Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.96 Кб
Скачать

48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары

Сәтті коммуникация дағдыларын дамыту, бұл балалардың эмоционалды қарым-қатынасын, көмек сұрау қабілетін, басқаларға өзінің көмегін ұсыну және олардан керекті ақппаратты алуды меңзейді. Балалардың эмоционалды қарым-қатынас жасау мүмкіншілігі эмоционалды атмосфераның және өзара сенімділіктің арқасында жүзеге асады. Балалардың ақппараттармен тиімді алмасу қабілеті өзінің ойыңды дұрыс жеткізу және басқаларды тыңдай білу дағдылармен байланысты.

Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.  Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

 Вербалды қарым-қатынас

Адамдар бір-бірімен түрлі деңгейде түсініп және ақпаратты түрлі типте алмасады. Ақпарат ауызша және жазбаша қарым-қатынаста болады.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі,

сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Біз білеміз өте білімді және дұрыс ауызша және жазбаша сөз ол адамдармен өзара әрекеттесудің жемісті нәтижесі.

Сөздік қарым-қатынастың құрылымына мыналар кіреді:

- тіл – сөз жүйесі, келбеті, айтылуы, олардың мағыларының дұрыс қосылуы.

- Тілдік дыбыс құбылысы- сөз темпі, ритм, тембр, дикция. Мұнда бірізді, қарапайым, жай, өлшемді сөз манерасы маңызды.

- Дауыстың мәнерлі сапасы - өзіндік дыбыс ерекшеліктері: күлкі, жылау, сыбырлау, күрсіну, пауза, мысқылдау.

Қарым-қатынастың нәтижелігі екінші адамды үғыну, сөзді түсіну, интонацция, Вербалды емес түрдегі ақпаратты оқи алуы.

Қарым-қатынастың синтоникалық моделіне қол жеткізу мақсатында тілді мазмұнды және кедергісіз қолдану репрезантивтік жүйе деңгейіне байланысты. Яғни әңгімелесу мен іскерлік қатынастар вербалдық формада (ағылшын тілінен аударғанда – verbal – сөз, ауызша деген мағына береді) жүзеге асады. Бұл қарым-қатынасқа қатысушылардан тек сауаттылықты ғана емес, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас этикасын сақтауды қажет етеді. Және де бірқатар сөз сапаларына да байланысты болады.

Оларға: сөз нақтылығы, сөз тазалығы, сөз жүйелігі, сөз мәнерлігі, сөз байлығы, сөз орындылығы жатады. Бұл сөз сапалары білім субъектілері арасындағы қарым-қатынастың тиімді болуында маңызды роль атқарады.

Яғни:

сөз тазалығы - әдеби тілден тыс сөздердің қолданылмауы, соның ішінде диалектік, кәсіби, жаргон сөздер және т.б.;

сөз нақтылығы – сөз мазмұны мен ақпарат мағынасының негізіне сәйкес келуі. Сөздің нақтылығы сөзді орынды, нақты, сөз мағынасына қарай, синоним, антоним, омоним сөздерді дұрыс қолдана алуға байланысты. Сөз нақтылығының маңызды шарты - лексикалық нормалардың сақталуында. Егер сөйлеуші қажетті ақпаратты субъектіге жеткізуде мағыналас сөздердің ішіндегі ең орындысын таңдаған кезде ғана, сөз нақтылығы көрініс береді.

- сөз жүйелігі – ойлау компоненттерінің бөліктері мен сөйлеу компоненттерінің мағынасының қатынасының көрінісі;

- сөз мәнерлігі – тіл мәнерінің бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде көрініс беретін сапа. Ол барлық деңгейлердегі тіл бірліктерімен жасалына береді. Сонымен қатар, тілдің арнайы көркемдік қасиеттері болады (троптар, стилистикалық фигуралар), олар айтылған ойды, әсерлі, образды, эмоционалды етуге көмек береді;

- сөз байлығы – ақпаратты барынша әсерлі жеткізе алуға мүмкіндік беретін сөз бірліктерін еркін және кең қолдана алу;

- сөз орындылығы – тілдегі сөз бірліктерінің мақсатына, жағдайына, мағынасына сәйкес қолданылуы.

