- •Кәсіпкерліктің негізгі белгілері
- •§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
- •5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
- •6. Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар
- •Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
- •§1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.
- •§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
- •Экономикалық өсу: мәні,типі және факторлары
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •1.Инфляцияның мәні және себептері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.
- •§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.
- •§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
Әр фирманың негізгі мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады.Кез келген жағдайда фирманың осы стратегиялық мақсаты фирманың шығарған өніміне сұраныс және өндіріс шығындарымен шектеледі.Сондықтан,фирма тауарды өндіру туралы шешімді,бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды.
Сонымен,өндіріс шығындары деп өнімді өткізду және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз.
Өндіріс шығындарын жіктеудің әр түрлі варианттары (басқа түрлері) бар. Сондықтан, ең алдымен шығындардың мына түрлеріне тоқталайық – олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар.
Бухгалтерлік шығындар өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары.Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік жіне статистикалық есеп беруде (отчет) өзіндік құн формасында көрініс алады.
Өнімнің өзіндік құны,кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындарының ақшалай көрінісі.Өзіндік құн, өнімді өндіріп ,өткізудің ,кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді.Өзіндік құнға өнімге ауыстырылған бұрынғы еңбектің шығыны (негізгі қорлардың амортизациясы , шикізаттың , материалдың , отынның және басқа да материалдық ресурстардың құны) және кәсіпорын қызметкерлерінің , жұмысшыларының еңбегіне ақы төлеу шығындары (жалақы) кіреді.
Өндірістік шығындарды экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды альтернативті пайдалану мүмкіншіліктерге негізделеді.
Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативті шығындар - ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.Альтернативті шығындар айқын (сыртқы) (явные) және айқын емес (ішкі) (неявные) шығындар формасында болады.Айқын шығындарға аралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады.Айқын емес шығындар өндіріс иелерінің меншігіндегі ремсурстарды пайдаланумен байланысты шығындар .
Бухгалтерлік шығындардың экономикалық шығындардан айырмашылығы бухгалтерлік шығындарға өндіріс иелеріндегі өндіріс факторларының альтернативті құныы кірмейді.Бухгалтерлік шығындарға тек айқын (явные) шығындар ғана жатады.
Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты ,өзгермелі , жалпы , орташа және шекті шығындармен толықтыру керек.
Тұрақты шығындар (FC) – ол өндірілген өнінің көлеміне байланысты емес немесе кәсіпорын өнім шығармаған жағдайда да орын алатын шығындар.Тұрақты шығындарды келесі графиктен көруге болады:
С TC
VC
FC
Q
Тұрақты шығындарға жататындарға жататындар: облигациялық займ бойынша міндеттемелерді төлеу ,аренддалық төлемдер ,өндіріс құрал – жабдықтарының және құрылыстардың амортизациясы ,сақтандыру жарналарды төлеу , кәсіпорын басшыларының жалақылары және т.б.
Өзгермелі шығындар (VC)- шығарылған өнңмдердің көлемімен тікелей байланысты шығындар.Оған жататындар: шикізатқа , материалға ,жалақыға , отынға және т.б. жұмсалған шығындар.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың арасында мынадай айырмашылықтар бар : тұрақты шығындар өнім шығарылмасада төленуі керек, ал өзгермелі шығындардың көлемі өндіріс көлеміне қарай өзгеріп отырады.
Жалпы шығындар (ТС) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы болып табылады немесе өндірісті ұйымдастыруға және өндіріс факторларына жұмсалған фирманың жиынтық шығындары .
Бұл жерде мына жағдайдаы ескеру керек.Шығындардың көпшілігі бір жағдайда тұрақты болса басқа жағдайда өзгермелі болуы мүмкін .Шығындары тұрақты немесе өзгермелі түрлеріне жатқызу фирманың әрекет ететін кезеңіне байланысты болады.Қыста мерзім кезеңінде фирма пайданы өсіру мақсатында өзгермелі өндіріс шығындарын өзгерту арқылы шығындардың ең аз мөлшерін қамтамасыз етуге ынталы болады . Ұзақ мерзім кезенде фирма өндірістегі барлық ресурстарды , сондай-ақ өндіріс қуатын да өзгертеді .Сол себептен шығындардың барлығы өзгермелі болады .
Пайдаланудағы ресурстардың санының , сондай –ақ кәсіпорындардың көлемінің өсуі бір уақытқа дейін жалпы шығындарды азайтады.Бірақ бір мезгілден бастап өндіріс тиімділігі минимум деңгейіне жетеді ,осы уақыттан бастап жалпы шығындар өсе бастайды.Бұл жағдайда фирма өндірііс шығындарын азайту үшін өндірісті ұлғайтуды немесе өндіріске қосымша өзгермелі факторларды қосу туралы шешім қабылдайды.
