Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 курс 135 тестов ИГА с отв. терапевты_НЕФРОЛОГИЯ_КАЗ_.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.86 Кб
Скачать

Таықырып 3. Жүктілік және бүйрек

#56

*!Жүкті әйел 18 жаста. бірінші жүктілік, 32 апта. Клиникаға дене қызуының 39⁰С-қа дейін жоғарылауына, белдегі ауру-сезіміне, бас ауруына, шаршағыштыққа шағымданумен түсті. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ оңтайлы болып табылады?

*Бисептол

*+Амоксиклав

*Офлоксацин

*Гентамицин

*Нитрофурантоин

#57

*!Жүкті әйел 18 жаста. бірінші жүктілік, 32 апта. Клиникаға дене қызуының 39⁰С-қа дейін жоғарылауына, белдегі ауру-сезіміне, бас ауруына, шаршағыштыққа шағымданумен түсті. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 110/70 мм с.б. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Жүргізілген антибактериалды емдеу фонында жағдайы жақсарып, температурасы қалыпқа келді, зәрі санацияланды. Алдын алу үшін қандай препарат МЕЙЛІНШЕ қолайлы болып табылады?

*Гентамицин

*Амоксиклав

*Офлоксацин

*Ко-тримоксазол

*+Нитрофурантоин

#58

*!25 жастағы жүкті әйел, бірінші жүктілік, 23 апта. Шағымдары жоқ. АҚҚ – 110/70 мм.с.б. ЖНТ: белок-abs, Л - 0-1 к/а, Эр – аbs. Зәрді 2 реттік бак. себуде: Е.coli 10х5 мкр.дене/мл. Бұл әйелдегі диагноз және ең оңтайлы емдеу тактикасы қандай?

*Патологиялар жоқ

*Жедел цистит, фурагин

*Жедел пиелонефрит, антибиотиктер

*Созылмалы пиелонефрит. Цефтриаксон

*+Асимптоматикалық бактериурия, амоксиклав

#59

*!18 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 28 аптасы, дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия+++. Жүргізілген антибактериалдық емге қарамастан, жағдайы нашарлады, улану симптомдары күшейді. Бұл науқаста қандай жағдай дамыды?

*+Уросепсис

*Асқынбаған НШЖИ

*Пневмония қосарланды

*ЖРВИ қосарланды

*НШЖИ қайталанды

#60

*! Емделуші 18 жаста, жүктілік 18 апта. Жедел постстрептококкты гломерулонефритпен ауырады. Төменде аталғандардан қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер мейлінше тән болып табылады?

*дизурия және гематурия

*Протеинурия және массивті ісінулер

*Артериялық гипертензия және лейкоцитурия

*Рецидивті ағымы және лейкоцитурия

*+Шамалы ісінулер, гематурия, АСЛ – О +, С3 төмендеген, жедел циклды ағым

#61

*!Жүкті әйел 20 жаста, жүктіліктің 15-16 апта мерзімінде таңертеңгі уақытта бетінің ісінуі, белдегі ауру-сезімі, әлсіздік, басының ауруы, 3 күннен бері дене қызуының 37,50С-қа дейін жоғарылауы, АҚҚ 180/100 мм с.б.-на дейін жоғарылауы, несеп түсінің қызаруы байқалды. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырып, амоксициллин қабылдаған. Қазір несеп талдауында: белок 1,6 г/л, Эритроциттер жаппай. Қанда: АСЛО – бірден оң болды. Жүктілікке қатысты ең мүмкін болатын болжамыңыз қандай?

*Жүктілікті сақтауға қатысты болжамы қолайлы

*Ұрықтың құрсақішілік даму кідірісі болуы мүмкін

*+Ұрықтың құрсақішілік өлім қаупі жоғары

*Ауыр нефропатия даму қаупі жоғары

*Жүктіліктің 20-22 аптасына дейін белгісіз

#62

*!Жүктіліктің 36 аптасы. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісінулердің пайда болуына, несеп түсінің қызаруына, АҚҚ-ң жоғарылауына байланысты қаралды. Қарағанда: жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: ж. белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53 мл/мин. ЖНТ – белок 6 г/л, Ле 5-6 к/а, Эр жаппай. Динамикада ісінулер ұлғаюда, АҚҚ 200/120 мм с.б.-на дейін жоғарылаған. Анализдерде: креатинин до 280 мкмоль/л, мочевина 20 ммоль/л. Төменде аталған жағдайлардың қайсыс мейлінше дамуы мүмкін?

*Жүктілер нефропатиясы

*+Нефриттің үдеуі

*Гипертониялық нефропатия

*Нефритке тән ағым

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі

#63

*!19 жастағы әйел, 8-10 апталық жүктілік, созылмалы гломерулонефритпен ауырады – нефротикалық синдроммен және артериялық гипертензиямен (АҚҚ 150-170/100-110 мм с.б.) көрінген. Екі аптадан бері протеинурия үдеп, креатинин деңгейі артуда.

