- •34 Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Ағызынды суларды тазалаудың әдіс- тәсілдері Қазақстан су қорлары және оларды қорғау мәселелері
- •35Атмосфералық ауа және оны қорғау. Атмосфералық ауаның ластану себептері мен зардаптары
- •38 Қазіргі кездегі Қазақстандағы және Павлодар облысындағы экологиялық мәселелер
- •Экология
- •42. Урбанизация
- •43. Дағдарыс және Апат.
- •44. Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары бойынша Қазақстандық және халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар, олардың экологиялық мәселелерді шешудегі мәні
- •45, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
- •46 Адамның экологиялық білім алуында этикалық және эстетикалық мәселелер
- •48 Қоршаған ортаның генетикалық ластануы және тұрғындардың денсаулығы.
- •49 Қазақстанның табиғи ресурстарының қазіргі жағдайы және олардың қоры
Билет 1 Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.Экология ғылыми пән ретінде XX ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т. б. сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линнейдің ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағанын көрсетеді. Франңуз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол еңбектерінде жануарлар мен есімдіктер эволюциясының ең маңызды себебінің бірі ретінде ең алғаш сыртқы факторлардың рөлін бөліп керсетті. Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.Үлес қосқан ғалымдар:Аристотель,Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах, Антони Ван Левенгук,Карл Линней. Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.Ғалымдар: В.И.Вернадский, Дарвин Чарлз Роберт, В. В. Докучаев, Геккель Эрнст.Экологияның негізгі болімдері - аутэкология, демоэкология және синэкология.
Билет 2 Ағза (В. И. Вернадский бойынша) – құрылымы тұйық, сатылы ұйымдасқан, тепе-тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе.Тіршілік деп қоршаған ортамен зат және энергия алмасу негізінде өзіндік және реттелген құрылымдардың қайта өсіп, өнуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын процесті айтамыз. Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасында онымен тікелей өзара әрекетке түсетін, сан қилы құбылыстар мен әр түрлі элементтерден тұратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгеріске ұшырап, ықпал ететін жерлерден тұратын табиғаттың бір бөлігі. Яғни, тіршілік қоршаған табиғи ортамен үнемі зат, энергия алмасу жағдайында болатын белокты денелердің өмір сүруі. Белокты денелердің қасиеттеріне өзін-өзі қайта тудыра алу, ұйымдасу, құрылымының реттілігі, тұтастығы, өсу мен дамуы, зат жане энергия алмасу, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тітіркендіргіштік, қозғалыс, реттеушілік қоғаммен өзара әрекеттестіктерінің ерекшелігі жатады. В.И. Вернадский тірі зат - бүкіл дүниедегі ең белсенді материя формасы деді. Тірі заттардың дене құрылыстарының бірнеше деңгейі бар – молекулалық – жасушалық – талшықтық – мүшелік - ағзалық- популяциялық - түрлік - биоценотикалық – экожүйелік - ғаламдық (биосфералық).
Билет 3 Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.1,Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес.2,Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.
БИЛЕТ4 Шектеуші фактор - 1)қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуінің өтуі үшін шектеу қоятын фактор. Мысалы, басқа түрлердің бәсекелесі; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өніміне басқалардан гөрі ықпалы болатын экологиялық фактор. Далалық өңірде өсімдіктер үшін шектеуші фактор — су, орманды жерлерде — топырақта қоректік элементтердің молдығы, тундрада — жылу мөлшері. Шағын көлдерде қыстың ортасынан былай судағы оттек мөлшері шектеуші фактор болып шығады (ол жетіспегенде балық жаппай қырылады). Топырақта (немесе су қойманың суында) уытты тұздардың болуы да шектеуші фактор болуы мүмкін. 1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатының дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2 Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.Миниммумен қатар максимумның де шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды. Шелфодтың толеранттық заңы: Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқуы диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударған tolerantia-шыдау төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.Төзімділік заңы-ағзаның өркендеп өсуінің тежеуші факторы болып ең аз немесе ең көп түрде әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің арақашықтығы организмнің осы әсерге төзімділігінің шамасын айтады.
Билет 5 Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
Билет 6 Популяция туралы түсінік Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты.Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.Бір популяцияға жататын организмдер бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым- қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық Қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-тұыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.
