Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОНОМИКА КІТАП-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
804.9 Кб
Скачать

1.Инфляцияның мәні және себептері

Инфляция- қазіргі нарықты экономикалық жүйенің дамуының ерекшелігін сипаттайтын экономикалық құбылыс болып табылады.

Инфляцияның әдеттегі жалпы анықтамасы – тауар айналысының қажеттілігінен ақша массасының артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақта инфляцияның бұл анықтамасын толық деп есептеуге болмайды. Себебі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарынан бастап инфляцияны көп факторлы процесс ретінде қарастыра бастады. Қазіргі кезеңде инфляция теориясын экономистердің көпшілігі ақша теориясы негізінде емес, баға теориясы арқылы, яғни бағаға әсер ететін фокторлар, негізінде түсіндіреді. Мұндай тұрғыдан қарастыру сұраныс инфляциясының және ұсыныс инфляциясының концепсияларының негізін құрайды.

Демек, инфляцияның дәлірек анықтамасы- ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арақатынасының бұзылуын көрсететін процесс. Ол нарықтағы жеке бір тауардың емес, елдегі тауарлардың барлық бағаларының жалпы деңгейін көрсетеді. Инфляция кезінде кейбір тауарлардың қайта төмендеуін дефляция деп атайды, ал кейбәр бағалар тұрақты болуы мүмкін. Сонымен, инфляцияны күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс және қарама-қарсы процесс ретінде қарастыра отырып, екі жағдайды ескеру қажет: біріншіден, алтын ақшаға қарағанда, құнсыздануға тек қағаз ақшалар ғана ұшырайды. Екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей инфляция елдегі бағалардың деңгейінің жалпы өскенінен байқалады, ал жеке тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы құн заңымен реттеліп отырады.

Инфляция ақша нарығында туады, сондықтан оның негізгі себептерін ақша айналысындағы келеңсіз өзгерістерден (деформация) байқауға болады. Олар мыналар:

  1. Мемлекеттің экономикаға араласуы және мемлекеттік сектордың өсуі. Бұның барлығы мемлекеттік бюджеттің тапшылығының өсуіне, яғни мемлекеттік шығындардың кірісінен асып түсуіне әкеп соғады. Егер, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы айналысқа қосымша қағаз шығару арқылы немесе Орталық банкінің несиесі есебінен қаржыландырса, онда айналыстағы ақша массасы (көлемі) өседі. Осындай ұқсас құбылыстар ұлттық табысты тиімсіз (мысалы, әскери шығындар) пайдалану негізінде пайда болуы мүмкін. Әскери шығындар тауармен қамтамасыз етілмеген қосымша сұранысты туғызады, оны нәтижесінде айналыстағы ақша массасы өседі.

  2. Инфляциялық процесстердің дамуына монополиялар мен кәсіподақтар да ықпал етеді. Кез келген монополист немесе олигополист тапшылықты тудыруға ынталы болады (тауарларға деген ұсынысты және өндірісті кеміту негізінде). Бұл жағдайда олар бағалардыжоғары деңгейде ұстауына мүмкіндік алады. Кәсәподақтарда осындай ұқсас жағдайларға әрекет етеді. Олар өз мүшелерінің тіршілік деңгейін қолдау қажеттілігіне суйену арқылы жалақыны өсіруді талап етеді. Сондықтан, монополиялар мен кәсіподақтар бағалардың және жалақының өсуіне ықпал етеді.

  3. Дүние жүзілік экономиканың ғаламдық сипатының күшею жағдайында инфляцияның дүние жүзілік сауда бойынша арналының ауысуы ұлғаяды. Мысалы, кейбір тауарлардың дүние жүзілік бағасың өсуі, елге импорттайтын тауарлардың бағаларын өсіреді. Мұндай инфляцияға қарсы қолданылатын шаралар шектеулі болады.

  4. Қағаз ақшаның айналысқа жөнсіз шығарылуы және ақша массасына тиісті бақылаудың болмауы. Бұндай жағдайда нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасы пайда болады. Нәтижесінде, нарықтағы барлық тауарлардың бағалары өсу негізінде экономикада біртіндеп даму процестері дами бастайды.

  5. Инфляция «инфляцияны күту» нәтижесәнде орын алады. Экономистердің көпшілігінің пікірінше, өндірушілермен халақтың инфляцияны күту себептерін жою мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті. Себебі, бағаның үнемі өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның ертең тағы да өсу мүмкіндігн ескере отырып, тауарларды көптеп алады. Сонымен қатар, өндірушілер алдағы уақытта шикізаттардың, материалдардың қосалқы бөлшектердің бағаларының өсу мүмкіндігін ескере отырып, өз өнімдеріне жоғары баға белгілейді.

