- •1.Этика пәнінің адам зерттейтің ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңы
- •3.Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз
- •4.«Жетістік» ұғым философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз
- •6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз
- •7.Адамның рухани дамуындағы базалық детерминанттарын және заңдылықтарын, негізгі принциптері мен тетіктерін айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын айқындап беріңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшеліктері және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11.Қарым-қатынасқа жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12.Қарым-қатынасты өзараәрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланыста дәлелдеңіз
- •14Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стрестік жағдайын талдап көрсетіңіз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •20.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсеті
- •21.Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22.Жастар арасында акккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз
- •23.Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің ерекшеліктерін ашыңыз (тарихи және заманауи)
- •25.Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз
- •26.Қарым-қатынасқа тұлғаны қабылдау (перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27.Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28.Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •29.Эмоцияны басқару тренингін бағалаңыз
- •30.Жетістік теориясы бойынша әдебиттерге аналитикалық шолу жасаңыз
- •31.Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін факторларды сипаттаңыз
- •32.Басқарушылық этиканың негізгі принциптерін ашып сипаттама беріңіз
- •33.Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптерін ашыңыз
- •34.Имидж және беделге әлеуметте жетістік көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз
- •35.Заманауи этикет талаптарын тізіп олардың қажеттілігін анықтаңыз
- •36.Заманауи этика мәселелерін табыңыз аңыз енинг семинар ұйымдастырыңыз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалын айқындаңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз
- •40.Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлғаға сипаттама беріңіз
- •41.Жетістілік және көшбасшылық түсініктеріне толық анықтама беріңіз
- •42.Жетістікті тұлғалары тарихын (бейне, тарихтар, өмірбаян- тұсаукесер) бағалаңыз
- •43.Өздігінен дамуды, кәсіби және тұлғалық жетістікті жобалаңыз
- •44.Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын пайымдаңыз
- •46.Жетістікті қызметті басқару негіздері концепцияларын салыстырыңыз
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне сипаттама беріңіз
- •48.Жеке жетістікке жету бойынша тренингтік сабақ әзірлеу немесе психологиялық ертегі құрастырыңыз
- •49.Психологиялық релаксация техникасы стрестің негативті салдарының алдын алу әдісі ретінде әсерін түсіндіріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған денсаулық сақтаушы технологияларына талдаңыз
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсерін айқындаңыз
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шараларына мысалдар келтіріңіз
- •54.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар туралы баяндаңыз
- •57.Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз
- •58.«Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндаңыз
- •60.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалын айқындаңыз
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
