Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.96 Кб
Скачать

36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті

Сәттілік дегеніміз күнделікті қайталанатын пайдалы ойлар мен ізденістер және іс әрекеттердің жиынтығы. Ал сәтсіздік болса, күнделікті қайталанатын қарапайым қателіктердің қордалануы. Өмірде сәтсіздікке ұшырау сәттілікке жетуден гөрі жеңіл әрі оңтайлы. Адамдардың көбіне көп жолы бола бермеуінің бір себебі осында. Сәттіліктер табыстың жолы және барысы, табыс оның түпкілікті нәтижесі. Сәтсіздіктер болса, табыстың аяғына тұсау болатын шідер. Осыдан көруге болады, табыс анау айтқандай аса күрделі, екінің бірінің қолынан келмейтін тылсым дүние емес, тек біліктілігін қайталай шыңдай берудің нәтижесі. Адам үшін соның ішінде табысқа жеткен адамадар үшін алып айтқанда, өткен күн дегеіміз ол өлген күн. Әр адам өз тағдырын тек өзі жасауы мен құруы керек, себебі адам тағдыры да салған үйі сияқты, баспананы кім көрінгенге сеніп тапсыруға болмайды. Шынайы жақсы баспана тұрғызғыңыз келсе, оны өзіңіз жоспары түрде, біртіндеп рет-ретімен, тәртібімен салуыңыз керек. Сол сияқты тағдырда жақсы болуы үшін оның ірге тасынан соңғы әрлеу жұмысына дейін өзіңіз қалауға тиіссіз.ілік дегеніміз - күнде жасалған кішкентай жетістіктеріміздің жиынтығы.Табысқа үңілген жан оның ешқашан өзін күтіп тұрмайтынын біледі. Ол кенет келуі, аяқ асты кетіп қалуы мүмкін. Бірақ ол адам өмірінде бір ақ рет келетін, қайта айнанып соқпайтын ғажап құбылыс емес, ол адам үшін өмір бойы әлде неше мәрте келетін, қайталанатын мүмкіндіктер. Бұл мүмкіндіктер адамдарға әр түрлі кездеседі және кездесу реті де түрліше болады, біреуге тұтас дайын күйінде кездессе, біреулерге елес беруі, ал енді біреулерге жолы ғана көрсетлуі мүмкін. Табыстың адамға кездесу рет саны да алуан түрлі. Біреулерге жиы, ал енді біреулерге сирек, тіпті, кей адамдарға кездеспеуі де мүмкін. Оны адам баласы көзімен көріп, қолымен ұстай алмайды. Табыс та Алла тағаланың жүрекке жасырған құпиясының бірі.

«Сәттілік магиясы»

Магия - алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.

Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.

Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.

Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.

Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.

Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.

«Сәттілік формуласы»

Эйнштейн теориясы , егер A тең табысқа болса, формула былайша көрінеді:

A=X+Y+Z,

X – жұмыс,

Y — ойын,

Z — ауызды құлыпта ұстау

  1. Альберт Эйнштейн тамаша еңбек этикасын ұстана отырып жұмыс атқарды. Қазіргі заманғы физика әлеміне үлкен үлес қосты .\

  2. Альберт Эйнштейн 24 сағат жұмыс істеген жоқ. Ол өз орнында ойын – сауыққада кқңіл бөліп отырған.

3. Альберт Эйнштейннің формуласындағы үшінші аргументі ауызды құлыпта ұстау.Ол былай есептеген аз сөйлейтін адам, көп сөйлейтін адамға қарағанда көп мәлімет айтуға қабілетті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]