- •Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.
- •3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.
- •1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
- •1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
- •2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.
- •3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)
- •1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына в.П. Образцов пен м.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.
- •2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, с-реактивті ақуызы, формалы сынағы).
- •3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
- •1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
- •2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
- •3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
- •1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.
- •2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
- •3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
- •1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Симптом туралы түсінік.
- •3.Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы
- •1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.
- •2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.
3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
Мөлдірлігі
Консистенциясы
Салыстырмалы тығыздығы
Белок мөлшері
Плевра сұйықтығындағы белок мөлшерінің қан сарысуындағы белок мөлшеріне қатынасы
ЛДГ белсенділігі
Плевра сұйықтығындағы ЛДГ белсенділігінің қан сарысуындағы ЛДГ белсенділігіне қатынасы
Ривальта реакциясы (серозомуциннің бар не жоқтығы)
Мөлдір
Тұтқыр емес
1,015 аз
30 г/л аз
0,5 аз
1,6 ммоль/л. сағ. аз
0,6 аз
Теріс мәнді
Лай
Тұтқыр, тұрғанда кейде ұйып қалады
1,018 және одан жоғары
30 г/л көп
0,5 көп
1,6 ммоль/л. сағ. көп
0,6 көп
Оң мәнді
Бар клеткалар:
Эритроциттер
Нейтрофильдер
Эозинофильдер
Мезотелий клеткалары
Лейкоциттар саны
Бактериоскопия
Бірен-саран
Бірен-саран
Бірен-саран
Көп
10/л аз
Микрофлора жоқ
Көп
Көп
Көп
Бірен-саран
10/л көп
Туберкулез микобактериясы
Тұнбаны цитологиялық зерттеудің маңызы болады. Серозды, серозды-іріңдіктік плевритте нейтрофильдер басым болады, плевра эмпиемасында – нейтрофильдердің саны өте көп және олардың ішінде ыдыраған клеткалар болады. Лимфоциттердің басым болуы (барлық клетканың 50% көп) туберкулездік плевритке және басқа себепті плевриттің созылмалы дамуына тән. Сұйықтықта эозинофильдердің болуы және оның қандағы эозинофилиямен қоса кездесуі аллергиялық плевриттерде байқалады. Геморрагиялық плевритте (ісіктер, жарақат, тромбоцитопения, С авитаминозы) эритроциттер көптеп табылады. Атипиялық клеткалар (60% жоғары) ісіктерде байқалады. Панкреатогендік плевритте амилазаның экссудаттағы белсенділігі оның қандағы белсенділігінен жоғары (>500 ЭБ/мл) болады.
Плевра эмпиемасы. Интоксикация симптомдары (қызба, қалтырап тоңу, терлеу, лейкоцитоз, солға қарай ығысу, лейкоцитердің улану түйіршіктері, анемия, тез титықтап жүдеу) плевра қуысына сұйықтық жиналу симптомдарымен қоса кездеседі.
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы
Диагноз қою критерийлері. Плеврит диагнозын қою критерийлеріне жатады: 1) плеврит симптомдары;
2) сұйықтықтың ерекшеліктері (экссудат);
3) себеп аурудың клиникасы.
Екшеу-іріктеу диагностикасында себебі әр түрлі плевриттерді бір-бірінен ажырата білу керек.
Пневмониялық плевриттер. Пневмония плевритпен аурудың өріс алған кезінде (парапневмониялық плевриттер) және шешілуі кезінде (метапневмониялық плевриттер) асқынады. Пневмониялық инфильтрацияның клиникалық және рентгенологиялық белгілері мен плевра қуысына жиналған сұйықтықтың бір жақты болуы ауруға тән. Антибактериялық емнің нәтижесінде экссудат тез тарап кетеді.
Туберкулездік плевритте ауырған адамның туберкулез бациллаларын бөлетін адамдармен байланыста болғаны анықталады. Ауру адам анамнезінде оның бұрын туберкулезбен немесе туберкулез туралы күдік туғызатын аурумен ауырғаны жөнінде мәлімет болады. Көбіне жас адамдар ауырады. Туберкулездік интоксикация белгілері болады: жалпы әлсіздік, түнде терлеу, субфебрилитет, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, ұйқының қашуы, жөтел. Плеврит әдетте бір жақты. Кеуде және шеткі лимфа түйіндерінің, сүйектердің зақымдану белгілері, кератит, блефарит белгілері, өкпенің инфильтративті және фиброзды-каверналы туберкулезінің белгілері болады. Рентгенологиялық тексергенде плевра қуысында сұйықтық, өкпеде – біріншілік комплекс, петрификаттар тағы басқа туберкулез белгілері табылады. Туберкулиндік сынамалар – оң мәнді. Экссудат көбіне серозды – фибринозды болып келеді, геморрагиялық болуы мүмкін. Аурудың басында экссудатта нейтрофильдер, кейін (2 аптадан кейін) – лимфоциттер басым болады. Экссудатты бактериологиялық тексергенде туберкулез микобактерийі, торакоскопиялық тексергенде плевра үстінде туберкулездік төмпешік табылады.
6 – билет