Кәсіпкерді жалпы өндіріс шығындармен қатар өнімнің бір единицасының (дана) шығындары, яғни орташа шығындары қызықтырады.Орташа шығындар (ATC) – шығарылған өнімнің бір единицасына шаққандағы жалпы шығындар.Ол мына формуламен, орташа өндіріс шығындары өндірілген өнімнің жалпы шығындарға қатынасы арқылы есептелінеді :
ATC=
Орташа өндірііс шығындары орташа тұрақты шығын дар (AFC) және орташа ауыспалы шығындар (AVC) мен айқын далады.
AFC
=
; AVC =
;
AFC,AVC,ATC қисық сызықтары келесі графикте көрсетілген :
С
ATC
AVC
M
AFC
O Q
2-сурет
Графикте көрсетілгендей (2-сурет) орташа шығындар (АТС) басында жоғары деңгейде болса, кейін өндіріс көлемі ұлғайған сайын, өндіріс шығындары төмендеп минимумға (М) дейін жетеді. Одан кейін өндіріс көлемі өскен сайын өндіріс тиімділігі төмендеп отырады,яғни қайтарым кему заңы әрекет ете бастайды. Осы заңның әрекетінің салдарынан қисық сызығы өрге қарай жылжып, әрбір қосымша ауыспалы ресурстар өндіріс көлемін аз мөлшерге ауысып отырады. Сол себептен, бұл жағдайда фирма өндірістің қай көлемінде қосыиша шығындар ең аз болатындығын анықтан алуы қажет. Ол үшін тек орташа шығындарды ғана емес, сондай-ақ шектік шығындарды да ескеру керек.
Шектік шығындар (МС)- қосымша өнімді өндіру үшін жұмсалатын қажетті қосымша шығындар.
Шекті шығындарды анықтағанда тек ауыспалы шығындар ғана ескеріледі, тұрақты шығындар қосымша өнімді өндіруге ықпал етпейді, сондықтан ол ескерілмейді. Шекті шығынды анықтау кәсіпкер үшін өте маңызды мәселе болып табылады, себебі, өнім көлемінің өсуі шығынның қай көлемімен байланысты екендігін және өндірісті ұлғайтуды, өндірістің қай көлемінде тоқтату керектігін мүмкін болады. Яғни, кәсәпкер әрбір, қосымша өндірілген өнім әзірше қосымша кірісті өсіргенге дейін өндірісті ұлғайтады. Сондықтан шекті шығындар, шекті кірістен төмен болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта алады.
Трансакциялық шығындар – бұл фирманың информацияны жинауға, келіссөз жүргізуге және т.б. кеткен шығындары. Трансакциялық шығындардың басты ерекшелігі, оның тікелей өндіріспроцесіне қатысы жоқтығы. Бүгінгі фирмалар бұл шығынсыз жұмыс істей алмайды.
Жалақының мәні, оның негізгі формалары
Меншік иелері арасында өндіріс факторларынан алынатын табыстарды бөлу маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе. Мұндай факторларға еңбек, капитал, жер жатады. Осы факторларға сәйкесжеке шаруашылық субьектілері шеңберінде табыстардың негізгі формалары: жалақы, пайда, процент және жер рентасы қалыптасқан.
Қай экономикалық жүйе болмасын табыстардың көпшілігі жалақы формасында болады.
Қазіргі экономикалық ғылымда жалақының мәні туралы әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Батыс экономикалық ғылымының өкілдері жалақыны еңбектің бағасы ретінде қарастырады. Мысалы, Макконелл мен Брюдің пікірінше «жалақы немесе жалақының ставкасы- ол еңбекті пайдаланғаны үшін төленетін баға». Басқа концепция бойынша (К.Маркс), жалақы жұмыс күшінің бағасымен құнының өзгерген формасы ретінде анықталады. Жалақының негізін тауар жұмыс күшінің құны құрайды. Жалақының жұмыс күшінің құнының төңірегіндегі қозғалысы, жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы реттеліп отырылады.
