Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.96 Кб
Скачать
  1. Сәттілікке жету жолдарын талдау

 Сәттілік – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:

сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;

байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;

білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;

өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;

жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.

Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.

Кәсіпкердің уәждемесі, ең алдымен, оның өзіне тәуелді. Өзінің оптимистік бағытыңызды сақтай алу, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алу үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.

Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.

Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.

Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.

Пайданы қуғындау кәсіпкерлерді өзінің қаражатын тәуекелге тігуге, қызметкерлерді жалдап, тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажеттінің бәрін сатып алуға итермелейді. Пайда табу – өте күшті ынталандыру болып табылады.

Бірақ, пайда табу адамдардың бизнеспен айналысуына түрткі болатын жалғыз себеп емес. Жеке тәуелсіздікке ұмтылу және ұнатқан жұмысын өзіне қолайлы уақытта істеу мүмкіндігі, өз қабілеттерін ашып, отбасылық дәстүрді жалғастыру да ынталандыру болуы мүмкін. 

  1. Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері

Түсіндірме сөздікте «сәт» — ыңғайлы бір мезет, белгілі бір кез немесе істің қолайлы кезі, орайы деген мағынаны білдірсе, «сәттілік» сөзі ойдағыдай болған жетістік, сәті түскендік, орайы келгендік тәрізді мағынада жұмсалады. Сәтті қадам мен бірге сәтті адамдар болатынын сіз бен бізге тіршілік өзі дәлелдегендей.

Өмірге келген әр жанның жарық дүниенің төрт бұрышының бірінен өзіне лайық орын тауып, ғұмыр кешері сөзсіз. Ол адам сол өмірінің кезеңдерін мүмкін сәтті, мүмкін сәтсіз өткізер. Өйткені, жұмыр жерді мекен еткен пенделердің тағдыры, өмір ағымы бір – бірімен тоғыса бере ме немесе, тағдыр оларға бірдей сый ұсынып, бәріне күліп қарар ма екен?… Әй, қайдам!? Әлде жаратқан тәңірі «тәттіні көп берсем, қадірі кетер» дей ме? Сондықтан болар, адамдардың бірі бұл өмірге риза боп шаттанып, тұла бойын, жаны мен тәнін қуаныш билесе, екіншісі тәлкекке түсіп, теперіш көрген тағдырына қарғыс айтады.Бұндай екі түрлі арнамен ағып жатқан ала – құла тіршілік иелерінің өмірі күнделікті көз алдымызда кинотаспадай өтіп жатыр. Бірақ сәттіліктің түпкі себебін базбіреуі тұрмыс деңгейінен, келесілері басқа құндылықтардан іздейді.

Шаруаңыздың қолыңыздан келетініне шын сенсеңіз, бастаған ісіңізді сәтті аяқтай аласыз. Алайда көбінесе, күнді сәтті өткіземін деп үлкен құлшыныспен оянсаңыз да, түс ауған кезде күшіңіз таусылып қалады. Мына кеңестерді ұстансаңыз, күніңіз шынымен сәтті өтеді.

Ерте тұрған әйелдің ырысы артық, ерте тұрған еркектің бір ісі артық

Сабағыңыз не жұмысыңыз түсте басталса да, оған жарты сағат қалғанда оянып, апай-топай жиналып, таңғы ас ішпей, алды-артына қарамай жүгіріп шығу дұрыс емес. Неғұрлым ерте тұрсаңыз, соғұрлым істеріңіз де тезірек бітеді. Таңғы жаттығуларды істеп, душ қабылдап, таңғы асты асықпай әзірлеп, ішіп, күніңіз жайлы ойланып, оны жоспарлап, келер істерге дайын боласыз. Осыдан кейін, істеріңіз әрине сәтті аяқталады.

Күн дәйексөзін таңдаңыз

Азанмен сізді рухтандыратын дәйексөзді таңдап, оны күні бойы есіңізден шығармаңыз. Бәрінен шаршаған кезде, сол керемет сөздерді есіңізге алып, теріс ойлардан арылып, сәттілікке қайта шабыттанасыз. Осылайша, жаман жағдайлар туған кезде, сізді құтқаратын құралыңыз әр уақытта дайын болады.

