- •Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
- •Этика пәні: анықтамасы.
- •7. Парыз ұғымы қалыптасуы
- •8. Шығармашылық бірлестік қызметінің негізгі қағидалары: этикалық талдау
- •9.Органикалық түрде ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •10. Кәсіпкерлік ұйымдасқан мәдениет
- •11.Партиципативтік ұйымдасқан мәдениет: этикалық талдау
- •12 Этикалық құндылықтар әлеуметтік психологиялық талдау.
- •Кадрлық менеджмент: әлеуметтік-психологиялық талдау
- •Кадрлық менеджмент эволюциясы
- •16. Кадрлық менеджменттің негізгі үлгілері: этикалық талдау
- •17. Қызметкерлерді басқарудың дәстүрлі әдістері ерекшеліктерін талдау!
- •24. Менеджердің этикасы: этикалық талдау
- •27. Кәсіби міндеттердің мән-мағынасы
- •28. Кәсіби қызмет мақсаттары.
- •29. Хх ғасырдағы қызметкердің кәсіби этикасының эволюциясы.
- •30. Менеджердің кәсіби қызметіндегі этикалық реттеу.
- •31.Сәттілік психологиясы
- •32 Кәсіби саттилик психологиялық сәттілік
- •Сәттілікке жету жолдарын талдау
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені және сәтті адамдардың ерекшеліктері
- •36. «Сәттілік индексі», «сәттілік магиясы», «сәттілік құпиясы», «сәттілік формуласы» түсініктерінің өзара байланысын және сәттілікке апарудың алты кілті
- •37.Сәттілік психологиясы және лидерлік жайлы байланыстыру және сәттілік неден тұрады психологиялық жайлы
- •39. Карьерлік өсудегі сәттілікке жетудің объективті факторлары
- •Өмірлік іс-әрекеттегі сәттілік феномені, персоналды бренд жеке бастық сәттіліктің факторы
- •44. Сәттілік және лидерліктің психологиясы
- •47. Манипулятивті технологиялар және сәттілік факторы.
- •Сәттілік факторлары:
- •48. Сәтті коммуникацияның вербалды және вербалды емес технологиялары
- •50. Тілдік этикет және сөйлеу мәдениеті
- •51. Кәсіби және іскерлік этикет.
- •52 Жаксы (манера) әрекет қонақ этикеті
- •53. Сәттілікке жету мотивациясы және сәтсіздіктен алыстау
- •55.Эмоция әлемі және жеке бастық және әлеуметтік сәттілік
- •56. Бизнес этикасы психологиясы.
- •57 .Имидж психологиясы және жеке бастық сәттілік.
- •Имидж (Бедел) туралы
- •Адамның имиджі
- •Имидж сипаты
- •Имидж тану
- •Имидждің тағы бір қыры
- •Имидждің әсері]
Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәні
Пәннің мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: әлеуметік ортада тұлғалық және кәсіби іс-әрекет жетістіктеріне жету жолдары, әлеуметтік өрлеу және студенттерді ғылыми жетілдіру тәсілдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Маманның кәсіби өрлеу іс-әрекеті ұғымы және негізгі категорияларын ашу;
Тұлғалық және әлеуметтік өрлеудің құндылықтық-нормативтік негіздері, адамгершілік-ізгілік, этникалық, этико-аксиологиялық компоненттерімен таныстыру;
Маманның кәсіби іс-әрекет жетістігі, әлеуметтік өрлеу тұлғалық жобалау тәсілдерін талдау;
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): студент білуге тиіс:
өрлеу ұғымының әлеуметтік-философиялық мәнін;
жеке және әлеуметтік өрлеу формалары, жетістігі, беделі формулаларын;
кәсіби өрлеу негізінде құндылық-нормативтік, адамгершілік-ізгіліктік, этникалық негіздерін;
әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі жеке және әлеуметтік өрлеу тәсілдерін әлеуметтік тәжірибелік жетістік, әлеуметтік көшбасшы және әлеуметтік қамқоршы;
білім беру жүйесін дамытудағы жаңашыл тенденциялар;
Пререквизиттері: «Этика», «Мәдениеттану», «Психология», «Педагогика»
Постреквизиттері: «Әлеуметтік білім беру», «Білім беру саясаты».
Этика пәні: анықтамасы.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
теориялық этика;
нормативті этика;
эмпириялық этика.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
4. Әділдіктің мәнін ашу
Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптаумәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы әділдік талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер,революциялар, бүліктер жүріп жатты. Әлеуметтік әділетті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистер өз халықтарына бақытсыздық әкелді. Социолизмқоғамы “байлық — бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрлым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі” деген жаңсақ пікірді құлаққа құйып келді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеуметтік енжарлыққа әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік теңдік — өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие.[1]
Нарықтық қоғамда “мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі ” деген өмірлік принцип кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Әділдіктің басты өлшемі — адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы. “Нәтижелер теңдігі” қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономиканың даму ынталылығын азайтады. Мысалы, дәрігер мен санитардың, профессор менассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым шарықтатып жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер менлюмпендердің, кедей адамдардың қатары көбеюі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.
