- •Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.
- •3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.
- •1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
- •1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
- •2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.
- •3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)
- •1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына в.П. Образцов пен м.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.
- •2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, с-реактивті ақуызы, формалы сынағы).
- •3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
- •1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
- •2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
- •3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
- •1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.
- •2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
- •3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
- •1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Симптом туралы түсінік.
- •3.Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы
- •1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.
- •2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.
2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
Пункция(латын тілінде punctіo — егу) — тінді бос инемен не арнайы аспаппен (троакар) тесу.
Пункция — шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықтың немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы: іш кепкенде, құрсақ ішіне сарысу жиналғанда және жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасайды.[1]
Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады. Диагностикалық пункция адам тінінде немесе органындағы патологиялық процестерді зерттеу мақсатында, сол органнан не тіннен сұйықтық (ірің, сарысу) алу үшін жасалады. Адамның жалпы жағдайын, жеке органдары мен белгілі бір жүйенің қызметін зерттеу үшін, қан тамырына не арнайы бір органға құрамы әр түрлі рентгендік заттарды (дәл рентгендік көріністі алу үшін) немесе әр түрлі химиялық қосындыларды, сондай-ақ таңбалы радиоактивті изотоптарды енгізеді. Бұл арнайы өлшегіш-диагностикалық құралдар арқылы іске асырылады. Ал емдік пункция қан тамырына немесе белгілі бір тінге дәрілік заттар құю үшін қолданылады, организмді керексіз заттардан (газ, ірің, т.б.), қан тамырларын улы заттардан тазарту үшін олардан қан, лимфа сорып алынады. Пункцияны жүзеге асырғанда асептикалық шараларды қатаң сақтау қажет.
7 – билет
1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.
Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.
Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады:
1. Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация);
2. Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы;
3. Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы;
Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.
Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі.
Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу, 2. Жабысу, 3. Жұту, 4. Қорыту.
қабыну ошағында жиналатын экссудаттың құрамына тамырдан шыққан сүйық, қан плазмасының нәруыздары мен электролиттері, қан жасушалары кіреді. Сол себептен экссудаттың транссудаттан айырмашылығы оның құрамында нәруыздар (2 пайыздан астам) көбірек болады. Егер тамыр кемерлерінің өткізгіштігі аз бүлінген болса, онда экссудатта негізінен альбуминдер мен глобулиндер ғана болады. Өткіз-гіштігі қатты көтерілген болса, онда қан плазмасынан тінге кесек молекулалық фибриноген шығады. Бұл кезде қан тамырларынан жасушалар да эритроциттер мен лейкоциттер шыға бастайды.
Сонымен бірге экссудатқа шыққан лейкоциттердің және жергілікті тін жасушаларының ыдырауынан көптеген ферменттер босап шығады. Сондықтан экссудатта протеолиздік, амилолиздік, липолиздік ж. б. ферменттер болады, Экссудаттың меншікті тығыздығы (1,016-1,020) тра'нсудаттан (1,004-1,010) көп болады.
