- •Кәсіпкерліктің негізгі белгілері
- •§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
- •5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
- •6. Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар
- •Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
- •§1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.
- •§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
- •Экономикалық өсу: мәні,типі және факторлары
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •1.Инфляцияның мәні және себептері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.
- •§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.
- •§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
Кейбір жағдайда сол елдің территориясында басқа мемлекеттердің меншік иелері және сол елдің азаматтары өндірген өнімдердің көлемін,мөлшерін анықтау қажеттілігі туады. Ол үшін ЖҰӨ басқа түрі жалпы ішкі өнім ЖІӨ көрсеткіші қолданылады.
ЖІӨ - сол елдің территориясында барлық меншік иелерінің өндірген қызметтер мен өнімдерінің нарықтық жалпы сомасы. Бұл жерде мынадай сұрақ туады ЖІӨ-ң ЖҰӨ – нен қандай айырмашылығы бар? Бұл айырмашылық мынада: жалпы ішкі өнімді есептегенде алдымен ЖҰӨ-ге сол елде жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарының табыстары қосылады, сонан соң ЖҰӨ-нен шетелде жұмыс істеп жатқан сол елдің азаматтарының табыстары алынып тасталынады. ЖІӨ-нің көлемі,біріншіден,экономиканың сол секторында өндірілген тауарларының құндарын есептеу арқылы, екіншіден,өндіріс процесінің әр сатысындағы қосылған құндарды қосу арқылыесептелінеді.
Макроэкономикалықкөрсеткіштерге таза ұлттық өнім де жатады. Таза ұлттық өнім ЖҰӨ-нен амортизацияны алып тастағаннан кейін қалған ЖҰӨ-нің бір бөлігі:
Таза ұлттық өнім – ЖҰӨ - амортизация
Келесі макроэкономикалық көрсеткіш- ол ұлттық табыс. Ұлттық табыс –бұл жыл ішінде өндірілген жаңа құн немесе өндіріс факторларының меншік иедерінің жыл ішінде алған табыстарының жалақы, процент, пайда, рента мөлшерімен сипатталынады. Ұлттық табыс таза ұлттық өнімнен барлық салықтарды алып тастау арқылы есептелінеді.
Ұлттық табыс – таза ұлттық өнім-жанама салықтар.
Елдің дамуының негізгі және жинақтаушы көрсеткіші –ұлттық байлық болып табылады.
Ұлттық байлық – бұл адамдардың бүкіл ғұмырында жасалған материалдық жіне рухани игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлықтың көлемі елдің экономикалық қуаттылығының маңызды мөлшері өскен сайын, оның құрылымы жақсарған сайын, қоғам экономиканы қарқынды дамытуға мүмкіншілік болады.
Ұлттық байлықтың құрамына мыналар жатады: негізгі және айнымалы қорлар, айналым қорлары (сақтандыру қоры мен мемлекеттік резервтер, кәсіпорындардың материалдық резервтер (қор) және запастары); қоғамның өндіріс емес қорлары (тұрғын үй , оқу орындары, мемлекеттің меншігіндегі медициналық және мәдени-тұрмыстық мекемелер және т.б.); азаматтардың жеке мүліктері.
Ұлттық байлықтың ерекше түрлеріне өндіріс процесіне тартылған қоршаған ортаның элементтері : ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер,орман, қазба байлықтар, гидроресурстар және т.б. жатады. Оларды тиімді және ұтымды пайдалану қоғамдағы экономикалық прогресстің қарқынды өсуіне байланысты болады.
