Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.96 Кб
Скачать

55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік

Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз.«Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен сезімді өзара шатастыруға болмайды.Сондай- ақ , қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау- қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты.Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді.

Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз.

Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Сезімнің психикалық процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б. көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық рухани-мәдени қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.

«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі –эмоция –жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз –адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты туандайтын психикалық күйлер.

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.

Жалпы сәттілік – ұмтылуға тұрарлық нәрсе емес.

Эколог әрі жазушы Дэвид Орр кітабында былай деп жазған екен: «Ғаламға «жолы болғыш» адамдардың көп болғаны керек емес. Ғаламшарымыз жүрегі жұмсақ мейірбандарға, қолы дәрулі шипагерлерге, рухани кемел ойшылдарға, қарапайым шаруаларға зәру. Жер жайсаң жандарға мұқтаж. Ол өзінің алып үйін аялауға дайын, әлемді көркейту жолында бар күш-жігерін аямайтын жандарды керексініп тұр». Ал бұл аталған қаситеттер біздің түсінігіміздегі «жолы болғыштық», «сәттілік» түсініктерінен бөлектеу.

Әрине, Орр – іріп бара жатқан батыстық мәдениет өкілі дерсіз. Айналасын, ақша үшін, атақ үшін адамдардың арын сатудан да тайынбайтынын көріп айтқаны болар дерсіз. Ол жақтағы жұрттың адамгершілік, гуманизм жайлы түсінігінің тым асқынып, тіпті шектен шығып кеткенін көріп түңілген де шығар. Бірақ, не десеңіз де, сөзінің жаны барын мойындауға тиіссіз.

Бір сәт ойланып көрейікші. Қандай адамдарды біз «айы оңынан туған», «жолы болған» дейміз? Дереу танымал шоу-бизнес өкілдері, саясаткерлер, бай бизнесмендер ойға оралады. Яғни, ақшалылар, қолында билік барлар, даңқтылар – біз үшін сәттілікті құйрықтан шап беріп ұстағандар. «Өмірде жолы болған» дәрігерді елестетіп көріңізші? Бейнетпен нанын тауып жеп жүрген өте білікті, бірақ қарапайым дәрігер ме, әлде жеке емханасын ашқан, бай клиенттері бар, жағдайын жасап алған кәсіпкер-дәрігер ме? «Жолы болған жазушы» — шын мәнінде шедевр тудырған қалтасы тесік талант па, әлде кітаптары мың-миллиондап таралып жатқан ортаңқол жазғышбек пе? Осы жерде Дэвид Орр айтқан парадокстың растығына көз жеткізуге болады: ғалам бүкіл халық «жолы болған-ақ» деп таңдай қаға тамсанатын, қызғана қызығатын танымал жұлдыздардың емес, арамызда жүрген қарапайым тұлғалардың есебінен күнін көріп жатыр. Біз тамсанатын жұлдыздар мектепте балаларымызға сабақ бермейді. Олар сенің сырқатыңды емдеп жазып жатқан жоқ. Жерді жаһандық жылынудан құтқаратын да олар емес. Олар наубайханада нан жаппайды, қоғамдық көлікті айдап жүрген жоқ, кеңсенің еденін де жуып бермейді. Бірақ, осы қызметтерді атқаратындар қоғам үшін әлдеқайда пайдалырақ қой? Ең қызығы бұл да емес. Қазіргі қоғамда «сәттілік» — «бақытқа» теңестірілмейді. Мысалы, «жолы болған» әйелдер деп мансапты, қызметте шенді әйелдерді айтса, «бақытты» теңеуі үйлі-баранды әйелдерге қатысты айтылып жатады. Еркектер де солай. Әдетте малтапқыш ер-азаматтарды « жолы болғыш» деуге құмармыз. Ал «бақытты еркек» деп…

Есіңізге түсіріп көріңізші, «бақытты еркек» деген тіркесті соңғы рет қашан естіп едіңіз? Қазіргі «сәттілік» моделі бақытты ысырып тастаған. Үңіліп қарасақ, « сәттілік» деп жүргеніміздің өзі бір құмарлық, құштарлық, ессіз қызығушылық екенін аңдауға болады. Британдық Колумбия Университетінде психологиялық зерттеу жүргізіліпті. Нәтижесінде мықты басшылардың көбі халықтың психопатияға жуық аз бөлігінен шығатыны анықталған. Ондай адамдар салиқалы әріптестерінен басым түсу үшін барын салады. Демек, сәттілік дегеннің өзі қиратушы, шайқалтушы болып келеді. Бәлкім, әлемде экономикалық тоқыраулардың толастамауы, соғыс өртінің тұтана беруі, қантөгістің тоқтамауы – «жолы болғыш есуастардың» заманы жүріп тұрғандықтан болар? Олардың миы (таланды, дарыны) артық екеніне имандай сеніп, еліктеуге тырысып, шаң жуытпай алдымызға шығарып қоятын өзіміз кінәлі шығармыз әлде?

Шын мәнінде «жолы болғыш» адамдар қатты жалғызсырайды. Айналасындағылардың бәрі бағынушылар, бәсекелестер және кез-келген сәтте бәсекелеске айнала салатын серіктестер. Былай қарасаң, олардың сол сәттілікке қос қолдап жабысудан басқа амалы да жоқ. Түсінген адамға олардың сәттілігі мен сол сәттілік арқасында қол жеткізген игіліктерінен басқа мақтан тұтар ештеңесі жоқ. Сондықтан, сәттіліктен айырылмас үшін соғысады, ештеңеден тайынбайды. Олар халықтың бақытына бақыт қоспайды, берекесіне береке қоспайды. Олар бар болғаны жолы болғыштықпен қолы жеткен сәтті жағдайынан айырылып қалмауға, оны нығайта түсуге тырысады.

Сәттілік туралы түсінігімізді қайта қарайтын уақыт жеткен шығар? «Дүниеге бір кірпіш болып қаланып», өмірдің жарқын, нұрлы болуына аз-аздан болса да үнемі үлесін қосып жүрген жандарды – «жолы болғандар», «сәттілік жолдас болғандар» дейік. Әдемі сөздерді қиыстырып алып, өзін жарнамалайтын ораторларды емес, ойы терең данышпандарды бағалайық. Айналысып жүрген жұмысымызды қандай да бір жетістік әкелуі тиіс деп емес, жай ғана өзімізге ұнайтын болғандықтан атқарайық. Ұнамаса – өзіңе ұнайтынын іздеп табу керек. Жақындарымызды, отбасымызды қадір тұтайық. Балаларға ерекше көңіл бөлейік. Сонда, бұл өзі бір жағынан қызық, бірақ сонда ғана өмірде жолы болған, жетістікке жеткен адамдар күрт көбейеді. Жер бетіндегі өмірі бекер өтіп жатпағанын сезіне алатын бақытты да кемел жандар өз ғаламшарын қиратуға сылтау да іздемейді, жол да бермес еді. Адамдардың сәттілік туралы түсінігі сол деңгейге жеткен соң ғана бір сәттік жалт-жұлт еткен жарыққа құмартпай, мәңгі нұрға жетелер білімге ұмтылар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]