Ақшамен бейнеленген жұмыс күшінің құны- жұмыс күшінің бағасы болып табылады. Жұмыс күшінің бағасы әртүрлі факторлардың ықпалымен оның құнынан ауытқи алады. Бұл тенденция жұмыс күшінің тауар ретіндегі спецификалық қасиеттерімен байланысты болады. Ол ұдайы өндіріс процесінде жұмыс күшінің құнына басқа тауарларға қарағанда жұмысшы мен оның жанұясының қажетті тіршілік заттарының құны кіретіндігін білдіреді. Бұл ерекше товардың тағы бір спецификалық қасиеті, оның бағасының ерекшеліктерінен байланысты. Сұраныс пен ұсыныс ықпалымен тауарлардың бағасы, оның құнының төңірегінде ауытқып отырады. Бұл құбылыстың жоғарыда көрсеткеніміздей жұмыс күшіне де қатыс бар, оны номиналды және нақты жалақының дәрежесінен көруге болады.
Номиналды жалақы деп жұмысшы өзінің еңбегі үшін алатын ақшалай табысы. Жұмысшы номиналды жалақысына өзіне және жанұясына қажетті азық- түлік өнімдерін, киім-кешек және басқа да тауарларды сатып алуға, коммуналдық және т.б. төлемдерді төлеуге тиіс. Сондай-ақ, ол белгілі бір мөлшерде салық төлеуге тиіс. Мұның өзі жұмысшының өзін және өз жанұясын асырауға жұмсайтын ақшаның сомасын елеулі түрде кемітеді. Номиналды жалақыдан нақты жалақыны айыра білі керек. Нақты жалақы дегеніміз бағаның белгілі бір дәрежесі кезінде, номиналды жалақыдан салықтар мен басқа да төлемдер алынып тасталғаннан кейін, жұмысшының өзінің номиналды жалақысына сатып алатын тұтыну құндарының мөлшері болып табылады.
Нақты жалақы, ең алдымен номиналды жалақының мөлшерімен анықталады. Нақты жалақының мөлшеріне тұтыну заттардың бағасы, пәтер ақы, коммуналдық қызмет, қоғамдық көлік және қызметтің басқа да түрлеріне белгіленген тарифтер ықпал етеді. Бұл факторлар нақты жалақыны төмендетеді.
Жалақының негізгі формаларына- мерзімді және кесімді түрлері жатады.
Мерзімді жалақы істелінген жұмыс уақытының мөлшеріне және қызметкерлер мен жұмысшылар мамандығына байланысты төленеді.
Кесімді жалақы өндірілген өнім санына және сапасына байланысты төленетін ақы. Ол еңбек өтімділігін арттыруға, жұмысшыны тікелей ынталандырады, әркімнің орындаған жұмысына дәлме-дәл есеп жүргізуге мүмкінідк береді. Бірақ қазіргі уақытта өндіріс технологиясының ерекшелікткріне байланысты көп жағдайда жалақының мерзімді формасы қолданылады.
Қазіргі кезде жұмысшының творчестволық қабілетін дамытуына, еңбек өнімділігінің өсін ынталандыруға бағытталган жалақының әр түрлі формалары қолданылады. Мәселен, кесімді ақы төлеу түріне: тура кесімді жалақы, кесімді-прогрессивтік жалақы, кесімді сыйлық жалақы. Кесімді жалақының тағы бір түрі- аккордтық жалақы жүйесі. Бұл жүйеде жалақы жұмысшыларға өндірістің ең соңғы нәтижесіне байланысты төленеді. Сонымен қатар, жай мерзімді және мерзімді-сыйлық жалақы жүйесі де пайдаланылады.
Жұмысшының жалақының мөлшері мен деңгейіне: ұлттық ресурстар жағдайы, жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және елдің экономикасының жағдайы елеулі әсер етеді. Жалақының деңгейіне ықпал ететін факторлардың ішінен бірінші қатарға жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныс шығады. Атап айтқанда, сұраныс пен ұсыныс еңбек өнімділігіндегі өзгерістерді бейнелейді. Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, жұмыс күшіне деген сұраныста соғұрлым жоғары болады және жалақының орташа деңгейі де жоғары болады.
№3.Капитал-өндіріс факторы және процент-капитал иесінің табысы ретінде.
Өндіріс факторларына адамның еңбегімен қатар капиталда жатады.Бұл категорияның мәні туралы қазіргі кезеңде әр түрлі пікірлер бар.Солардың ішінен екі ірі топтың көзқарастарына тоқталайық.Олардың біріншілері капиталды өдіріс құрал-жабдықтарының жиынтығы ретінде,ал екіншілері капиталды шаруашылықтан табыс табу мақсатында пайдаланатын ақша сомасы ретінде қарастырады.