Жақсы ой ойлаңыз

Өз күшіне сенбеудің басты себебі - болып жатқан жағдайдың тек жаман жақтарын байқау. Басыңызды әр уақыт жаман ойлар билеп алғанда, сіз қиындықпен күресетін күшіңізден арыласыз. Ал егер ылғи солай болса ше? Әлбетте сіз өзіңізді айдалада қалғандай сезінесіз. Сондықтан өміріңізде орын алған әр оқиғаның жақсы жақтарын іздеуге тырысыңыз. Аяқ астынан сәтсіздікке шалдықсаңыз да, бұдан алған тәжірибеңіз жайлы ойланыңыз.

Мейірімді болыңыз

Басқаларға көмек беру - әр уақытта өзіңіздің өмірге деген құштарлығыңызды арттырады. Бауырыңның басына түскен қиындық кейде өз қиындығыңызды ұмыттырып жібереді. Қиындықтан шыққаннан кейінгі бауырыңның саған айтқан шексіз алғысы жаныңызға ерекше рахат сезім сыйлайды. Сондықтан, жақын жандарыңызға көмектесуден бас тартпаңыз.

Жеңімпаз болыңыз

Сәттілік шыңын тек қана алда жүруге ұмтылатын жандар бағындыра алады. Сондықтан алға талпынуға үреймен қарамаңыз. Бұл эгоистік емес, өмірге деген құштарлығыңыз. Сондықтан, жеңімпаз болыңыз!

Неліктен кейбір адамдардың армандары орындалып жатады, ал кейбірініңкі жолы болмайды. Неліктен біреулердің асығы алшысынан түсіп, табыс пен ақшаны өзіне оңай тартып алады, ал кейбіреулерге әрдайым сәтсіздік жолығады.

Ал бірінің жолы болғыш, бай, табысты болып келеді, ал біреулер болса, айлықтан келесі жалақыға әрең жетеді.

Неліктен кейбір әйелдердің жеке өмірі мен ерлермен қарым-қатынасы жақсы қойылады да, арманындағы жігітті кездестіріп, сәтті соған тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешеді. Жолдасы оған әрдайым сыйлығын беріп, асты-үстіне түсіп, отбасы үшін барын салып жатады, ал басқа әйелдерде мұның бірі болмайды.

Сол үшін де ақша мен табысты өзімізге тарту үшін не істеуге болады? Және армандарымыз оңай, еш күш жұмсамай-ақ орындалу үшін де не істеуімізге болады?

Ал бұл жерде мәселе сәттілік пен қаражатта тұрған жоқ, мұнда біздің осы ақшаны өзімізге кіргізіп, қабылдауымызда болып тұр. Негізінен, біз бақыт, ақша, сәттіліктерді және армандарымыздың орындалуына өзімізге мүмкіндік беріп, рұқсат береміз бе?

- Сонда қалай, есігімізді ұрып өзі келіп тұрған ырыс-берекені қалай кіргізбейді деп ойлайсыз?

- Сонда қалай, жоғары жалақылы қызметке шақырылсақ, қалай ғана қабылдамаймыз?

- Қаншама жылдар бойы табысқа келе жатқан қадамда қалай тоқтап қалуға болады?

Ия, болады екен. Көптеген адамдарда осылай болып жатады, сол себептен де,сәттілік олардан айналып кеткендей көрінеді, ал армандары ешқашан орындалмайтындай болады. Олар ешқашан өздеріне сәттілік пен байлықты, жеке бақыт пен табысты тарта алмайтындай көрінеді.

Негізінен, тек қана өзіміз ғана сәттілік, махаббат, денсаулық, байлықты қабылдаймыз ба, жоқ па, өзіміз шешеміз.

Тек қана өзіміз ғана алланың берген жақсылықтары мен сыйын қабылдаймыз ба жоқ па, өзіміз шеше аламыз. Және оны біз былай қорытындылауға дайынбыз: «Мен мұндай сыйға лайық емеспін немесе мен ақылды, сұлу, талантты, сенімді емеспін, мен ешқашан өміріме ақша мен табысты тарта алмаймын» деп алдын орап кетеміз.

Ал шын мәнінде дәл ішкі сенімділік, дәл ішкі сезім «Мен лайықтымын» деген сөз ғана өміріңізге сәттілік пен табысты, жаңа перспективалық мүмкіндіктерді, байлықты, махаббатты, табысты тартатынын естен шығармаңыз. Дәл өзіңізге деген махаббат қана және «Мен лайықтымын» деген сезім ғана армандардың оңай және еш күш-жігерсіз-ақ орындалу сәттілігін жасай алады.

Барлығымызда да армандарымыздың жазылған тізімі бар шығар. Егер жоқ болса, онда осындай тізімді құруға мүмкіндік бар. Сонымен тиімді және қызықты іс - бұл шын мәнінде не қалайтыныңызды жақсылап асықпай отырып ойланып алу керек.