Билет 7. Адаптациялық қасиеттердің тұқым қуалаушылығына байланысты дарақтардың тірі қалуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл жаңа популяциялардың пайда болуына, алуан түрліліктің қалыптасуына алып келеді, осылайша эволюция жалғасып отырады, мұнда түр сапалық көрсеткіш болып табылады. Сапалық көрсеткіштер көптеген сандық көрсеткіштердің мәселесін шешеді. Сандық көрсеткіштердің екі түрі болады: статикалық және динамикалық.Статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы, құрылымының көрсеткіштері жатады.Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды популяцияның сандық мөлшері әр түрлі факторларға орай өзгеріп тұрады және ол көбею (өнімділік) интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де, өлім оның саның кемуіне әкеледі. Қоршаған ортаның кез-келген жағдайында ағзалар сандарының қалыпты ұстауын популяция гомеостазы деп атайды. Популяцияның тығыздығы деп – бір кеңістіктегі дарақтар санымен немесе биомассамен анықталатын көлем, мысалы, бір квадраттық километрге келетін адамдар немесе гидробионттар саны.Құрылым көрсеткіштері: жыныстық, жастық, өлшемдік болып бөлінеді.Популяцияны зерттегенде олардың орта факторларына байланысты өсуіне, кемуіне мән беріледі, бұны популяция динамикасы деп атайды. Егер популяция ішіндегі әр жастағы түрлердің саны бірдей болса онда бұл популяцияның өмір сүру қасиеті жоғары. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі-жастағы көп болса, онда бұл попопуляция регрессивті немесе өліп жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайда себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл шаралар қабылданады. Егер популяция ішінде жас ағзалардың саны көп болса, онда бұл популяцияны өніп жатқан популяция деп атайды.Даралар мен популяциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлерін Биотикалық фактор дейміз. Биотикалық факторлардың екі тобы белгілі: түрішілік (гомотиптік, грек тілінен аударғанда homoios - бірдей) және түраралық (гетеротиптік, грек тілінен аударғанда heteros - әр түрлі). Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса, түршілік бәсекелестік эффектісін атауға болады.
Билет 8 Экологиялық қуыс (орыс. Экологическая ниша) — организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы, соның ішіне ол орналасқан кеңістік, қоғамдастықта атқаратын функциялық рөлі (мысалы, трофикалық статусы) және оның қоршаған орта факторларына —температураға, ылғалдылыққа, қышқылдылыққа, топырақ құрамына және т.б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Экологиялық қуыс дегеніміз — түрдің экожүйедегі энергия тасымалдауында атқаратын рөлі. Экологиялық қуыс үш түрге — кеңістіктік, қоректік және гиперкеңістіктікке (көп өлшемді) бөлінеді. Кеңістікгік қуыс — организмдердің тұрақты мекені, қоректену ерекшеліктеріне байланысты куыс, көп өлшемді қуыс дегеніміз — гиперкеңістіктегі аумақ, оның өлшемі экологиялық факторларға байланысты. Бір Экологиялық қуысты екі түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиоталық факторлардың әсерімен байланысты. Егерресурстардың мөлшері жеткіліксіз болса, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады немесе басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аймағының шетіне ығыстырады. Экологиялық қуыс – популяциялар-ң тіршілік жағдайына қойылған талаптардың жиынтығы ж/е осы талаптар орындалатын орын. Экологиялық қуысқа организмдер-ң тіршілік етуіне қажет физикалық, химиялық, биотикалық факторлар кіреді. Ол оның морфологиялық бейімделушілігімен, физиологиялық реакциясымен ж/е тәртібімен анықталады. Организмдер-ң экологиялық қуыстарына сипаттама беру үшін, оның немен қоректенетінін, экожүйе-ң компоненттеріне қалай әсер ететінін білу к-к. Мыс: орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері мекендейді, бірақ олар-ң әрқайсысының өзінің экологиялық қуысы болады. Эколог. қуысқа организмдер-ң орналасу кеңістігі, қауымдастық атқаратын функционалдық ролі ж/е оның қоршаған орта факторларына- темперетура, ылғалдылық,топырақ құрамына т.б. жағдайларға төзімділігі кіреді. Эколог. қуыс- кеңістік, қоректік, гиперкеңістік түрлеріне бөлінеді. Кеңістік қуыс- организмдердің тұрақты мекені, қоректену ерекшеліктеріне б/ты қуыс, көп өлшемді қуыс- гиперкеңістіктегі аумақ, оның өлшемі эколгиялық факторларға б/ты. Бір эколог-қ қуысты 2-ші түр иелене алмайды. Экология-қ қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиотикалық факторлар әсерімен б/ты. Түрдің маңызды көрсеткіштерінің бірі- оның экология-қ қуысы-ң ауқымдылығы болып табылады. Әр түрге жататын екі организм бірдей ресурстарды пайдаланған кезде олардың қуыстары қабаттасып кетеді. Егер ресурстардың мөлшері жеткіліксіз б/са, қуыстар қабаттасқан кезде бәсекелестік туады. Бәсекелестік нәтижесінде түрлердің бірі жойылады н/е басым түскен түр өз бәсекелесін бейімделушілік аумағының шетіне ығыстрады.