Капитал категориясы туралы әр түрлі пікірлердің болуына байланысты,капитал нарығы туралы да бірыңғай пікір қалыптаспаған.Сондықтан,нарықтағы сатушы мен сатып алушының ара қатынасындағы объектілерге қарай капитал нарығы туралы көзқарастардың екі бағыт әр түрлі пікірлердің болуына байланысты,капитал нарығы туралы да бірыңғай пікір қалыптаспаған.Сондықтан,нарықтағы сатушы мен сатып алушының ара қатынасындағы объектілерге қарай капитал нарығы туралы көзқарастардың екі бағытына тоқталайық.
Біріншілері,капитал деп өндіріс факторлары нарығындағы капиталдарды:машиналарды,станоктарды,құрылыстарды,материалды және т.б. айтады.Сол себептен,бұл жағлайла капитал-өндіріс факторлар нарығының бір бөлігі ретінде көрінеді.
Екіншілері,капитал нарығына қаржы нарығындағы ақша капиталын жатқызады.Сондықтан олар капиталды қарыз капиталының бір бөлігі ретінде қарастырады.
Қарыз капиталы нарығы ақша нарығына және капитал нарығына бөлінеді.Ақша нарығы бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік банк операцияларымен байланысты.Капитал нарығы орта мерзімді және ұзақ мерзімді банк операцияларына қызмет етеді.Ол ипотекалық нарыққа(салынған затарға берілген қағаздармен операция жүргізу)және қаржы нарығына(құнды қағаздармен операция жүргізуге)бөлінеді.
Қаржы нарығының субъектісіне банктер,олардың клиенттері және қор биржалары жатады,ал объектісі ретінде жеке кәсіпкерлердің құнды қағаздарымен қатар,мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздарды да кіреді.
Ақша нарығы және капитал нарығы қағаз капиталының екінші қайтара нарығы болып табылады.Бұл нарақтың әр біреуіне тән құнды қағазалры болады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары төмендегідей:
-статусы(акция немесе оплигация)бойынша.
-меншік типі(жеке мешік немесе мемлекеттік)бойынша.
-өтімділік дәрежесі бойынша
-тәуекелділік сипаты бойынша.
Мысалы;АҚШ-тың капитал нарығы:
-қазыналық облигациялар(АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға арналған).
-мемлекеттік мекемеледің құнды қағаздары(әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін шығарылады)
-Муниципалды облигациялар
-корпарациялардың акциялары және обдигациялары жатады.
Капитал-нарық субъектілерінің ақша ресурстарынан құрылады.Ал,оны пайдаланатындар фирмалар,үй шаруашылықтары.Каитал жинақтаушылар мен оны пайдаланушылардың ара қатынастары көптеген делдалдық қаржы жүйесі:коммерциялық банктер,инвестициялық қорлар,брокерлік кеңселер және т.б. арқылы жүзеге асырылады.Олардың негізгі қызметтері қоғамдағы уақытша бос ақшаларды шоғырландыру және оларды капиталды пайдаланатындар арасында таратып үйлестіру болып табылады.Капиталды пайдалану әр түрлі формада беріледі:-корпарацияның облигациясын сатып алу немесе фирмаларға тікелей қарыз юеру арқылы.
Прцент оған сұраныс пен ұсыныс арақатынасы арқылы реттеледі және капиталды қолданғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрінеді,ол қарыз капиталынан алынған(мысалы 10 мың теңге)жылдық табысты,барлық қарыз капиталына(100 мың теңге)қатысы арқылы өлшенеді.
10 мың х 100% =10 %
100 мың
Процент нормасына келесі факторлар әсер етеді:
-тәуелділік.Қарыздың қайтарылмау мүмкінділігі жығары олған сайын соғұрлым қарыз беруші жоғары процент алып отырады.
-жедедкік.Қарыз мерзімі ұзартылған сайын,процент нормасы да жоғары болады.
-қарыз мөлшері.Берілген қарыздың мөлшері аз болса,процент соғұрлым жоғары болады.Себебі,ірі және ұзақ қарызардың әкімшілік шығындары ұқсас болады.
Процент нормасына инфляция деңгейі де әсер етеді.Сондықтан инфляция туралы шешім қабылдағанда проценттің номиналды және нақты ставкалары анықталады.Номинады прценттік ставкасы – ол ағымдағы қарыз капиталының құны бойынша анықталатын проценттік ставкасы.Мысалы:номиналды проценттік ставка 20% ал алдағы уақыттағы инфляция деңгейі-10% тең блады десек,бұл жағдайда кәсіпкер қарызы 500 мың теңге алса,онда ол жылдың сонында баніге 600 мың теңге қайтару керек.Бірақ инфляцияның 10 % өсуіне байланысты 600 мың теңгенің төлеу қабілеті жылдың соңында 10 % төмендеп,50 мың теңгее кемиді.Сондықтан капитал қарызы берілгенде міндеті түрде нифляция деңгейі есептеле.
