Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ааа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.6 Кб
Скачать

17) Криминалистикалык объектилерди фотога тусиру ережелери

  Заттай    дәлелдемелерді  фотоға   түсіру. Алғашқыда  заттай  дәлелде  табылған  жерінде  фотоға  түсіріледі. Тораптық  сурет  заттай  айғақты  ғана  емес,  оны  қоршаған  заттарды  да  қамтиды. Содан  соң  заттай  айғақты  бөлшектеп  түсіру  әдісімен  фотоға  түсіреді.

Бұл  жердетүсірілетін  заттардың  жарықтануына  ерекше  көңіл  бөлінеді,  өйткені  заттардың  формалары  мен  сыртқы  белгілерінің    дұрыс   қабылдануы  жарықтың  түсуіне  байланысты  болады. Объектінің  фотобейнесін  анық  көрсету  үшін  бірнеше  жарық  көзі  қолданылады. Заттың  анық  бейнесін  алу үшін  оны  ашық  фонда  түсіреді. Бұл  үшін  объектіні  ақ  қағазға  қоюға  болады. Бірақ  оған  жарық  түсіргенде  міндетті  түрде  көлеңке  пайда  болады. Көлеңкені   болдырмау  үшін  кадр  көрінбеуі  тиіс  кітаптың,  кірпіштің  үстіне  қойылған  шыны  әйнекті  қолданады.

Хромдалған  және  никельденген  заттарды  түсіру  біршама   қиындық  тудырады.  Шағылысуды  болдырмау  үшін   жарықтың  түсу  бағытын  өзгертеді,  яғни  оны   объектіге  емес, ақ  экранға  бағыттайды. Заттық  дәлелдемелерді  түсіру  кезінде  олардың  үстіндегі  іздерді,  жеке  белгілерді  көрсетуге 

ерекше  көңіл  бөлінеді. Ол  үшін  объектіні  түрлі  жақтардан  және  бөлшектеп  фотоға  түсіруге  болады. Ұсақ  объектілерді ірі  масштабты  фотоға  түсіру  әдісімен  жасайды.

Мәйітті  фотоға  түсіру

Оқиға  болған  жерде  мәйітті   түсіргенде  бірінші   суретті  көріністі  суретке   түсіру  ережесі  бойынша   түсіреді. Бұл   мәйіттің  оны  қоршаған   объектілерге  қатысты  орналасуын  анықтауға  мүмкіндік  береді. Содан  соң  мәйітті   тораптық   суретке  түсіреді. Үшінші  суретте  мәйіттің  үстінен  түсіреді.  Егер  мәйітті  аяқ  жағынан  түсірсе,  бейне  бұрмалануы   мүмкін. Мәйітті  аяқ  немесе   бас  жағынан   түсіру  кей   жағдайларда  ғана  қолданылады.  Мәйітті  жіңішке  пленкалы  фотоаппаратпен   түсіргенде   фотографиялық  кішірейту  коэффициенті 60 градусқа   тең  болады  Мұндай  суретте   киімнің  бұзылғанына,  қанның   іздері  анық  көрінбейді. Сондықтан  мәйітті  суретке  түсіргенде   сызықтық  панорама   тәсілі  қолданады:  бірінші  мәйіттің  өліктің  жоғарғы   бөлігін  суретке  түсіреді. Мәйіттің  табылған  күйін   бекіткен  соң,  оны  орнынан  қозғауға  болады.  Суретке   түсіру  кезінде  денедегі  зақымдарға  ерекше  көңіл  бөлінеді. Олардың   бөлшектік  түсіру  әдісі  арқылы  түсіріледі.

18) Кужаттарды техника кримин. Зерттеу

құжаттарды техниқалық-криминалистік зерттеу – жаратылыстану-техниқалық

ғылымдардан алынып криминалистикамен дайындалатын, ережелердің жуйесін құрайтын

криминалистік техниканың саласы. Қ.т.к.з-дегі диагностикалық және идентификациялық

міндеттер: дайындау тәсілі, құжаттың мазмұнын өзгерту тәсілі, көрінбейтін, өзгертілмеген

жазбаларды анықтау және т.б. Қ.т.к.зөнің объектілері: реквизиттер, құжаттың

материалдары, құжаттық бланк, мәтін, оттискі дайындау үшін қоданылатын тактикалық

құралдар.

1. Сан алуан қылмыстарды тергеу кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері, дәлелдемелік күші бар кұжаттармен жиі кездеседі. Бәрімізге мәлім қылмыстарды ашудағы технико-криминалистикалық құралдардың кеңінен колдануы, оның ішіндегі олардың құжаттарды зерттеудегі маңыздылығы да өте жоғары.

Дәлелдемелі заттар ретіндегі құжаттарды зерттеу басқа зерттеулерге карағанда сан жағынан ең көп түрлі бола тұрып, сот, тергеу, жедел-іздестіру кызметкерлері мен сарапшылардың жұмыстарында жиі кездесіп, кінәлілерді анықтаудағы, іздеудегі қылмыскерлерді табуда, қылмыстарды ашу мен тергеу мақсаттарын шешеді. Сонымен, құжат дегеніміз — криминалистиканың түсінуінде, белгілі бір объектінің ішіндегі жазбаша немесе басқа түрде бекітіліп кіргізілген маңызды мәліметтер немесе акпараттардың барлығы.

Жалпы алғанда сан алуан кұжаттардың барлығы екі түрге бөлінеді:

1) шындық кұжаттар;

2)жалған, жарамсыз немесе жасанды құжаттар. Растығы, шынайылығы белгілі бір мерзімге занды түрде көрсетілген кұжаттарды — шындық кұжат деп білу керек.

Жалған құжат — бұл шындық құжаттың ішіне жалған, өтірік мәліметтерді кіргізілген кұжат.

Жарамсыз құжаттар, бұл — мерзімі өтіп кеткен құжаттар.

Жасанды құжаттар, бұл шындыққа сай емес, яғни өтірік құжаттар. Құжаттарды жасандылаудың екі түрі бар:

1) интелектті жасандылау;

2) материалды жасандылау.

Интелектті жасандылау дегеніміз — бұл кұжаттардың түр-қалпы сақталып, бірақ оның ішіндегі мәліметтердің өтіріктігі, басқа сезбен айтканда құжат тиісті жерде толтырылып ішіндегі реквизиттер койылып, беріліп, оның ішіне жалған, өтірік немесе өзгертілген құқықтық мәлімдемелерді кіргізу.

Интелектті жасандылауды тек кана тергеу әрекеттерімен анықтап ашуға болады.

Материалды жасандылау дегеніміз — бұл құжаттардың растығын, шындығының дұрыс көрсетілмеуі. Криминалистикалық материалды жасандылау кұжаттарды мұкият тексерудің, караудың нәтижесінде тауып, анықтауға болады. Тергеу тәжірибесімен криминалистикалық сараптамада құжаттардың криминалистикалык зерттеуі криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде ғылыми және техникалық білімдердің жетістіктеріне сүйенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]