Біреулер үшін мықты денсаулық маңызды болуы мүмкін. Ал кейбіреулер үшін ең өзекті мәселе- ол өзінің жеке бақыты, отбасылық өмірдегі жақсы қарым-қатынас немесе армандаған жігітіне жолығып, оған тұрмысқа шығу болуы да мүмкін.

Ал кейбіреулер үшін, қызметте мансапқа жету, ал басқалар болса, ақшасы көп болып, байлыққа қол жеткізсем-дейді.

Сонымен барлық адамда жеткілікті өз армандары мен тілектері бар, бірақ олардың орындалуы бөгеліп, «адам басын қабырғаға ұрып жатады». Ал, бұл жағдайда неліктен орындалмай жатқанының себебін іздеу керек.

Өзіңізді сол армандарыңыз орындалуға лайықты адаммын деп есептейсіз бе? Әрине, тек сөз жүзінде ғана: «Ия, мен өзімді сәтті тұрмысқа шығатын немесе қызметте жоғарылауға лайықты адаммын» деп айта салу емес. Бұл жерде ең маңыздысы, шын мәнінде өзіңізге деген махаббатыңыз бен құрметіңіз бен армандарыңызға деген сол терең сезім бар ма, соны түсініп алу қажет. Сізде: «Ия, мен лайықтымын. Мен шынында да лайықтымын» деген ішкі сезім бар ма? Бұл сезім, яғни, армандарыңыз тура орындалып қойғандай елестеткеніңізде, денеңізден бір жылулық төгілгендей болу керек. Бұл сезім, тәніңіз тура бір аспап секілді арманыңызбен бірге қосылып ән салып жатқан күйде болады.

Ал, мұны тексеру оп-оңай. Ең бастысы, өзіңізге шыншыл болып, қолыңызға қағаз бен қалам алу керек. Сосын отырып, денені босаңсытып, көзді жұмып, арманыңыз тура өміріңізде орындалып, болып жатқандай етіп елестетіңіз.

Мәселен, сіз арманыңыздағы жігітті кездестіргіңіз келеді-дейік, сонымен сіз жолдас қызыңыздың тойында сол қалаған жігітіңіз сізге келіп танысып жатқанын елестетесіз.

Ол сізді биге шақырып жатыр, бүкіл кеш бойы асты-үстіңізге түсіп, сізді дәмді тағамдармен күтіп жатыр, қолына ұялы телефонын алып, тойдан кейін сізге хабарласып, сізді кездесуге шақырды, содан қатынасыңыз ұласып, сіздің қуанышыңызда шек жоқ.

–Ал енді, осы жерде тоқтай тұрыңыз, өзіңіздің сезімдеріңізді мұқият талдап шығып, түгел жазып шығыңыз. Ал егер өзіңізді кінәлау сезімінің толқыны болса: «Ия, мұндай ешуақытта да болмайды, мен мұндай жігітке, оның мені сүюіне лайықты емеспін»,-десеңіз, онда осылардың бәрін жақсылап жазып, осы күмән-күдіктермен, кінәлау сезімдерімен, сенімсіздіктермен жұмыс жасаңыз.

Сонымен түсінікті шығар, кез-келген орындалмай жатқан армандарыңызды елестетуге болады. Арманыңыз тура бір ОРЫНДАЛЫП ҚОЙҒАНДАЙ етіп елестеткеніңізде, өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді мұқият талдап шығыңыз.

Ал енді, себеп табылса-онда онымен жұмыс істеуге кірісеміз. Біз бұл пікірді басқаға алмастыруды бастаймыз. Яғни «Мен лайықты емеспін» деген ойды «Әрине, мен лайықтымын. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарға лайықтымын және мен осы жақсылардың барлығын өзіме кіргіземін де, қабылдаймын. Және мен бай болуға, табысты, бақытты болуға лайықтымын. Мен өміріме табыс пен ақшаны тартып, қабылдаймын». –Бұл өте керемет жаттығу. Өзіңе осы секілді пікір-нанымдарды айтатын болсаңыз, денеңде өміріңе, өзіңе деген махаббаттың жылы толқыны төгілген сезімде боласыз. Сосын кенеттен армандардың орындалатынына, ырыс-береке жаңа күшпен үйіңе келіп қонатынына сенесіз.

