3 Топ сұрақтары
1)Тыныс алу мүшелері ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары:тұмау,өкпе туберкулезі-ауа арқылы берілетін аурулар.Кох таяқшасы – туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тынысалу гигиенасы.
Жасанды тыныс алдыру
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.Грипп вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.
Ангина (Аnginа —тұншықтыру, кысу) — баспа, ангина. Жұткыншақтың лимфа — аденоидтық шеңберінің, негізінен бадамша безінің жедел инфекциялық қабынуы. Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, дәрумендер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан Баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компресс қою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор.
Бронхит — бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция. Бронхит болғанда жөтелде шуыл болады, көбіне сілекей немесе қақырық түседі. Бронхит әдетте вирустан пайда болады, сондықтан оған антибиотиктер беруге болмайды. Антибиотиктерді егер бронхиттен оңалудың белгілері болмай бір аптадан артыққа созылған жағдайларда, өкпе қабынуының белгілері білінсе немесе өкпеңізде созылмалы аурулар болған жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Бронхит (bronchіtіs) — қолқаның қабынуы. Бронхитпен ауырған адамның қақырығында пневмококк, стрептококк, т.б. микроорганизмдер болады. Бронхит, негізінен, тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болады. Ауру көктем мен күзде күшейеді. Бронхиттің жедел және созылмалы түрі бар. Жедел Бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады. Жедел Бронхит негізінен 1 — 3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда Бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады. Созылмалы Бронхит — ұзақ уақыт шаң-тозаң, улы газ жұтқаннан, темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларының әсерінен өкпеде көп уақыт қан ұйып қалуының салдарынан дамиды. Науқас үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншиды. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады. Ауру асқынған кезде жатып емделу керек, науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ, таза әрі жылы болуы қажет. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банка, кеудесіне қыша қағазын қояды; антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішу қажет және физиотерапевтік, емдік гимнастика жүргізіледі. Науқас С витаминіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, ащы тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбағаны жөн.
Ларингит (грек. lаrynx — көмекей) — көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, суық ауа, т.б.) болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де Ларингит шалдықтырады. Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады. Созылмалы Ларингит оның жедел түрін уақтылы емдемеуден және қайталап аурудан, сондай-ақ, темекі тарту, арақ ішу, ұзақ уақыт қатты дауыстап сөйлеу, айқайлаудан, т.б. пайда болады. Созылмалы Ларингит кезінде науқастың дауысы шықпай қалуы мүмкін. Балаларда (6 — 8 жастағы) Ларингиттің ерекше түрі — қатпар асты Ларингит, немесе жалған круп жиі кездеседі. Бұл кезде қабыну салдарынан пайда болған ісік көмекейді тарылтып, баланың дем алуын қиындатады.
2)Егде және қарттық шақтағы ас қорыту мүшелерінің ауруларын түсіндіріңіз. Бүйректер мен зәр шығару жүйелері ауруларының ерекшеліктері.
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды
ө ң е ш. Жаңа туған баланың өңеші жаңа туған балада дамып бітеді.өңештің кіре берісі үшінші-төртінші мойын омыртқалар аралығы деңгейінде орналасқан, баланың өсуіне байланысты деңгейі төмендейді: екі жаста – IV-V омыртқалар арасы деңгейінде, он екі жасында - VI-VII омыртқалар деңгейінде болады. Осы ерекшелікті эзофагогастродуоденоскопия жасап жатқанда ұмытпау керек. Жаңа туған баланың өңеші, омыртқа жотасының өсуі өңеш өсуінен жылдамдау болғаннан, біршама қысқа болады. өңештің асқазанға өткелесі Х-ХІ кеуде омыртқалар деңгейінде орналасқан.
А с қ а з а н. Ас қазанның физиологиялық көлемі анатомиялық сыйымдылығынан кіші болып келеді, жаңа туған балада 7 мл болады. өмірінің төртінші күнінде физиологиялық көлемі 40-50 мл, ал 10 күнге таман 80 мл дейін жетеді. Бір жастың аяғында физиологиялық сыйымдылығы 250 мл, үш жаста – 400-600 мл. Туғанда баланың ас қазаны толық дамып бітпеген, нәрестеде ас қазан түбі және кардиалық бөлігі шала дамыған. өңештің қысқалығына байланысты ас қазанның кіре берісі диафрагма үстінде орналысқан, өңештің ас қазанмен байланысы кең тесік арқылы (Hiatus esophageus) орындалады. Ас қазанның бұлшық еттері шала дамыған. Қақпашысы дамығандығына байланысты жақсы жабылады. Бауырдың көлемі үлкен болғаннан бала ас қазаны қиғаш орналысады, ал жүре бастағанында – ас қазаны тік жағдайлы бола басайды. Осы ерекшеліктерге және кардиалық сфинктерінің шала дамуына байланысты жаңа туған бала емгеннен кейін жиі құсып қояды. Ас қазанның кардиалық бөлігі тек 8 жасқа таман дамып бітеді.
