- •Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.
- •3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.
- •1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
- •1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
- •2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.
- •3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)
- •1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына в.П. Образцов пен м.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.
- •2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, с-реактивті ақуызы, формалы сынағы).
- •3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
- •1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
- •2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
- •3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
- •1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.
- •2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
- •3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
- •1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Симптом туралы түсінік.
- •3.Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы
- •1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.
- •2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.
1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
Асқазан және ішек ауруларына шалыққан науқастарды қарап тексеру Ас қорыту жүйесі ауыратын науқастарды сұрап тексеру: Шағымдары: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық. Дерттің даму тарихы — anamnesis morbi — анықталатын жағдайлар: а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, психо — эмоционалдық тежеулер және т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері; в) қолданған ем, оның әсері; г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары; д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі; Науқастың өмір тарихы – anamnesis vitae — осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар — тағамммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы — шиеленістер; жіті немесе ас қорыту ағзаларының дерттерінің болуы және т.б. тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергия, тұқым қуалаушылық, ас қорыту жолдары ағзаларының оталары және т.б. себептер. Ас қорыту жүйесі ауруларын сұрап тексерудегі іс-әрекеттер реттілігі Науқаспен танысу (Сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау) Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау Олар: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық. Негізгі шағымдарын айырып алу. Олар: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кет Негізгі шағымдарды талдау, сараптау. Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. Құрсақтағы ауру сезім: а) орналасу орны – қай жерде?- қолымен көрсетуді б) ауру сезімнің күші, қарқыны қандай? — в) – сипаты және қалай басталады; в) тағам қабылдаумен байланысы және уақыты?; г) таралуы — қайда; д) тағам түріне байланысы; ж) ауру сезімнің бәсеңсу немесе тарқалу себебі?; е)жылдық мерзіммен байланысы?. Өңеш бойындағы ауру сезім (одинофагия) өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы (дисфагия) – пайда болады жағдайы?); б) даму сипаты? Диспепсиялық көріністер: жүрек айну (nauzea); құсу(vomitus); қыжыл (pyrosis); іштің кебуі (meteorisis); айқындалу деңгейі (айқын,әлсіз); пайда болу себебі?; жиілігі?. Құсық: мөлшері; жиілігі рет?; сипаты — дәмі, құрамы? иісі?; құсқаннан кейінгі жағдайы?; кекірік — немен?. Тәбет (оrexis) — қандай? — өзгерген; өзгермеген. Ауыздағы дәм (сезіну) – сақталған, өзгерген? Сілекей бөлінуі — өзгерген; өзгермеген. Іштің кебуі (метеоризм), шұрылы – жиілігі; пайда болу себебі; Үлкен дәрет (дефекация) — жиілігі, сипаты; бөлінуі; Қатуы (obstipatio) — (неше күнге дейін?); өтуі (diarrea). Дәреттің жиілігі. Нәжістің сипаты: мөлшері, тығыздығы, сұйықтығы,; түсі; иісі; құрамы; құрттардың шығуы. Дәреттің ауырсыңғыштықпен шығуы. Анус аймағының қышуы, күйдіруі. Тік ішектің түсуі. Геморрой. Жүдеу — қаншаға, қандай уақыт аралығында? Қосымша шағымдар: Әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы, жұмысқа қабылеттінің төмендеуі, шаршағыштық (қашаннан бері мазалайды, қандай жағдайда – тұрақты немесе тұрақты емес Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы). Дерттің басталуын анықтау. Келесі сұрақтарды беріп: «Бірінші рет аурып тұрсыз ба әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?» Немесе қалай басталды?» — дерттің басталуын анықтау. Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар. Кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі ас қорыту жүйесі ауруларына тән шағымдарымен басталуы: тез, кенеттен ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, қою “күрең құсық”, қара май тәріздес нәжіс; тағамның кенеттен қиындап өтуі; кенеттен қатты бүрген ауыру сезімі, жаңа қабылдаған тағаммен құсу. бірте-бірте сыздаған ауру сезім, құрсақта тағамнан кейінгі қолайсыз ауыртпалық – тез тойып қалу, құсу; аш қарынға, түнде пайда болатын құярлықтағы әлсіз ауру сезім, қыжылдау. бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы). Дерттің дамуын анықтау. Келесі сұрақтарды беріп: а) Қандай шағымдармен басталды; әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді»? Мысалы: «тез, кенеттен ұстамалы түрдегі, қатты ауру сезім, оған қою “күрең құсық”, қара май тәріздес нәжіс қосылды; немесе кенеттен қатты бүрген ауру сезім және жаңа қабылдаған тағаммен құсу және т.б». Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)
