Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.73 Кб
Скачать

17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз

Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.

Медициналық этика. Гиппократ – дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.

Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.

Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақстандағы оның басқару және ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.

Педагогикалық еңбек - өзіндік қарым-қатынасты басқаратын қоғамдық өмірдің қажетті сферасы.

Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.

Этикалық категориялар туралы сөз қозғайотырып олардың ғылымның кейбір "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден,олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден,этика кагориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б.дамуының,қозғалысының нысыны.

Басқа ғылымдардың категорияларына тән белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен,этикалық категориялардың өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктері де бар.

Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс -тұрысымен, олардың жакысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес 6ip-6ipiнe, қоғамга, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әркашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, ce6e6i, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып керсегеді.

Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатка ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жаксылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін адал, тәртіп, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.

Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реггеу құралы болып табылады, қоғамның адамгерішілік талаптарын керсетеді

Төртіншіден, басқа да адамгершілікк құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.

Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардьң категориялары мен түсініктерімен салыстырғанда, қоғамдық қатынастардьң эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.

18.Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз

Басшылық психологиясы – сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне байланысты.

Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-ға тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта да білуге тиісті; еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына; мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика.Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді; сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады.Басшының өресі басқалардан әлдеқайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс. Сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет; сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емес, ісін сынау қажет); сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу; адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту; сынау орнын және тәсілін ойластыру; сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.

Басшылық стилі

Басшылық, стилінің түсінігі және оны қалыптастыру

ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа,

Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс

Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қанталауымен

Басшы жұмысының стилі — оның басқару

Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір

Басқару тәсілі — басқару ісін жүзеге

Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс бағасы

Басшының дербес және жалпы стилі болады.

1. Іс-әрекет сипаты;

2. Басшы мен бағыныштылар

3. Психологнялық қасиеті;

4. Орындау тәртібінің жағдайы;

Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы,

19.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-бейнесін және беделін айқындап беріңіз (43 сұраққа жауапты жазса болады)

Жетістікке жететін адам кез келген кедергілерде мойымастан ілгерілеп, әрекетін, еңбегін жалғастыра алатын адам. Ілгерілеудің тоқырайтын жері, кедергінің сылтауға айналатын кезі. Адамның өзіне жасауы мүмкін болған ең үлкен жамандық, алдынан шыққан кедергіге тізе бүгуі. Жетістіктің қажет ететін ынта-жігерді жұмсауда қорққан кездерімізде өте әдемі сылтаулар табамыз. «Мынадай себептерге байланысты орындай алмадым, әттең осы кедергі болмағанда тауды қопарар едім» деген сияқты. Сондай-ақ адамдар өзіне тосқауыл болумен қалмай, басқаларға да тосқауыл болуды жақсы атқарады. «Өй сенің қолыңнан келмейді», «Сен мұны істей алмайсың», «Өй сен адам болмайсың» деп айту кісіге жасалатын ең жаман опасыздық. Егер жетістікті, табысты болғыңыз келсе табысты адамдардың ортақ ерекшеліктерін бойға сіңіруіңіз қажет. Ал табысты адамдардың ең маңызды қасиеті: Кез келген уақытта, кез келген шартта, кез келген жағдайларда да әрекетін, еңбегін жалғасыруды атқара алу. Өмір жолы әлемді саяхаттауға ұқсайды. Ойы, қыры, тауы, жазығы, теңізі, ыстығымен суығы болмайтын сапар болмайды. Ұзақ жолға шыққанда күн үнемі төбеңде тұрмайды. Қаншама елсіз далаларда, қараңғы түндерде жүруге мәжбүр боласыз. Қармен, боранмен, жаңбырмен, балшықпен арпалысуға тура келетін кездер болады. Жер бетінде қиындық тартпастан өмір сүрген адам болмайды. Тек жетістікті адам жолынан тайынбайды. Күлімдеген, жылы жүзді болу, жылы сөзді болу, мойымай еңбегін жақсы атқару, позитивті энергия жетістік әкеледі.

Жеке адам болу дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]