- •58.Подагралық артрит. Негізгі себептері. Клиникасы.Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы.
- •59.Семіздік.Анықтамасы. Эпидемиологиясы.Қауіп факторы . Диагностикалық критериі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы
- •60.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг суретін сызыңыз )
- •61.Жедел ревматикалық қызба. Эпидемиологиясы.Қауіп факторы. Диагностикасы.Егде және қарт адамдардағы , жасөспірімдер мен балаларды жүргізу ерекшеліктері.
- •62.Созылмалы обструктивті өкпе ауруы. Этиопатогенезі. Қауіп факторы. Диагностика және емі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.Болжамы. Алдын алуы.
- •63.Созылмалы панкреатит. Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •64.Жара ауруы. Асқазан жара ауруы.Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •65.Жара ауруы . Он екі елі ішектің жара ауруы..Этиопатогенезі. Қауіп факторы . Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •66.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Жыбыр аритмиясының анықтамасы. Классификациясы. Клиникасы. Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Болжамы. Алдын алуы.
- •67.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз ).
- •68.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.2 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз )
- •69. Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.3 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз)
67.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз ).
Аритмия түрлері
Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.
Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.
Негізгі себептері
1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.
2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.
3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.
Анықтамасы
Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.
Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі
АВ-блокадасының І дәрежесі – жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде өткізгіштіктің баяулауы.
Классификация
Тұрақтылығына қарай:
а) өткінші
б) ұстамалы
в) созылмалы (тұрақты)
Орнының деңгейіне қарай:
а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)
б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)
Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).
Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
ЭКГ – белгілері:
1. PQ (R) аралығының ұзаруы, негізінен PQ (R) сегментінің ұзаруының салдарынан;
2. Р тісшесі мен QRS комплексінің ұзақтығының қалыпты күйде болуы.
Блокаданың проксимальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығының ұзаруы Р тісшесінің ұзаруына байланысты болады (P > 0,11 с).
2. Р тісшесі жиі жарықшақтанған.
3. P-Q (R) сегментінің ұзақтығы 0,10 с жоғары емес.
4. QRS комплексінің түрі мен ұзақтығы өзгермеген.
Блокаданың дистальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығы ұзарған.
2. Р тісшесінің ұзақтығы 0,11 с аспайды.
3. QRSкомплекстерікеңіген (0,12 с жоғары) жәнедеформацияланған.
Емі.АВ– блокадасының І дәрежесініңфункциональдық түрінденегізгі аурудыемдеу керек және кез бенервтің тітіркенуімен байланысты патологиялық рефлекстерді азайту керек. АВ – блокадасының І дәрежесінің органикалықтүрінде клиникалық белгілер жоқ болса, арнайыемнің қажет іжоқ. Гемодинамикалық ауытқулар болса, онда қоскамералы ЭКС қою керек.
68.Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.2 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз )
Аритмия түрлері
Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.
Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.
Негізгі себептері
1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.
2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.
3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.
Анықтамасы
Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.
АВ – блокадасының ІІ дәрежесі импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтер жолында мезгіл-мезгіл бөгет (блокада) пайда болуымен сипатталады.
Классификация
Тұрақтылығына қарай:
а) өткінші
б) ұстамалы
в) созылмалы (тұрақты)
Орнының деңгейіне қарай:
а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)
б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)
Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).
Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
АВ – блокадасының ІІ дәрежесінің 2 типін ажыратады.
І тип, немесе Мобитцтің І типі көбіне блокаданың проксимальді түрінде кездеседі және төмендегідей ЭКГ-белгілермен сипатталады:
1. P-Q (R) аралығы біртіндеп (бір комплекстен келесі комплекске) ұзарып отырып, бір қарыншалық QRST комплекс түсіп қалғанға дейін жетеді (ЭКГ-да Р тісшесі сақталған);
2.
Қарыншалық комплекс түсіп қалғаннан
кейін P-Q (R) аралығы қалыпты күйге оралады
(немесе сәл ғана ұзарған болады). Әрі
қарай көрсетілген өзгерістер қайталап
отырады (Самойлов – Венкебах кезеңдері).
ІІ тип, немесе Мобитцтің ІІ типі көбіне дистальді блокадада кездеседі. Оның ЭКГ-белгілері:
1. QT комплексінің жүйелі (3:2, 4:3, 5:4 т.с. типтес) немесе жүйесіз түрде түсіп қалып отыруы;
2. Үдемелі ұлғаюы жоқ тұрақты (қалыпты немесе ұзарған) P-Q (R) аралығының болуы;
3.
Кейде QRS комплексінің ұзаруы және
деформациялануының болуы (дистальды
блокада).
Емі. Вегетативтік проксимальды блокадаларда негізгі ауруды емдейді. Органикалық проксимальды блокадаларда жоспарлы түрде ЭКС қояды. Дистальдық АВ – блокадаларда толық АВ – блокада даму қаупі болатындықтан ЭКС шұғыл түрде қою керек. Миокард инфарктісі мен АВ – блокаданың ІІ дәрежесі қоса кездескенде уақытша эндокардиальды ЭКС қояды.