Аталмыш категориялар вербальды қарым-қатынас құралдары болып табылады. Вербальды қарым-қатынас тек адамға ғана тән және тілді меңгеру міндетті шарт болып табылады. Өзінің коммуникативтік мүмкіндіктеріне қарай ол вербальды емес қарым-қатынастың барша түрлері мен формаларынан бай, дегенмен оны толықтай алмастыра алмайды. Және де вербальды қарым-қатынастың дамуы бастапқыда міндетті түрде коммуникацияның вербальды емес құралдарына келіп тіреледі /435-б./.

Жалпы адамдарда қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес түрлері маңызды болып табылады. Вербальды емес қарым-қатынас дыбыстық сөйлеуді, табиғи тілді құрал ретінде пайдалануды қажет етпейді. Вербальды емес қарым-қатынас – ол мимика, жест, пантомимика, тура сенсорлы немесе жанасудың көмегімен жүзеге асады. Бұл өзгелерден алынатын тактильді, көру, есту, иіс сезу және т.б. сезімдер мен образдар.

 Вербалды емес қарым-қатынас

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

Қарым-қатынаста Вербалды және Вербалды емес қатынастық кедергілер бар. Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.

Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.

Вербалды емес қарым-қатынас құралдары:

– поза, жест, жүріс.

- мимка

- визиуалды контакт

- тұлғааралық қашақтық.

Вербалды емес тіл басқа адамның сезімін түсінуге және өзінің сезімін жеткізуге қолайлы, басқа әдістер ақпаратты жеткізе алмағанда маңызды, адамның айтқаны, қозғалыстың жасанды және оның ақиқат екендігін түсуге ыңғайлы.

Бұл тіл барлық ер және әйел адамдарға, барлық мамандықтарға да толығымен түсінікті. Бірақ түрлі көзқарастар әр түрлі ұлт өкілдеріне байланысты анықтау қиынға соғады.

Арнайы іскерлік сферада қарым-қатынас іскерлік мінездемеге ие болады қарым-қатынас түскенде іскерлік және тұрмыстық деп бөлініун арнайы және арнайы емес қарым-қатынас, формальды және фрмальды емес топтардың адамдардың байланыстырған дұрысырақ. Формалбды топтарға ұйымдастырылған ұжымға анық мақсаттар адамдарды должносттары бойынша орналастыру,онда құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес анықталады,ол қарым-қатынасқа түскенде міндетті түрде көрінеді.Бірақтан әр ұжымда іскерлік қатынастың басқа тағы жекеше қатынастың болатынын естен шығармауымыз керек.

49. Тұлға аралық және іскерлік қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Іскерлік қарым-қатынас адамның өнімді әрекеттері мен өздерінің біліктілігін арттырумақсатында әрекет арасында өзара үйлесімділікті көрсетеді.Іскерлік қарым-қатынас мазмұнын

адамдардың мәселелері ғана емес олардың ішкі дүниесін атқаратын әрекеттер жиынтығынқұрайды.Іскерлік қарым-қатынас негізінде маңызды қызметтік сұрақтар, іске қатыстыжауапкершілік, материалдық ақшалай шығын, кейде шағын бизнес субьектілерініңқұқықтық қатынастары шешіледі. Сонымен қатар, жетекші туралы сөз болғанда, оныңэтникалық қарым-қатынасы қол астындағыларына әсер ететіні сөзсіз белгілі, соныменқоса олардың қызметтік дәрежесіне әсер етеді. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынастуралы білім мен оны билеу құқық қорғау органдарының кәсіпқойлығын және қазіргізаманғы талапқа сай дәрежесін көрсетеді. Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым-қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қарым-қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қатынасқа түсуге ынтасы (үлкендер баланы ерекелетеді, бала оған кешенді жанданумен жауап қайтарады), коммуникацияның негізгі құралдары ретінде мимика және мәнерлі ым-ишара қолдану. Мұндай қарым қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]