ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Қазіргі қазақ әдебиеті» пәнінен
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ПАВЛОДАР
1.Жұмабаевтың Шығыс пен Батыс елдері туралы философиялық қуатты өлеңдері
«Пайғамбар», «Тәңір», «Орал», «От».
«Толқын», «Сағындым», «Айға».
«Алдамшы өмір», «Көкшетау», «Ой».
«Мені де, өлім, әлдиле», «Жан сөзі», «Зар».
«Өмір», «Тұтқын», «Жатыр».
2.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының басты мұраты
Ел қорғаушы батыр мен хандарды дәріптеу.
Ру тартысын сынау, ескі салтқа қарсылық.
Махаббатты, сүйіспеншілікті жырлау.
Еркіндікті, бостандықты дәріптеу.
Ашу – ызаны, қантөгісті айыптау.
3.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының тақырыптық – мұраттық бағыты
Халыққа адалдық, жауға өшпенділік, биік адамгершілік.
Махаббат еркіндігі мен бостандық жолындағы күресі.
Жауынгерлік рух.
Ұлттың әдет – ғұрпы мен озық дәстүрі.
Ел басқару ісіндегі ақыл өнеге және билік - тапқырлық.
4.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының қаһармандары
Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан.
Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан, Еспембет.
Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан, Ер Қосай, Ер Көкше.
Баян, Ноян, Ардақ, Адақ.
Ардақ, Адақ, Баян, Ноян, Бөгембай, Қабанбай.
5.М. Жұмабаевтың «Батыр Баянына» тақырыптас шығарманы көрсетіңіз
Гогольдің «Тарас Бульба» повесі.
Горькийдің «Хан мен ұлы» әңгімесі.
Л. Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» романы.
Мамин – Сибиряктың «Ақбоз ат» әңгімесі.
М. Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесі.
6.М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының жанры
Лирикалық.
Тарихи - әлеуметтік.
Философиялық.
Мемуарлық.
Тұрмыс – салт туралы.
7.М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекшелігі
Психологизм.
Тарихи нақтылық пен шыншылдығы.
Ұлттық болмысты философиялық тереңдікпен жырлау.
Халық басындағы тозық дәстүрді сынау.
Жеке адамдарды бейнелеу.
8.М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баяннның інісі мен қалмақ қызының соңынан қуу себебі
Қалмақ қызын қызғануы.
Ақсақалдың «... бір масқара іс өткен түн болып қапты...» ,- деген сөзінің әсерінен.
Ноянға деген қимастық сезім.
Екі жасты қайтару.
Е. Екі жаспен қоштасу.
9.М. Жұмабаевтың «Батыр Баянына» «симфониялық жыр» деп баға берген кім?
Ә. Тәжібаев.
М. Әуезов.
Ж. Аймаутов.
Ш. Елеукенов.
М. Базарбаев.
10.М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға желісіндегі шиеленісті көрсет
Ноян мен қалмақ қызының бір – біріне ғашық боп, елден қашуы.
Баянның қалмақ қызын алып қайтуы.
Баянның інісін өлтіруі.
Баянның жау қоршауында қалуы.
Абылайдың қол жинауы.
11.М. Жұмабаев романтизміне тән ерекшелік
Қоғамды ашық түрде айыптайды.
Тұспалдау арқылы қоғамға наразылығын білдіреді.
Болашаққа деген сенімі мол.
Өмірді жапрқын жағынан көреді.
Ерекше көңіл аударарлық оқиға басым.
12.Асты сызылған сөздер көркемдік тәсілдің қай түріне жатады?
Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті.
М. Жұмабаев «Батыр Баян».
Кейіптеу.
Метафора.
Метанимия.
Теңеу.
Эпитет.
13.М. Жұмабаевтың сталиндік қуғын – сүргінді әшкерелейтін шығармасы
«Қорқыт».
«Қойлыбайдың қобызы».
«Жүсіп хан».
«Тоқсанның тобы».
«Оқжетпестің қиясында».
14.М. Жұмабаевтың табиғат лирикасы
«Көбелек», «Күміс нұрлы ай», «Түн еді», «Батқан түн, атқан таңның жыры».
«Жұлдыздарға», «Жазғы түнде», «Жұмбақ».
