Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИНТАНУ НЕГИЗДЕРИ 2010.14.04.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.21 Mб
Скачать

3.10 Ислам әдебі және құндылықтары

Ислам – бұл өмір салты. Ислам жеке адамның жанұяда, қоғамда ұстанатын құндылықтардың жүйесін береді. Ислам дінінің құндылықтары: қарапайымдылық, қайырымдылық, рахымшылдық, достық, тазалық, ынтымақтастық, отансүйгіштік, тақуалық, білімге құштарлық, әділет, бостандық, адалдық, төзімділік, сабырлылық, ар-ұят сынды абзал қасиеттерді ұлықтайды.

Ислам құндылығында жаратушыға деген сенім басты орын алады. Мешітке бару әдептері. Аллаһ Құранда: «Ей, адам балалары! Әрбір құлшылық орынында зейнеттеріңді алыңдар!» - деген (Яғни, әрбір намаз кезінде зейнеттеріңді киімдеріңді киіңдер) («Аъраф», 31-аят) Мұсылманның мешітке шығар кезде денесінің, киіммінің таза болуы керек. Мешітке намаз үшін жиналғандарды жағымсыз иіспен мазаламау үшін, мешітке шығар алдында пияз, сарымсақ, сияқты нәрселерді шикідей пайдаланбаған жөн. Мешітке ертерек барған жөн. Намазға барарда Аллаһқа ықылас танытып, асықпастан, аптықпастан бару керек. Мешіттерге кірерде не шығарда оқылатын дұғалар болады. Мешітке кірушіге былай дұға жасап кірген сүннет. «Иә Аллаһ! Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне игілігің мен сәлеміңді жолда. Иә, Аллаһ! Мен үшін Өз рахметіңнің есіктерін аша гөр!». Ал мешіттен шыққанда: «Иә, Аллаһ! Мұхаммедке және Мұхаммедтің әулетіне игілігің мен сәлеміңді жолда, Иә Аллаһ! Мен Сенің кеңшілік-фазилетіңнен сұраймын»-делінеді. Мешітке кіргенде оң аяқпен кіріп, шығарда сол аяқпен шыққан жөн. Мешітке кірген «Тахиятул масжид» (яғни, мешітке сәлем намазы) оқылады.

Мешітте намазды күтіп отыру жөн саналады. Оның абзалдығын Пайғамбардың, мына хадисінен көре аламыз: «...Егер бір пенде мешітке кірсе, және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендерден біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған: «Ия, Аллаһ) Оны рахметіңе бөле, Ия Аллаһ! Оны кешіріп, жарылқа. Ия Аллаһ! Оның тәубесін қабыл ет»-деп тілейді. Және періштелердің оған жасайтын тілектері, ол адам сол отырысында біреуге азар беріп, қоймайынша немесе дәретсіздікке тап болмайынша жалғаса береді» (Бухари, Муслим). Мешітте сауда-саттық жасауға, жоғалған затты іздестіріп, сұрауға болмайды. Өйткені мешіт тек құлшылық, Аллаһты еске алу, Құран, намаз оқуға арналған орын. Мешітте мұқтаждықсыз немесе адамдарға өз халін жалған баян ете отырып, өтірік тілемшілік жасайтын болса, не мешіттегілердің мазасын алса, оған тиым ескерту жасалады. Мешітте дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Мешіттен азан айтылғаннан кейін шығу тыйым етілген. Мешітте отырған кезде азан айтылса, одан себепсіз шығып кету жағымды әдетке жатпайды. Дәретті жаңарту үшін тысқа шығуға рухсат етіледі. Мешітте мұсылман кісінің өзінің мұсылман бауырымен дүние сөздерімен сөйлесуіне рұхсат етіледі. Бірақ мешітте рұқсат етілген дүние істерімен әңгімелескен кезде мына нәрселерді естен шығармау керек. Олар:

1) Маңайындағы намаз оқушыларға, Құран оқушыларға, іліммен шұғылданушыларға кедергі жасамау;

2) Мешітте дүние істерімен әңгімелесуді әдетке айналдырып алмау керек.

3) Сол әңгіме барысында өтірік, ғайбат, өсек сияқты харам етілген күнәлі сөздер айтпау, сауда-саттық жөнінде әңгімелеспеу;

4) Әңгімені ұзаққа созбау;

5) Дауысты қатты көтеріп сөйлемеу;

Мешітте тазалық сақтау қажет. Өйткені тазалық иманның жартысы. Қазіргі заманда мешіттерде жайнамаз орнына кілемдер төселеді. Сондықтан адамдар мешітке жайнамазды ластап қоймау мақсатында аяқ киімдерін шешіп кіреді.

