Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Klinicheskaya_meditsina.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.09 Кб
Скачать

1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.

Диагноз, ауруды анықтау - тексерілетін адамның денсаулық жағдайын ауруын немесе өлімінің себептерін аурулардың атауларын, түрлері мен барысын, нұсқаларын медициналық терминдермен жазып көрсететін медициналық тұжырым.[

2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.

Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады.Жалпы жағдайының ауырлығы ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже айқындылығына байланысты анықталады. Дәрігер жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты диагностикалық және емдік шаралардың көлемін және шұғыл жасалу сұрақтарын шешеді, ауруханаға жатқызу көрсеткішін анықтайды, науқасты тасымалдау және аурудың соңы (болжау) туралы айтады.

Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады:

Ø Қанағаттанарлық

Ø Орта дәрежесі

Ø Ауыр

Ø Өте ауыр (агония алды)

Ø Терминалды (агония)

Ø Клиникалық өлім жағдайы

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).

Орта дәрежелі ауырлық жағдайыағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың белсенділігі жалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі күте алады.

Ауыр дәрежелі ауырлық ағзаның өміріне қажетті қызметінің декомпенсациясы науқастың өміріне қауіп төндіреді, немесе мүгедектікке алып келеді.Науқастың төсектегі қалпы пассивті немесе мәжбүрлі, науқастың есін әртүрлі дәрежеде ауырлатуы мүмкін. Аурудың шағымы мен симптомдары біршама айқын: шыдатпайтын ауырсыну, қайта-қайта құсу, тыныштықта ентігу және басқ. Кейде науқас айқайлайды, көмекке шақырады, бет-әлпеті қайғылы түрде. Барлық ауыр жағдайдағы науқастар жедел түрде ауруханаға жатқызылады.

Аса ауыр жағдай (агонияалды) ағзаның өміріне қажетті қызметінің бірден бұзылуымен сипатталады және тез арада қарқынды ем шаралары жүргізілмесе, науқас бірнеше сағатта немесе минуттарда қайтыс болуы мүмкін. Науқастың есі комаға түсуі мүмкін. Қалпы пассивті. Тыныс-алу, жүрек-тамыр және басқа жүйелер мен мүшелердің зақымдалу симптомдары айқындалған: тыныс алудың ақаулы түрі, ұйқы артериясында пульс әлсіз, әзер байқалады, тырысужәне басқ. Реанимациялық бөлім жағдайында ем жүргізіледі.

Терминалды (агоналды) жағдай естің толық болмауы байқалады, бұлшық еттер босаңсыған, рефлекстері болмайды. Көздің қасаң қабығы мөлдір емес, төменгі жағы түсіп кетеді. Ұйқы артериясында пульсібайқалынбайды, қан қысымы анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, бірақ электрокардиограммадамиокардтың электрлік белсенділігі тіркеледі. Әр кезде кезеңді түрде тыныс алу қозғалысы - Биот типті тыныс байқалады. Агония бірнеше сағатқа немесе минутқа созылады.

Электрокардиограммада фибрилляция толқыны немесе изоэлектрлік сызықтың пайда болуы және тыныстың тоқтауы, клиникалық өлімнің болғанын көрсетеді. Өлер алдында науқаста тырысу, еріксіз несептің және нәжістің шығуы дамиды. Клиникалық өлімнің ұзақтығы бірнеше минутқа созылады, дер уақытында жасалған реанимациялық шаралар адамды аман сақтап қалуы мүмкін.

3.Дені сау және науқас адамдардың өкпесінің төменгі бөлігін салыстыру, паталогиялық өзгерістері және диагностикалық мағынасы.

Билет 9

1.Науқастың клиникалық зерттеулерінің кезеңдерін атаңыз.

2.Терінің критерилерін бағалау, сау адамдағы сипаттамасы.

3.Тимпатикалы перкуссиялық дыбыс, физикалық сипаттамасы, олардың тыныс жолдары аурулары кезіндегі түрі, диагностикалық мағынасы.

Билет 10

1. Жүрек аускультациясы. Техникасы және методикасы.