Ең оңтайлы кейінгі жүргізу тактикасы қандай?

*Гемодиализ өткізу

*Лефлунамид тағайындау

*Преднизолон тағайындау

*+Жүктілікті үзу

*Метилпреднизолонмен пульстік ем жасау

#64

*!20 жастағы жүкті әйел, гломерулонефриттің морфологиялық варианты анықталған – ФСГС, демеуші патогенетикалық ем қабылдап жүр: циклоспорин-А және метилпреднизолон.

Науқасқа міндетті түрде кезеңдік қандай зерттеу жұмысын жасап отыру қажет?

*ФГДС

*Бауыр ферменттері

*Окулист кеңесі

*Стоматолог кеңесі

*+ Қандағы циклоспорина-А концентрациясы

#65

*!Жүктіліктің 31-32 аптасындағы 19 жастағы әйел таңертеңгілік ісінуге, белдегі ауру-сезіміне, ЖРИ-мен ауырғаннан кейін дене қызуының 37,50С-қа дейін жоғарылауына шағымданды. Қарағанда: соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан, беті, балтыры ісінген, АҚҚ – 90/60 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 34 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 9,9 ммоль/л. ЖНТ: белок 3,6 г/л, Ле 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а. осы кезде бұл әйелге жүргізілетін қандай ем тактикасы коллаптоидты жағдай мен тромбоэмболиялық асқынулардың дамуын күшейтуі мүмкін?

*+Диуретиктерді тағайындау

*Преднизолон тағайындау

*Белок орнын толықтыру

*Антикоагулянттар тағайындау

*Шектеусіз тұзды қолдану

#66

*!27 жастағы әйелде 20-22 апталық жүктілік, созылмалы гломерулонефриті бар, біртіндеп протеинурияның өсуі байқалуда – 0,33 г-нан 5 г/л-ге дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қандағы – креатинин 55 мкмоль/л. Об-ті: АҚҚ 110/80 мм с.б. УДЗ-де ұрық өлшемдері гестация мерзіміне сай. Жүргізудің ең оңтайлы кейінгі тактикасы қандай?

*Плазмаферез жасау

*+Преднизолон тағайындау

*Циклоспорин тағайындау

*Босандыру

*Диклофенак натрий тағайындау

#67

*!22 жастағы қыз ЖҚЖ-ге байланысты иммуносупрессивті ем қабылдайды. Ауру белсенділігін ескере отырып, жүктілікті жоспарлау үшін қандай кезең қолайлы болып табылады?

*Иммуносупрессивті ем фонында

*Люпус-нефрит болмаса

*+3 жылға дейін ұзақ ремиссия

*Ремиссия < 3 ай

*Толық емес ремиссия

#68

*!Анамнезінде қайталамалы түсік болған әйелге қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?

*HLA-типирование

*Липидті профиль

*Гликемиялық профиль

*+Антифосфолипидтік антиденелер

*Қандағы және несептгі электролиттер

#69

*!Жүктіліктің 36 аптасындағы әйел. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісінулердің пайда болуына, несеп түсінің қызаруына, АҚҚ-ң 160/80 мм с.б.-на дейін жоғарылауына байланысты қаралды. Тексерулерде: БХА – ж. белок 40 г/л, креатинин 150-300 мкмоль/л, мочевина 10-32 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53-28 мл/мин. ЖНТ – белок 6 г/л, Ле 5-6 к/а, Эр жаппай. Биохимиялық көрсеткіштер мен несеп талдауындағы өзгерістерді мейлінше дұрыс қалай бағалауға болады және емі?

*Жекелеген несептік синдром,

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі, диализдік ем

*Жедел нефриттік синдром, симптоматикалық ем

*Жедел нефротикалық синдром, иммуносупрессивті ем терапия

*+Тез үдемелі гломерулонефрит, иммуносупрессивті терапия

#70

*!Жүкті әйел 23 жаста, бірінші жүктілік, 36 апта. Жүктілікке дейін созылмалы гломерулонефритпен бақыланған. Жүктіліктің алғашқы жартысында АҚҚ қалыпты болған, ЖНТ-да белок - 0,1 г/л-іздері. Қарағанда ісінулер бар, АҚҚ 160/100 мм с.б. Биохимиялық қан талдауында: ж. белок 60 г/л, креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 80 ммоль/л, холестерин 5.6 ммоль/л. ЖНТ – белок 2,5 г/л, Л. 5-6 к/а, Эр 15-20 к/а. Мейлінше дұрыс болып табылатын жүргізу тактикасы қандай?

