- •Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
- •Этика пәні: анықтамасы.
- •7. Парыз ұғымы қалыптасуы
- •8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
- •9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •10. Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениет
- •11.Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •12 Этикалық құндылықтар әлеуметтік психологиялық талдау.
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
- •Кадрлық менеджмент эволюциясы
- •16. Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау
- •17. Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктерін талдау!
- •24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
- •27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
- •28. Кәсіби қызмет мақсаттары.
- •29. Хх ғасырдағы қызметкердің кәсіби этикасының эволюциясы.
- •30. Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикалық реттеу.
- •31.Сәттілік психологиясы
- •32 Кәсіби саттилик психологиялық сәттілік
- •Сәттілікке жету жолдарын талдау
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері
- •36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті
- •37.Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстыру және сәттілік неден тұрады психологиялық жайлы
- •39. Карьерлік өсудегі сәттілікке жетудің объективті факторлары
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені, персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің факторы
- •44. Сәттілік және лидерліктің психологиясы
- •47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.
- •Сәттілік факторлары:
- •48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары
- •50. Тілдік этикет және сөйлеу мәдениеті
- •51. Кәсіби және іскерлік этикет.
- •52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
- •53. Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
- •55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік
- •56. Бизнес этикасы психологиясы.
- •57 .Имидж психологиясы және жеке бастық сәттілік.
- •Имидж (Бедел) туралы
- •Адамның имиджі
- •Имидж сипаты
- •Имидж тану
- •Имидждің тағы бір қыры
- •Имидждің әсері]
52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Жаның мен тәніңді барынша сергітіп, сұлуландырып жіберетін тек жақсы тәрбие ғана. Сондықтан да, жас ұрпақты үлкен өмір жолында дұрыс әрекетке бағыттасақ, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстайтын адами асыл қасиеттерге бай тұлғалар тәрбиелей білейік.
Қонақ күтіп алу әдебі. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» - деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз.
Дастарқан басындағы әдеп. Дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білу керек Ондаған, жүздеген жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізінде адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық сыпайылық талаптарын үйлесімді дұрыс сақтауында маңызы зор. Мысалы: үй иесі оның жұбайы дастарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның тәртібі, жасы кішілерді үлкендерді, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Үй иесі әйел қонақтарды шақырып, алдымен өзі отырады. Ер кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады. Үй иесі тамақты тез жемеуі керек, ал қонақтардың да тамақты тез жеуіне мәжбүр етеді, берекесін алады. Дастарқан басынан қонақтар үй иесі тұрған соң ғана тұрады. Ер кісілер орындықтарын жылжытып, әйелдерге стол басынан тұруға көмектеседі. Қалыптасқан дәстүр бойынша ер кісілер оң жағында отырған әйелге қызмет етеді. Алайда сол жақта отырған әйелді де ұмытпаған жөн, әсересе оған жанында қызмет көрсететін ер кісі болғаны жөн. Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті жоқ, амандасу үшін стол үстінен қол созу да дұрыс емес, көршіге жаныңды беріп отырыңыз. Кейде мерекелік дастарқанда, басқа да жиын-той дастарқанында ыдыс-жабдықтардан көз тұнады, кейбіреулер қайсысын аларын білмей сасып қалады. Саспай, мұхият зерттеп қарасаңыз, бәрінің де қолданатын орны бар. Көпшілікке арналып, ортаға қойылған басытқыны сондағы ортақ қалақ, қасықпен алып, әркім өз тарелкасына салады. Май, уылдырық т.б. тағамдарды осып өз пышағымен нанға жағады. Естеріңізде болсын алдыңыздағы тамақты тауысып жемей, сыпайылықты көрсету, ешқандай сыпайылыққа жатпайды, керек десеңіз, тамақтың ұнамағандығын көрсетіп, үй иесін ренжітесіз. Одан да тамақты өз салып асыңыз, не балмаса кейбір тағамнан мүлдем бас тартыңыз, бірақ дәмсіз екен жарамайды дегенді айтпай-ақ қойсаңыз да болады. Ал үй иесіне де ескертер жай, тағамдарды қонақтардың аузына тықпалай берудің қасиеті жоқ. Дастарқан басында тіс шұқу, тістің арасында тұрып қалған тағамды қолмен алу әдептілікке жатпайды. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз – адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тғамды затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы тарелкаға (көршіңіздің тарелкасына да) төнбеңіз. Одан да жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз.
2.Үйде қонақ күту – ғанибет саналғанымен, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Келген қонағыңыз өзін жайлы сезініп, риза болып кету үшін не істеу керек? Мұндайда күтіп алатын үй иесі мен оның әрекеттеріне көп нәрсе байланысты.