Сөйтіп, инфляцияны күту жағдайында жиынтық сұраныстың тез-тез өсуі және жиынтық ұсыныстың баяу дамуы бағаның жалпы өсуіне әкеләп соғады.

Инфляция процесі барлық елдерге тән құбылыс, бірақ оны қоздыратын факторлардың түрлері жеке елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты болады.

Жоғарыда атап өткен инфляцияның себептері сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Нәтижесінде, осы диспропорциялардың әсерінен, ең алдымен сұраныс жағынан тепе – теңдік бұзылады. Бұл жағдайда сұраныс инфляциясы пайда болады, яғни халықтың және шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары, тауар ұсынысына қарағанда тез – тез өседі. Сұраныс жағынан сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе – теңдіктің бұзылуы мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, барлық ресурстардың толық қамтылуы жағдайында өндіріс құрал – жабдықтарына сұраныстың өсуі нәтижесінде болкы мүмкін. Егер қоғам барлық ресурстарын өндірісте толық пайдаланыталтын болса, онда өндірушілер артық төлей алатын сұранысқа бірдей (адекватный) жауап бере алмайды. Осының бәрі ақырында бағалардың жалпы өсуіне әкеп соғады.

Ұсыныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы жағдайында бағалардың жалпы өсуі өндіріс шығындарының өсу нәтижесінде болады, яғни жалақының өсуі, шикізат, энергия, отын бағаларының өсу салдарынан кәсіпорындардың шығындары өседі. Өндірілген өнімдердің шығындары өскен сайын кәсіпорындардың қызметтер мен тауарларды өндіруді өсіру үшін қажетті пайдасы кемиді. Нәтижесінде, тауарлар (өндіруі) ұсынысы азаяды, соның салдарынан бағалар жалпы өсе бастайды. Практика жүзінде сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясын бір – бірінен ажырату қиынға соғады. Мысалы, жалақының өсуін, сұраныс инфляциясына немесе ұсыныс инфляциясына жатқызуға болады.

2.Инфляция деңгейі және негізгі түрлері.

Инфляция бағаның өсу динамикасын айқындайтын баға индекстері арқылы өлшенеді.Дүние жүзілік практикада олардың келесі түрлері пайдаланылады:көтерме сауда баға индексі,бөлшек сауда баға индексі,баға инекстері – ЖҰӨ дефляторы,экспорттық және импорттық бағалар индексі және басқалар.

Көтерме сауда баға индексі-тауарлардың үш тобынан –түпкі тауарлардан,аралық тауарлардан және өңдеу үшін дайындалған шикізаттардан құрылады.

Тұтыну бағалары индексі-тұтыну қржынына кіретін,қызметтер мен товарлар үшін есептелінеді:

Тұтыну бағалары = ағымдағы бағалар бойынша қоржыны 100 % индексі базалық жылдың бағалары бойынша тұтыну қоржыны

ЖҰӨ дефляторы түпкі өнімнің маңызды компоненттерінің нарық бағаларының өзгеруін сипаттайтын индекстер тобы болып табылады.

ЖҰӨ дефлятор = белгілі – бір жылдын ағымды бағалар бойынша өндіріс көлемі индексі базалық жылдың бойынша белгілі-бір жылдағы өндәрәс көлемі.

Баға индексі инфляцияның түрлерін анықтайтын үш белгілердің біріншісі болып табылады.Екінші белгісі – тауарлардың әр түрлі таптарының өзгеру дәрежесін көрсетеді,үшінші белгісі – күткен және күтпеген инфляция.

Инфляция бірінші белгісі бойынша үш түрге бөлінеді:қалыпты инфляция (бағаның өсуі 10 %-тен аспайды,ақшаның құны өзгермейді);жоғары қарқынды инфляция(бағаның өсуі 20% -дан 200 пайызға дейін жетеді,контрактар,келісімдер жасалған бағаның мұндай өсу қарқыны есепке алынады);шексіз инфляция өте жоғарғы қарқынмен өседі;айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап,шектен тыс өсуін білдіреді).

Инфляцияның үшінші белгісі бойынша – күткен және күтпеген инфляцияны айтуға болады.Күткен инфляцияны алдын-ала анықтауға және алын ала шаралар қолдануға болады.Күтпеген инфляция стихиялы түрде пайда болады,алдын ала божау мүмкін емес,баға кенеттен өседі,ол ақша айналымына салық салу жүйесіне терәс әсер етеді.