Билет 9 Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың (1825 — 1908) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті “bіocenosіs” деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді. Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1]; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді. Қоректік тізбектердің екі түрін: жайылымдық және детритті бөліп көрсетуге болады:Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде (продуцент) бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полифагтар (грек тілінен аударғанда poly – көп), яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады.Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіруі және әр түрлі орында болуы мүмкін. Мысалы, аюлар өсімдіктермен де, жануаралармен де, өлекселермен де қоректенеді. Олар трофтық қатынастармен, көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерімен байланысқан. Қоректік тізбектер табиғатта күрделі шиеленісіп кеткен.Нақты қоректік тізбектерде өсімдік текті тамақтағы энергияның берілетін мөлшерін есептеуге және тасымалдануын бақылауға болады.Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады.
Билет 10 Биосфера – ғаламшардағы зат айналымына ықпал етіп тұрған ең ірі кеңауқымды экожүйе. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің маңызды бөлігі болып саналатыны оның пайда болуы мен дамуы туралы көзқарас. Тіршіліктің алғашқы түрлері анаэробтық бактериялар болған. Ал тірі заттың құрушы және дамытушы орны тек автотрофтар – цианобактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері (эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады. Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты. Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Бұлармен қатар гететрофтар да дами бастады. Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып, құрылықтарда қоныстануынан және адамның пайда болуынан басталады Вернадский ілімінің биік шыңы – ноосфера – сана сезім сферасы туралыілімі. Бұл ілімінде ол ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты.Осы жандылардың ішінен Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады. Сонымен, ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын орта.Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама – қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырлған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады
№11Биосферадағы заттар айналымы. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
Биосферадағы заттар айналымы Биосфера күнелтіп, өмір даму үшін заттар бір ағзалар пайдаланған соң басқа ағзалар сіңіре алатын түрге ауысып отыру керек.Айналымның екі түрі бар: үлкен (геологиялық) және кіші (биогендік немесе биохимиялық).Үлкен айналым жүздеген млн. жылға созылып, жер қыртысының қабаттарында жүреді.Кіші айналым биосфера шегінде биогеоценоз деңгейінде жүреді. Мүндай айналымды биогеохимиялық цикл деп атайды. Ол: 1) газдық (азот, оттегі, көмірқышқыл газы, бу) және 2) шөгу (фосфор, кальций, темір) болып бөлінеді.Су айналымы өсімдіктер мен жануарлардың өлі материямен байланысындағы маңызды көпір. Үлкен айналымда су литосфераны бұзып, теңіздерге алып кетеді.Көмірқышқыл газы айналымы – фотосинтез. Азот айналымы микроағзалар арқылы өңделіп, өсімдіктер сіңіретін түрге айналып отырады.
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
Энергетикалық қызметі Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктерфотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа организмдер пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі организмдердің қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады. Жинақтау қызметі .Тірі организмдер коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі организмдер құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі организмдердің құрамында сутек,көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі организмдерде жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.Тотығу-тотықсыздану қызметі .Тірі организмдер топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі организмдер заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ организмдер пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады. Биохимиялық қызметі .ірі организмдердің биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген организмдердің) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.
№12Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты даму аспектілерінің бірі. Табиғи ресурстар және олардың жіктемесі.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырықшашқан кезінде аулауға тыйым салды.
Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.Мониторинг жүйесі үш деңгейге бөлінеді. Олар: санитарлық-улылық, экологиялық және биосфералық мониторинг.
