- •1.Этика пәнінің адам зерттейтің ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңы
- •3.Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз
- •4.«Жетістік» ұғым философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз
- •6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз
- •7.Адамның рухани дамуындағы базалық детерминанттарын және заңдылықтарын, негізгі принциптері мен тетіктерін айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын айқындап беріңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшеліктері және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11.Қарым-қатынасқа жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12.Қарым-қатынасты өзараәрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланыста дәлелдеңіз
- •14Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стрестік жағдайын талдап көрсетіңіз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •20.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсеті
- •21.Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22.Жастар арасында акккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз
- •23.Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің ерекшеліктерін ашыңыз (тарихи және заманауи)
- •25.Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз
- •26.Қарым-қатынасқа тұлғаны қабылдау (перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27.Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28.Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •29.Эмоцияны басқару тренингін бағалаңыз
- •30.Жетістік теориясы бойынша әдебиттерге аналитикалық шолу жасаңыз
- •31.Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін факторларды сипаттаңыз
- •32.Басқарушылық этиканың негізгі принциптерін ашып сипаттама беріңіз
- •33.Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптерін ашыңыз
- •34.Имидж және беделге әлеуметте жетістік көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз
- •35.Заманауи этикет талаптарын тізіп олардың қажеттілігін анықтаңыз
- •36.Заманауи этика мәселелерін табыңыз аңыз енинг семинар ұйымдастырыңыз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалын айқындаңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз
- •40.Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлғаға сипаттама беріңіз
- •41.Жетістілік және көшбасшылық түсініктеріне толық анықтама беріңіз
- •42.Жетістікті тұлғалары тарихын (бейне, тарихтар, өмірбаян- тұсаукесер) бағалаңыз
- •43.Өздігінен дамуды, кәсіби және тұлғалық жетістікті жобалаңыз
- •44.Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын пайымдаңыз
- •46.Жетістікті қызметті басқару негіздері концепцияларын салыстырыңыз
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне сипаттама беріңіз
- •48.Жеке жетістікке жету бойынша тренингтік сабақ әзірлеу немесе психологиялық ертегі құрастырыңыз
- •49.Психологиялық релаксация техникасы стрестің негативті салдарының алдын алу әдісі ретінде әсерін түсіндіріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған денсаулық сақтаушы технологияларына талдаңыз
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсерін айқындаңыз
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шараларына мысалдар келтіріңіз
- •54.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар туралы баяндаңыз
- •57.Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз
- •58.«Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндаңыз
- •60.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
35.Заманауи этикет талаптарын тізіп олардың қажеттілігін анықтаңыз
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.
Корольдік билік тұсында этикет заңдары монархты конституция заңдарынан әлдеқайда мықты байлап алды деп әзілдейтін де еді. Тіпті "әтикет патшаларды күл етті" деген сөз де сол кез үшін этикеттің маңызын танытса керек. Этикет нормалары дербес қасиетке ие. Адамдардың нені жағымды, нені жағымсыз деп тануы әрбір тарихи кезеңге, әрбір этностың өзіндік менталитетіне сай анықталады. Кейбір халықтарда қонақтың тамақты жеп, риза болғанының куәсі ретінде кекіргенін естігенге мәз болады, ал ол басқа халықтарда нағыз мәдениетсіздіктің көрінісі болып табылады. Кавказ халықтарында амандасу барысында алғашқы болып үлкен кісі қол ұсынса, Қазақстанда жасы кішіден ізет күтеді.
Әлеуметтік элита арасында дүниеге келіп, сонда біраз уақыт бойында өз әсерін білдірген этикет халық арасында кездеспеді деуге тағы да болмайды. Әрбір халықтың өзіндік қарым-қатынас мәдениеті болғандығына ешкім күмән келтірмейді. Оның қазіргі күні де кәсіптік, тұрмыстық және отбасылық этикетте өзіндік орын алып отырғаны белгілі.
Іскерлік немесе кәсіптік этикеттің моральдық негізі — гуманизм. Адамзаттың қадір-қасиетіне деген құрмет, өзінің әріптесінің мүддесі мен іс-әрекет психологиясын білу, тану және т.б. кәсіптік этикеттің құрамдас бөліктері.
Этикетті этикамен шатастыруға болмайды. Дыбыстық ұқсастықтарына қарамастан ол екеуі — екі дүние. Этикет нақты бір мезетте нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебін танытса, этика одан анағұрлым кең ауқымды қамтитын ұғым.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.