Үйімізге қонақтарды біз түрлі себептермен шақырамыз: әдетте Жаңа жыл, Наурыз сияқты мейрамдарда, мерей той, туған күн деген сияқты атаулы даталарда немесе жай кездесіп, әңгімелесіп қайтуға. Себебіне байланысты қонақтарды да соған сай шақыру керек. Егер үлкен той болса, онда арнайы шақыру билеттерін жібереді, ал отбасылық кішігірім отырыстарға қонақтарды ауызша, телефонмен де шақыруға болады. Қонақтарға да дайындыққа уақыт беріп, алдын ала шақырған абзал. Сондықтан, мысалы, үйлену тойға белгіленген датаға дейін бір ай бұрын шақырады, ал туған күн немесе отбасылық мейрамдарға – бір-екі апта бұрын.Қонақ шақырар алдында, кездесу уақытын қай уақытқа белгілеуді анықтап алу керек. Қонақ күту уақыты тамақ ішу мезгіліне тұспа-тұс келгені абзал. Этикет ережелеріне сай, қонақтарды таңғы асқа, яғни сағат 10 мен 12 аралығында, түскі асқа – сағат 15 пен 19 арасында, кешкі асқа – сағат 19 бен 22 арасында шақыру керек. Егер «толыққанды» отырыс жасау ойыңызда болмаса, онда шай мен кофеге – сағат 17 мен 19 арасында шақыруға болады. Сонымен, кездесу уақыты белгіленді, қонақтар шақырылды. Енді үйді дайындап, қонақтарды қарсы алу, оларды мерекелік дастарханға жайғастыру, мерекелік дастарханды жабдықтау, көңіл көтеру бағдарламаларын ұйымдастыру, отырыста айтылатын әңгімелерді ойластыру, қонақтарды шығарып салу деген сияқты қонақ күту ережелерін еске алу ғана қалды.Қонақ күткенде үй иелері әдемі киініп, көңілді шырай танытып, мерекелік көңіл-күйде, нұр шашып жүруі тиіс. Егер қонақ қожайындарға сыйлық алып келсе, олар оны қуанышпен қабыл алып, міндетті түрде ризашылығын білдіруі қажет. Сыйлықты сол жерде ашып көруге де болады. Бірақ сыйлықты қалған қонақтарға көрнекі түрде көрсету әдепсіздік саналады.Этикет бойынша, қонақтарға үй шәркесін ұсыну міндетті емес, алайды бүгінде бұл әрекет кең жайылып кетті. Сондықтан егер шәркей ұсынатын болсаңыз, шәркейлеріңіз таза, жинақы болсын.Келесі кезең – қонақтарды дастарханға жайғастыру. Қонақтарды жайғастырғанда үлкен адамдарды төрге шығарып, сонымен қатар көршілер бір-бірімен ортақ әңгіме таба алатынын ескеріп, ерлі-зайыптыларды бірге отырғызуды ойластыру керек.Қонақтарды толық жабдықталған, дайын үстелге отырғызу шарт. Дастархан мен майлық та таза, әдемі әрленген болуы қажет.Отырыс кезінде қонақтарға тамақ же деп ұсынуға болады, бірақ мәжбүрлемеу керек. Қандайда бір тағамнан бас тартса, демек өз қалауы және оны ұсына бермеу керек. Және үй иелері қонақтарының жайлы отырып, тойымды тамақ ішіп, әдемі әңгіме айтып қайтуына бар жағдайды жасауын қаперінде ұстау қажет.Отырыс кезінде әңгіме легін үй қожайыны басқарады. Үй иелері қызықты әңгімелерді демеп жіберіп, қауіпті тақырыптардың өрбуінің алдын алып, кей қонақтардың өткір мәлімдемелерін жұмсартып жіберулері міндетті. Мереке, мейрам болғандықтан, соған сай жайдары әңгімелер айтылуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар қожайындар қонақтарына өнімдердің қымбаттағанын, денсаулықтарына шағымданып, отбасылық мәселелерін айтпауы тиіс.Отырыс аяқталуға жақындағанда, қонақтар кетуге жинала бастайды. Үй иелері қонақтарды тезірек шығарып салуға ынталанбау керек, тек белгі берсе болады. Мысалы, этикет заңы бойынша, шай ұсыну отырыс аяқталуға жақын екенін білдіреді. Егер қонақтардың дерлігі кетіп, бірен-сараң адам қалса, қожайындар олардың көзінше үй жинауды бастамау керек: оны тек барлық қонақтарды шығарып салған соң ғана іске асырады.