Табиғи ресурстарАдамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Мысалы–су. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады
№13 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі. Қалдықсыз технологияларды өңдеу. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі
Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология.Қазіргі кезде Менделеев таблицасындағы жүзден астам элементтің барлығы да жерден шығарылады. Қазақстан әлем бойынша қазба байлықтарды өндіруден алдыңғы қатарлы орындарда. Бұл минералды ресурстарды ауқамды түрде пайдалану қоршаған ортаның жаппай микроэлементтермен ластануға әкеп соқтырады. Элементер қоршаған ортада жинақталып, қоректік тізбек арқылы организмге түсіп, қауіптілікті тек қана қазіргі адамдарға ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа да тигізеді. Қоршаған ортаға тигізілетін күш белгілі бір экологиялық шектен аспауы керек. Табиғи ресурстарды пайдалану биосфераның өзгерісіне әкелуде. Орнына қайтып келмейтін ресурстарды тауысу қоршаған ортада, ландшафттардың өзгеруіне, табиғи экожүйелердің аймақтарын құртуға, топырақтың тозуына т.б. себеп болады. Ресурстарды қолдану тағы бір экологиялық мәселе – қалдықтар мәселесін ушықтырады. Қалдықтарға әр түрлі өнімдерді өндіру немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады: тұрмыстық, өнеркәсіптік, өндіріс өнімдерінің қалдықтары, қауіпті қалдықтар, радиоактивті қалдықтар.
Табиғи ресурстарды қолдану барысында олардың көп бөлігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурсты цикл дегеніміз адамның қорларды пайдалануының барлық кезеңдерінде белгілі бір заттың немесе бір топтың бір түрден екінші түрге ауысуының және кеңістіктегі орын алмасулары.
Қазіргі кезде барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары:
- пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын жетілдіру
- пайдалы қазбалары бар өңірлерді тиімді үнемді пайдалану
- дефицитті ресурстарды кең тараған қоры көп ресурстармен ауыстырып пайдалану
- өндіру жұмыстары жүргізілген таулы аймақтарда жер рекультивациясын кеңінен жүргізу.
Адамның биологиялық түр ретінде оның тіршілігінің шектеуші факторы ол қажетті табиғи ресурстарының тауысылуы. Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР халқаралық ынтымақтастықтар іске асырылады. Болып жатқан әр түрлі экологиялық мәселелер жаһандық сипат ала бастады. Осы жаһандық экологиялық мәселелерді болдырмау мақсатында әр түрлі табиғат қорғау қызметтері іске асырылуда. Қазіргі кезде экологиялық мәселелермен айналысатын 100-ден астам халқаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, БДҰ, БАҰ, ЮНЕП, ЮНЕСКО және т.б
өзге елдер сияқты Қазақстан республикасы да қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау заңнамасына сүйенеді. ҚР Экологиялық кодексі, жарлықтар, нормативтік актілер т.б. жатады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі ( азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей, ауыл-шаруашылық өндірісінің келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік өнімдері жағдайларының нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б..
№14-16Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелері, олардың пайда болу себептері және зардаптары
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.
Экологиялық мәселелер.Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі:
Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Керішағылысқанбұлсәулелердікөмірқышқыл газы, метан, фреондаржәнет.б. газдарөздерінесіңіреді де, температура көтеріледі. Күнніңкерішағылысқанжылуынсіңіретінгаздарды парниктік (жылыжайлық) газдардепатайды. Парниктікгаздардыңатмосферадабіртіндепжинақталып, атмосферадағыжылубалансыныңөзреуін парниктік эффект депатайды.
Аймақтықэкологиялықмәселелер — жербетіндегіауқымдыаймақтарды, яғнибірнешемемлекеттердіңаумағынқамтиды. Ондайэкологиялықмәселелердібірнешемемлекетбірігіпшешуітиіс. Мұндайэкологиялықмәселелерге жылқұстарын және трансшекаралық су қорларын жәнет.б. табиғатбайлықтарынқорғаужатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертісөзендерін жәнет.б. қорғаумысал бола алады.
Жергіліктіэкологиялықмәселелер белгілі бір жергілікті шағынаумақтың табиғатбайлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарыншатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келгеншаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қарамойнақшағала) түрін сақтап калу, Балқашкөлінің экологиялық жағдайы жәнет.б. атауға болады. Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.
№15Қоршаған ортаның ластануы, олардың түрлері және олардың қоршаған ортаға тигізер әсері
Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.Ластану түрлеріҚазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді: Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер.Химиялык ластану – көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.Радиациялық ластанудьң басқа ластанудан коп айырмашылыгы бар. Қысқа толқынды элекгромагаиттік сәуле шыгару мен зарядталган боліктерді боліп шыгаратын түрақсыз химия-лык элементтердің ядросы — радиоактивті нуклидтер. Міне, осы болшектер мен шығарылган сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бүзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
№17Ауыл шаруашылығы мен өндірістің қарқындылығына байланысты экологиялық мәселелер. Пестицидтер және олардың түрлері және оларды қолданудағы зардаптар.