А ш і ш е к. Жаңа туған бала аш ішегі үзындығы ересек адамдардың аш ішек ұзындығымен салыстырғанда, дене бойынан ұзын болады. Жаңа туған балада ішек ұзындығының және дене бойының қатынасы 8,3:1; бір жаста - 7,6:1; ересек балада - 5,4:1. Аш ішектің шырышты қабаты жұқа, қан тамырларға бай, оның өткізгіштігі, әсіресе бір жасқа дейінгі балада, өте жоғары. Аш ішек шырышты қабатының эпителий жасушалары тез жаңарады. Нәрестенің ішек бездері жақсы дамыған, олар ересек бездерімен салыстырғанда, ірі болып келеді. Аш ішек қан тамырларға бай, мезентериялық қан көлемі жалпы қан айналымының 60-70% алады. Лимфа тамырлары өте жақсы дамыған, олардың саңлауы ересектермен салыстырғанда – кең болып келеді. Аш ішектен шыққан лимфа бауырға түспейді, сондықтан заттар лимфамен бірге тікелей қан айналымына түседі.
Т о қ і ш е к жаңа туған балада дамып бітпеген. Тоқ ішек таспалары сәл ғана білініп тұрады, ал гаустралары алты айға дейін жоқ болады. Тек үш-төрт жастағы баланың тоқ ішегі өз құрылысы бойынша ересектердің тоқ ішек құрылысына жақындайды. Тоқ ішек ас қорыту процессте белгілі рөль ойнайды: осы ішекте су қайта сіңеді және нәжіс массалары қалыптасады. Тоқ ішек арқылы қоректендіру заттардың сіңуі өте шамалы. Маңызды рөль ішек микрофлорасына да беріледі, дені сау баланың ішек микрофлорасы қорғау, уытқайтарғы функцияларды атқарады, оның әсеріне байланысты патогенді және шірітетін микроағзалар жойылады, В тобының дәрумендері пайда болады.
Жаңа туған баланың ішектері стерильді таза, бірақта бір неше сағаттан кейін әртүрлі микроағзалармен басылады. Ана сүтімен қоректенетін баланың ішек микрофлорасы бифидум бактериядан тұрады, ал жасанды тамақ ішетін бала ішек микрофлорасы ішек таяқшасынан және фекальды стрептококктан.
3)Егде және қарттық щақтағы эндокриндік жүйе ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Қан жасалу мүшелері ауруларының ерекшеліктері.
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
эндокринді ауруларды эндокриндік жүйесінің құрылымы органның әртүрлі бөліктерінде орналасқан бірнеше бездерінің тұрады. Өнімдер тікелей қанға осы бездерінің секрециясын және дене түрлі маңызды функцияларды әсер етеді. эндокриндік бездердің өндірілетін гормондар ағзадағы химиялық «хабаршы» ретінде әрекет етеді. Осы гормондардың үйлесімін эндокриндік жүйесі (организмнің оңтайлы жағдайын сақтай) ас қорыту, өсiмiн молайту және гомеостаз сияқты маңызды орган функцияларын жүзеге асыру негізгі рөл атқарады .. кез келген стресс, жұқпалы және басқа да факторларды бұзуы мүмкін. Негізгі эндокриндік бездер: гипоталамус, гипофиз, қалқанша, қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті, pineal безі мен жыныс бездерінің. Эндокриндік секрециясын кейбір жағдайларда иммундық және жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі ықпал етеді. Эндокриндік бездер қан тікелей енгізу пернесін гормондар шығарады, содан кейін бүкіл телу. # Гипоталамуса - эндокринді және жүйке жүйесінің орталығы. Бұл Гипофиз безі реттейді. # Гипофиз барлық басқа ішкі секреция бездерінің секрециясын реттейді. Гипофиз мұндай өсу гормонының, пролактин, кортикотропин, эндорфин мен thyrotropin сияқты маңызды гормондарды өндіреді. # Қалқанша безі гормондары балалардың ми мен жүйке жүйесінің дамыту үшін қажетті болып табылады. Эндокриндік аурулар шамадан тыс немесе қалыпсыз немесе гормондық өндіруге байланысты дамыту. Бұл аурулар қан өсуі бұзылуы, остеопороз, қант диабеті, жоғары холестерин мен триглицеридтің әкелуі, сондай-ақ қалқанша безінің ақаулық болады. Эндокриндік жүйесінің аурулары жатады: гипертиреоз, гиперкальциемия, өсу гормонының тапшылығы, Аддисон ауруы, Cushing синдромы және гипотиреоз (зоб). Эндокриндік аурулар стероиды немесе аутоиммунды бұзылуы қабылдау ісіктері бар триггерлер. Осы аурулардың белгілері: салмағы өзгеруі, көңіл-күй качели, шаршау, тұрақты ашқарақтық немесе мочиться шақырамыз. Эндокриндік бездердің дисфункция туындаған эндокриндік аурулары. Басқалары жеткіліксіз гормондар шығарады, ал кейбір жағдайларда, бір безі, тым көп гормондар шығарады. Ішкі секреция бездерінің (гипофункциясы) тақ секреция ісігі, ауру немесе жарақат себеп болуы мүмкін.