2. Сүйек белгілерін бағалау, патологиялық ауытқулар кезіндегі мінездемелері, диагностикалық мағынасы.

3. Көкірек қуысының сүйек деформациясына байланысты өзгерістерінің түрлерін дәлелдеңіз, клиникалық белгілері, диагностикалық мағынасы.

Билет 11

1. Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.

2. Полостной синдром: себебі, жасалу механизмі, негізгі шағымдары, олардың клиникалық сипаттамасы.

3. Тілдің белгілерін бағалау,патологиялық өзгеру мінездемесі,диагнстикалық мағынасы.

Билет №12

1. Конституциялық типі, классификациясы,бағалау критериилері, клиникалық характеристикасы,диагностикалық маңызы.

2.Ісік. Оқшауланған түрлері және олардың клиникалық характеристикасы.

3.Қанды қақырықтың және өкпеден қан кету себептерін түсіндіріңіз,механизмі және құрастырылуы, детализациясы, диагностикалық маңызы.

Билет 13

1. Ішкі ағза аурулары туралы жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері

2. Қалқанша бездің патологиялық ауытқуларын бағалау, диагонстикалық маңызы.

3. Өкпенің инфильтрациясы кезіндегі пайда болу синдромына түсініктеме беріңіз ( мысалы: бөліктік пневмония) :негізгі шағымдары,механизмі және құрастырылуы,клиникалық характеристикасы

Билет 14

1.Нозология туралы түсінік. Нозологияның диагностикалық құрылу этаптары

2.Буындардың критерияларына баға беру, патология кезінде өзгеруі және диагностикалық маңызы

3. Тыныс алу жүйесінің мүшелерінің аурулары кезіндегі жалпы тексерудегі мағлұматтар

Билет 15

1. Диабеттік және гипогликемиялық комаға түсініктеме беріңіз

2.Патологиялық тыныс алу жүйесі бар науқастардға зерттеу жоспарын құрыңыз

3.Биохимиялық қан талдау нәтижесіне баға беріңіз (жалпы ақуыз, ақуыз фракциялар,холестерин,несепнәр, азот қалдығы,эндогенді креатин ресімдеу арқылы,электролиттар – калиий, кальций,фосфор,натрий,хлор.)

16-билет.

1. Синдром түсінігі.Синдромға мысал келтір.

2. Омыртқаны бағалаудың критерилары.Патология кезінде олардың өзгеруі.Диагностикалық мағынасы.

3. Тыныс алу мүшелерінің ауруы кезіндегі диагностикалық терінің шырышты қабатына баға беру.

17-билет.

1. Жалпы науқасты қарау: есін, күйін, конституционалды жағдайы

2. Лейкоцитарлық формуланың диагностикалық мағынасы.

3. Жүректің жылжуы және шекарасының кеңейуінің диагностикалық мағынасын және себебін түсіндіріңіз.

18-билет.

1. Ауру тарихының схемасы.Ғылыми-медициналық құжат ретінде ауру тарихының мәні.

2. Тыныс алу аурулары кезінде маңызыд науқас шағымдары. Диагностикалық маңызы.

3. Биохимиялық қан анализіне баға беріңіз:бауыр комплексі (жалпы белок, белок фракциясы, холестерин, жалпы билирубин, оның фракциясы, Вельтман пробасы.)

19-билет.

1. Бауыр перкуссиясы. Курлов бойынша бауырдың өлшемі.

2. Жалпы қан анализі.Нечипоренко мен Аддис-Каковский бойынша зерттелуі.

3. Ылғалды жөтелдің пайда болу механизмін түсіндіріп беріңіз.Диагностикалық мағынасы.

20-билет.

1. Ішкі ағза аурулары ғылымының прапедевтикасы: мақсаты мен міндеттері.

2. Ес кезіндегі критерилерді бағалау. Естің бұзылуының түрлері, клиникалық белгілері,диагностикалық мағынасы.

3. Қан айналым жүйесінің ауруларының басты шағымдары.Диагностикалық мағынасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]