Пестицидтер және олардың классификациясы.Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. Химиялықтабиғатыжәнепатогендікқасиетінебайланыстыпестицидтердіңбірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптікклассификациясы бар. Пестицидтерулылықдәрежелерініңәртүрліболуыменерекшеленеді. Улылығынбағалауүшінтәжірибегеалынғанжануарлардың 50% өлетіндозаны, яғниорташаөлтірудозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшерінебайланыстыпестицидтерді: куштіәсерететінулызаттар, улылығыжоғары, улылығыорташа,жәнеулылығытөмендепбөледі. Тұрақтылығынабайланыстыпестицидтерді: өтетұрақты (ыдыраууақыты 2 жылданкөп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалытұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) депбөледі. Көбінехлорорганикалық, фосфорорганикалықжәнесынапорганикалықпестицидтержиіқолданылады. Әсеретуобьектісіне (арамшөптер, зияндыжәндіктер, жылықандыжануарлар) жәнехимиялықтабиғатынабайланыстыпестицидтермынадайтоптарғабөлінеді:акарецидтер - кенелерменкүресуүшін;альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктерінқұртуүшін;антисептиктер - бейметаллматериалдардымикроорганизмдерденқорғауүшін;бактерицидтер - өсімдіктердіңбактериалдыауруларыменжәнебактерияларменкүресуүшін;зооцидтер - кемірушілерменкүресүшін;инсектицидтер - зияндыжәндіктерменкүресуүшін;лимацидтер - әртүрлімоллюскаларменкүресуүшін;нематоцидтер - жұмырқұрттарменкүресуүшін;фунгицидтер - топырақтағысаңырауқұлақтарменкүресуүшін. Сондай-ақпестицидтергеөсімдіктердіңжапырақтарынжоюүшінпайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктіңартықгүлдерінқұртуүшін - дефлоранттар, өсімдіктіңдамуы мен өсуіңреттейтін - химиялықзаттар, арамшөптердіжоюүшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілержәнебасқа да жануарлардыүркітуүшінқолданылатынхимиялықзаттар - репелленттер, жоюүшіналдыменжәндіктердіеліктіретін - аттрактанттар, жәндіктердіжыныстықстерилдеуүшінқолданатын - стерилизаторлардыжатқызады. Пестицидтердіпайдалануауылшаруашылығы мен ормаңшаруашылығыныңөнімдерінарттырғаныментопыраққа, қоршағанортағазиянды. Пестицидтердіңішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көпқолданылады. Кезіндедүниежүзіндежылсайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшерішығарылыпотырған. Соңғыжылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыдажәнет.б. елдерде ДДТ-ныңшығарылуытоқтатылған. Себебіауылшаруашылығынатигізетінпайдасынанэкологиялықтұрғыданзияндылығыасыптүскен. Жартылайыдыраумерзімі 50 жылданартықболғандықтан, қоршаған орта обьектілеріндежинақталған ДДТ қоректіктізбекарқылыадамдар мен жануарлардыңденесінеөткен. Осы жағдайдыңсалдарынанәсіресебалаларөлімі, тұрғындардыңарасындабасқа да ауру түрлерікөбейген. ДДТ-ныңбиосферадакөптаралғанысоншалықты, Антарктидадағыпингвиндердіңбауырынан да табылған.
