Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_bilety.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466 Кб
Скачать
☆

46 Адамның экологиялық білім алуында этикалық және эстетикалық мәселелер

Экологиялық білім дегеніміз бүгінгі таңда және болашақта адамның үйлесімді ӛмір сүруін қамтамасыздандыратын қоршаған ортаны сақтауға және дамытуға әрекет ету үшін түрткі болатын сананы дамытуға мақсатты бағытталған, адам ӛмірінің барлық кезеңдеріндегі қоршаған орта туралы түсініктердің саналы және жоспарлы дамуы болып табылады.

Қазіргі заман адамы экологиялық білімдермен және экологиялық тұрғыдан ойлау амалдарымен қаруланған болуы тиіс, оның биосферадағы адам және қоғам туралы тұтас кӛзқарасы болуы тиіс, табиғи, ӛмірлік және еңбек орталарының ӛзара тығыз байланыстылығын жете түсінуі қажет. Осы тұрғыдан алып қарағанда мәдениет нормалары мен ақпараттарын жеткізуші әлеуметтік институттар болып табылатын жоғары оқу орындарының рӛлі ӛте зор. Экологиялық білім адамның экологиялық санасын дамытуды, оның табиғатпен қарым-қатынастарын оңтайластыру мен үйлестіруді қарастырады. Экологиялық білім адамды қоршаған орта туралы пәнаралық білімдерге негізделе отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық міндеттерді жан-жақты жүзеге асыруға бағыттайды. Қазіргі мәдени құндылықтар жүйесінің құрамына табиғат енеді. Бұл барлық саладағы мамандар үшін маңызды өмірді қастерлеу, жер этикасы, табиғат бәрінен жақсы біледі, адам мен табиғаттың біргелікте әрекет етуі, адамзат пен табиғаттың коэволюция идеясы сияқты экологиялық принциптердің жүзеге асуынан кӛрінеді (А.Швейцер , Н.Н.Моисеев ).

47,,,,,,,,

48 Қоршаған ортаның генетикалық ластануы және тұрғындардың денсаулығы.

Қоршаған орта химиялық, физикалық және биологиялық (вирустар) факторлар әсерінен ластанады. Олар тірі жасушаларға әсер етіп, оның генетикалық бағдарламасын өзгертеді. Мұндай заттарды мутагендер деп атайды. Әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын тұқым қуалайтын өзгерістерді мутация дейді. Үлкен қалалар және түрлі өнеркәсіп орындары суды пайдалана отырып, улы-зиянды қалдықтарын өзендер мен көлдерге құяды. Олар сол ортада өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жағдайына кері әсерін тигізеді. Фабрикалар мен зауыттар, жылу орталықтары, автокөлік пен ұшақтар, ғарыш кеңістігіне ұшатын ракеталар ауаны түтінмен ластап, зиянды улы газдар бөліп шығарады. Әсіресе ракеталар жанармай ретінде пайдаланатын гептил қосылысының қоршаған ортаға, жануарлар мен адамдарға мутагендік әсері бар екені дәлелденіп отыр. Ауыл шаруашылығында мол өнім алу мақсатында зиянды өсімдіктер мен жәндіктерге (шегіртке) қарсы түрлі химиялық улы заттар (пестицидтер) қолданылады, олар топырақты уландырып, жер асты суларына өтіп, оларды ластайды.

Гендердің өзгеру нәтижесінде пайда болған тұқым қуалайтын ауруларды гендік аурулар дейді. Гендік ауруларды тұқым қуалау ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөледі.

  1. Аутосомды-доминанттық тұқым қуалау кезінде белгілер аутосомда орналасады, жынысқа тәуелсіз, ұрпақ сайын көрінеді. Мұндай ауруларға: брахидактилия — қысқасаусақтылық, полпдактилия — алтысаусақтылық, ахондроплазия — ергежейлілік, беттің секпілі, кезді шел басу, сүйектің омырлығы т.б. жатады.

  2. Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типінде зерттелетін белгі аутосомда орналасады. Ата-анасында білінбей, ұрпағында көрінеді. Мұндай ауруларға альбинизм (пигментсіз), алькантонурия гомогентизин қышқылын артық бөледі, идиопатия мишықтың өзгеруі, фенилкетонурия — кемақыл жатады.

  3. Жыныспен тіркескен рецессивті белгілердің тұқым қуалау типінде, аурулар келесі ұрпақта X хромосомада көрінеді. Оларға: гемофилия — қанның ұйымауы, гемералопатия — түнде көрмеу, дальтонизм — түсті ажырата алмау, рахит — сүйектің қисаюы, галактоземия — галактозаны игере алмау, бауыр циррозы, кемақыл, т.б. жатады.

  4. Голландиялық тұқым қуалау типінде белгілер әкесінен тек ұлына ғана беріліп отырады. Мысалға, құлақ қалқаншасының жүнді болуы — гипертрихоз, гипертрихоздың гені Ү хромосомамен тіркесіп тұқым қуалайды. Ер бала Ү хромосоманы тек әкесінен алады, сондықтан ол ген балаға толық беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]