Қантүзу мүшелері (organa haemopoetica, гр. organon — мүше, haima, haemo — қан және poiesis - түзу) — қан жасушалары түзілетін мүшелер. Қантүзу мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), лимфа түйіндері, көкбауыр, құстарда фабриций қапшығы, ас қорыту және басқа да түтікше мүшелердің кілегейлі қабығында орналасқан лимфа түйіншелері (митоздықминдалина — бадамша без, ішек лимфа түйіншелері) жатады. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус, фабриций қапшығы, ал қалғандары шеткі қан жасау мүшелеріне жатады. Қантүзу мүшелерінің негізін (строма) ретикулалы ұлпа, ал тимус пен тың-торлы эпителий құрайды. Қантүзу мүшелеріндегі діңгекті және жартылай діңгекті жасушалардан қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) дамиды. Қантүзу мүшелерінде — қантүзу процесімен қатар қорғаныс қызметі де іс жүзіне асады.[1]
4)Егде және қарттық шақтағы инфекциялық аурулардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Егде және қарттық шақтағы ЛОР мүшелері ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Гериатриялық офтальмология.
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection — жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар. Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы. Әлеуметтік- экономикалық мағынасы 2 фактордан құралады Сырқаттану деңгейі Өлім көрсеткіші деңгейі Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % ( ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында ).Жұқпалы аурулардың назологиялары мыңнан астам. Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде. Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде ( туберкулез, дифтерия, безгек, холера) Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда ( оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз) Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген ( сібір жарасы, туляремия, құтырма) Жана аурулар пайда болып жатыр ( АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал) Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда. Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері Жұқпалы ауру туу үшін этиологиялық фактор қажет. Қоздырғыш организмде қорғаныс факторларын (капсула, L — түрлері) түзіп, өзіне тіршілік етуіне әрекет жасайды (соның ішінде антибиотиктерге төзімділік құрастыру). Жұқпалы ауруларға жұғыстық тән, әр науқас – ауру көзі ретінде қауіпті. Жұқпалы аурулар кең таралып, «лап етіп » өршу, эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді. Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді (соматикалық, хирургиялық аурулардан басты айырмашылығы) Бірталай жұқпалы аурулардан кейін тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады ( қызылша, дифтерия, скарлатина, желшешек т.б), кейбір аурулардан кейін типіне байланысты қысқа мерзімді иммунитет ( ішек инфециялары), кейбір инфекциялардан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Инфекциялық үрдістің даму түрлері. Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай. Инфекциялық процесс — қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы. Инфекциялық үрдістің түрлері Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде) жедел созылмалы Бактерия тасымалдаушы: ау адамдар арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы аурудан кейін дамитын жедел (3 айға дейін) созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы) Латенттік ( жасырын, иннапарантты) Баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы, герпес инфекциясы)
5)Гериатриялық дерматовенерология түсінігіне анықтама беріңіз.
