- •Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
- •Этика пәні: анықтамасы.
- •7. Парыз ұғымы қалыптасуы
- •8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
- •9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •10. Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениет
- •11.Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •12 Этикалық құндылықтар әлеуметтік психологиялық талдау.
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
- •Кадрлық менеджмент эволюциясы
- •16. Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау
- •17. Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктерін талдау!
- •24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
- •27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
- •28. Кәсіби қызмет мақсаттары.
- •29. Хх ғасырдағы қызметкердің кәсіби этикасының эволюциясы.
- •30. Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикалық реттеу.
- •31.Сәттілік психологиясы
- •32 Кәсіби саттилик психологиялық сәттілік
- •Сәттілікке жету жолдарын талдау
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері
- •36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті
- •37.Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстыру және сәттілік неден тұрады психологиялық жайлы
- •39. Карьерлік өсудегі сәттілікке жетудің объективті факторлары
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені, персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің факторы
- •44. Сәттілік және лидерліктің психологиясы
- •47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.
- •Сәттілік факторлары:
- •48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары
- •50. Тілдік этикет және сөйлеу мәдениеті
- •51. Кәсіби және іскерлік этикет.
- •52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
- •53. Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
- •55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік
- •56. Бизнес этикасы психологиясы.
- •57 .Имидж психологиясы және жеке бастық сәттілік.
- •Имидж (Бедел) туралы
- •Адамның имиджі
- •Имидж сипаты
- •Имидж тану
- •Имидждің тағы бір қыры
- •Имидждің әсері]
7. Парыз ұғымы қалыптасуы
Көптеген философиялық-теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалык категориялардың барлығы табиғат құбылыстарына еш қатысы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Этиканың категориясының юірі ол парыз – этикадағы маңызды категриялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы
оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен
міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол.
Бол! Парызда басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда
жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен
қатар, оған бұйрықтық сипат беріп шақырады, талап етеді, оның жүзеге
асуын қалайды. Борышты адам болу – оның мәнін, талаптарын білу ғана
емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да. Көптеген ғұламалар
борыш сезімін жоғары бағалаған И. Кант жазғандай, борыш – адамды өзінен
өзі жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: «Парызсыз
шынды ұмытпа, ол – бұл әлемдегі жалғыз әуен. Парызсыз өмір де,
құштарлық та жоқ» деген. Бұрынғы тоталитарлық-әкімшілік жүйе әдептің
маңызды ұғымы парызды адамгершіліктен бөліп алып, тұлғасыздандырылған
жалпылама талап мағынасында қолданды. Адам өзінің ішкі қажеттіктері мен
мүдделерінен бас тартып, қоғамның, мемлекеттің, партияның бұйрықтарын
бұлжытпай орындауын парызды өтеу деп түсіндірілді.
Шын мәнісінде, парыз – ар өлшемі, жер бетінде жаратылғандардың ең
тамаша туындысы да – адам. Ұлы Абай айтқандай, құдай адамзатты өз
махаббатымен жаратқан. Парыз адам болудың қадірін білу деген сөз. Адамға
дүниедегі ең қиыны, күрделісі – нағыз адам болу. Ол осы жоғары аттың иесі
екендігін ешқашан ұмытпай, күнделікті өмірде көрсетіп отыруы тиіс.
Әйтпесе, адамдық келбетін жоғалтып, хайуанға құсап кетуі мүмкін. Ондай
жағдайда адам өзінің кісілік қасиеттерінен айырылып та қалады. «Адам
болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар»
деген халқымыз. Кісілік бұл жерде адамгершілік ұғымының баламасы
ретінде қолданылып отыр. Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.
8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Мәдениет қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» — кала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътерінативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» дегеп мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңнен жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдедиет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «кұрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманның сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықnамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және.т.б.; б) мәдениет — адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі (сөйлеу мәдеииеті, еңбек мәдениеті, кұқық мәдениеті және т.б.); в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.) Ал осы ұғымдардың ішіндегі мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымды, тікелей қатысуы екендігін аңғаруға болады. Мәдниет ұғымы тарихи қалыптасудыңі ұзақ даму жолдан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асканға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір модельденген термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей Бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарасгырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәде-ниет» ұғьмының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақикат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табыладьі сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылык» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала адамдары меп қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар Гелилік эллинист. Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді Полис дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады қажстті азаматтық міндеттері.Бұл олардың мәдениеттілік көрінісі.