№18Ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресудің биологиялық әдіс-тәсілдері
Биологиялық күресу шаралары. Табиғатта организмдердің әр түрлi түрлердiң арасындағы антагонистiк арақатынастардың болуында негiзделген. Әдiстiң тәжiрибесiнде олардың тiршiлiк әрекетiнiң өнiмдерi, микроорганизмдер, сонымен бiрге энтомофагтардi қолданылады. Биоәдіске энтомофагтардың тіршілігіне қолайлы жағдай жасау жатады. Биометод зиян келтiрушiлер және аурулардан сатының интеграцияланған қорғауының жүйесiндегi маңызды орында орналасады.Энтомофагтар (жыртқыш аңдар және арамтамақтар) және патогендiк микроорганизмдер зиянкестерлердің санын шектейтiн табиғи факторларға жатады. Қоректене жыртқыш аңдар, олардың жұмыртқасын, дернәсілдерін, қуыршақтар немесе имаголарды құртады. Микроорганизмдер (бактерийлер, вирустар, және т.б) зиянкестерлерді ауруға шалдықтырып өлімге әкеледі. Орман зиянкестерлердің жыртқыш аңдары бунақ аяқтыларға және омыртқалы жануарларға көбiнесе жатады.Бунақ аяқтылар оларға (кенелер, өрмекшiлер) өрмекшi тәрiздi және құрт-құмырсқаларды жатады. Кенелер және питомникте кең таралған өрмекшiлер жұмыртқаларды, майда дернәсілдерді және әртүрлi зиянкестерлердің имаголарын құртады. Химия инсектицидтерiне үлкен орнықтылықтармен айырмашылығы болады, микробиологиялық препараттарға қабылдағыш емес. Жыртқыш құрт-құмырсқалар жуково отрядтарына, инелiктер, жарғақ қанатты, тор қанатты және тағы басқалар жатады Барлық жерде орман биоценозында пайдалы сасық қоңыздардың дернәсілдері кездеседі, олар әр түрлі зиянкестерлердің дернәселдерін, қуыршақтарын жояды. Әсіресе қызылденелі сасық қоныздар пайдалы. Химиялық әдістерге қарағанда биологиялық әдістің пайдалылығы көп. Оларды қолданған кезде қоршаған орта пестицидтермен ластанбайды. Биологиялық әдістің адамға, өсімдікке, орман биоценозына кері әсер етпейді. Олар ақырын әсер етсе де, көпке дейін зиянды жәндіктердің санын үзақ уақыт көбейтпей түрады.
№19Қазіргі кездегі әлеуметтік-экологиялық мәселелр, әлеуметтік экологиялық дағдарыс
Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары Әлеуметтік-экологиялық проблемалар: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, халықтың генофондының өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің артуы, зиянды әсерлердің жаңа түрлері. Соғыстар және терроризм: экологиялық зардаптары. Әскери-өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Радиоактавті изотоптардың биосферадағы тасымалдануының кейбір мысалдары. Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістері және критерийлері. Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңгершілік және хұқықтық тұрғыдан реттелуі. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
№20Қоршаған ортаның радиациялық ластануы
Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластануданкейін екінші
орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:
1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.
Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі.Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады.
Радиациялық ластанудың көздері.Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз баланысты:- атом өнеркәсібі;- ядролық жарылыстар;- ядролық энергетика;- медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.
31 Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық тәрбие беру Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білімжәне Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялықбілімсізқоғамдықэкологиялықсанақұрумүмкінемес.
Экологиялықбілімберу- балабақша, ортамектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғыоқуорындарындаүздіксізэкологиялықбілімберужүйесінжетілдіруменұйымдастырудыңмемлекеттікжүйесіне айналды.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Әрине табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық тәрбие мен білім берудіңкешендікұстанымы бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксізұстанымы, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананыэкологияландыруболып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты дамуды жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен кәсіби мамандардың жеткіліксіз болуына және қазақ тіліндегі оқу құралдары мен бағдарламалардың жеткіліксіз болуына байланысты экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатынэкология пәнібойынша арнайы оқулық пен оның кешендері (бағдарламасы, жұмыс дәптері, әдістемелік нұсқау, хрестоматия) 2005 жылдан бастап «Мектеп» баспасынан ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бекітіп ұсынуымен жарық көрді. Деседе, министрліктің ұйғарымын орындау орнына республиканың мектептері «Экология негіздері» пәнін сабақ кестесіне енгізген жоқ, тек факультатив есебінен жүргізіледі. Көрші Ресей Федерациясы 1994 жылдан бастап мектептерге экология пәнін енгізгені көпшілікке мәлім. Ал мектептегі химия, география, биология пәндерінде экологиялық білім толық берілмейді, кейбір оқулықтарда қарастырылған мәселелер Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айтакетерлігі, халықаралықталаптарбойыншаэколог-мамандардыдаярлаудатекжетекшіуниверситеттерғанаесепкеалынады
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков, Н.Н. Нұғыманов, А.Б. Бигалиев, Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді. Онда алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география-экология факультеті ашылып эколог мамандарын даярлауга жол ашылды.