Гериатриядағы диагностикалық қиындықтар баршаға мәлім, оны туғызатын себептер де түсінікті. Сондықтан да анамнез жинақтау гериатрия тәжірибесіндегі науқастарды тікелей бақылаудың негізгі әдісі ретінде үлкен маңызға ие. Егде және қарт жастағы науқастарға бейімделген классикалық анамнез үлгісі анықталып, ол келесідей бөлімдерді қамтуы керек: 1) жүйелер бойынша сұрақ алу; 2) медициналық және хирургиялық анамнез (шалдыққан аурулары, жасалған оталар); 3) отбасылық анамнез; 4) әлеуметтік анамнез; 5) тамақтану; 6) бұрын қабылдаған немесе қабылдап жатқан емі; 7) сексуалды; 8) психиатриялық анамнез. Әлеуметтік анамнез тұрғылықты жері мен тұрмыс жағдайы, отбасы құрамы мен жанұядағы кәрі немесе қарт адамға қолдау көрсетуге байланысты өзара қарым-қатынастар, туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруға жәрдем беретін достар мен таныстар туралы сұрақтарды қамтиды. Қандай медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатқанын, науқас кәсіби немесе басқа да еңбек қызметін жалғастырып жатыр, оның қандай көлемде екенін, жұмыспен қаншалықты дәрежеде қанағаттанатынын, қызмет бабындағы жүктемені қалай көтеретінін, ал жұмыс істемейтіндер үшін - өзіне қызмет көрсете алу мүмкіндіктерін анықтау керек. Еңбек қызметінің тоқтатылуынан кейін өзін қалай сезінеді және қоғамдық жұмысқа араласады ма? Жұмыс істемейтін зейнеткер ретіндегі жаңа өмір жағдайына бейімделуі. Хоббиі бар ма? Абайлап отырып, әйелінің (ерінің) өлімінің қалай тигенін, достары мен жақындарынан, т.б. алшақтап, өзін-өзі оқшаулап қою үдерісі дамыған ба, деген жайттарды анықтау керек. Тағамдық анамнез – ас қабылдау жиілігі, оның ішінде ыстық тамақ ішу жиілігі, жақсы шайнайды ма, тіс протездері бар ма. Бұрынғы және қазіргі кездегі диетасы қандай? Диетаны үйлестіру мәселелерін (майлар мен көмірсулардың арақатынасы; олардың тағам рационындағы құрамы төмен болуы керек) және ақуыздық тағамның толыққанды болуын (ет, балық, жұмыртқа ақуызы, сүт өнімдері, әсіресе майсыз сүзбе және сүт) анықтау маңызды. Өзі ыстық тағам дайындай алады ма? Алкоголь пайдаланады ма және қанша мөлшерде? Соңғы айларда, жылдарда салмақ тастады ма? Үйден азық-түлік дүкеніне, базарға немесе асханаға т.б. дейінгі арақашықтық қандай? Психиатриялық анамнез. Науқаста мазасыздық-күйзеліс жағдайлары немесе суицидтік ойлар болады ма, олардың немен байланысты екенін, туыстарында психикалық сырқаттардың бар-жоқтығын анықтау керек. [
6)Қарттық шақтағы гинекологиялық аурулардың себептерін түсіндіріңіз.
профилактикалық геронтология мен гериатрияның негіздері. Өмір салты. Егде және қарттық шақтардағы тамақтану физиологиясы мен гигиенасы.
Гинекология (гр. γυναίκα — әйел және гр. λόγος — ілім) — әйелдердің анатомия-физиологиялық, психикалық ерекшеліктерін және бұл процесстердің бұзылуын зерттейтін ғылым. Гинекология негізінде әйелдің организміне ғана тән аурулар мен, әйелдің репродуктивтік жүйесінің ауруларын зерттейтін медицинаның бір саласы болып табылады. Врач-гинекологтардың көпшілігі қазіргі кезеңде акушер болып та табылады. Гинекология жүктілік пен тууға қатысты, бастапқы кезеңнен соңғы кезеңге дейінгі, әйел организміндегі көріністерді зерттейтін, акушерлікпен тығыз байланысты.
Гинекология ертедегі Үндістан, Мысыр қолжазбаларында, емдеу кітаптарында да орын алған. Ертедегі грек ғалымы Гиппократ (б.з.б. 4-5 ғ.) әйелдердің ішкі органдарының қабынуын, ауруын, жатыр ісіктері туралы жазған болатын.
19 ғ-дан бастап Гинекология жеке ғылым болып дамыды.
Гериатрия (грек. geron — қарт, iatreia — емдеу) — егде және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы.
Геритрияның (Гг) негізгі міндеттері:
— егде және қарт адамдардың әр түрлі ауруларын алдын алу, емдеу, клиникалық ағымын, даму ерекшеліктерін зерттеу.
— ерте қартаю үрдісіне әсер ету мүмкіндіктерін анықтау.
Герогигиена (Гг) (грек. geron — қарт, higieno — емдік, денсаулық әкелуші) — адамның қартаю үрдісіне өмір сүру жағдайының әсерін қарастыратын және патологиялық қартаюды алдын алуға бағытталған, халыққа ұзақ, қабілетті, салауатты өмірді қамтамасыз етуге жағдай жасау шараларын белгілейтін геронтология саласы.
Профилине сәйкес мынадай топтарға бөледі:
— әлеуметтік герогигиенаны (Гг),
— коммунальдық Гг,
— еңбек Гг,
— тамақтану Гг.
Геронтология (грек. geron — қарт, Іogos — ілім) — адамның қартаю заңдылығын зерттейтін биология және медицина саласы.
Геронтология құрамына кіреді:
қартаю биологиясы
гериатрия
герогигиена
геронтопсихология
Тамақтану физиологиясы тамақтың адам организіміне әсерін зерттейтін, адам организіміне қоректік заттардың қажеттілігін анықтайтын, қоректік заттардың адам организімінде қортылыуын және сыіңірілуін анықтайтын физиологияның бөлімі.
Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, ор түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал қызылша — қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — организмде А витамині түзілетін — каротин (А провитамині коп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым коп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жақсы сіңіруге жәрдемдеседі. Көкөністер ас қорытудың бүкіл процесін реттеп отырушы болып табылады. Олардың емдәм тамағын дайындаудағы рөлі де зор. Көкөністердің жұғымдылығын сақтау үшін оларды дұрыс өндеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінде ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет. Тамыр жемістері мен картопты тазалап жуып, қабықтарын жұқалап аршиды, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болатындықтан, олардың қабығын жұқалап аршиды. Тазартылған көкөністерді неғұрлым ірілеу тураса, Көк витаминдері солғұрлым азырақ жойылады; картоптың кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жон. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазаланған көкөністерді 3 сағаттан артық (12° С-тан аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланады. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша,сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картопта тазартылған картопқа қарағанда С витамині екі есе артық сақталады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіреді. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнақ су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды қақпағы нығыздап жабылған кастрөлге пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салады, оларды 10 минуттан артық қайнатпайды. Оны дайын болысымен пайдаланады, себебі ұзақ сақталып, қайтадан жылытылса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттан астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі төмен температурада (0° С төмен) ауа ылғалдығы 90—95% және көлеңкеде жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыр жемістер, пияздың бастары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністер сақтауға келмейді.
7)Ерте қартаю және өмірді ұзарту әдістері мен құралдарын алдын алу талқыланыз.
Стэнфорд университеті Медициналық мектебінің қызметкерлері эксперименттер топтамасын өткізді және дене өлшемдерін ұзарту тәсілін тапты, деп хабарлайды The FASEB Journal. Хромосомалардың бұл шеткі учаскелері жаушаның әрбір бөлінуімен жұқарады, оларды ұзарту жасуша өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.Жас адамдарда дене өлшемдері шамамен 8-10 мың нуклеотидтерден құралады. Олардың қорлары таусылған кезде жасуша өледі. Ғалымдарға нуклеотидтер санын жасушаға өсу ферменті бар, түр өзгерісіне ұшыратылған РНҚ-н отырғызу көмегімен арттыру тәсілін табудың сәті түсті.Мұндай араласулардан кейін тері жасушасының бөліну қабілеттілігі 28 есе, бұлшық ет жасушасында – үш есе артты. Мұндай жайт орташа үш күн бойы сақталды. Ғалымдар эксперименттер нәтижелерінің оңды болып табылатындығын атап өтуде, өйткені енді жасушаның бөліну үдерісін басқаруға болады, жасушаның нақ осы шектеусіз есе бөліну қабілеттілігі рак ауруларына әкелетін.«Енді біз ішкі сағаттарды мүлде басқа жаққа бұрып, адамның дене өлшемдерін 1 мың нуклеотидке ұзарту тәсілін таптық. Бұл өмірге бірнеше жыл қосады, ал болашақта дәрілерді тестілеу немесе ауруларды модельдеу үшін қолжетімді жасушалар санын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді», – деп әңгімеледі Стэнфорд университеті микробиология және иммунология профессоры Хелен Блау.Бұған қоса, америкалық ғалымдардың жаңалығы бұлшық еттік дистрофияға әкелетін генетикалық ауру – бұлшық еттер дистрофиясын емдеуге арналған препараттар жасауда бұзып өту жасауға мүмкіндік береді.Сарапшылар атап көрсеткендей, өмір ұзақтығын арттыратын препараттардың ішінде қазірдің өзінде екеуінің де шығу тегі табиғи - орапамацин мен ресвератрол бар. Streptomyces hygroscopicus топырақ бактерияларының туындысы рапамацин ашытқылар мен омыртқасыз жануарлардың өмірін ұзартады, сондай-ақ тышқандарда жастық өзгерістерді болғызбауға жағдай жасайды.
8)Гериатриядағы иммунокорректорлардың тағайындалуын сараптаңыз.
егде және қарттық шақтардағы клиникалық фармакологияның ерекшеліктері қандай.
9)Егде және қарттық щақтағы иммунотерапия мәселелерін негіздеңіз.
Иммунотерапия – науқастың иммундық жүйенсін барынша жұмылдыруға бағытталған ем түрі. Оның мақсаты ағзадағы лейкозды агентке иммунологиялық тұрақтылықты жойып, лейкоз тіндерінің өсуін бақылайтын және басатын иммунологиялық жауапты белсендіру.
Иммунотерапияның ең тиімді әдістері:
жедел лейкоздың фенотиптеріне сәйкес моноклонды антиденелерді (МА) қолдану. МА екі жолмен пайдаланылады – науқастың сүйек миын не қанын in vitro моноклонды антиденелермен өңдеп, науқастың ағзасына МА енгізеді;
интерферонды (рекомбинантты адамның α2-интерфероны немесе реаферон) қолдану.
Реаферонның пролиферацияға және вирустарға қарсы әсері бар, бластарға қатысты Т-лимфоцит-киллерлердің белсенділігін күшейтеді. Оны 50 000000 ӘБ/тәу мөлшерде апта бойында тағайындалады.[1
10)Гериатриядағы диетотерапияның ерекшеліктерін негіздеңіз.
