Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.96 Кб
Скачать

47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.Қарым-қатынаста қолданылатын терминдердің бірі ол – манипуляция ұғымы.

Манипуляция:

1. жалғандық, кулық жолымен фактілерді ауыстыру;

2. көпшілікке акпараттық кызметтер аркылы психологиялық эсер етудің жүйелік тәсілі.

Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.

По мнению Д.Ю.Устинова, манипуляция - это скрытое психологическое воздействие с использованием эмоций, чувств партнёра, с целью получения выгоды автором манипуляции. При этом Дмитрий Юрьевич отдельно подчёркивает, что манипулятор внушает объекту манипуляции определённые чувства, чтобы вынудить того принять решение, выгодное его оппоненту. Однако это определение кажется неточным, так как внушить чувство или эмоцию не представляется возможным. Манипулятор лишь использует их, играет на них. Главная задача субъекта манипуляции - внушить объекту идеи, не существующие у него намерения, которые принесут манипулятору некую выгоду.

Евгений Леонидович Доценко в своей работе Психология манипуляций проанализировал определения манипуляции, сформулированные другими авторами, чтобы выделить критерии, при помощи которых можно было бы предложить собственное наиболее полное и верное определение. Его исследования показали, что большинство учёных, говоря о манипуляции, выделяют следующие признаки:

*Латентность(кідіріс)

·Господство(басымдылық)

·Управление(басқарушылық)

·Принуждение(мәжбүрлілік)

·Влияние(әсур етушілік)

·Программирование мыслей(ойды бағдарламалау)

Сәттілік факторлары

Сәттілік дегеніміз- алға қойған мақсатқа жету болып табылады.Сәттілік ол табысты және нәтижелі жұмыс. Сәттілік адам өміріне өте қажет. Онсыз адам өзінің өмірі жіне жұмысы барысында белгілі табысқа жете алмайды. Сәттілік термині көбіне іскер адамдарға тән. Өйткені олар үшін ең бастысы жұмыста табысқа кенелу. Ал сәттіліңтің көзі ол- табыс болып табылады. Сәттіліктің негізгі фактторлары:

Сәттілік факторлары:

-тәуекелге барудан қорықпаңыз;

-өзіңіз салған бағытпен жүріңіз;

-көпшілік алдында өз мақсаттарыңызда жариялаңыз;

-өзіңіздің неге бейім екеніңізді анықтап алыңыз;

-өз әлсіздіктеріңізбен күресе біліңіз;

-табысқа жетемін деген мақсат қоя біліңіз;

-өз қателіктеріңізбен жұмыс жасаңыз;

-саяхатқа шығып, рахаттаныңыз,

-өз конкурентіңізді анықтап алыңыз;

-өз мақсатыңызға жетуге және оның орындалуына сеніңіз;

-өз қарсылыстарыңызға әлсіз тұстарыңызды көрсетпеңіз;

-өз сыртқы келбетіңізді жасаңыз;

-жұмыс барысында өз әріптестеріңіздің сеніміне кіріңіз және оны ақтаңыз.

Лидер дегеніміз - адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың жақсы білімдеріне, өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс - әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып, өзінің компрописке баратынын көрсетеді. Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.

Лидер болу үшін не керек? Ең бастысы, бұл көбінде жоқ жеке биік мәнсапты орынды иеленуге тілек соған сәйкес міндеттерді, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайындығы. Танымал лидер магиялық білік сияқты қажетті уақытта, кажетті жерге пайада бола біледі деп есептелген. Бұндай қасиет аспаннан түспейді, бірақ белгілі бір мағынада бұл Құдайдың берген таланты. Бірақ талант еңбексіз ешнәрсеге жарамсыз. Сондықтан лидер ешқандай тосқауылдарға қарамастан алға өз мақсатына жетуге тырысуы керек.

Нәтижесінде жоғары деңгейдегі лидерлікке үміткер 35- жасына дейін топтың жетекшісі ретіндегі әр түрлі қызметті жүзеге асырған айтарлықтай тәжірибені жинақтау қажет. Батыстың мамандары анықтағандай мұндай жетілулер 5-7 жылға созылады және мақсатқа бағытталған кәсіби мамандықтың шарықтауы 27-28 жаста басталады. Лидер болып өмір сүру оңай емес. Олардың өз жолында үлкен қиындықтар кездеседі, олардың айтуынша ең басты қиындықтар бағынушылырға жетекшілік жасау. Екінші орында фирма іс әрекетін жоспарлау және үшінші орында әріптестерінің жұмыстан кетуі. Басқа қиындықтар қатарына өз уақытын иеленуі, жұмыстарды бөлу, қаржы көзі, шешім қабылдау және конфликтілерді шешуді жатқызуға болады.