Қазір жоғарыда аталған университет экологиялық білім мен тәрбие беруде Қазақстанның жоғары оқу орындарының көшбасшысына айналды. Соңғы жылдары қызметке келген университеттің жаңа басшысы, академик С.Ж.Пірәлиев география-экология факультетінің оқу процесін күшейтіп «Экомониторинг» зертханасын ашуға көп көңіл бөлді. Зертхана жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Білім алушылар зертханада ауа, су, топырақ, өсімдік құрамындағы ауыр металдар, нитраттарды анықтай алатын практикалық білім ала бастады. Тек студенттер ғана емес осы университеттің Магистратура және PhD докторантура институтында оқитын білім алушыларда экология ғылымы бойынша іргелі ғылыми зерттеулерге қатысып білімдерін дамытуда. Яғни, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасында «Биоэкомониторинг», «Химия және химия техникасы» зертханалары жұмыс істейді. Онда магистранттар мен докторанттар экологиялық зерттеу жұмыстарын жасап магистрлік және докторлық еңбектерін аяқтайды. Осының бәрі экологиялық білім берудің жаңа стратегиялық бағыттары деп білеміз.
32 Демографиялық дағдарыс және оның салдары Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді
Демографиялық күрт өсу [өңдеу]Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
33Қоршаған ортаның ластануының генетикалық салдары.
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді); пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары ... Қоршаған ортаның бүлінуі — табиғи апаттардан, атап айтқанда, жер сілкінісі, су тасқыны, тағы басқа осындай себептерден орын алса, оны табиғи деп, ал адамзат баласының іс-қимылы әрекеті барысында ластанса, оны антропогендік деп атайды. Соңғысының адамға, қоршаған ортаға және биосфераға әсері бөлекше. Олар ауада әртүрлі күйде: қатты, бу, сұйық, газ түрінде кездеседі. Атмосфера мен биосфераға бірқатар белсенді әсер ететін химиялық қосылыстар да араласады.
Қазіргі кезде өндіріс орындары атмосфераға өте көп мөлшерде шаң-тозаңдар мен әртүрлі зиянды қоспаларды шығарып жүр. Тек осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әлем бойынша атмосфераға жылына 150 млн. тонна күкірт тотығы ұшып шығады екен. Осыларды ауаға жібермеу мақсатында құрылған қондырғылар соның 15 млн.тоннасын ғана тұтып, одан күкірт қышқылын алады. Қоршаған ортаны қатты улайтын бұл газдың көпшілігі жылу электр станцияларынан және түсті металлургия өндірістерінен бөлінеді.
Химия және металлургия салаларындағы ірі кәсіпорындар біздің еліміздің Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі кеңес кезінде аса жоғары болды. Қазір бұл көрсеткіштің едәуір төмендегені байқалады. Әйтсе де проблемалар жеткілікті.
Біздің елімізде де қоршаған ортаның ластану салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, өкпе-тыныс жолдары сырқаттары көбейіп отыр. Ас қорыту жүйесінің және әртүрлі аллергиялық аурулардың көрсеткіштік деңгейінің өсуі де осының бір дәлелі. Экономиканы экологизациялау процесі ғана бұдан құтқарады. Елбасының әлдене рет атап көрсетіп жүргеніндей, қоршаған орта көздің қарашығындай сақталуы керек. Бұл ретте табысқа жетудің жолы — қоршаған ортаға жүктемені азайту болып табылады. Жаңа өндірістер ашу кезінде бұл мәселе қатаң ескерілуге тиіс. Экономикалық жағынан тиімсіз, экологиялық жағынан залалды өндіріс орындары жабылуы немесе шектелуі қажет. Оларға құрылымдық қайта өзгерту жүргізуге, жалпы айтқанда, өндірісті қайта салаландыруға тура келеді. Елбасының «Қазақстан — 2030» мемлекеттік даму бағдарламасында мұның бәрі айқын көрсетілген. Және осы бағытта елімізде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын да ешкім жоққа шығара алмайды. Осы ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаның негізгі бағыттары да адамдардың денсаулығы мен тұрмысын жақсартуды көздейді.
34 Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану. Ағызынды суларды тазалаудың әдіс- тәсілдері Қазақстан су қорлары және оларды қорғау мәселелері
Экологиялық таза технологияға сай әр түрлі өнім өндіргенде төменгі жағдайларға көңіл бөлу керек:
-Жаңа өндіріс орындарында су ресурстарын экологиялық салмақты көтере алатын жерлерге орналастыру.
