- •Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.
- •3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.
- •1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
- •1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
- •2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.
- •3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)
- •1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына в.П. Образцов пен м.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.
- •2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, с-реактивті ақуызы, формалы сынағы).
- •3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
- •1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
- •2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
- •3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
- •1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.
- •2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
- •3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
- •1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Симптом туралы түсінік.
- •3.Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы
- •1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.
- •2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.
2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
Науқасты сұрастыру тыныс алу мүшелері ауруларының негізгі шағымдарын талқылауға мүмкіндік береді (кеуде бөлігінің ауыруы, жөтелуі, ентігуі).
Өкпенің қабынуы, тыныс алу мүшелерінің және іш қуысы мүшелері мен омыртқа иррадиациясының патологиялық үрдістерінен кеуденің ауырысынуы (торакалгия) болуы мүмкін. Кеуде және қабырғааралық бұлшық еттердің зақымдануы (миозиттер) мен жүйке жүйесінің ауыру себептерін торакалгия қамтиды. Дененің бүйірге бұрылуы және тыныс алу кезінде ауырсынудың артуы миогенді және жүйкелік торакалгияға тән. Қабырғааралық невралгияда (оның негізгі себептерінің бірі белдемелі теміреткі болуы мүмкін) ауыру сезімі дененің ауыратын жағына еңкейгенде, ал миозиттерде - сау жағына кисайғанда болатын белгілердің бірі. Бұл ауыру сезімдері кабырға аралықтарында ғана орналасады және қысым түсіргенде күшейеді. Периостит және остеомиелит кезіндегі сүйектердің ауыруы белгілі бір жерде болады және ол тыныс алуға байланысты емес. Пальпация кезінде жергілікті сүйектердің өзгеруі (ісіну, сүйек тінінің ақауы, томпаю) байқалады. Қабырғалардың сынуына байланысты ауырсыну сезімі тыныс алғанда күшейеді. Сынық орнын кейде сипап сезуге болады.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі ауырсынулар плевральді генезде болады:ол-өкпе қабының париетальді бетіндегі ауырсыну рецепторларының тітіркенуі. Оның негізгі себебі түшкіргенде, күлгенде, жөтелгенде ауаның көп мөлшерде жұтылуы. Осы кезде жиі құрғақ жөтел қосылады. Егер процеске диафрагмалы плевра қатысса, ауырсыну сезімі иыққа, бұғана үсті шұңқырына, мойын бүйіріне, ал басқа жағдайда - эпигастрий аймағына және қабырға астына берілуі мүмкін. Диагностикалық қателікті болдырмас үшін, соңғы жағдайларды ұмытпаған жөн. Өкпенің қатерлі ісігінде (мезотелиома, метастазалар) кеуденің бір бөлігіндегі ұзақ әрі шыдатпайтын ауыру сезімі болады.
Кеуде бөлігінің ауырсыну сезімін түсіндіру қиындықтар туғызады. Қабырға аралықты невралгиядағы сияқты, вертеброгендіауыру сезімі «белбеуленген»сипатта жүреді: жөтелгенде және дене бүйіріне қисайғанда күшейеді, компрессионды парестезиямен де (жансыздану сезімі, дене тітіркенулері, т.б.) сипатталады. Холелитиаз, көкбауыр инфарктісі және соқырішек жиі кеуде бөлігінің ауырсыну сезімімен сипатталады.
Билет 3
1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
Кардиология (көне грекше: kardіa – жүрек және көне грекше: logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.
Зерттеу[өңдеу]
Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады. Республикада кардиология дербес ғылым ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу кафедрасы ашылысымен қалыптаса бастады (1935). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қан айналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.). Жүректің ишемиялық ауруларына антиоксидант және кальций әсерін бейтараптайтын дәрілермен әсер ете отырып, жүрек етінің зақымдануын тежеуге болатыны дәлелденді (Құлқыбаев, т.б.).
Аурудың алдын алу[өңдеу]
Жүрегі ауыратын жүкті әйелдерге кардиолология көмек көрсету тәсілдері зерттеліп, жүрек-қантамыр ауруларын анықтау әдістері ұсынылды (М.Төленов, т.б.). Шок (есеңгіреу), улану салдарынан өлім халіне келген адамды артериясына тез қан құю арқылы аман алып қалуға болатыны дәлелденді (Төленов). Туа пайда болатын жүрек ақауларын анықтау, оларды операция жасау арқылы емдеу әдістері, сондай-ақ қан тамыр хирургиясының әдістері табылды (В.С.Сергиевский, А.К.Ізмұқанов, Е.К.Нұғыманов, Ж.Х.Хамзабаев, т.б.). Жүрек ауруымен ауыратын адамдарды емдеуде тиімді табиғи факторларды (минералды сулар, шипалы балшықтар, қымыз және шұбат) ұтымды пайдалану, жаңа дәрілік препараттарды клиник. тәжірибеден өткізу және диагноз қоюда осы заманғы компьютерлік томографияны пайдалану іске асырылуда. Қазақстанда К. саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Хирургия ғылым орталығы, Педиатрия және бала хирургиясы ғылым орталығы, медициналық университтер, Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты шұғылданады.[1]