*Диуретиктер

*Гипотензивті препараттар

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Преднизолон цитостатикпен бірге

*Пульс-терапия метилпреднизолонмен

#71

*!Әйел 24 жаста, екінші жүктілік, 22-24 апта, алғаш рет қан қысымы 150/80 мм с.б.-на дейін жоғарылауына байланысты қаралып отыр. Қарағанда: ісінулер жоқ, АҚҚ 150/80 с.б. ЖНТ-да белок жоқ., Ле 4-6 к/а, Эр 0-1 к/а. Ең мүмкін болатын қандай жағдай?

*Созылмалы гломерулонефрит фонындағы АГ

*Эклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ

*+Жүктілікпен индуцирленген гипертензия

*Преэклампсиямен қабаттасқан созылмалы АГ

*Жүктілікке дейінгі созылмалы АГ

#72

*!Жүкті әйел 26 жаста, бірінші жүктілік, 13 апта. Қарағанда тұрақты артериялық гипертензия 170/92 мм с.б.-на дейін. Бұрындарда АҚҚ қалыпты болған дейді. Көз түбін қарағанда өзгеріс анықталмады. УДЗ-де – бүйрек өлшемдері бірдей 9-10 см. Несеп талдауында: белок +, эритроциттер +. Қандай антигипертензивті ем мейлінше оптимальды болып табылады?

*+Альфа2-адреноблокаторлары

*ААФ тежегіштері

*Бета-блокаторлары

*Диуретиктер

*АРТ

#73

*!26 жастағы әйел, 24 апталық жүктілік. Гипертониялық ауруға байланысты есепте тұрады, метилдопа қабылдайды. Қарағанда шамалы айқындалған ісінулер, АҚҚ 160/90 мм с.б. ЖНТ-да белок 0,66 г/тәу., Лейк. 10 к/а, Эр 2-3 к/а. Аталған жағдайлардың қайсысы бұл әйелде мейлінше дамуы мүмкін?

*+Созылмалы АГ фонындағы преэклампсия

*Гипертониялық нефропатия

*Жүрек жетіспеушілігі

*Бүйрек жетіспеушілігі

*Гломерулонефрит

#74

*!Қалыпты өтіп жатқан жүктілік кезінде систолалық және диастолалық АҚҚ I триместрде, әдеттегідей 5-15 мм с.б.-на төмендейді. Артериялық гипотензияның ең мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?

*Жүктілерде анемияның болуы

*Гормондардың қан тамырларды тарылтатын әсері

*Патологиялық гиповолемияның болуы

*Әйелдің психоэмоционалды жағдайының әсері

*+Плацентарлық қан айналымның қалыптасуы

#75

*!22 жастағы әйел, 36 апталық жүктілік. Бас ауруына, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке АҚҚ 140/90 мм с.б.-на дейін жоғарылағанына шағымданды. Жүктілікке дейін және жүктіліктің алғашқы жартысында АҚҚ 110-120/80 мм с.б. болды. Несебі тұнық. ЖҚТ: лейкоциттер – 7х109, ТК – 0,9, Нв – 115 г/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 64 г/л. ЖНТ: белок – жоқ, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыстырмалы тығыздығы – 1025. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?

*БЖЗ

*Преэклампсия

*НЕLLР-синдром

*Созылмалы гипертензия

*+Гестациялық гипертония

#76

*!Жүкті әйел 32 жаста, бірінші жүктілік, 28 апта. Бетінің, аяқтарының ісінуіне, әлсіздікке шағымданды. Қарап тексергенде: АҚҚ 180/100 мм с.б.б. (алғашында АҚ қалыпты болған). ЖҚТ – Нв - 115 г/л, тромбоциттер - 220 мың; биохимиялық қан талдауында: ж. белок 62 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 4,9 ммоль/л; ЖНТ: белок 2 г/л, Л 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а. Жүктілік кезінде ургенттік жағдайда қолданылатын таңдамалы бірінші препарат болып табылатын қандай дәрілік зат?

*Клофелин 5-10 мг

*Нитропруссид 5-10 мг

*Эналоприл к/т 5-10 мг

*+Гидралазин 5-10 мг

*Магний сульфаты 5-10 мг

#77

*! Жүкті әйел 30 жаста, жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарап тексергенде: АҚҚ 200/100 мм с.б.б., шамалы ісіну. Зертханалық: несепте протеинурия 0,66 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 3-5 к/а.

Қандай препарат ауыр артериалық гипертензияны коррекциялауда жанама әсерін ескеруді қажет етеді?

*+Нитропруссид натрий

*Гидролазин

*Нифедипин

*Лабеталол

*Допегид

#78

*!Жүкті әйел 37 жаста, анамнезінде түсік тастауға бейім. Жүкті болған кезден бастап АҚ 140/90 мм.с.б.б., протеинурия 0,132 г/л. Қандай жағдайды жоққа шығару қажет?