- Су ресурстарын ысырапсыз қолдануды қысқарту;
- Пайдаланған суды тазалап, қайта қолдану әдістемелерін қолдану;
- Қолданған суларды басқа өндірістерде пайдалану;
- Өндіріс өнімдерді сумен тұтынуды тыю, ауа менбуды суытуды іске асыру;
- Өндіріс қалдықтарын және ағызынды сарқынды сулар құрамынан жарамды заттарды бөліп алу технологиясын қолдану.
- Экономикалық талаптарды күшейту және су көздерінен құйылған сарқынды сулар үшін құн төлеуді ретке келтіру.
Табиғи су ресурстарының сарқылуының алдын алуда оларды ластанудан қорғау проблемаларын шешуде кешенді суландыру жұмыстарын жүргізудің маңызды зор.
Мелиорацияның басты шараларға
1) Әрбір облыстың биоклиматтық мүмкіндігін пайдаланып тұрақты өнім алу
2) Тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдаланғанда олардың жаңбыр суымен су қоймаларына ағып түспеуін қадағалау
3) Жер суару жұмыстарына су шығыны мөлшерін азайту
4) Толпырақты ылғалдандырудың жаңа технологияларын пайдалану
5) Су қоймаларын тиімді және ұтымды пайдалану олардағы судың сапасын жақсарту.
6) Табиғаттың көркем алқаптарын, ормандарды қорғау
7) Рекультивация – шара жасау
8) Өзен көлдердің ластанудан қорғау мәселесін жоғарғы дәрежеге жеткізу.
Су ресурстарын жақсартудың негізгі әдістемелері:
1) Су ресурстарын жақсарту мен су тазалау құрылыстарының құрамы пайдаланатын суға тұтынушылардың қоятын талаптарына және табиғи сулардың сапасына байланысты.Ауыз судың шаруашылыққа қолданатын су сапасы мемлекеттік стандартпен реттеледі.Бұл талаптар судың иісі мен дәмі 20 С температурасы 2 балдан аспау керек.Мөлдірлігі шрифт бойынша 30 см кем болмауы керек.Лайлылығы 2 мг/л көп болмауы тиіс, судың жалпы кермектілігі 7 мг/экв/л аспау керек.Ауыз суда қорғасын 0,1, мышьяк 0,05, фтор 1,5, мыс 3, цинк 5 мг/л аспау керек.1 мг суда 24 сағ.өсірген өзінде бактериялар саны 100, ал ішек таяқшалары 1 л судан үштен, Fe, Mg 0.3, PH 6.5-9.5 дейін аспауы шарт. Суда хлорофенол иісі болмауы керек.
Ауыз судың жылулығының көрсеткіші 7-10 градус, ал 35 шектеуші мөлшері. Ауыз су минералдығы 10 мг/1000, хлоридтер 350, сульфат 500.Ауыз су шаруашылыққа қолданатын су сапасын жақсарту әдістері:мөлдірлендіру, түссіздендіру, залалсыздандыру.
Суды мөлдірлендіру – судағы жүзіп, қалқып жүрген заттарды алып тастау арқылы мөлдірлену деңгейіне қойылған талапқа сай төмендегі мөлдірлендіру әдістемелері қолданылады.
1) суды тұндырғышта тұндыру
2) гидроциклонда тұндыру
3) таза құм қабатынан өткізу, мөлдірлеу
4) әр түрлі сүзгілерден өткізіп, тазарту.
Судың тұйықталған шығыны экстенсивті және қарқынды шараларды ескеретін. Суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқалардың салыстыруын ұйғаратын оңтайлы су шаруашылығы балансы негізінде анықтауы мүмкін.
Тұтынылатын судың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған, ол үшін ШБУ кіріс бөлігін арттыруды қажет ететін шара экстенсивті шара деп аталады. Ал интенсивтілігі баланстардың шығыс бөлігін көрсететін тұтынылатын судың мөлшерін азайтумен байланысты шара. Экстенсивті шара өндірісте суды аз қажет ететін немесе сусыз қолданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамсыз етуге көшіруді ұйғарады, оған барлық шара судың шығымын үнемдеуге бағытталған. Су ресурстары көздерінің нақты айтқанда, өзенр суы жүйесінде қалыптасады. ӨСЖ-ң су ресурстарын реттеп, территорияға бөлуді жүзеге асыратын барлық су шаруашылығы обьектілерін қоса ескеретін, өзен тараптарынан су жинайтын бөген.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.