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру Шағымдары — жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ісінулер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Аурудың даму тарихынан мәліметтер жинастыру: аурудың басталуы (кенеттен, бірте-бірте, себебі мен пайда болу жағдайы; жасалған тексерістердің қорытындылары, жүргізілген емнің тиімділігі). қайталау және нашарлау жиілігі, себептері. Өмір тарихынан мына мәліметтерді анықтау: бұрын болған дерттері (баспа, скарлатина, сап (ревматизм); тұрмысы мен жұмысындағы жағдайы (қара күш жүктемесі, психикалық жүктеме, күйзелістер); үйреншікті уланулар (темекі шегу, арақ ішу және т.б.); тұқым қуалаушылық (ата-анасында, туысқандарында жүрек — қан тамырлар аурулары); эндокриндік бұзылыстар (климакс, тиреотоксикоз т.б.). Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі Науқаспен танысу: сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау 2.Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау Олар: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүректің қағуы, ісіктер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім. Негізгі шағымдарын айырып алу: Олар: кеудедегі ауру сезім, ентігу Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау. Жүрек аймағындағы ауру сезім (dolor): орналасу орны – қай жерде? ауру сезім сипаты — қалай білінеді? күші, қарқыны –қандай? таралуы — қайда? ұзақтылығы –қанша уақытқа? пайда болу себебі және жиілігі — қандай жағдайда пайда болады? ауру сезім тұрақтылығы? қандай жағдайдан кейін басылады? Жүрек қағуы: жиілігі және ұзақтығы? пайда болу себебі?; сипаты – қалай соғады (жиіленген, ретсіз соғуы, тоқтап қалғандай; басылу себебі? Ісіктер, ісінулер (oedema) пайда болу мезгілі және тәулік бойындағы өзгеулері? басталғандағы орналасу орны; таралуы? Ентігу (dyspnoe) пайда болу жағдайы? ұзақтығы және сипаты? Қан тастау (haemoptoe) қан мөлшері? қанша рет — жиілігі; Жөтел (tussis) жөтел сипаты; жиілігі; күшею себебі? Оң қабырға доғасы астындағы ауру сезімі сипаты? пайда болу жағдайы? Құрсағының үлкеюі (аscytis) қалай және қанша уақытта дамыды? Қосымша шағымдарды анықтау: Қосымша шағымдар: әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы жұмысқа қабылетінің төмендеуі, шаршағыштық (қашаннан бері мазалайды, қандай жағдайда – тұрақты немесе жүктемелерде) Дерттің даму тарихы, дерттің анамнезы. Дерттің басталуын анықтау Дерттің басталуын анықтау келесі сұрақтарды сұрау: «Бірінші рет аурып тұрсыз ба әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?», «қалай басталды?» — дерттің басталуын анықтау. Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар. Мысалдар: -кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі жүрек қантамыр жүйесі ауруларына тән шағымдарымен басталуы (кеудедегі шаншу тәрізді ауру сезімімен; жүрек қағуымен, тұншығу ұстамасымен, құрғақ жөтелмен; ентігумен немесе ісінулердің пайда болуымен әлде жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, жүрек аймағында ыңғайсыз қолайсыздықты сезінумен, бас ауруымен, бас айналуымен, ентігуге байланысты жұмысқа қабілетінің төмендеуімен; дене қызуының көтерілуі, т.б.); бұрыннан бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы). Дерттің ағымын анықтау. Дерттің дамуын анықтау: Қандай шағымдармен басталды, әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе қандай шағым қалай өзгерді? мысалы: «кенеттен жүрек аймағында ауыру сезімі болды, оған ентігу қосылды; немесе ентігу жиіленді, кейінірек кешке жақын аяғының ісінуі пайда болды және т.б». Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі). Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау келесі сұрақтарды беріп: Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз? психо-эмоциональнық тежеулер; ауыр қара жұмыс; салқынданулар; жақын арада болған жіті қабыну дерттері (жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынулары); уланулар, алергиялық әсерленулер (уытты әсері) шамадан тыс ішімдік қабылдау, кеуде жарақаты Жасалған шараларды анықтау. Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау: дәрігерге қаралдыма? қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы); емі (өздігінше -үйде, медициналық көмекке жүгінді — емханада); қандай дәрілер немесе басқа түрі; емнің тиімділігі қандай болды? Болмады? емделмеген; ауруханаға түсу себебі? жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр; -қаралды: тексерістер жүргізілген жоқ; тексерістер жүргізілді: жалпы қан анализі, қақырық анализі; рентген және т.б. олардың қорытындысы бар, қолында; -ем жүргізілді: а/б, қақырық шығаратын және т.б. емнің тиімділігі: бар, жоқ; емделмеген. ауруханаға түсу себебі: емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б. Өмір тарихы — осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар. Өмірінің әр кезеңінде: туылғанынан бүгінгі күнге дейін: болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрау-балалық шағы (нешінші бала, туылған жері) жасөспірім (мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы, мамандық алу (кәсібіне байланысты қатерлі жайттар) үйлену (жанұясындағы рухани, адами қасиеттік жағдайы) болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау: әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, жарақаттары; тұқымқуалаушылық дерттері; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік анықтау. әсер етуі мүмкін қолайсыз жайттар: Балалық және жасөспірім шағындағы дерттер (туа біткен жүрек ақауы, ревматизм, тонзиллит, тіс жегі). Жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынуы, аллергиялық және басқада дерттері; Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрақтанған жері: дымқыл, ылғалды; майлы, тұзды тағамдарды жиі пайдалануға бейімділік; қимылсыздығы басым тіршілік салты; от басындағы көңіл-күй, моральдық жағдайы). Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: ойдың, орталық нерв жүйесінің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушылық қызмет, жұмыс түрі; моральдық, психикалық хал-ахуал). Ер азаматтарда: әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; атабезінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар. Әйел адамдарда – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері; ауырсынулы немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті — ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары — өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте- жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер — қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Менопауза кезіндегі қан кетулер. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында жүрек ауруларының, гипертонияның, туа біткен ақаулардың, семіздіктің болуы. Басқа ағзалардың дерттері (тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру. 10.Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар.