Әйел кісілерге мешітке келулеріне рұқсат етіледі. Пайғамбарымыз: «Егер сендердің біреулеріңнен әйелдердің мешітке баруға рұқсат сұраса, оны қайтармаңдар»-деген (Бухари, Муслим). Сондықтан Құран мен сүннеттерде айтылған дәлелдерге қарай әйел кісіге, егер исламның одан талап ететін әдептерін ұстанып, үстіне киген киімін дұрыстап, бойындағы, киіміндегі зейнеттерін жасырыңқырап жүретін болса, мешітке кіруіне болады. Хайз (әйелдерде болатын айлық қан), нифас (босанғаннан кейінгі келетін қан) халінде болған әйелдерге мешітте кідіріп, тұрақтауларына болмайды. Сонымен мешітке келген әйелдерге намаздарын ер кісілерге араласпай, олардың артқы жақтарында оқулары керек.

Ислам дінінде Жұма күні – қасиетті саналады, әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінелді. Бұл күні жұма намазы оқылады. Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп, әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып, күнәларын кешіреді. Бұл күнде бір сәт бар, мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса, Аллаһ оған сұрағанын береді. Жұма намазына дайындық жасау: ғұсылдану (денені толық жуу), иіс сулармен жұпарлану, мисуакпен тіс тазалау, жұма намазына ертерек шығу, ең жақсы, таза киімдерін кию, сүнеттегі денеге қатысты тазалықтарды атқару (тырнақ алу, қолтық пен әурет түктерін кетіру сияқты), сүннет бойынша жұмаға жаяу бару.

Жұма намазын оқыр алдында, мешітке сәлем намазын оқу, Аллаһтың разылығын алу, оған жақындау үшін қалағанша нәпіл намаздарын оқу, имам мінберге шыққанша, Аллаһты еске алу, Құран оқу сияқты істермен шұғылдану керек. Жұма намазына келгенде, адамдардың үстінен аттап, немесе жақын отырған екі адамның арасына қыстырылып, немесе біреуді орнынан тұрғызып, оның орынына отыру сияқты істерден сақ болу керек. Құтпа айтылып жатқан кезде, мүмкіндігінше имамға жақын отырып, бос сөздер мен бекер істермен айналыспай, құтпаға мұқият құлақ салу керек. Құтпа кезінде тізені құшақтап отыру жағымсыз іс. Мұсылман пенде жұма намазына бекем болып, одан себепсіз қалудан сақтануы қажет.

Ислам мәдениетінде адамдардың бір-бірімен амандық-саулық сұрауының да әдебі бар. Сәлем-мұсылмандардың осы өмірдегі және жаннаттағы амандасу үлгісі, әрі оларды ерекшелейтін белгісі болып табылады. Мұсылмандардың араларындағы сүйіспеншілік пен бірліктің себепкері. Сәлем беру мұсылмандардың бір-біріне Аллаһтан аман-саулығын сұрау дұғасы, әрі Аллаһты еске алу болып табылады. Әрі мұсылмандар арасындағы ұрыс-жанжал, қастықты жояды. Сүннет бойынша сөз бастамас бұрын сәлем беру керек. Сәлем беру – сүннет, ал жауап қайтару – парыз болып есептелінеді. Сүннет бойынша кіріп келген адам сәлемін бірінші бастайды, ал көліктегі адам жаяу адамға, келе жатқан адам отырған адамға, жас кіші жас үлкенге бірінші сәлем береді. Әрбір адам үйге кіріп келгенде үй ішіне сәлем беруі керек. Сүннет бойынша мұсылмандар бір-бірімен қол беріп амандасады. Жұма күні иман құтпа айтып жатқанда, мешітке кірген адам ондағы адамдарға сәлем бермеуі керек. Бұл жағдайда ишарамен сәлем беріледі және ишарамен жауап қайтарылады. Дәрет сындырып жатқан адмаға сәлем беруге болмайды. Ислам әдебінде рұқсат сұрау бұл көркем мінез болып табылады. Ислам әдебінде рұқсат үш рет сұралады. Есіктің саңлауынан үйге сығалап қарауға тыйым салынған. Рұқсат сұраған кезде үйдің есігін қатты ұруға, қатты айқайлауға, көліктің дыбыс бергішін қатты шығаруға болмайды. Жиналыста не отырыста кетуді көздеген адам рұқсат сұрауы керек.

Ислам бұл көркем мінезділік мәдениетіне шақырады. Тәрбиелілік және өнегелі әдептілік сынды көркем мінезді қалыптастыру ислам әдебінің негізі. Дана халқымыз «Құдайдан қорықпағаннан қорық» - деп болжауы имансыз адамның адам баласына тигізер зардабының мол болатындығын меңзеген. Құдайдан қорықу бұл көркем мінезділікке апарар жол. Ислам адамның кемелденуіне жол ашатын яғни адам болмысын биікке көтерер тақуалықты дәріптеген. Ислам әдебі мен құндылықтары адам баласының жан-дүниесін байытып, бітім-болмысы мен рухын асқақтатады.

Әдебиеттер:

1. Фуат Ибн Абдулазиз. Ислам әдептері. Аударған Д. Оспанов, Д. Мүбаров // Ислам әдептері. Алматы, - 2005, - 96 бет.

2. Халифа Алтай. Ғибадат және шариғат // Ислам әдептері. Алматы, - 2005, - 96 бет.