«Жел», «Қысқы жолда», «Жазғытұры», «Жазғытұрым».
«Күншығыс», «Орал», «Орал тауы».
«Жер жүзінде», «Бір күні», «Жоғалған алтын».
15.М. Жұмабаевтың махаббат лирикасы
«Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Сүйгенім анық»,«Гүлсім ханымға»
«Менің тілегім», «Мен кім», «Өткен күн».
«Өнер – білім қайтсе табылар », «Домбыра», «Сыр сандық».
«Толқын», «Махаббат не?», «Жан сөзі», «Ой».
«Жаралы жан», «Өткен күн», «Сүйемін».
16.М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэмасы кімнің шығармасымен үндес?
М. Ахундов.
Низами.
Хамза.
Әлішер Науаи.
Мақтымқұлы.
17.М. Жұмабаевтың бұқарашылдық өлеңдері:
«Сен сұлу», «Батыр Баян», «Сағындым», «Мен жастарға сенемін».
«Толқын», «Сен сұлу», «Орамал», «Сәрсенбайдың жыры».
«Қазағым», «Түркістан», «Өнер – білім қайтсе табылар».
«Мұра», «Біздің жақта», «Сыр сандық», «Менің тілегім».
«Қойлыбайдың қобызы», «Совпарттағы қарындасыма», «Мені де, өлім, әлдиле».
18.М. Жұмабаевтың «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі орыс ақындарының қайсысымен үндес?
Бальмонт.
Брюсов.
А. Блок.
Лермонтов.
Есенин.
19.М. Жұмабаевтың табиғат лирикасына тән ерекшелік
Табиғат пен адам жан дүниесі бірге өріліп, астасады.
Тадиғат пен адам тіршілігі шыншыл беріледі.
Табиғатты ерекше суреттейді.
Табиғат пен махаббат сезімі қатар алынады.
Туған жерге деген сезім басым көрінеді.
20.М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің жанры
Этнографиялық.
Символдық.
Тарихи - әлеуметтік.
Мемуарлық.
Психологиялық.
21.Мағжанның «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің тақырыбы
Қазақ әйелінің теңсіздігі.
Жаңа заман шындығын көрсету.
Әйелдердің теңдік алуы.
Оқыған қазақ әйелдерін үлгі ету
Әйел тағдыры туралы.
22.Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі
Көрмесең жан – жарыңды өлгендей боп,
Қайғырып күлден кебін киген қандай!
М. Жұмабаев. «Батыр Баян».
Метафорлық тіркес.
Метонимия.
Синекдоха.
Теңеу.
Символ.
23.М. Жұмабаевтың аудармаларын көрсет:
«Жұртын сүйген жүрек», «Сұңқар жыры», «Хан мен ұлы».
«Евгений Онегин», «Ревизор», «Отелло».
«Асауға тұсау», «Ақсүйектер», «Дворян ұясы».
«Полтава», «Маскарад», «Ана».
«Бородино», «Вадим», «Қанжар».
24.Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?
Арқаға аяқ салып түскен барып,
Екі оттың - орыс, қытай арасына.
М. Жұмабаев. «Батыр Баян».
Метафора.
Метонимия.
Теңеу.
Кейіптеу.
Символ.
25.Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?
Шалқыған махаббат – от аспанға өрлеп.
М. Жұмабаев. «Батыр Баян».
А. Метафора.
В. Эпитет.
С. Теңеу.
D. Кейіптеу.
Е. Символ.
26.Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?
Жапанда аға – іні: Баян – Ноян-
Алып кеп көз алдына Ай мен Күнді.
Дұрысы – күміс күлген күндіз бенен
Түнерген қара бұлттай қара түнді.
Күрделенген метафора.
Метонимия.
Теңеу.
Символ
Психологиялық параллелизм.
27.М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының оқиға желісіндегі шарықтау шегін көрсет:
Баян өлімі.
Баянның екі жасты өлтіруі.
Абылайдың қол жинауы.
Абылай қолының кері қайтуы.
Ноян мен қалмақ қызының елден қашуы.
28.М. Жұмабаевтың «Оқжетпес қиясында» поэмасының тақырыбы
Тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер туралы.
Туған жер туралы.
Махаббат жолындағы қасіреті.
Қазан төңкерісін көрсету.