*Жедел гестациялық пиелонефрит

*Жүктілік кезіндегі нефропатия

*Жедел гломерулонефрит

*Гипертониялық ауру

*+АФ-синдром

#79

*!Жүкті әйел 30 жаста, жүктіліктің 26 аптасы. Шағымдары бастың ауруы, жүрек айну, құсу, көрудің нашарлауы, оң жақ қабырға астының ауру сезімі. Қарап тексергенде өзін-өзі сезінуі нашарлаған, аяғында шамалы ісіну, іштің геморрагиясы, АҚ 170/110 мм с.б.б., оң жақ қабырға астының ісінуі, бауыры+1,5 см қабырға доғасы бойымен. ЖҚТ – Нв 70 г/л, Тр 90 мың, қан жағындысында шистоцитттер. БхҚТ: ж. белок 60 г/л, АЛТ 2,25, АСТ 1,1 ммоль/л. ЖНТ белок 1,65 г/л, Ле 5-7 к/а, Эр 2-3 к/а. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қандай?

*+HELLP-синдромы

*Созылмалы гепатит

*Апластикалық анемия

*Тромбоцитопениялық пурпура

*Ірклісті жүрек жеткіліксіздігі

#80

*!Біріншілік жүктілік 23 жастағы әйел, жедел жәрдем бригадасымен эклампсия талмасынан кейін перзентханаға келіп түсті, бұл жағдай уйінде болған. Жүктіліктің 37-38 аптасы, жағдайы ауыр, ақыл-есі тежелген. Тері жабындысы бозғылт, аяғында айқын ісінулер байқалады. АҚ 180/110 мм.с.б.б., пульсі 98рет/мин. Тексеру кезінде: креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, зәрде белок 2,65 г/л. Қандай емдік кешен мейлінше бірінші кезекте жасалатын шұғыл шара болып табылады?

*Кешенді инфузиялық емді бастау

*Жүктілікті босану мерзіміне дейін созу

*Форсирленген диурез әдісін қолдану

*Науқасты жасанды өкпе вентиляциясына ауыстыру

*+Гипотензивті, нейролептикалық және седативті заттарды еңгізу

#81

*!20 жастағы әйел босандыру бөлімінде алғаш рет босануы. Босану тез, ұзақтығы 10 сағатқа созылған. Толғақтары күшті, әр 2-3 минут сайын, 45 секунд. Туу толғағы қосылған. Бастың ауруы мазалайды. Объективті: алдыңғы құрсақ қуысында және балтырында ісінулер анықталады. АҚҚ 160/120, 170/120 мм.с.б.б., ps 90. Туу толғақтарының бірінде фебрильді дірілдер беттің, қолдың, клоникалық және тоникалық тырысулары, есін жоғалту байқалды. Ауыз қуысында қан аралас көпіршіктер. Анализдерінде: Нв 70 г/л, Тр 100 мың., креатинин 300 мкмоль/л, ЖНТ: белок 2 г/л. Эклампсиялық кома кезінде қандай жүргізу тактикасы мейлінше дұрыс болып табылады?

*ӨЖЖ

*Глюкокортикоидтар

*Жұлыннан пункция

*Тырысуға қарсы терапия

*+Бақылаусыз инфузиялық ем

#82

*!22 жастағы әйел криминальды абортан кейін қызба, әлсіздік, адинамия, жыныс жолдарынан қан кетулер байқалды. Объективті: ЖСЖ – 120-130 рет/мин, АҚҚ - 80/50 мм с.б.б., тәуліктік диурез - 50 мл. Несеп талдауында: салыстырмалы тығыздығы – 1008, белок – 0,3 г/л, эритроциттер – 1-3 к/а. Қанда – креатинин 278 мкмоль/л. Ең ықтимал диагнозыңыз қандай?

*Постренальды бүйректің жедел зақымдануы

*Преренальді бүйректің жедел зақымдануы

*+Ренальді бүйректің жедел зақымдануы

*Жедел апостематозды нефрит

*Жүктілердегі нефропатия

#83

*!Жүкті әйел 30-32 апталық мерзімінде, сапасыз тамақтануынан кейін құсу, диарея, әлсіздік пайда болды. Об-ті: жалпы жағдайы ауыр, АҚ – 70/50 мм с.б.б, тәуліктік диурез 100 мл. Креатинин – 315 мкмоль/л. Несеп талдауында – түсі- ақшыл сарғыш, салыстырмалы тығыздығы - 1018, белок – 0,55 г/л, эритроциттер – 0-2 к/а, лейкоциттер – 8-10 к/а. Қандай емдеу тактикасы бірінші кезекте жасалуы қажет?

*Парентералді тамақтандыру

*Гипотензивті терапия

*Жедел гемодиализ

*+АҚК толтыру

*Диуретиктер