Инфляция ақша түрде болуы мүмкін,яғни тауарлардың бағалары әр түрлі факторлар әсерінен өсіп,ең жоғары деңгейге жету мүмкін.Басыңқы инфляция кезеңінде бағалардың қзгеруі байқалмайды.Бұл инфляция қызметтер мен тауарлар тапшылығы арқылы көрінеді.Инфляцияның бұл түрі жабық экономикалық жүйеге тән құбылыс.

3.Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары.

Инфляцияның салдары күрделі және көп түрлі болып келеді.

Біріншіден,инфляция ұлттық табысты және ұлттық байлықты қоғамның әр түрлі топтары арасынла қайта бөлуге әкеп соғады.Қаржылар жеке сектордан мемлекеттің пайдасына қайта бөлінеді.Инфляцияның бір факторы ретінде,мемлекеттік бюджетің тапшылығы салықтар арқылы өтелінеді.Салықтардың табысы барлардың барлығы төлейді.Инфляциялық салық нақты табыстардың құнының төмендігін көрсетеді.Табыстарлың мемлекеттік пайдасына қайта бөлінуінің тағы бір каналы ол мемлекеттің пайдасына қайта бөлінуінің тағы бір каналы ол мемлекеттің ақша шығарудағы монополиялық құқығы.Қосымша шығарылған ақшалар мен оларды шығаруға кеткен шығындар арасындағы айырманы сеньоряж деп атайды.Олмемлекеттің қосымша шығарған ақшаға ала алатын нақты ресурстар санына тең болады.

Инфляция жағдайында тұрақты табыстары бар адамдардың жағдайы түседі.Нарықта монополиялық жағдайдағы сатушылар нақты табыстарын өсіре алады.

Күтпеген инфляция жағдайында қарыз берушілер ұтылады,ал қарыз алушылар ұтады.Бұл жағдайда банктер шығындарын азайту мақсатында қарыз процентінің мөлшері өсіреді.Нәтижесінде,өндіріске жұмсалатын инвестицияның көлемі азаяды.Бұндай жағдай ұзақ мерзімгесозылатын болса,онда нақты ЖҰӨ көлемі азаяды,ал инфляция өседі.

Халықтың тұрмыс жағдайына салық салудың прогрессивті жүйесі әсер етеді.Бұл салық салу жүйесі бойынша,индексация есебінен ақшалары өскен адамдар салық төлеушілер тобының басқа тобына өтеді.Мысалы,10 мың теңге айлық жалақысы бар салық төлеуші 10500 теңге табыс табынан,жалақысы индексациялау негізінде 1000 теңгеге өссе,онда ол салық төлеушілердің басқа тобына ауысады,айталық 12500 теңге табысы барлар тобына.Демек,адамдар салық төлеушілердің бір тобынанекінші тобына өту барысында жалақыларының көбейген мөлшерін мемлекетке беріп отырады.

Екіншіден,инфляция табыстарды бай адамдардың пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік туғызады,Бюджет тапшылығын өтеу мақсатында өкімет мемлекеттік құнды қағаздар шығарады.Осы құнды қағаздар бойынша процент бюджеттің кірісі есебінен төленеді,ал бюджеттің кірісі адамдардың барлық топтары төлейтән салықтардан құрылады.Нәтижесінде,салықтар арқылы табыстар адамдардың бір тобынан екінші тобына қайта бөлінеді,яғни халықтың бір юөлігі екінші есебінен баййды.

Үшіншіден,инфляцияның өсуі және бағалардың құрылымының өзгеруі фирмалардың жоспарлауын киындатады.Нәтижесінде,бизнемті жүргізу белгісіздік,тәуелділікке бару өседі.Инфвестициялар тек қысқа мерзімді қамтиды,инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі азаяды.Болашақта бұндай жағдай халықтың әл-ауқатын және жұмысбастылықтың төмендеуі әкеліп соғады.

Төртіншіден,экономикада бағаның қарқынды өсуі ұлттық тауарлардың басқа елдердің тауарларымен салыстырғанда бәсекелестігі төмендейді.Нәтижесінде,импорт өседі,ал экспорт төмендейді,жұмыссыздық өседі және тауар өндірушілердің жағдайлары қиындай түседі.

Бесіншіден,шетел валютасына сұраныс ұлғаяды.Шетелге капитал көптеп кете бастайды,валюта нарығында спекуляция көбейеді.Нәтижесінде баға тез өсе бастайды.

Алтыншыдан,инфляция өндәрәске де әсер етеді.Жасырын инфляция жағдайында мемлекетөнімдерді әр турлі теңгермешілік бөлу көрсеткендей жоғары тиімді еңбекке деген ынталылықты төмендетеді.

Сонымен,инфляциялық процесс адам өмірінің барлық жағын қамтитын құбылыс.Сондықтан инфляциямен күрес комплексті түрде жүргізілуі қажет.