 40 ммоль/л, креатинин 411 мкмоль/л. ЖНТ: эритроциттер ++, белок+. Диагнозды нақтылау үшін маңызды болып табылатын зерттеу әдісі қандай?
*ЭхоКГ
*Бүйрек УДЗ
*АСЛО титрі
*+Нәжісті бак.себу
*Несепті бак.себу
#110
*!25 жастағы әйел 1 аптадан бері әлсіздік болғанына шағымданумен келді. Несеп түсі қою қоңыр болған, оны ол артық физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарағанда бұлшықеттерінің ауруы анықталмады. Несеп талдауында эритроциттер 3+. Қанда мочевина 30,3 ммоль/л, креатинин деңгейі 972,4 мкмоль/л. Аталғандардан науқаста бұл жағдайдың дамуына әкелген ең мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?
*IgA нефропатия
* Вегенер гранулематозы
*Геморрагиялық васкулит
*Постстрептококкты гломерулонефрит
*+Миоглобинурия, рабдомиолизбен шақырылған
