- •Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Патологиялық зәр шығару жолдарының ауруымен ауыратын науқасқа зерттеу жоспарын жасау.
- •3.Қабыну кезіндегі жоғары дене температурасының болу себебін түсіндіріңіз.
- •1.Дәрілік деонтология түсінігіне не кіреді.
- •2. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі науқастың шағымдарын атаңыз
- •1.Отандық кардиологияның дамуына г.Ф.Ланганның ғалым ретінде қосқан үлесін атаңыз.
- •2.Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауратын науқастың шағымдарын атаңыз.
- •3.Зәр шығару жүйесінің инструментальды зерттеу әдістерін түсіндіріңіз (ренгендік,ультрадыбыстық,сканерлеу,радиоизотоптық, биопсия)
- •1.Қан тамырлар жүйесін және ас қорыту мүшелерін зерттеу әдістерінің дамуына в.П. Образцов пен м.Д. Стражеско ғалымдарының қосқан үлесі.
- •2.Қанның биохимиялық анализінің қорытындысына баға беріңіз: ревматологиялық комплекс ( жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, Вельтман сынағы, сиалово қышқылы, с-реактивті ақуызы, формалы сынағы).
- •3.Тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.
- •1.Асқазан – ішек жолдарының ауруы кезіндегі науқастың шағымдарын көрсетіңіз.
- •2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
- •3.Экссудаттың транссудаттан айыратын белгілері.
- •1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі кеуде жасушасының ауырсынуы, оның себебі, пайда болу механизмі, детализациясы, диагностикалық мағынасы.
- •2.Дені сау және науқас адамдарының лимфа түйіндеріне баға беріңіз.
- •3.Плевралық пункцияның мақсаты мен көрсеткіштері, асқынулары.
- •1.Экссудаттың физикалық қасиеттері, диагностикалық мағынасы.
- •2.Симптом туралы түсінік.
- •3.Везикулярлы тыныс алудың қалыпты және патологиялық жағдайын салыстырыңыз. Диагностикалық мағынасы
- •1.Диагноз ұғымы, диагноз түрлері.
- •2.Науқастың жағдайын жалпы белгілерін бағалау, ауырлықтың өрбуі және олардың клиникалық сипаттамасы.
2.Тыныс алу мүшелерін функционалды зерттеу әдістеріне баға беріңіз.
Спирометрия— өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы — адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген, олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі және сыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б. факторларға байланысты болады. Зерттелетін адамның тыныстық функциясын бағалау үшін, оның анықталған өкпе көлемдерін соған сай міндетті өлшемдермен салыстыру керек. Міндетті өлшемдерді формула немесе номограмма арқылы есептеуге болады. Олардың +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп есептейді. Спирометр құралы. Және спирометрияны жүргізу кезіндегі көрініс Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін сулы немесе құрғақ спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндрінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейін де анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады. ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрынын мұрын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығарған ауа атмосфераға шығарылытындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды. Дем шығарудың резервті көлемін анықтау үшіе әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұраймыз. Спирометр шкаласын дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады. Дем алудың резервтік көлемін екі тәсілмен анықтайды. Есептеу және спмрометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемімен дем шығарудың резервтік көлемі қосындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледі де, қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спиримтрден максимальді терең дем алуын сұрайды. Спиромтрдегі әуелдегі ауа көлемімен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті дем алу көлеміне сай келеді. Қалдық көлемді анықтайтын тура әдіс жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30% құрайды деп есептейді. Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау. Тыныс алудың минуттық көлемі – ол 1 минут ішінде дем алған немесе дем шығаран ауа көлемі. Тыныштық күйде ересек адамның минуттық тыныс алу көлемі 6-8 л, ал жұмыс кезінде 120-140 л дейін жетеді. Минуттық тыныс алу көлемі өкпе вентиляциясын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем. Өкпе вентиляциясын өлшеуге арналған жүйені жинақтайды. Зерттелуші аузына дезинфекцияланған ауызға киетін құралды киіп, зерттеу барысында клапанды қондырғы арқылы дем алыды. Зерттелушінің мұрнын арнайы қысқышпен қысады. Зерттеу барысында зерттелуші ауызға жабатын құрал арқылы дем алып үйренгенше 1-2 минутқа үш жолды кранды шығарылатын ауа атмосфераға кететіндей етіп қояды. Одан кейін үш жолды кранды деммен шығарылған ауа Дуглас қапшығына және осы уақыт арасындағы тыныстық қозғалыс санын санайды. Содан кейін үш жолды кранды жауып, Дуглас қапшығын газды есептегішке жалғап, қапшықтағы ауаны сол арқылы өткізіп, ішіндегі ауа көлемін анықтайды. 40 литрлік Дуглас қапшығын 80 литрлік қапшыққа ауыстырып зерттелушінің арқасына бекітіп қояды. Зерттелушіге велоэргометр көмегімен 3 минут бойы жұмыс жасатқызады, оның барысында дем қапшыққа шығарылады. Жұмыс кезінде дем алу жиілігін санайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін, дем шығарғандағы ауа көлемін газды есептегіш арқылы анықтайды. Пневмография. Пневмография— тыныстық қозғалыстарды тіркеу. Ол тыныстың жиілігін және тереңдігін анықтауға, дем алумен дем шығарудың ұзақтылығы қатысын білуге мүмкігдік береді. Сау ересек адам минутына 12-18 рет дем алады. Дене жұмысы кезінде дем алу жиілігімен тереңдігі өзгереді. Сондай-ақ тыныстық ырғақ өзгерісін жұтынғанда, сөйлегенде, тынысты уақытша тоқтатқанда және т.б. бақылайды.