Диетатерапия (грек. Диаитиа - тамақтану және Therapies – емдеу) – кейбір ауруларды арнайы тамақ арқылы емдеу әдісі. Аурудың түріне, оның барысына қарай арнайы тамақ рационы жасалып, ем тағам дайындалады. Ем тағаммен емдеуді ертедегі грек, рим, араб дәрігерлері ұсынған. Олар ем тағамның жеке өзін, кейде басқа дәрі – дәрмекпен бірге пайдаланған. Организмнің қызметі тамақтың сапасына байланысты екендігін физиологиялық – эксперимент арқылы одақ ғалымдары И. П. Резенков пен Х. С. Коштаянц дәлелдеген. Ем тағамның құрамында ақуыз, май, көміртек, дәрумендер,су және минералды тұздар болуы шарт. Мұндай тамақты аурудың түріне қарай әр түрлі етіп дайындайды. Мысалы, қышқылдығы жоғары гастритте тамақ көбіне буға пісіріледі. Оның құрамында ет, балық, тұздалған тағамдар аз болуы керек, ал туберкулез ауруы кезінде тамақ өте құнарлы – ет, май, көміртек, дәрумен т.б. мол болуы пайдалы. Қазір tм тағамды түрлі операциядан кейін, гипертония, аллергия, атеросклероз, туберкулез, диабет, бүйрек ауруларына т.б. шалдыққан науқастарға жиі қолданады. КСРО- ның курорт, санаторий және көптеген ірі қалаларында диеталық асханалар болды. Ем тағам дайындайтын мамандар, дәрігер – диетологтар, диет-сестралар, аспаздар арнайы курстарда оқыды. Ем тағамды дайындау медициналық институттары мен училищелерінің оқу бағдарламасына енген болатын.
11)Гериатриядағы психотерапия ә1дістемелерін таңдаңыз.
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік, гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[
12)Гериатриядағы емдік дене шынықтыру түрлерін талқылаңыз.
Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарас- тыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары - практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медицина- лык гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің қүралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы әлсіздікте, буындардың қозғалысы бүзылғанда спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. "Дәрігерлік ғылымның қағидаларында" Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали өзінің "Гимнастикалық өнер" ғақлиясында (1959) емдеу гимнастикасы саласындағы ежелгі және орта гасырлық авторлардың зерттеулерін талдап, жинақтады. ТИССО "Медициналық және хирургиялық гим¬настика" деген кітабында (1780) дене жаттыгуларына үлкен маңыз беріп, "Қозгалыс әр-түрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды" деген қағиданы ұсынды. Түрліше аурулар мен жарақаттарда ЕДШ-ның әдістерін қолданудың тиімділігі, ол адамның физиологиясы үшін табиғи және ең қо- лайлы болатындығымен түсіндіріледі. ЕДШ әдістерінің ма- ңызды ерекшелігі - науқастың өзінің емдеу-қалыпқа келтіру процесінө белсенді түрде қатысуы сондықтанда ЕДШ құралдарын белгілегенде дәрігер оның дене белсенділігінің дәрежесін дәл анықтауы тиіс. ЕДШ-да ағзаның негізгі биологиялық қызметі қимыл-қозғалыс кең қолданылады, дене жаттыгула- ры қимылдың ұйымдастырылған түрі есебінде пайдаланылады. Науқастарды емдеуді ұйымдастыруда қимыл-қозғалыспен тыныштық жағдайда болу бір- біріне қарама-қайшы келмей, бір-бірін толықтырып отырады. ЕДШ-на тән әдіс - науқасты дене жаттығуларының көмегімен жаттықтыру, ол жалпы және ар¬найы жаттығу деп бөлінеді. ЕДШ-ның негізгі қүралдары - дене жаттығулары, олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы (жүру, жүгіру, жузу, есу, шаңғымен жүру және т.б.), қозғалыс және спорттық ойындарға бөлі- неді. Сондай-ақ ЕДШ-да еңбек ету сипатындағы жаттығуларда пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылданғанда күн, ауа, су секілді табиғи факторларды пайдалану олардың тиімділігін арттырады және шыны- ғуға жәрдемдеседі. ЕДШ-ды қолданудың түрлері емдік гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, мөлшерленген жүріс пен се- руендеу, терренкур, қатал мөл- шерленген түрдегі спорт жаттығуларымен шұғылдану, ойындар. ЕДШ-тың әрқайсысында жоға- рыда көрсетілген қагидалар - жалпы және арнайы жаттыгуды үйлестіру керек. Емдік гимнастика ЕДШ-ның негізгі түрі. Ем¬деу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшық еттер және тыныс алу жүйесі үшін деп екі топқа бөлінеді. ЕДШ-да кинозогифтератия деп аталатын судағы дене жаттығулары ерекше орын алады. Мөлшерленген серуендер, таза ауада жүру науқастың жүйке психикалық аясына ерек¬ше жағымды әсер етеді.
13)Қарт адамдарды физиотерапиясы мен санаториялық-курорттық емдеудің ерекшеліктерін талқылаңыз.
