- •1.Этика пәнінің адам зерттейтің ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңы
- •3.Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз
- •4.«Жетістік» ұғым философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз
- •6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз
- •7.Адамның рухани дамуындағы базалық детерминанттарын және заңдылықтарын, негізгі принциптері мен тетіктерін айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын айқындап беріңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшеліктері және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11.Қарым-қатынасқа жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12.Қарым-қатынасты өзараәрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланыста дәлелдеңіз
- •14Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стрестік жағдайын талдап көрсетіңіз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •20.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсеті
- •21.Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22.Жастар арасында акккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз
- •23.Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің ерекшеліктерін ашыңыз (тарихи және заманауи)
- •25.Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз
- •26.Қарым-қатынасқа тұлғаны қабылдау (перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27.Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28.Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •29.Эмоцияны басқару тренингін бағалаңыз
- •30.Жетістік теориясы бойынша әдебиттерге аналитикалық шолу жасаңыз
- •31.Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін факторларды сипаттаңыз
- •32.Басқарушылық этиканың негізгі принциптерін ашып сипаттама беріңіз
- •33.Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптерін ашыңыз
- •34.Имидж және беделге әлеуметте жетістік көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз
- •35.Заманауи этикет талаптарын тізіп олардың қажеттілігін анықтаңыз
- •36.Заманауи этика мәселелерін табыңыз аңыз енинг семинар ұйымдастырыңыз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалын айқындаңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз
- •40.Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлғаға сипаттама беріңіз
- •41.Жетістілік және көшбасшылық түсініктеріне толық анықтама беріңіз
- •42.Жетістікті тұлғалары тарихын (бейне, тарихтар, өмірбаян- тұсаукесер) бағалаңыз
- •43.Өздігінен дамуды, кәсіби және тұлғалық жетістікті жобалаңыз
- •44.Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын пайымдаңыз
- •46.Жетістікті қызметті басқару негіздері концепцияларын салыстырыңыз
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне сипаттама беріңіз
- •48.Жеке жетістікке жету бойынша тренингтік сабақ әзірлеу немесе психологиялық ертегі құрастырыңыз
- •49.Психологиялық релаксация техникасы стрестің негативті салдарының алдын алу әдісі ретінде әсерін түсіндіріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған денсаулық сақтаушы технологияларына талдаңыз
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсерін айқындаңыз
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шараларына мысалдар келтіріңіз
- •54.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар туралы баяндаңыз
- •57.Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз
- •58.«Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндаңыз
- •60.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
58.«Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Тіпті кейбірі жұмысын сүймесе де, ақша үшін жүре береді де. Алға қойған мақсаттарының орындалуын көксейді. Осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен, әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көкірегіндегі арманы да орындала бермейді. Содан барып көпшілігі «тағдырға» барып шағынады. Жолым байланып қалды дейтәндер де көптеп кездеседі. Осындай көзқарастар илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де, адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс бойымен жүріп келе жатқан кеме санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатынан таңдап, қадағалай алады. Жетістікке жету үшін оның не екенін және оған қалай жету керек екенін білуі керек.
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағытталуы және сол мақсатқа жетуі. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Адамның бақыт пен шаттыққа бөоенуі де – жетістік.
Жетістікке жету үшін рухани және материалдық құндылықтарды ұштастыра білу қажет деп есептеймін. Рухани құндылық өзіндік баға берудің, мақсатқа жету жолында өзіндік жігерлену, алға ұмтылудың кілті. Ал материалдық құндылық руханидің өлшемі мен әдісі, яки, нәтижесі.
