- •Кәсіпкерліктің негізгі белгілері
- •§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
- •5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
- •6. Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар
- •Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
- •§1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.
- •§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
- •Экономикалық өсу: мәні,типі және факторлары
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •1.Инфляцияның мәні және себептері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.
- •§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.
- •§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
өнім(ЖҰӨ)көрсеткішіндегі көрінісі.
Ұлттық экономиканының нәтижесің өлшеу үшін түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады,олдардың жиынтығы «ұлттық есептеу жүйесі» деп аталады.Ұлттық есептеу жүйесі экономиканың негізгі секторларының арасында болатын қатынастардың сандық кестесі түріне негізделінеді.Олар экономикалық әрекеттерді және шығындармен кірістерді, өндіріс арасындағы байланыстарды сипаттауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар,ұлттық есептеу жүйесі халық аралық салыстыруды, мемлекет аралық қатынастарды женілдетеді.
Ұлттық есептеу жүйесі бойынша,негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы ұлттық өнім(ЖҰӨ),жалпы ішкі ұлттық өнім (ЖІӨ) ұлттық табыс (ҰТ),таза ұлттық өнім (ТҰӨ) ұлттық байлық жатады.
Бұл көрсеткіштердің ішінде ен негізгісі жалпы ұлттық өнім болып есептелінеді. ЖҰӨ шет елде және ұлттық территория шенберінде сол елдің азаматтары бір жыл ішінде өндірген түпкі өнімдерінен көлемінің нарықтық құнымен анықталады.Мұнда мына жағдайды ескеру қажет,түпкі өнімге тек тұтынуға арналған тауарлармен қызметтер ғана жатады.Ал қайта сатуға,өндеуге арналған тауар мен қызметтер ЖҰӨ- ді есептегенде есепке алынбайды.Бұл тауарлар мен қызметтердің құндары ЖҰӨ-ге кіретін болса,онда осы тауарлар құндары (аралық)екі рет есепке алынып,ЖҰӨ дұрыс бағаланбайтын болады . Екі рет есептеуді болғызбауға қосылған құн көрсеткіші мүмкіндік береді.Қосылған құн – ол фирманың нарық бағасымен өндірген өнімінің өнімді өндіругең жұмсалған материалдарымен шикізаттардың құндарының айырмасы,яғни қосылған күн жалпы ұлттық өнімді айтарлықтай толық сипаттайды.
Мысал арқылы көрсетейік. Мысалы жүннен тоқылған матаға тұтынушының қолына тигенге дейін бес өндіріс сатысынан өтеді екен.
Өндіріс сатылары |
Өнімнің сату бағасы (теңге) |
Қосылған құн (теңге) |
Сауда- саттықтың жалпы құны. Қосылған құн жалпы табыс
|
600 1000
1250
1750
2500
7100 - |
600 (600-0) 400 (1000-600)
250 (1250-1000)
500 (1750-1250)
750 (2500-1750)
- 2500 |
Кестеде көрсетілгендей А фирмасы, қой өсіретін ферма, жүнді өңдейтін кәсіпорынға, Б фирмаға жүнді 600 теңгеге жеткізіп жіберді. А фирма жүнді сатқаннан түскен 600 теңгені жалақыға, рента төлемдеріне, процентке және пайдаға бөледі. Б фирмасы жүнді өңдеп В фирмасына 1000 теңгеге сатады. Б фирмасы фирма В-дан алған ақшаның 600 теңгесін А фирмасына, ал қалған 400 теңгені фирма Б жалақы төлеуге, рента төлеуге, ресурстар сатып алуға жұмсайды. Мата өндіру процесінің қалған сатылары жоғарыда көрметкен сомадай жүзеге асады.
Жоғарыда келтірілген мысал бойынша, ЖҰӨ-ді анықтағанда өндірілген матаның құнының қай бөлігін есепке алу керек деген сұрақ туады. Әрине, тек 2500 теңгені, яғни түпкі өнімнің құнын есепке алу керек. Егер, біз аралық өнімдердің құндарының қосындысын ЖҰӨ кқрсеткішіне қосатын болсақ, онда ЖҰӨ көлемі 7100 теңгеге дейін көтеріледі, біз бұл жерде матаның құны бірнеше рет есептеп өткенін көреміз. Сондықтан , бұл жерде тек 2500 теңгеге ғана жаңа құн жасалды. Яғни ЖҰӨ есептегенде әр фирманың қосқан құны мұқият ескерілуі қажет. Бұл жалпы ұлттық өнімнің көлемңн есептегенде қажет.
Дегенмен,қосылған құнның мөлшері ЖҰӨ барынша объективті сипаттағанымен бұл ккөрсеткішті есептеу үшін басқа үш әдіс қолданылады: шығындар, табыстар және өндіріс бойынша. Шығындар бойынша есептелінген Жұө жеке және өндірістік тұтынуға кеткен шығындардың ел үшін жалпы сомасы болып табылады.
ЖҰӨ көрсеткішінің құрылымы келесі шығындар бойынша есептелінеді:
Халықтың материалдық игіліктерді сатып алу үшін жұмсалған шығындары;( С).
Ұлттық экономикаға тартылған жалпы инвестиция, фирманың негізгі капиталды көбейтуге жұмсалған шығын сомасы;(Ұ)
Мемлекеттің билік органдарының тауарды сатып алуға кеткен шығындары; (М)
Таза экспорт. (Х).
Демек шығындар бойынша есептелген ЖҰӨ:
ЖҰӨ =С+Ұ+М+Х