Қарт адамдардың өмiр ұзактылығы туралы қазақша реферат
Әр турлi акпараттык мэлiметтер казiргi кезде омiрдiн орташа узактылыгынын денгейi кунен — кунге тусiп бара жатканын хабарлайды. Бул корсеткiштер окiнiшке орай куанышты емес. Эсiресе, ер адамдар арасында омiр узактылыгы косеткiшi оте томен, ягни 57 – 59 жас. Карт адамдар осы жаска келгенде оздерiн кэрi сезiнiп олардын омiрiнiн мэнi жогалган сиякты болады.
Ен бiрiншiден осы келтiрiлген омiр узактылыгы демографиялык корсеткiшке катысты. Онын накты , толык жэне дурыс атауы — келер урпактын орташа кутiлетiн омiр узактылыгы. Бул кутiлетiн жэне болжалынатын корсеткiш эр адамнын омiр узактылыгын бермейдi, жэне де оган ешкандай кепiлдiк бермейдi. Статистика омiр узактылыгынын накты жауап бермейдi, ягни ол бiрде улкен немесе бiрде томен корсеткiш корсетедi, ол эр уакытта бiрдей бола бермейдi. Бiрак казiргi накты корсеткiштерге карйтын болсак, омiр узактылыгынын денгейi оте томен жагдайда турган шагын корсетiп тур.
Негiзiнен эр жас ушiн озiндiк корсеткiштер белгiленген. Мысалы, “ дуние жузiнiн халыкаралык ” демографиясыда жазылгандай, 80 жылдары ер адамнын орташа омiр узактылыгы 64 – 64 жаска тен болады, ал осы жаска толгандар ушiн ары карай кутiлетiн омiр узактылыгы 12,5 жылга тен болады, ягни олар 70 – 78 жаска толу болып саналады. Егер адам 75 жаска толтын болса, ол тагы да 7 – 10 жыл омiр суруi мумкiн. Сонымен катар 100 жаска толган адамдар ушiн де тага бiрнеше жыл омiр суруге мумкiндiк бар.
Жана туган сэбилерге бул кутiлетi омiр узактылыгы мiндеттi корсеткiш болып саналмайды, ойткенi болашак урпак ушiн омiрде эр турлi озгерiстер болуы мумкiн. Ягни жаксы омiр жагдайына байланысты омiдiн дамуы, гулденуi жэне керiсiнше куклдырауы. Бул жеке индивид ушiн емес, жалпы когам ушiн кутiлетiн косеткiш болып табылады. Бул казiргi уакыттагы орташа омiр суру жасы да жэне орташа олiм жасы да емес.
Егер бурынгы жэне казiргi корсеткiштердi салыстыратын болсак, олардын арасында улкен болмаса да айрмашылык бар. Бiрак осыган карамастан омiр узактылыгы эр уакытта кулдырау жагына икемдене бередi. Геронтолог В.В. Фролькистiн 1998 жылы шыкка “ Картаю жэне омiр узактылыгынын осуi ” окулыгында былай деп жазган болатын: “ Демографиянын болжамдары бiрдей емес. Ол эр дайым озгерiп отырады. Б. Ц. Урланистiн айтуы бойынша орташа омiр узактылыгы 2000 жылы 76 жаска тен деп айтса, М.С.Бедный оган баска корсеткiш колданды, ягни 2000 жылы ер адамдардын орташа омiр узактылыгы 77,4 болса , эйел адамдарда — 80,3 жасты курайды. Ал А.В.Боярскийдiн айтуына суйенетiн болсак, ол орташа омiр узактылыгын 85 жаска тенестiрген болатын. ”
14)Емдеу және аурудың алдын алудың дәстүрлі әдістерін негіздеңіз.
Баламалы медицинадағы емдеу әдістерін сараптаңыз.
15)Қарттық шақтағы иммунореабилитацияның мәнісі неде екенін түсіндіріп беріңіз.