Ең біріншіден, мақсат қою керек. Және осы жолда сені жетістік күтеріне сену керек. Қай саладан болса да, қиындықтан қорықпай, өз күшіңнен күмәнданбай, әр іске де дайын болу, тек алға ұмьылу қажет. Таңлаған жолың тек оңынан жүргізбейді. Арасында сәтсіздіктер де болады. Осындай кездері еңмеңді түсірме! Әр сәтсіздік – тәжірибе арттыру сабағы. «Ақырын жүріп, анық бас» демекші, әр адымыңды «жеті рет өлшеп, бір кескенің» жөн. Әр нәрсені, мейлі күш-қуатыңды, мейлі қаржыңды, орнымен жұмса! Және ең бастысы – тәуелсіз болу. Бәреудің айтқанынан шыға алмай, бір орында тұрып қалуың мүмкін. Ал бұл сені алға емес, артқа тартады.
ТАРТЫСПЕН ТҮСКЕН, БЕЙНЕТПЕН КЕЛГЕН ЖАҚСЫЛЫҚ – ШЫН МӘНІНДЕ ҚЫМБАТ ТАБЫС. (М.ӘУЕЗОВ)
ЖЕТІСТІКТІҢ ТОҚСАН ПАЙЫЗЫ – ТЕР, ОН ПАЙЫЗЫ – ШАБЫТ. (ЭДИСОН)
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЕКІ ЖОЛЫ БАР: ӨЗ АҚЫЛЫҢДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫН ПАЙДАЛАНУ. (ЛЕ БРУЙЕР)
ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТІ ҮНЕМІ МАҚТАН ТҰТУ ОНЫ ЖАМАН ЖОЛДА ПАЙДАЛАНУ ЕСЕПТЕЛЕДІ. (МАУПАСОНТ)
59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндаңыз
Тұлға тек әрекет етіп және қойылған мақсатқа жетіп қана қоймайды, сонымен бірге өз әрекетін жетістік не жетістік емес деп бағалайды.
Жетістікке жету мотивациясында адам іс-әрекетінің қоғамдық әлеуметтік мә-ні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелігі оның ең басты белгісі болып табылады.
Адамның іс-әрекеті рухани және материалдық нәселермен тығыз байланысты. Олар сол нәрселер арқылы өздерінің қажеттіліктерін, өмір жағдайы мен қабілеттерін өзгертеді. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болып отырады.
Әр алуан іс-әрекет барысында адамдар өз қажеттіліктерін өтеп, жетістікке жетуге ұмтылады. Демек, Жетістікке жету мотивациясы дегеніміз адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі.
«Жетістікке жету мотивациясы» және «дамыту» терминін қолдану бұл процесті әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жетістікке жету мотивациясын дамудың жас ерекшеліктерін бейнелейтін көрсеткіштер X. Хекхаузеннің жұмыстарында аса үлкен қызығушылықтар тудырды. Оның ойынша, жетістікке бағытталған мінез құлықтың негізі 3 және 13 жас аралығында қалыптасады. X. Хекхаузен жетістікке жету мотиві және іс-әрекет арасын-дағы байланысты талдай келе, жетістікке жету әрекетінің үш мотивациялық детерминанттарына сәйкес келетін, жетістікке жету мотивацияның жалпы жас ерекшелікке байланысты дамуының үш топтық көрсеткіштерін бөліп көрсетеді:
1) табыстың және сәтсіздіктің тартымдылығы;
2) тұлғалық стандарт;
3) атрибуция типі.
Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан момынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жалпы жетістікке жету мотивациясы теориясында табандылық 1958 жылдан бастап арнайы зерттеудің обектісі болып табылды.
Х. Хекхаузен, М. Уинтерботт, Э. Френч, Ф. Томас және басқа ғалымдардың еңбектерінде жетістікке жету мотивациясы табандылықпен тығыз байланыста екенін көрсеткен. Х. Хекхаузеннің ойынша, табандылық мотивация сапасы және күшіне байланысты болатын құбылыс деп санады. Бұл сұрақтарды зерттеу жоғары сынып оқушыларына, студенттерге және ересек адамдарға жүргізілді. М.В. Матюхина және Т.А. Саблина еңбектерінде жетістікке жету мотивациясының қалыптасу және зерттеу мәселесіне байланысты сұрақтарды кіші мектеп жасында қарастыру қажеттігін негіздейді.
