- •Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
- •Этика пәні: анықтамасы.
- •7. Парыз ұғымы қалыптасуы
- •8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
- •9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •10. Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениет
- •11.Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •12 Этикалық құндылықтар әлеуметтік психологиялық талдау.
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
- •Кадрлық менеджмент эволюциясы
- •16. Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау
- •17. Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктерін талдау!
- •24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
- •27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
- •28. Кәсіби қызмет мақсаттары.
- •29. Хх ғасырдағы қызметкердің кәсіби этикасының эволюциясы.
- •30. Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикалық реттеу.
- •31.Сәттілік психологиясы
- •32 Кәсіби саттилик психологиялық сәттілік
- •Сәттілікке жету жолдарын талдау
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері
- •36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті
- •37.Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстыру және сәттілік неден тұрады психологиялық жайлы
- •39. Карьерлік өсудегі сәттілікке жетудің объективті факторлары
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені, персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің факторы
- •44. Сәттілік және лидерліктің психологиясы
- •47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.
- •Сәттілік факторлары:
- •48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары
- •50. Тілдік этикет және сөйлеу мәдениеті
- •51. Кәсіби және іскерлік этикет.
- •52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
- •53. Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
- •55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік
- •56. Бизнес этикасы психологиясы.
- •57 .Имидж психологиясы және жеке бастық сәттілік.
- •Имидж (Бедел) туралы
- •Адамның имиджі
- •Имидж сипаты
- •Имидж тану
- •Имидждің тағы бір қыры
- •Имидждің әсері]
24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
Менеджердің киімі мен сыртқы келбеті – басқару эстетикасының маңызды факторларының бірі. А.П. Чехов адам бойында барлығы да – келбеті, киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген.
Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және жақсы киім талғамын оның жалпы әрі кәсіби мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. Атап айтқанда, басшының сыртқы келбеті мен киім киісі айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын тудырады. Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) ұқыптылығы оның ерекше сипаты болуы керек.
Этикеттің бірнеше түрі болады:
- сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері;
- дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі;
- әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы;
- жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар;
- іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы.
Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады.
Этикет талаптары, соның ішінде іскерлік этикет талаптары, тұрақты емес, олар уақытпен бірге өзгеріп отырады. Саналы ой ғана іскерлік этикет тәртіпті ұйымдастырып, сақтауға, уақытты үнемдеуге және басқа да саналы мақсаттарға жеткізетінін айтып өтеді.
Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау.
Әдептілік : іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.
27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн:
1.Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? 2.Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.
3.Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.
4.Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.
Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.
Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді» [4, 15].
Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.
Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.
Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:
- белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;
- мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;
- ойды теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;
- қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;
- сөйлеуші ұстанымы;
- сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;
Пікірталас – қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол - сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты – екі тараптың ортақ шешім табуы.
Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.
Тіл тазалығы – әр сөздің қолданылу аясын, бояуын, басқа сөздермен тіркесуін, мағыналық қызметін ескеру. Тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтау негізі ретінде қазақ халқының сөйлеу әдебіне байланысты мақал-мәтелдердің де орны ерекше:
Іскерлік қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі.
«Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стилдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әрқилы салаларына тәкелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді» [5].
Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады.