Реабилитация - ақтау, ақталу, орынсыз тағылған айыптан ақтап шығару. Бұл көбінесе негізсіз тағылған айып-кінәні сот арқылы немесе әкімшілік жолмен жоққа шығару, абырой-атақпен хұқықты кайта калпына келтіру жолымен жүзеге асырылды. Р. ө р елдіңтарихыңд а кездесіп отыратын окиға. Бұл процесс біздің елімізде КОКП -нің 20, 22 ж әне 27-съездерінің, сондай-ақ Бүкілодақтық 19 партия конференциясының шешімдерінен кейін кең түрде жүзеге асырылды.КОКП - нің 20-съезінде И.В.Сталиннің жеке басына табыну қатал айыпталып, репрессиялық саясатқа толық тыйым салынды, лениндік норма қайта қалпына келтірілді, социалистік заңлылықтықатаң сақтау талап етілді. Осыған байланысты 1954 -1964 жылдар арасында бұрын репрессияға ұшырап , жазықсыз жазаланғандардың көпшілігі ақталып, азаттық алды қайтыс болғандары кейін ақталды . Бірақ бұл процесс 1960-1984 ж. арасында аздап тоқтап қалды. Елімізде болып өткен репрессиялар жөніңде айтпауға тырысты, айтқан күннің өзінде ол жөнінде жұқалап кана сөз бөлды. Ал елімізде демократия мен жариялылыктың ,плюрализмнің дамуына кең жол ашты, п артия халыкты кайта кұруға , бетбұрыс жасауға , жаңаша ойлауға,құқықтық мемлекетті нығайтуға шақырды. Оның үстіне КОКПОК-ні н 1989 ж. «30-40 -шы және 50-ші жылдардын бас кезінде орынаған жазалау шараларынын құрбаңдарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы » қаулысына сай жазықсыз жазаланғандард ы н бәрінің толық ақталуына олардың бейнесінің мәңгі есте қалдыруына тиісті жағдай жасалды.
Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан. Біз ардагерлер алдындағы борышымыз терең сезінеміз. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. Ертең ел боламыз десек, қазірден бастап түзелу керек. Атап айтсақ асыл мұрамызды жерге таптамауымыз парыз. Өкінішке орай, соңғы жылдары қазақ халқының жалпы санында қарт адамдардың үлес салмағының арту үдерісі яғни халықтың қартаюы. 2006 жылдың басында 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7,4 пайыз болды. 2030 жылы бұл көрсеткіш елімізде 11,5 пайызға жетпек.
Халықтың қартаю үдерісіне үш фактор әсер етеді, атап айтқанда басты себептері – бала туудың кемуі, өлім деңгейінің, әсіресі еңбекке қабілетті жастағы адамдар өлімінің жоғарлылығы және халықтың көші-қоны. Экономикалық бірлесіп қызмет көрсету және даму елдерінде соңғы 30 жыл ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 6 жылға әйелдерде 6,5 жасқа өсті. Біздің елімізде соңғы 10 жылда ішінде бұл көрсеткіштердің тұрақты түрдің өсу тенденциясы қалыптасқан.
Демографиялық қартаю біздің елімізде балалардың туу санының кемуіне байланысты болып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде жас ұрпақтың үлес салмағы 24-44 % -ға қысқарған. Осының нетижесінде зейнеткерлік жастың адамдардың үлес салмағы 15 жасқа дейінгі балалардың үйлесінен асып түсіп отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны арта түседі.
16)Үлкен жас топтарына кіретін науқастардағы жүйке жүйесі ауруларының негізгі белгілерін талқылаңыз.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
17)Шеткі жүйке жүйесінің қандай бұзылыстары бар, түсіндіріп беріңіз. Ми шайқалуы мен жарақаттануы. Ми қан айналымының жедел бұзылысы.
18)Қарт адамдарттың невропатологиясындағы жедел жағдайлардың себептерін түсіндіріп беріңіз.
19)Бас мидың атрофиялық процесстері кезіндегі психикалық бұзылыстардың себептерін түсіндіріңіз. Альцгеймер ауруы. Пик ауруы.
Атрофия (грек, atropheo; а — жоқ; trophe — қоректік зат, тамақ) — қоректік заттың келмеуіне немесе жетіспеушілігіне байланысты дене мүшелері мөлшерінің кішірейіп әлсізденуі. Атрофия көбіне мүшелерді қоректендіретін қан және лимфа тамырлары қызметін реттейтін жүйкелердің зақымдануы нәтижесіңде өрбиді.[1][2] Атрофия деп ағза клетка көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлерін ажыратады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бұлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияға байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему процесі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бұл қартаю яғни инволюция нәтижесінде дамитын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе кетерем болу (кахек- сия); 2) жергілікті сему.
Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі. [1].
Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.
Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.
Пик ауруы - орталық жүйке жүйесінің сирек, әдетте созылмалы және прогрессивті ауру, әдетте 50 жасында кездесетін - 60 жыл және негізінен майдандық және уақытша күлтесі бас миының қыртысының жою және атрофиясы сипатталады. Аурудың басталған орташа жасы - 54 жыл, қайтыс болғанға дейін ұзақтығын білдіреді - 6 жыл
20)Жеке тұлға және қартаю түсініктерін талқылаңыз.
Сәтті қартаю түсінігіне анықтама беріңіз.
Жеке тұлға –
әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді.
21)Кеш ересек шақтағы тұрақтылық және өзгерістер түсініктерін бағалаңыз.
22)Зейнетке шығу: статустың өзгеруін негіздеңіз.
23)Зейнеткерлік статустың физикалық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын анықтаңыз.
24)Отбасылық және жеке қарым-қатынастарды сараптаңыз.
25)Кеш ересек жастағы физикалық және когнитивтік даму ерекшеліктерін сараптаңыз.