Лидердің екі психологиялық типі бар: « ойыншылыр және ашықтық».

1. Біріншілерінің сыртқы бейнесі сенімді икемді, тиімді болып көрінеді. Олар «көзге шөп сала » біледі, сондықтан да өздерінің жеке қызығушылықтарына байланысты позитцияларын (көзқарастарын) тез өзгертеді. Шынайы жағдайларда олар тоық беріліп, жұмыс жасай алмайды және мәселелер шешімін қиын табады.

2. Ашық лидерлер айтарлықтай көрінбейді, бірақ олардың жауапкершіліктері жоғары болады; олар әр түрлі ең қиын жұмыстарға кіріседі ар ұяттарына негізделе кірісуге тырысады. Оларда икемді және іс әрекеттерін жағдайға байланысты жасайды, бірақ бүгінгі күнмен өмір сүрмей болашаққа тырысып өмір сүреді. Дәл ослар шынайы лидерлер болып табылады, өз бағынушылырының арасында тіл тимейтін беделді тұлғалар. Бағынушыларға өз қателіктерін шынайы мойындайтын, еркін шешім қабылдайтын, жауапкершілікті өз мойнына алатын жетекші ұнайды.

Лидер беделінің көтерілуіне жұмысқа кедергі жасамайтын адамдардың әлсіздігіне шыдау қасиеттеріде себеп болады. Бедел ұзақ уақыт жиналып, бір мезетте жоғалуы мүмкін және мұның басты себебі іс әрекетсіздік пен сақтанудың шектен тыстығы. Негізінде беделді лидер табиғатынан жетекші болады. Бірақ мұндай болмаса не істеу керек? Мүмкін, істің басына уақытша жақсы білімді маманды қою керек шығар. Ал бұл үшін таңдауда қателеспеу үшін лидер қасиеттерін білу керек. Мұндай қасиеттердің үш тобы бар: Жеке, кәсіби, ұйымдастырушылық және іскерлік.

1. Жеке қасиетке бірінші кезекте барлық уақытта қоғамдық мораль нормаларын сақтауды ескеретін шыншылдықты және тәртіптілікті сонымен қоса қоғамға қатынаста әділеттілікті қояды. Жетекші өз бағынушыларын түсінуге тырысуы, оларды жеке тұлға ретінде қабылдауы, сыйға лайықты екендерін түсінуі, олардың жүріс тұрысын түсінуі, адамгершілігі мол адамдарға қамқорлық жасай білуі, олардың қызығушылықтарын ескере әріптестік қарым қатынас құруға тырысуы керек. Қазргі жаңашыл лидер өз кемшіліктеріне қарсы белсенділігі күресу керек, өзіне өмірге және жұмысына қатысты жағымды қасиеттерді қалыптастыруы керек.

2. Кез келген менеджер лидер үшін кәсіби қасиеттердің ерекше маңызы бар. Бұл құзыреттілік және тағы басқа білімнің арнайы жүйесі және практикалық дағдылар. Олар арнайы және басқарушы болып бөлінеді. Бұл- жалпы, техникалық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, психологиялық мәдениет. Басқада жағдайлар қажет. Ең бастысы жаңашыл жетекшіні ішкі және сыртқы шынайы жақсы білімі, фирманың және өз бөлімінің мақсатын түсіне білуі, мәселені тани білуі және ондағы маңызды жақтарды бөле білуі ерекшелеп тұрады. Бұл орта деңгейден жоғары ақыдылық қабілетті меңгерусіз сипуацияны талдай білу білігінсіз, әр түрлі жоспарлар мен бағдарламаларды критически бағалаусыз, жүзеге асу мүмкін емес. Бірақ жетекші тек жақсы дайындалған жоғары білімді ғана болу керек емес, ол шығармашыл тұлғада болу керек. Одан тек өзінің шығармашылық қабілеттеріне сенуі ғана емес басқа адамдардыңда шығармашылық қабіліеттерін бағалауды, идеяларымен ауысуды, табандылықты талап етеді. Өмірде барлық нәрсе өзгеретіндіктен және өзгерісте ұсталынып қалу үшін менеджер мақсатын корректировать ету керек.

3. Лидерге қажетті қасеттерінің бірі іскерлік. Ол анық және өз уақытында міндетт қоя білумен, ақтыланған шешімді қабылдаумен, оларды қолдануын қадағалаумен сипатталады. Менеджердің негізгі ұйымдастырушылық қасиетіне белсенділігі жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]