Қазақ әйелінің теңсіздігі.
29.М. Жұмабаевтың «Оқжетпес қиясында» поэмасының мұраты( идеясы).
Тәуелсіздік ерлерін жоқтау.
Туған жер табиғатын дәріптеу.
Салт- дәстүрді дәріптеу.
Әйел теңсіздігіне қарсы бой көрсету.
Кеңес өкіметінің қамқорлығын дәріптеу.
30.М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баян бейнесі
Алаш намысы үшін күресуші
Адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік құрбаны.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгер.
Халық тағдыры жолындағы күресте өсіп – жетілген ауыл азаматы.
Ұлт – азаттық көтеріліс қаһарманы.
31.М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі Шолпан бейнесі
Бас бостандығы үшін күресуші.
Шынайы махаббат құрбаны.
Ерлі – зайыптылық бақыт жолындағы құрбан.
Кеңес өкіметін орнатуға қатысушы күрескер.
Жастықпен алданып, өмір тәлкегіне түскен студент.
32.Аймаутов шығармашылығының басты бағыты
Социалистік Еңбек Ерлерін бейнелеген қыл қалам шебері.
Қазақ кәсіби театрының аса көрнекті әртісі.
«Қазақ марсельезасы» әнұранының авторы.
Жазушы, драматург, аудармашы, әдебиет сыншысы.
Психология, педагогика маманы, даланың дарынды шипагері.
33.Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романының тақырыбы
Балық өнеркәсібі.
Қой шаруашылығы.
Көмір өнеркәсібі.
Мұнай өнеркәсібі.
Азамат соғысы алаңы.
34.Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романының қаһармандары
Ақбілек, Еламан, Кәлен.
Мырқымбай, Шоқпыт, Ақбілек.
Мейрам, Жәнәбіл, Ардақ, Ақбілек.
Тайман, Қабен, Ақбілек.
Ақбілек, Балташ, Төлеген.
35.Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романының мұраты
Қазақ қызының оқу – біліммен қиындықты жеңуі.
Жастардың махаббат жолында жеңіп шығуы.
Жаңа өкімет орнату жолындағы күрес.
Қазақ қызының теңдік жолындағы күресі.
Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі.
36.Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының жанры
Психологиялық.
Тарихи - әлеуметтік
Мемуарлық.
Философиялық.
Этнографиялық.
37.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиеттің басты өзгешеліктері
Қазақ еліндегі Қазан төңкерісі.
Тарихи тақырып.
Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы жаппай халықтық ереуіл.
Жазушылардың, ақындардың XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді жырлауы.
Әдебиеттің сыншыл – реалистік бағытты дамытып, саяси-әлеуметтік және төңкерістік өзгерісті бейнелеуге бет бұруы.
38.Жаңа заман әдебиетінің басты тақырыптық – идеялық бағыттары
Қазақ ауылының шаруашылық күй – жайы.
1916 жылғы азаттық – бостандық жолындағы төңкеріс.
Кеңес өкіметі мен Компартияның қудалаушылық саясатын әшкерелеу.
Еңбекшілерді күреске, бостандық – теңдікке шақырған шығармалардың тууы және әдебиеттің жаңа кейіпкерлерін жасау.
Халық шаруашылығын индустриялау.
39.Ж. Аймаутовтың «Қартқожа» романының тақырып – мұраты
Елде Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күрес – тартыс.
1916 азамат соғысы кезіндегі ауылдағы әлеуметтік ахуал.
Болыс – билер әділетсіздігін әшкерелеу.
Жаңа өмір тұсындағы өнер – білім жорығы.
Ұжымдық шаруашылық.
40.Ж. Аймаутовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожа бейнесі
Қазақ елінің бірлігі, жерінің тұтастығы үшін күресуші.
Адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік құрбаны.
Халық тағдыры жолындағы күресте өсіп – жетілген ауыл азаматы.
Ұлы Отан соғысы майданында ерлік көрсеткен жауынгер.
Студент жастарды от құшағынан аман алып қалу жолында ерлік көрсеткен тұлға
41.Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романында Ақбілекті ақтарға ұстап беруші кім?
Мұқаш.
Бекболат.
Орыс офицері.
Балташ.
Төлеген.
42.Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романында Ақбілек жаудан қашқанда жолыққан адам кім?
