- •Кәсіпкерліктің негізгі белгілері
- •§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
- •5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
- •6. Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар
- •Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
- •§1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.
- •§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
- •Экономикалық өсу: мәні,типі және факторлары
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •1.Инфляцияның мәні және себептері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.
- •§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.
- •§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
Пайда – экономикалық теорияда ең күрделі мәселелердің бірі юолып табылады. Сондай-ақ пайда кәсіпкерлікті дамытудың қозғаушы күші ретінде көрініс табады. Атап айтқанда, фирманың қаржы жағыан тәуесіздігі, тұрақтылығы пайдамен байланысты. Сондықтан фирманың негізгі мақсаты пайданы барынша көп табу. Сол себептен әр кәсіпкерді бір-ақ мәселе мазалайды: қанша тауар өндіргенде және қандай бағамен сатқанда барынша көп пайда табуға табуға болатындығы. Пайда теориясы әр түрлі ғылыми мектептердің назарында болады.
Пайда мәселесіне ең бірінші болып меркантилистер көңіл аударды, олардың пікірінше пайда заттарды жоғары бағамен сату нәтижесінде айналыс сферасынан, сыртқы саудадан пайда болады деп есептеген. Физиократтар пайда тек ауыл шаруашылығында өндіріледі десе, ал А.Смит және Д.Рикардо пайда жалпы материалдық өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді.
К.Маркс пайданы жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен жасалған қосымша құнның өзгерген формасы ретінде қарастырды. Ол қосымша құнның пайдаға және орташа пайдаға өзгеру шарттарын зерттеді.
Бұл категория туралы қазіргі экономикалық ғылымда келесі негізгі теорияларды көрсетуге болады:
Өндірістік капитал теориясы (пайда – барлық өндіріс факторларынан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы)
Ұстамдылық теориясы, бұл теория бойынша пайда – кәсіпкер капиталын жеке тұтынбай кейінге қалдырғаны үшін сый ақысы, тәуекелділік және белгісіздік үшін төлем.
Пайда кәсіпкерлік қызметтен түсетін еңбек табысы.
Көрсетілген теориялардың жалпы белгісі, пайданың көзі ретінде
Кәсіпкердің творчестволық әрекетін негізге алуы.
Пайданың мәнін эволюиялық тұрғыдан қарастыру, оның көпжақты және күрделі екенін көрсетеді. Фирма шеңберінде пайда өндірістің түпкі нәижесі ретінде өндіріс процесіне қатысушылар арасындағы элемент болып табылады.
Фирма шеңберінде пайда келесі қызметтер атқарады:
Бөлу – капиталдың қолайлы құрылымын қолдау, қабылданған бағдарламаларды өаржыландыру қамтамассыз ету үшін ақша қорын құру;
Ынталандыру – өндіріс шығындарын азайту, жаңа техника мен технологияны өндірісте кеңінен пайдалану.
Пайда өндірістің түпкі нәтижесінде ретінде фирманың жалпы табысының жалпы өндіріс шығындарынан (сыртқы және ішкі шығындар соңғысына кәсіпкердің қалыпты пайдасы да кіреді) артық болғанын сипаттайды. Бұл экономикалық таза пайда (жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма) немесе кәсіпкердің бухгалтерлік пайданы артық алатынын табысы. Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма. Бұл пайданың құрама қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерді сол салада жұмыс істеуіне ынталадырады және кәсіпкердің алатын табысы. Кәсіпкердің бухгалтерлік пайданы артық алатын пайдасы, яғни экономикалық таза пайдасы, кәсіпкердің фирманы басқарудағы тәуелділік, таланттық, жаңашылдықпен байланысты. Бұнда табыстар тұрақты болмайды, себебі, жаңа өнімдер
Өндірушілердің саны өсуіне байланысты, олар біртіндеп жойылады.
Кәсіпкер бухгалтерлік пайдадан немесе экономикалық пайдадан бөлек монополиалық пайда алуы мумкін. Бұндай пайданы, ло монополист болса және нарықты бақылай алса ала алады.
Фирма жалпы , орташа және шекті табысты есептейді.
Жалпы табыс (ТR) тиісті тауарды салыстырғаннан түскен жалпы ақша түсімі.
TR= PxQ
P- сатылған тауарлардың бағасы
Q- сату көлемі.
Орташа табыс (AR) салынған өнмінің бір данасына шаққандағы табыс:
Шекті табыс (MR) өнімді өндіруді өсіру есебінен алынатын табыс.