Негативті наныммен біз өзімізге келіп есігімізді тоқылдатқан табыс, махаббат, байлықтарды жолата алмаймыз. Сәттілік пен ырыс-берекені кіргізе ашудың орнына: «Жоқ, сен мекен-жайды шатастырып алдың, қателестің, мен махаббат пен байлыққа, армандардың орындалуына лайықты адам емеспін. Мен саған, жалпы, табысқа лайықты жан емеспін» деп айқайлап жауап бересіз.

Сол үшін де, енді мұндай жағдай болмасын десеңіз немесе мұны жөндегіңіз келсе, онда мұндай әрекетке қарсы тұрып, табысты өзіңізге тартып қана қоймай, оны уақытында байқап, ең маңыздысы-оған жан-тәніңізді, жүрегіңізді айқара ашуыңыз қажет. Табыс пен ақшаны, махаббат пен қуанышты көптен күткен қонақтай кіргізу керек. Жарқын жүзді үйдің егесі ретінде кеткісі келмейтіндей етіп қарсы алу керек.

Ал, бұл үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Тек күніге 10 рет азанда және кешке мына сенімділік беретін наным сөздерді қайталау керек: «Мен барлық жақсылықтарға лайықты жанмын. Менің өмірімде барлығы өздігінен оңай болады. Менің барлық арман-тілектерім орындалады. Менің айтқан анау армандарым, мынау армандарым (бұл жерде көзді жұмып, армандарыңыз тура бір орындалып жатқандай елестету керек) оңай және күш жұмсамай-ақ орындалуына нағыз лайықтымын деу керек. Ия, мен осыған лайықтымын және мен сәттілік пен ақшаны, махаббатты, құрметті, табысты тартып жатырмын»-деп өзіңізді жақсы көруіңіз міндетті.

Бұдан соң, денеңіз бір босаңсып, кеңейіп, тура ашылып жатқандай елестетіңіз. Сөйтіп міне ырыс-береке, байлық ашық жылулықпен, жақсы толқынмен тәніңізге еніп жатыр. Ал енді ол денеңіздің әрбір жасушасынан ағыл-тегіл төгіліп, нұрланып, жалтырап жатқандай сезімде болыңыз. Ия, сіз өте қуаныштысыз, көңіліңіз көкке көтеріліп, сәттілік сіздің өміріңізге жайғасып, сіз оны қабылдап жатырсыз, жайдарлы үй иесіндей оны мәпелеп, аялап, күтіп жатырсыз.

Және сәттілік те басқа адамдарға да барудың орнына сізбен бірге болу оған ұнағандықтан, қалуды ұйғарыпты. Бұл оған әрине қиындық соқпайды. Ол адамдарға қанша өзінің сәттілігін қалдырса, онда әрдайым жақсылықтар болатынын біледі. Енді сіз де тәніңіздің, оның ішіндегі әрбір жасушаларының іші нұрланып, сәттіліктермен толтырып жатқанын сезініп жатырсыз. Сіз қайда барсаңызда, не ойласаңызда, не армандасаңызда, осы сәттіліктер сіздің тілектеріңіздің орындалуына кірісіп кетеді. Ол сізге күндіз-түні көмектеседі, ұйқыңызды, көрген түсіңізді қорғайды.

Ал кейде үйіңізде айнаның алдынан өтіп бара жатқанда сіз тоқтап, өзіңізге қарап, айтасыз: «ия, сен осыған лайықтысың. Сен өз өміріңдегі сәттіліктерге, ерлермен жақсы қарым-қатынасқа лайықтысың. Сен байлыққа және қаржылай бостандыққа лайықтысың. Және сен барлық-барлық жақсылықтарға лайықтысың. Себебі, мен сені жақсы көремін». Ал, енді өзіңіздің айнадағы бейнеңізге, өз сәттілігіңізге күлімсіреңіз, сонда сіз ішіңізден шығып жатқан денеңіздегі әрбір клеткадан мыңдаған нұрлы сәттіліктер жауап ретінде сізге күлімдеп тұрғанын сезінесіз. Сосын сіз де онымен ойнағандай, жарқырап, күндей жарықты шашыратып, нұр шашасыз, сосын осы нұр-сәулеге жаңа мүмкіндіктер, жаңа адамдар, сәттілік пен махаббат толқыны өздері келіп қосылады.

Осыған өзіңіз де мүмкіндік беріңіз. Өміріңізге табыс, ақша, махаббат пен сәттілікті кіргізіп, қабылдаңыз. Өзіңізге осыны рұқсат етіңіз, сіз ең жақсыларға лайықтысыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]