- •1.Этика пәнінің адам зерттейтің ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңы
- •3.Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз
- •4.«Жетістік» ұғым философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз
- •6.Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз
- •7.Адамның рухани дамуындағы базалық детерминанттарын және заңдылықтарын, негізгі принциптері мен тетіктерін айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын айқындап беріңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшеліктері және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11.Қарым-қатынасқа жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12.Қарым-қатынасты өзараәрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланыста дәлелдеңіз
- •14Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стрестік жағдайын талдап көрсетіңіз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •20.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсеті
- •21.Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22.Жастар арасында акккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз
- •23.Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің ерекшеліктерін ашыңыз (тарихи және заманауи)
- •25.Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз
- •26.Қарым-қатынасқа тұлғаны қабылдау (перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27.Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28.Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •29.Эмоцияны басқару тренингін бағалаңыз
- •30.Жетістік теориясы бойынша әдебиттерге аналитикалық шолу жасаңыз
- •31.Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін факторларды сипаттаңыз
- •32.Басқарушылық этиканың негізгі принциптерін ашып сипаттама беріңіз
- •33.Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптерін ашыңыз
- •34.Имидж және беделге әлеуметте жетістік көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз
- •35.Заманауи этикет талаптарын тізіп олардың қажеттілігін анықтаңыз
- •36.Заманауи этика мәселелерін табыңыз аңыз енинг семинар ұйымдастырыңыз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалын айқындаңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдерін ашыңыз
- •40.Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлғаға сипаттама беріңіз
- •41.Жетістілік және көшбасшылық түсініктеріне толық анықтама беріңіз
- •42.Жетістікті тұлғалары тарихын (бейне, тарихтар, өмірбаян- тұсаукесер) бағалаңыз
- •43.Өздігінен дамуды, кәсіби және тұлғалық жетістікті жобалаңыз
- •44.Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын пайымдаңыз
- •46.Жетістікті қызметті басқару негіздері концепцияларын салыстырыңыз
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне сипаттама беріңіз
- •48.Жеке жетістікке жету бойынша тренингтік сабақ әзірлеу немесе психологиялық ертегі құрастырыңыз
- •49.Психологиялық релаксация техникасы стрестің негативті салдарының алдын алу әдісі ретінде әсерін түсіндіріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған денсаулық сақтаушы технологияларына талдаңыз
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсерін айқындаңыз
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шараларына мысалдар келтіріңіз
- •54.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар туралы баяндаңыз
- •57.Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз
- •58.«Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндаңыз
- •60.Қарым-қатынастағы эмоциялық конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
28.Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
Жетістік» түсінігі біздің өмірімізге енді. «Жетістік» және «жетістікке жету» феноменіне философтардың, психологтардың, әлеуметтанушы және педагогтардың көптеген еңбектері арналған.Философиялық еңбектерде жетістік деген не жанама және тура анықтауға талпыныс жасайды, сонымен бірге белсенділік, ерік жігер, әрекет, тұлға ұғымдары да қарастырылады.
К.А. Абульханова-Славская ойынша, белсенділік түсінігі «тұлға өзін іс-әрекетте қалай объектілерді» қарастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі ғалымдардың көпшілігі іс-әрекет құрылымы мынандай элементтерді қамтиды, мақсат- мотив- тәсіл- нәтиже .
Философтар Н.Н. Трубников, О.Г. Юдин мақсаттың және іс-әрекет нәтижесінің сәйкес келмеу мәселесін анықтады, мақсат қою шылықта нақты мақсаттарды жүзеге асыратын барлық шынайы салдарды есепке алу мүмкін емес деген. Іс-әрекеттік тұрғыдан қарағанда жетістік - мақсаттың және нәтижелердің жоғары көрсеткішке сәйкес келу болып табылады.
Жетістікке жету әрекеті адамның ойлап тапқаны, өйткені, сапа стандартына сәйкес міндеттерді қабылдауға міндетті, Сондай-ақ іс-әрекет аяқталған соң өзін - өзі бағалап, жоғары жетістікке, әлде бір жоғары дәрежеде орындап, нәтижесін көруге тырысу, өзінің ақылы мен қабілетін көрсету. Субъект белгілі бір дәрежеде жетістікке жетуге өзін міндетті санайды.
