Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.73 Кб
Скачать

4.«Жетістік» ұғым философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықтыістеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыға адамөмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп,рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – жетістік.

2. Жетістіктің он тармағы бар дейді. Соларды атап шығыңыздар.Тұқым қуалаушылық «Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен, Көрінеді кейін атқа міністен» (Ж.Баласағұн)

Экономикалық ахуал «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» (Ы.Алтынсарин). Дегенмен, Моцарттың дүниедегі ең үздік болуына оның кедейшілік өмірі кедергі бола алмаған.

Ішкі сенім «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегін мен ақылың екі жақтап» (Абай)

Психологиялық Жағдай М.Әуезовтің «Қарагөз» повесінде Қарагөзінен айырылып тек сүлдесі қалған Сырым сал осы аяныпты күйінен қалай құтыла алды? Оны серілігіне қауыштырып, жетістікке жетелеген де психологиялық оң өзгерісі еді.Уақыт өлшемі «Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді» (Құтып).

Адал табыс Ақ адамды Алла жа қтайды. Алланы алдамағандарадамдарды алдамайды. Бүкіл әлемді билеп-төстемек болған Гитлердің жеткен жетістігі бүкіләлемдік қарғыс болды емес пе?!

Адамгершілік сезім Кішіпейілділік, сыйласымдылық, адамгершілік сияқты жоғары сезімдер болған жерде оң жетістіктер болмай қоймайды.

Тынымсыз еңбек Еңбектенбей жетістікке жету мүмкін емес.

Білім мен біліктілік Қолға алған ісімізді білмесек немесе біліктілік таныта алмасақ, одан еш нәтиже шығара алмаймыз.

Наным мен Нартәуекел Бастаған ісін нәтижелі аяқтайтынына, жұмыстарын дұрыс жүргізетініне, бұған күшінің, білімінің, біліктілігінің және тәжиребесінің жететініне шәк келтірмеген адам «Қалғанына Алла төреші» деп ісін тәуекелге салса, еш шүбәсіз жетістікке жетеді.

5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

• Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;

• Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;

• Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;

• Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Адам баласы өмір сүруге қандай құштар болса, бостандықта болуға да сондай құштар. Себебі бостандықсыз өмірдің мәні жоқ. Мысалы, қылмыс жасаған адамды бостандығынан айырып, түрмеге отырғызып қояды, олай болса бостандықтың маңызын осы фактінің өзінен де көруге болады. Бостандық дегеніміз – адамдардың басқалардан қысым көрмей, еркін ойлап, еркін сөйлеп, еркін іс-әрекет етуге мүмкіншілігінің болуы. Былайша айтқанда адамдар өздерінің түсінігімен, сенім- нанымымен заңның шеңберінде, қоғамдық тәртіпті бұзбай, өмір сүруі және олардың санасында қауіп, үрей, қорқыныш сияқты жағымсыз сезімдердің болмауы. Әркім күнделікті өмірде үйлесімді өмір сүріп, ұнамды іспен айналысып, еркін жүріп-тұрса, олар өздерін бостандықта сезінеді. Бостандықты саяси, құқықтық, психологиялық, экономикалық, моральдық сияқты бірнеше мағынада түсінуге болады және ол жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе тұтас бір ұлттың бостандығы туралы да болуы мүмкін. Бұған дәлел, біз тарихтан құл иеленушілік қоғам, ұлт- азаттық қозғалыс, таптық күрес туралы жақсы білеміз және мұның бәрі бостандық үшін күрес болатын. Бірақ та бостандық дегеніміз, әркімнің ойына не ке Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді. лсе соны істеуге ерікті деген сөз емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]