№4.Жер-ауыл шаруашылығының негізгі факторы ретінде.Жер рентасы және оның түрлері.
Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады.Жер ұғымына жердің өзімен қатар,жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар да жатады.Жермен адамның тіршілік жағдайы тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім.ОЛ адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады.Егер өнеркәсіпте жер кәсіпорындарға тұрған орны ретінде ғана болса,ал ауыл шаруашылығында көптеген ерекшеліктері бар.Соның ішінде,ең негізгісі ретінде жердің шектеулігі,яғни оның көлемін көбейтуге келмейтінділігі және жаңадан өндіруге мүмкін еместігін атауға болады.Жер ресурстары шектеулі болғандықтан,сондай-ақ жерсіз адам өмір сүру мүмкін еместігімен байланысты жерге меншік,меншіктің ең табысты және маңызды түрлері жатады
Меншіктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.
Ренталық қатынастар жерге жеке меншік иелері мен жалгерлердің арасында жерді және басқа ьабиғи ресурстарды пайдаланғанынан түскен табыстарды бөлу туралы пайда болады. Соның нәтижесінде табыс екі бөлікке бөлінеді. Табыстың бір бөлігі пайда түрінде жалгерге тисе, екіншісін – үстеме пайда түрінде жер иесі алады. Жер иесі алатын табыстың бөлігін жер рентасы деп атайды. Жер рентасы жалгердің жер иесіне төлейтін аренда төлемі формасында алынады. Аренда төлеміне рентамен қатар, жалға бергенге дейін жер участкесіндегі салынған құрылыстардың амортизаиясы, жерді өңдеуге жұмсалған капиталға процент кіреді.
Ренталық қатынастардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларында (ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) пайда болуының маңызды себептері, жоғарыда көрсеткендей, жердің ерекшеліктерімен байланысты. Жер экономикалық ресурс ретінде еңбек процесінің нәтижесі емес, сондықтан оның құны болмайды. Әр түрлі участкелердің құнарлығы бірдей болмайды және тұрақты орналасуымен сипатталады. Бірақ жердің басты ерекшелігі оны көбейтуге келмейтіндігінде және шектеулігінде. Сол себепті, жердің шектеулігіне байланысты оның ұсынысы абсолютті икемсіз болады. Бұл жер нарығында жерге тек сұраныс қана активті екендігін көрсетеді. Оны келесі графиктен көруге болады. Егер абсисса осінде жердің көлемін, ордината осінде рентаны , онда графикте ұсныстың қисық сызығы S ордината осіне параллелді болады.
График жерді ұсыну абсолютті икемсіз екенін көрсетіп отыр. Себебі,оның көлемі үнемі бірдей болады және өзгермейді. Сондықтан, егер шаруашылықта пайдалануға тартылатын жерлердің көлемі үнемі шектеулі болса, онда рентаның мөлшерін анықтайтын фактор ретінде жерге тек сұраныс қана болады. Сол себептен, осы экономикалық ресурсқа әсер ететін әр түрлі факторлардың және жер құнарлығының төмендеуі салдарынан сұраныстың қисық сызығы теріс еңкіш болады. Яғни, сұранысиың қисық сызығының еңкіштігі жердің әр гектарынан алынатын табыстың бірте-бірте төмендеуін көрсетеді. Ұсыны қисық сызығының сұраныс қисық сызығымен қиылысуы жер нарығынданы тепе-теңдікті – әргектар жерден ай сайын алынатын жер рентасының деңгейін көрсетеді. Бір гектар жер үшін ай-сайын алынатын рентаның деңгейінің өсуі немесе төмендуі сол жер участксінде өндірілетін ауылшаруашылық өніміне сұраныстың өзгеруімен тығыз байланысты болады. Сұраныс өскенде рента Р0 Р1-ге дейін төмендейді. Демек экономикалық рента көлемі жердің ұсынысының шектеулі жадайында, негізгі өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты болады.
Сонымен қатар, жер рентасының мөлшері жер участкесінің сату нарығына , яғни жердің нарыққа алыс жақындығына немесе жердің сапасына байланысты болады. Бұндай участкелерде жер иесі иемденетін дифферениалдық рента – үстеме қосымша құн жасалады.