Алғашқы рет жетістікті адам мотивациясының қайнар көзі ретінде 1930 жылдардың соңында Мюррей қарастырды. Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Оны жылдам әрі, жақсы етіп орындау жолдарын табу басты міндеті. Қиындық, кедергілерді жойып, жоғары стандартқа жету. Өзін көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы өз өзіне деген құрметті арттыру .
Жетістікке жету мотивациясы кез-келген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады.
Т.О. Гордеев [1] қазіргі индустриалды қоғамда адамзат үшін негізгі құндылықтар кәсіби жетістік және өзін жақсы көретін адам ретінде қоғамға пайдасын тигізу деп санайды.
Жетістікке жету мотивациясы нәтижеге бағытталған іс-әрекетпен байланысты өмірдің барлық сферасындағы жетістікті зерттеуде аса үлкен мағына береді, олар оқу және кәсіби іс-әрекет болып табылады.
Х. Хекхаузен ойынша бұл әрекет мыналарға міндетті: 1) өзінен кейін жақсы нәтиже қалдыру; 2) сан және сапа жағынан дұрыс бағалау, 3) бағалау өте жоғары немесе аса төмен болмауы тиіс. Адам іс-әрекетіне қарай бағалау және іс-әрекет көп күш пен уақыт жұмсалуы арқылы іске асыралады; 4) іс - әрекет нәтижесін бағалау үшін арнайы салыстырмалы шкала қолданылып, сол шкала арқылы тиісті нормативтік деңгей анықталады. Бұл міндетті болып саналады; 5) іс-әрекет субъектінің қалауы бойынша, жоғары нәтижелі болуы тиіс [3].
Зерттеудің бұл контекстінде Хек-хаузенның жетістік іс-әрекеті туралы тек шектеулі мағынада айтуға болады деген сөзі маңызды, егер міндеттерді қою объективті нәтижені көруге мүмкіндік бермейді, нәтижесін субъектінің мүмкіндігінен төмен немесе жоғары болған жағдайда, егер ол іс-әрекетті бағалаудың эталоны мен нормасын өзі үшін міндетті деп санамаса, егер міндет мәжбүрлеген жағдайда немесе оның шешімі оның қатысуынсыз жүзеге асады .Сонымен, біз мотивация теориясының тарихи тұрғыдан дамуының үш саласын қарастырдық (биологиялық, бихевиористік, когнитивтік) (С.В. Рубцов). Мотивацияны даму психологиясында төрт кезеңді қарастырдық: ғылыми – табиғи, антропологиялық, жағдаяттық – динамикалық және тұлғалық (Д.А. Леонтьев).
Кез келген іс-әрекеттегі жетістік білім мен қабілеттілікке ғана байланысты емес мотивацияға да байланысты болады. Мотивация мен белсенділіктің деңгейі жоғары болған сайын адамды іс-әрекетке итермелейтін факторлар да көп. Мотивтері жоғары индивидтер көп жұмыс істеп, іс-әрекетте өте жақсы нәтижелерге жетеді. Ал жоғары мотивтелген студент жақсы оқып, қосымша әдебиеттерді көп оқиды.Жетістікке жету мотивациясын дамудың жас ерекшеліктерін бейнелейтін көрсеткіштер X. Хекхаузеннің жұмыстарында аса үлкен қызығушылықтар тудырды. Оның ойынша, жетістікке бағытталған мінез құлықтың негізі 3 және 13 жас аралығында қалыптасады. X. Хекхаузен жетістікке жету мотиві және іс-әрекет арасын-дағы байланысты талдай келе, жетістікке жету әрекетінің үш мотивациялық детерминанттарына сәйкес келетін, жетістікке жету мотивацияның жалпы жас ерекшелікке байланысты дамуының үш топтық көрсеткіштерін бөліп көрсетеді:
1) табыстың және сәтсіздіктің тартымдылығы;
2) тұлғалық стандарт;
3) атрибуция типі.
